- •1.2 Тақырып Тісіті механизмдер. Бұрамдық берілістер. Іліністердің қолдану бағыты мен түрлері. Үйкетүзілімді берілістер. Тізбекті берілістер (3 сағат)
- •1.2. Жуық сандар мен жұмыс істеу ережесі және өлшеу нәтижелерін өңдеу.
- •2. Өлшеу құралдары құрылғысының ерекшеліктері
- •I сурет. Өлшемдерді кешіру үшін қолданатын аспаптар.
- •2 Сүрет. Штангенциркуль шц-1
- •3 Сурет. 0,1мм дәлдік нониус шкаласы
- •4 Сурет. 0,1 мм есеп беру дәлдігімен нониустың ұлғайтылған шкаласы
- •6 Сурет. Вр- 1 кол вибрографы.
- •7 Сурет. Ио- 10 типті ортадан қол тахометрі.
- •3 Практикалық сабақтардын орындау әдістемесі
- •3.3 Графикалық жұмыстар
1.2. Жуық сандар мен жұмыс істеу ережесі және өлшеу нәтижелерін өңдеу.
Есептеме формулаларына әдетте жуық сандарды кіргізеді және есептеуді орындау кезінде уақытты текке жоғалтпау үшін олармен жұмыс істеудің негізгі ережелерін білу керек.Нәтижелердің дәлдігі арифметикалық әрекеттермен анықталмай,өлшеуіш құралдардың дәлдігі мен тәжірибе әдістемесімен анықталатынын есте ұстау керек.Мысалы,егер де формулаға екі мәнді цифрмен сипатталатын жуық коэффицент кірсе,онда басқа шамалар осылай екі мәнді цифрлар дәлдігімен анықталуы мүмкін.Санның мәнді цифрлары деп нөлден бірінші өзгеше цифрдан солға қарай тұрған нөлден басқа барлық дұрыс цифрлар және белгісіз немесе тасталған цифрлардың орнына қойылған нөлдер аталады. Мысалы, 0,0408 санының үш мәнді цифры бар. 3785 санын 3,8103 түрінде жазудың 1ч=3600с. Төрт мәнді цифры бар саннан айырмашылығы екі мәнді цифры бар, өйткені мұндағы нөлдер ондық және бірлік разрядының жоқтығын көрсетеді.
Дөңгелектеу ережесін сақтай отырып, сандарды дөңгелектеу олардың дәлдігін төмендетпей, есептеуді орындауды едәуір жеңілдетеді.
Егер тасталатын цифрлардың біріншісі 5-тен кем болса, онда қалған цифрлардың соңғысын өзгертпейді.Мысалы 138, 549 138,5
Егер тасталатын цифрлардың біріншісі 5-ке тең болса, ал оның соңындағылар нөлден өзгеше болса, қалған цифрлардың соңғысы біреуге өседі. Мысалы 136, 549 137
Артында нөлдері бар немесе басқа цифрлар жоқ 5 цифры ғана тасталса, егер ол жұп болса онда оның алдында тұрған цифр өзгермейді, тақ болса, біреуге көбейеді. Мысалы 138,5 138, 137,5 138
Ондық бөлшектің соңында тұрған нөлдер егер де олармен дәлме-дәл өлшем жүргізілген разрядты білдірсе тасталмайды. Мысалы Д=0, 40м
Жуық сандарды қосу және алу кезіндегі нәтижені бірде бір жуық сандарда жоқ разрядтарға дейін дөңгелектеу қажет, мысалы
37+4,67+0,825=42,49542,5
Жуық сандарды көбейту және бөлу кезінде нәтижеде ең аз мөлшерлі мәнді цифрлары бар сан тәрізді мәнді цифрлар сақтау керек.Мысалы
58418=1051211103 243,514=17,3928517
Жуық санды дәрежеге шығару және одан түбір табу кезінде нәтижеде дәрежеге шығарылатын немесе түбір астындағы санда бар болғандай мәнді цифрларды сақтау керек.
Бірнеше арифметикалық әрекеттерді орындау кезінде аралық нәтижеде бір цифр көп алу керек, ал соңғы нәтижеде оны лақтырып тастау керек.
Механикалық жабдықтау курсы бойынша Практикалық сабақтар та қаралған техникалық өлшемдер үш мәнді цифрлармен анықталған дәлдік шегінен шықпайды.
Өлшеу мен есептеу қортындыларын дайын кестеге еңгізу ыңғайлы.
2. Өлшеу құралдары құрылғысының ерекшеліктері
2.1.Сызықтық өлшеуге арналған аспаптар.
а Өлшеуіш металлрулеткалардың ГОСТ 7502-08 ұзындығы 1-ден 10 м-ге дейін болады. Шкала ені 16 мм және қалыңдығы 0,2 мм иілгіш болат лентаға енгізілген, ол қисық сызықты беттерді жеткілікті дәлдікпен өлшеуді қамтамасыз етеді.
Рулеткамен өлшеу.
б өлшеуіш металл сызғыштары ГОСТ 427-75 өлшеу шектері 150, 300, 500, 100мм. Бір немесе екі шкалалы етіп жасайды. Бөлу бағасы 0,5мм немесе 1мм. Сызғыш шкаласының басы кесік жақ болады.
Сызғышпен өлшеудіоның бойлау қабырғасын бөлшекке қойып жүргізеді сызғыштың кесік жағы өлшенетін беттің басымен сәйкес келетіндей ал шкаланың бір бөлгіші беттің ұшымен беттесетіндей етіп оның бойлау қабырғасын бөлшекке қойып жүргізеді.
Табақ материалдың қалыңдығын өлшеу үшін табақ пакетін бумасын өлшеп және нәтижесін пакеттегі табақ санына бөледі.
