Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
4сынып Өзін-өзі тану ҚМЖ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
485.38 Кб
Скачать

Өзін - өзі тану сабағының жоспары.

Мектеп: «Белгілі Е.Зікібаев атындағы Өрнек негізгі мектебі» КММ

Мерзімі:

Сабақтың тақырыбы: Жақсы сөз – жанға қуат. № 9

Құндылық: «Ішкі тыныштық» Қасиеттер: ой тыныштығында отырып үйрену.

Мұғалімі: Рахимова Замзагуль Талапкеровна

Сынып – 4

Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер: Топтық жұмыс, тыныштық сәті, дәйексөз, әңгімелесу, шығармашылық жұмыс.

Модульдердің кіріктірілуі: Сыни тұрғыдан ойлау, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, АКТ-ны пайдалану, бағалау, талантты және дарынды балаларды оқыту.

Оқып үйренудің нәтижесі: -

Сабақтың мақсаты: - оқушылардың «сөз», «бақыт» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.

Сабақтың міндеттері: - жақсы сөздің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру.

- жақсы сөздерді қолдана білу іскерліктерін дамыту.

- Ізгілікке, ізеттілікке тәрбиелеу.

Фотосуреттер, плакат, маркер, үлестірме қағаз.

Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі.

-оқушылармен сәлемдесу.

- сынып тазалығына көңіл бөлу.

Тыныштық сәті. Баяу әуен тыңдау.

2. Үй тапсырмасын тексеру: «Туған жер» атты өлеңді жатқа сұрау.

Сабақ барысын талқылау.

3. Дәйексөз:

«Жүректен шыққан сөз жүрекке жол табады» деген нақыл сөзіне оқушылардың зейінін аудару және мәнін түсіндіру.

- Жаман дөрекі сөз естігенде қандай сезімде боласыңдар?

- Жақын адамдарыңа қандай жақсы сөз айтқыларың келеді?

Әлишер Науаи

4. Әңгімелесу (сұхбат) «Сыпайы қоян» - атты мексика ертегісін оқушылардың назарына ұсыну.

- Қоянның жылы сөздерінің өзіне қандай көмегі болды?

- Жылы сөздер арқылы қандай жағдайда көмектесуге болады деп ойлайсыңдар?

5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Оқушыларды жақсы, жылы сөздерді айтуға дағдыландыру мақсатында шығармашылық жұмыс ұйымдастыру. «Жақсы сөздердің тізімін құру ұсынылады.» Әр топ постер бетіне құруы қажет.

Плакат, маркер, түрлі қағаз.

6. Топпен ән айту. «Ертегілер әлемі»

Сөзі:

7. Үй тапсырмасы. № 1 «Күннің шуақты әулесі» атты әңгімені оқу.

Келесі сабақ. № 2 «Екі дос» атты аңыз әңгімені оқып келу.

8. Соңғы тыныштық сәті. Баяу әуен қойылады. Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық. «Тыныштық, тыныштық, тыныштық бар жерде, тыныштық, тыныштық » бүкіл әлемде.

Пайдаланылған әдебиеттер тізім:

1.«Өзін-өзі тану» оқулығы 4-сынып «Бөбек» Алматы, 2010жыл.

2.«Самопознание. kz» №10.2013 жыл.

3. Мұғалімге арналған әдістемелік құрал.