Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
4сынып Өзін-өзі тану ҚМЖ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
485.38 Кб
Скачать

Өзін - өзі тану сабағының жоспары.

Мектеп: «Белгілі Е.Зікібаев атындағы Өрнек негізгі мектебі» КММ

Мерзімі:

Сабақтың тақырыбы: Мен елімнің азаматымын. № 8- сабақ.

Құндылық: «Сүйіспеншілік» Қасиеттер: бәрін жақсы көру.

Мұғалімі: Рахимова Замзагуль Талапкеровна

Сынып – 4

Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер: Топтық жұмыс, тыныштық сәті, дәйексөз, әңгімелесу, шығармашылық жұмыс.

Модульдердің кіріктірілуі: Сыни тұрғыдан ойлау, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, АКТ-ны пайдалану, бағалау, талантты және дарынды балаларды оқыту.

Оқып үйренудің нәтижесі: - балалардың Отанына деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Сабақтың мақсаты: - оқушылардың «ел», «Отан», «махаббат» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Сабақтың міндеттері: - туған ел, өскен ортаның адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру.

- елге, Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттыру;

- елжандылыққа тәрбиелеу.

Фотосуреттер, плакат, маркер, үлестірме қағаз, қайшы, түрлі қағаз.

Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі.

-оқушылармен сәлемдесу.

- сынып тазалығына көңіл бөлу. (Түстер арқылы топқа бөлу)

Тыныштық сәті. «Ғажайып баққа саяхат» әуен арқылы.

2. Үй тапсырмасын тексеру: Сахналық көріністі көру және талдау.

- Өнердің қай түрін үйренгілерің келеді?

Сабақ барысын талқылау.

Ертегі.

3. Дәйексөз:

«Ел іші –алтын бесік» деген халық мақалына оқушылардың зейінін аудару және мәнін түсіндіру. Жұмыс дәптерге жаздыру.

- Өз туған жерлеріңнің қандай артықшылығын білесіңдер?

- Ата –бабаларыңның туған жері туралы не білесіңдер?

Халық мақалы

4. Әңгімелесу (сұхбат) «Мен елімді сүйемін» - мәтінімен таныстыру. Сол мәтін бойынша өз ойларын ортаға салу.

Қорыту:

- Сендерге туған жер несімен ыстық?

- Сендер өз еліңді сүйетіндеріңді қалай дәлелдей аласыңдар?

С. Мәуленов

5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Оқушылар екі топқа бөлінеді. «Туған ел» тақырыбында сахналық көрініс көрсету ұсынылады.

Плакат, маркер, түрлі қағаз.

6. Топпен ән айту. «Әрқашан күн сөнбесін»

Күн әдемі, көк әлемі,

Бұл –суреті жас баланың.

Ақ қағазға салған өзі,

Жазылған бар сөз.

Әрқашан күн сөнбесін,

Аспаннан бұлт төнбесін.

Қасымда болсын анам,

Болайын мен де аман!

7. Үй тапсырмасы. № 1 «Туған жер» атты өлеңді жаттап келу.

Келесі сабақ. № 2 «Сыпайы қоян» атты мәтінді оқып келу.

Қ. Шаңғытбаев

Мексика ертегісі

8. Соңғы тыныштық сәті. Баяу әуен қойылады. Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық. «Сүйіспеншілік, сүйіспеншілік бар жерде, сүйіспеншілік, сүйіспеншілік» бүкіл әлемде.

Пайдаланылған әдебиеттер тізім:

1.«Өзін-өзі тану» оқулығы 4-сынып «Бөбек» Алматы, 2010жыл.

2.«Самопознание. kz» №10.2013 жыл.

3. Мұғалімге арналған әдістемелік құрал.