- •Өзін - өзі тану сабағының жоспары.
- •Өзін - өзі тану сабағының жоспары.
- •Өзін - өзі тану сабағының жоспары.
- •Өзін - өзі тану сабағының жоспары.
- •Өзін - өзі тану сабағының жоспары.
- •Өзін - өзі тану сабағының жоспары.
- •Өзін - өзі тану сабағының жоспары.
- •Өзін - өзі тану сабағының жоспары.
- •Өзін - өзі тану сабағының жоспары.
- •Өзін - өзі тану сабағының жоспары.
- •Өзін - өзі тану сабағының жоспары.
- •Өзін - өзі тану сабағының жоспары.
- •Өзін - өзі тану сабағының жоспары.
- •Өзін - өзі тану сабағының жоспары.
- •Өзін - өзі тану сабағының жоспары.
- •Өзін - өзі тану сабағының жоспары.
- •Өзін - өзі тану сабағының жоспары.
- •Өзін - өзі тану сабағының жоспары.
- •Өзін - өзі тану сабағының жоспары.
- •Өзін - өзі тану сабағының жоспары.
- •Өзін - өзі тану сабағының жоспары.
- •Өзін - өзі тану сабағының жоспары.
- •Өзін - өзі тану сабағының жоспары.
- •Өзін - өзі тану сабағының жоспары.
- •Өзін - өзі тану сабағының жоспары.
- •Өзін - өзі тану сабағының жоспары.
- •Өзін - өзі тану сабағының жоспары.
- •Өзін - өзі тану сабағының жоспары.
- •Өзін - өзі тану сабағының жоспары.
Өзін - өзі тану сабағының жоспары.
Мектеп: «Белгілі Е.Зікібаев атындағы Өрнек негізгі мектебі» КММ
Мерзімі:
Сабақтың тақырыбы: Ата – баба өнері. № 6- сабақ.
Құндылық: «Қиянат жасамау» Қасиеттер: мұраларды сақтау.
Мұғалімі: Рахимова Замзагуль Талапкеровна
Сынып – 4
Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер: Топтық жұмыс, тыныштық сәті, дәйексөз, әңгімелесу, шығармашылық жұмыс.
Модульдердің кіріктірілуі: Сыни тұрғыдан ойлау, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, АКТ-ны пайдалану, бағалау, талантты және дарынды балаларды оқыту.
Оқып үйренудің нәтижесі: - балалар ата – баба өнерін құрмет тұтуға дағдыланады.
Сабақтың мақсаты: - оқушылардың «өнер» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту. Сабақтың міндеттері: - ата-баба өнері, соның ішіндегі ою-өрнектің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру; - қазақ халқының ою-өрнек өнеріне қызығушылықтарын арттыру; - қазақ халқының ою-өрнек өнерін бағалауға тәрбиелеу. |
Фотосуреттер, плакат, маркер, үлестірме қағаз, қайшы, түрлі қағаз. |
Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі. -оқушылармен сәлемдесу. - сынып тазалығына көңіл бөлу. ( топқа бөлу) Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену» әуен арқылы. 2. Үй тапсырмасын тексеру: «Ананың асыл арманы» атты аңыз әңгімені сұрау және талдау. |
Сабақ барысын талқылау.
Аңыз әңгімені айтып беруарқылы сабақтың мағынасын аша түсу. |
3. Дәйексөз: «Еңбек - өнер өрісі. Өнер - өмір жемісі.» деген халық даналығына оқушылардың зейінін аудару және мәнін түсіндіру. Жұмыс дәптерге жаздыру. - Ата-баба өнері дегенді қалай түсінесіңдер? - Өздерің өнердің қандай түрлерін ұнатасыңдар? |
Халық даналығын оқу және талдау.
|
4. Әңгімелесу (сұхбат) «Өсиет әңгіме» - мәтінімен таныстыру. Сол мәтін бойынша өз ойларын ортаға салу. Қорыту: - Дүрияның Ыдырысқа айтқан сөздері туралы қандай пікір айта аласыңдар? - Ыдырыстың ою-өрнек өнерін үйренгендігінің қандай көмегі болды ? |
Өсиет әңгіме мәтінін оқып, өз ойларын айтып береді. |
5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. Оқушылар екі топқа бөлінеді. Білім –біліктерін тиянақтау мақсатында тапсырма ұсынылады. Оқулықта берілген суреттерге қарап өнердің түрелері жайлы әңгімелеп беру ұсынылады. |
Плакат, маркер, түрлі қағаз. |
6. Топпен ән айту. «Бала тілегі» Сөзі: С. Молдасанұлы әні:Ф. Лұқпанова Бал-балалық, балдырған шақ сан арман, Барлық бала армандауға жаралған. Кел, достарым, әндетіңдер, билеңдер, Гүлденсін деп атамекен қара орман.
Болашақтың иесіміз бәріміз, Туған жердің түрлендірер нәріміз. Алтын бесік – ұлан –байтақ елімде, Жарқын болсын шырқап айтар әніміз
|
АКТ-ны пайдалану. Әнді бірге шырқау ұсынылады. |
7. Үй тапсырмасы. № 1 «Ою хан мен Жою хан» атты әңгімені оқып келу. Келесі сабақ. № 2 «Туған тілім» атты өлеңді оқып келу. |
С. Медеубекұлы
Өлеңді күнделікке жазып алады. |
8. Соңғы тыныштық сәті. Баяу әуен қойылады. Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық. «Қиянат жасамау, қиянат жасамау бар жерде, қиянат жасамау, қиянат жасамау» бүкіл әлемде.
|
|
|
|
Пайдаланылған әдебиеттер тізім:
1.«Өзін-өзі тану» оқулығы 4-сынып «Бөбек» Алматы, 2010жыл.
2.«Самопознание. kz» №10.2013 жыл.
3. Мұғалімге арналған әдістемелік құрал.
Өзін - өзі тану сабағының жоспары.
Мектеп: «Белгілі Е.Зікібаев атындағы Өрнек негізгі мектебі» КММ
Мерзімі:
Сабақтың тақырыбы: Тілім –менің тірегім. № 7- сабақ.
Құндылық: «Сүйіспеншілік» Қасиеттер: бәрін жақсы көру.
Мұғалімі: Рахимова Замзагуль Талапкеровна
Сынып – 4
Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер: Топтық жұмыс, тыныштық сәті, дәйексөз, әңгімелесу, шығармашылық жұмыс.
Модульдердің кіріктірілуі: Сыни тұрғыдан ойлау, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, АКТ-ны пайдалану, бағалау, талантты және дарынды балаларды оқыту.
Оқып үйренудің нәтижесі: - балалар өз тілдерін құрмет тұтуды, аялауды үйренеді.
Сабақтың мақсаты: - оқушылардың «тіл», «Отан» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту. Сабақтың міндеттері: - ана тілінің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру; - ана тіліне деген құштарлықтарын арттыру; - ана тілін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу. |
Фотосуреттер, плакат, маркер, үлестірме қағаз, қайшы, түрлі қағаз. |
Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі. -оқушылармен сәлемдесу. - сынып тазалығына көңіл бөлу. ( топқа бөлу) Тыныштық сәті. «Орманға саяхат» әуен арқылы. 2. Үй тапсырмасын тексеру: «Ою хан мен Жою хан» атты аңыз әңгімені сұрау және талдау. |
Сабақ барысын талқылау.
Аңыз әңгімені айтып беруарқылы сабақтың мағынасын аша түсу. |
3. Дәйексөз: «Сүйемін туған тілді, анам тілін, Бесікте жатқанымда-ақ берген білім» деген қанатты сөзін оқушылардың зейінін аудару және мәнін түсіндіру. Жұмыс дәптерге жаздыру. - Неліктен тілді анамен байланыстырып айтамыз? |
С. Торайғыровтың қанатты сөзін оқу және талдау.
|
4. Әңгімелесу (сұхбат) «Туған тілім» - атты өлеңді таныстыру. Сол мәтін бойынша өз ойларын ортаға салу. Қорыту: - Неліктен өз тілінде сөйлейтін адам сыйлы болады? - Қандай адам өз тілін өте құрметтейді деп ойлайсыңдар? |
Д. Әбіловтың өлеңін оқып, өз ойларын айтып береді. |
5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. Оқушылар екі топқа бөлінеді. Білім –біліктерін тиянақтау мақсатында тапсырма ұсынылады. Оқулықта берілген сахналық көріністі көрсету ұсынылады. |
Плакат, маркер, түрлі қағаз. |
6. Топпен ән айту. «Өз елім» әні: Н. Еспанов сөзі: З. Шүкіров Келгенде көктемі, Көңілін гүл басқан. Шырағы көктегі, Жұлдызбен сырласқан. Өз елім менің, Өзегім менің, Жырыма қосып жүремін. Төрім деп менің, Жерім деп менің, Соғады мәңгі жүрегім. Қайырмасы: Түлегі сендер, Тілегі сендер, Тірегі, сендер, сол елдің. Назары сендер, Базары сендер, Ажары сендер сол елдің.
|
АКТ-ны пайдалану. Әнді бірге шырқау ұсынылады. |
7. Үй тапсырмасы. № 1 «Жүрегімнің бөлшегі» атты өлеңді жаттап келу. Келесі сабақ. № 2 «Мен елімді сүйемін» атты мәтінді оқып келу. |
Б. Үсенбаев
Мәтінді күнделікке жазып алады. |
8. Соңғы тыныштық сәті. Баяу әуен қойылады. Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық. «Сүйіспеншілік, сүйіспеншілік бар жерде, сүйіспеншілік, сүйіспеншілік» бүкіл әлемде.
|
|
|
|
Пайдаланылған әдебиеттер тізім:
1.«Өзін-өзі тану» оқулығы 4-сынып «Бөбек» Алматы, 2010жыл.
2.«Самопознание. kz» №10.2013 жыл.
3. Мұғалімге арналған әдістемелік құрал.
