Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
4сынып Өзін-өзі тану ҚМЖ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
485.38 Кб
Скачать

Өзін - өзі тану сабағының жоспары.

Мектеп «Белгілі Е.Зікібаев атындағы Өрнек негізгі мектебі» КММ

Мерзімі:

Сабақтың тақырыбы: Менің сыныбым – менің ұжымым. № 4

Құндылық: «Сүйіспеншілік» Қасиеттер: бауырмалдық, татулық.

Мұғалімі: . Рахимова Замзагуль Талапкеровна

Сынып – 4

Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер: Топтық жұмыс, тыныштық сәті, дәйексөз, әңгімелесу, шығармашылық жұмыс.

Модульдердің кіріктірілуі: Сыни тұрғыдан ойлау, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, АКТ-ны пайдалану, бағалау.

Оқып үйренудің нәтижесі: - балалар сыйлауды, дос болуға дағдыланады.

Сабақтың мақсаты: - Балалар «ұжым», «достық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Сабақтың міндеттері: - ұжымның адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру.

Фотосуреттер, плакат, маркер, үлестірме қағаз.

Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі.

-оқушылармен сәлемдесу.

- сынып тазалығына көңіл бөлу.

Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену»

2. Үй тапсырмасын тексеру: «Менің жадым» атты өлеңді жатқа сұрау.

Сабақ барысын талқылау.

3. Дәйексөз:

«Ұжымда болу - бақыт» деген нақыл сөзіне оқушылардың зейінін аудару және мәнін түсіндіру.

- Мінез – құлықтың ұжымда болуда ықпалы қандай?

Ә. Табылдиев

4. Әңгімелесу (сұхбат) «Күмән» атты әңгімені таныстыру.

- Әңгімедегі оқиғадан сынып, оқушыларының қандай жақсы қасиеттерін көруге болады?

- Сенімге кіру үшін оған қанша уақыт қажет болады?

М. Гумеров

5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Оқушыларға өз сыныптарындағы балалардың мінез-құлқын постер бетіне жазып шығуды ұсынамын.

6. Топпен ән айту. «Дос болайық, бәріміз!»

Сөзі: Х. Талғаров әні: И. Нүсіпбаев

Әрқашан дос біргеміз,

Ажырамас іргеміз.

Ілгері жүріңдер,

Достық жырын біліңдер.

Ту ғып ұстап, бірлікті!

Еңбекті сүйіңдер.

Қайырмасы:

Дос болайық, бәріміз,

Жарасып тұр, әніміз.

Тыныштықты сақтаймыз,

Атсын күліп таңымыз.

7. Үй тапсырмасы. № 1 . Оқулықта берілген «Біздің сынып» өлеңін жаттап келу.

Келесі сабақ. № 2 «Арман мен ақыл» атты өлеңді мәнерлеп оқып келу.

А. Шамкенов

Қ. Мырза Әли

8. Соңғы тыныштық сәті. Баяу әуен қойылады. Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық. «Сүйіспеншілік, сүйіспеншілік, сүйіспеншілік бар жерде, сүйіспеншілік, сүйіспеншілік» бүкіл әлемде.

Пайдаланылған әдебиеттер тізім:

1.«Өзін-өзі тану» оқулығы 4-сынып «Бөбек» Алматы, 2010жыл.

2.«Самопознание. kz» №10.2013 жыл.

3. Мұғалімге арналған әдістемелік құрал.