Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
4сынып Өзін-өзі тану ҚМЖ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
485.38 Кб
Скачать

Өзін - өзі тану сабағының жоспары.

Мектеп: «Белгілі Е.Зікібаев атындағы Өрнек негізгі мектебі» КММ

Сабақтың тақырыбы: Үйренгенім көп менің. № 34- сабақ.

Құндылық: «Дұрыс іс-әрекет» Қасиеттер: тілалғыш болу.

Мұғалімі: Рахимова Замзагуль Талапкеровна

Сынып – 4

Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер: Топтық жұмыс, тыныштық сәті, дәйексөз, әңгімелесу, шығармашылық жұмыс.

Модульдердің кіріктірілуі: Сыни тұрғыдан ойлау, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, АКТ-ны пайдалану, бағалау, талантты және дарынды балаларды оқыту.

Оқып үйренудің нәтижесі: - балалар өзін-өзі тану пәнінен жақсы қасиеттерді үйренеді.

Сабақтың мақсаты: - Адамгершілік құндылықтар, адами қасиеттер туралы түсініктерін кеңейту.

Сабақтың міндеттері: - «Өзін-өзі тану» пәнінен 4-сынып бойынша алған білімдерін жинақтау;

- жағымды қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту;

- өзін және өзгені сыйлай білуге тәрбиелеу.

Фотосуреттер, плакат, маркер, үлестірме қағаз, қайшы, түрлі қағаз.

Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі.

-оқушылармен сәлемдесу.

- сынып тазалығына көңіл бөлу. ( топқа бөлу)

Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену»

2. Үй тапсырмасын тексеру: Оқулықта берілген дәйексөзді жатқа сұрау.

Сабақ барысын талқылау.

Оқушылар өлеңді жатқа айтады.

3. Дәйексөз:

«Үйренгенің өзіңе жақсы» деген халық даналығына оқушылардың зейінін аудару және мәнін түсіндіру. Жұмыс дәптерге жаздыру.

- Өзін-өз тану пәнінен не үйрендіңдер?

Халық даналығы

4. Әңгімелесу (сұхбат) «Өзін-өзі тану еліне саяхат» атты әңгіме құру ұсынылады.

Қорыту:

- Достарыңа, сыныптастарыңа қандай ақыл айтар едіңдер?

- Ата-аналарыңмен қандай тақырыпта кеңескенді қалар едіңдер ?

Оқушылар өз ойларын ортаға салады.

5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Оқушылар өз топтарында отырып сабақ бойынша білім-біліктерін бекіту мақсатында, «Өзін-өзі тану елінің көшбасшысы» атанып, «Адамгершілік шыңына» шығады.

Плакат, маркер, түрлі қағаз.

Топпен ән айту. «Әрқашан күн сөнбесін!»

Сөзі:Л. Ошанин Әні: І. Мәмбетов, Қ. Ыдырысов

Күн әдемі, көк әлемі,

Бұл –суреті жас баланың.

Ақ қағазға салған ізі,

Қалдырған бұл сөз.

Қайырмасы:

Әрқашан күн сөнбесін!

Аспаннан бұл төнбесін!

Қасымда болсын мамам,

Болайын менде аман

АкТ-пайдалану

Бірге қосылып ән айту.

7. Үй тапсырмасы. № 1 Оқулықта берілген дәйексөзді жаттап келу ұсынылады.

Келесі сабақ. № 2 «Өзін-өзі танудан үйренгенім» атты тақырыпта эссе жазып келу

Күнделікке жазып алу.

8. Соңғы тыныштық сәті. Баяу әуен қойылады. Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық. «Дұрыс іс-әрекет, дұрыс іс-әрекет бар жерде, дұрыс іс-әрекет, дұрыс іс-әрекет» бүкіл әлемде.

Пайдаланылған әдебиеттер тізім:

1.«Өзін-өзі тану» оқулығы 4-сынып «Бөбек» Алматы, 2010жыл.

2.«Самопознание. kz» №10.2013 жыл.

3. Мұғалімге арналған әдістемелік құрал.