Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
4сынып Өзін-өзі тану ҚМЖ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
485.38 Кб
Скачать

Өзін - өзі тану сабағының жоспары.

Мектеп: «Белгілі Е.Зікібаев атындағы Өрнек негізгі мектебі» КММ

Мерзімі:

Сабақтың тақырыбы: Денсаулық - өмір негізі. № 33- сабақ.

Құндылық: «Дұрыс іс-әрекет» Қасиеттер: тілалғыш болу.

Мұғалімі: Рахимова Замзагуль Талапкеровна

Сынып – 4

Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер: Топтық жұмыс, тыныштық сәті, дәйексөз, әңгімелесу, шығармашылық жұмыс.

Модульдердің кіріктірілуі: Сыни тұрғыдан ойлау, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, АКТ-ны пайдалану, бағалау, талантты және дарынды балаларды оқыту.

Оқып үйренудің нәтижесі: - балалар денсаулықтың бірінші байлық екенін ұғынады.

Сабақтың мақсаты: - Оқушылардың «денсаулық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.

Сабақтың міндеттері: - денсаулықтың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;

- денсаулығын күту іскерліктерін дамыту;

- денсаулығын қадірлеуге тәрбиелеу.

Фотосуреттер, плакат, маркер, үлестірме қағаз, қайшы, түрлі қағаз.

Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі.

-оқушылармен сәлемдесу.

- сынып тазалығына көңіл бөлу. ( топқа бөлу)

Тыныштық сәті. «Теңіз түбіне саяхат»

2. Үй тапсырмасын тексеру: Оқулықта берілген дәйексөзді жатқа сұрау.

Сабақ барысын талқылау.

Оқушылар өлеңді жатқа айтады.

3. Дәйексөз:

«Күн тәртібі мен еңбек – денсаулық кепілі» деген халық даналығына оқушылардың зейінін аудару және мәнін түсіндіру. Жұмыс дәптерге жаздыру.

- Денсаулықтың адам өмірінде қандай маңызы бар?

Халық даналығы

4. Әңгімелесу (сұхбат) «Аппақ бала» атты мәтінді мәнерлеп оқу.

Қорыту:

- Анасы Асанға тазалықты қалай түсіндірді?

- «Тазалық – денсаулық кепілі» дегенді қалай түсінесіңдер?

Ә. Табылдиев

Оқушылар өз ойларын ортаға салады.

5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Оқушылар өз топтарында отырып сабақ бойынша білім-біліктерін бекіту мақсатында арнайы жағдаяттарды шешу беріледі.

Плакат, маркер, түрлі қағаз.

6. Топпен ән айту. «Бақыт құшағында»

Сөзі: Т. Молдағалиев әні: Ш. Қалдаяқов

Көзіңнен бір ұшқын,

Ұшты ма, білмедім.

Әйтеуір нұр, құштым,

Әйтеуір гүлдедім.

Көктемнің бұлбұлы,

Кеудеме қонады.

Құшаққа қыр гүлі,

Толғандай болады.

АкТ-пайдалану

Бірге қосылып ән айту.

7. Үй тапсырмасы. № 1 Оқулықта берілген дәйексөзді жаттап келу ұсынылады.

Келесі сабақ. № 2 «Өзін-өзі танудан үйренгенім» атты тақырыпта эссе жазып келу

Күнделікке жазып алу.

8. Соңғы тыныштық сәті. Баяу әуен қойылады. Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық. «Дұрыс іс-әрекет, дұрыс іс-әрекет бар жерде, дұрыс іс-әрекет, дұрыс іс-әрекет» бүкіл әлемде.

Пайдаланылған әдебиеттер тізім:

1.«Өзін-өзі тану» оқулығы 4-сынып «Бөбек» Алматы, 2010жыл.

2.«Самопознание. kz» №10.2013 жыл.

3. Мұғалімге арналған әдістемелік құрал.