Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
4сынып Өзін-өзі тану ҚМЖ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
485.38 Кб
Скачать

Өзін - өзі тану сабағының жоспары.

Мектеп: «Белгілі Е.Зікібаев атындағы Өрнек негізгі мектебі» КММ

Мерзімі.

Сабақтың тақырыбы: Су - өмір көзі. № 30- сабақ.

Құндылық: «Дұрыс іс-әрекет» Қасиеттер: тілалғыш болу.

Мұғалімі: Рахимова Замзагуль Талапкеровна

Сынып – 4

Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер: Топтық жұмыс, тыныштық сәті, дәйексөз, әңгімелесу, шығармашылық жұмыс.

Модульдердің кіріктірілуі: Сыни тұрғыдан ойлау, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, АКТ-ны пайдалану, бағалау, талантты және дарынды балаларды оқыту.

Оқып үйренудің нәтижесі: - балалар судың адам өміріндегі маңыздылығын ұғынады.

Сабақтың мақсаты: - «Су» ұғымының құндылық ретіндегі мәнін ашу.

Сабақтың міндеттері: - судың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;

- суға қамқорлық жасау қарым-қатынасын дамыту;

- суды қадірлеуге, үнемдеуге тәрбиелеу.

Фотосуреттер, плакат, маркер, үлестірме қағаз, қайшы, түрлі қағаз.

Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі.

-оқушылармен сәлемдесу.

- сынып тазалығына көңіл бөлу. ( топқа бөлу)

Тыныштық сәті. «Теңіз түбіне саяхат»

2. Үй тапсырмасын тексеру: Оқулықта берілген «Жер – ана тұншықса» атты сахналық көріністі сұрау.

Сабақ барысын талқылау.

Оқушылар өлеңді жатқа айтады.

3. Дәйексөз:

«Су жоқ жерде өмір жоқ, ол ақиқат» деген өлең жолына оқушылардың зейінін аудару және мәнін түсіндіру. Жұмыс дәптерге жаздыру.

- Су адамға не үшін қажет деп ойлайсыңдар?

М. Хакімжанов

4. Әңгімелесу (сұхбат) «Таза бұлақ» атты мәтінді әңгімелеу.

Қорыту:

- Сендер бұлақ басындағы жазуды қалай түсіндірер едіңдер?

- Әңгімедегі үш жігіттің айтқандарынан судың қандай қасиеттерін білесіңдер?

Ы. Алтынсарин

Оқушылар өз ойларын ортаға салады.

5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Оқушылар өз топтарында отырып сабақ бойынша білім-біліктерін бекіту мақсатында арнайы тапсырма беріледі. Оқушыларға «Адам бойынан судың қандай қасиеттерін табуға болады?» деген шығармашылық жұмыс ұсыну.

Плакат, маркер, түрлі қағаз.

6. Топпен ән айту. «Жау, жаңбыр»

сөзі: Б. Майлин

Жау-жау, жаңбыр, жау, жаңбыр!

Жау-егіннің көгі өссін.

Сұлудай бұраң құрақты,

Айдын шалқар көл өссін.

Ой мен қырдың шалғыны,

Жатқан малды жасырсын.

Табиғаттың көркіне

Таң қалып жан бас ұрсын.

АкТ-пайдалану

Бірге қосылып ән айту.

7. Үй тапсырмасы. № 1 Оқулықта берілген «Жаңбыр, жауды» атты өлеңді жаттап келу.

Келесі сабақ. № 2 «Табиғатпен тілдессем» атты өлеңді оқып келу

Күнделікке жазып алу.

8. Соңғы тыныштық сәті. Баяу әуен қойылады. Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық. «Дұрыс іс-әрекет, дұрыс іс-әрекет бар жерде, дұрыс іс-әрекет, дұрыс іс-әрекет» бүкіл әлемде.

Пайдаланылған әдебиеттер тізім:

1.«Өзін-өзі тану» оқулығы 4-сынып «Бөбек» Алматы, 2010жыл.

2.«Самопознание. kz» №10.2013 жыл.

3. Мұғалімге арналған әдістемелік құрал.