Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
4сынып Өзін-өзі тану ҚМЖ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
485.38 Кб
Скачать

Өзін - өзі тану сабағының жоспары.

Мектеп: «Белгілі Е.Зікібаев атындағы Өрнек негізгі мектебі» КММ

Мерзімі:

Сабақтың тақырыбы: Жер – Ана. №29- сабақ.

Құндылық: «Дұрыс іс-әрекет» Қасиеттер: тілалғыш болу.

Мұғалімі: . Рахимова Замзагуль Талапкеровна

Сынып – 4

Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер: Топтық жұмыс, тыныштық сәті, дәйексөз, әңгімелесу, шығармашылық жұмыс.

Модульдердің кіріктірілуі: Сыни тұрғыдан ойлау, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, АКТ-ны пайдалану, бағалау, талантты және дарынды балаларды оқыту.

Оқып үйренудің нәтижесі: - балалар жер-анаға қамқор болу керектігін ұғынады.

Сабақтың мақсаты: - «Жер» ұғымының құндылық ретіндегі мәнін ашу.

Сабақтың міндеттері: - жердің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;

- жерге қамқорлық жасау қарым-қатынасын дамыту;

- жерді қадірлеуге тәрбиелеу.

Фотосуреттер, плакат, маркер, үлестірме қағаз, қайшы, түрлі қағаз.

Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі.

-оқушылармен сәлемдесу.

- сынып тазалығына көңіл бөлу. ( топқа бөлу)

Тыныштық сәті. «Теңіз түбіне саяхат»

2. Үй тапсырмасын тексеру: Оқулықта берілген «Отырғыз ағаш көктемде» атты өлеңді жатқа сұрау.

Сабақ барысын талқылау.

Оқушылар өлеңді жатқа айтады.

3. Дәйексөз:

«Баптағанға – жер жомарт» деген халық даналығын оқушылардың зейінін аудару және мәнін түсіндіру. Жұмыс дәптерге жаздыру.

- Жермен сырласа білесің бе?

Халық даналығы

4. Әңгімелесу (сұхбат) «Көктем иісі» атты мәтінді әңгімелеу.

Қорыту:

- Бала көктем иісін қалай сезінеді?

- «Көктемнің иісі» деген ұғымды сендер қалай түсінесіңдер?

Э. Шим

Оқушылар өз ойларын ортаға салады.

5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Оқушылар өз топтарында отырып сабақ бойынша білім-біліктерін бекіту мақсатында арнайы тапсырма беріледі. Оқушыларға «Жақсы болсаң жердей бол, бәрін шыдап көтерген» деген тақырыпта коллаж дайындау ұсынылады.

Плакат, маркер, түрлі қағаз.

6. Топпен ән айту. «Дауысыңнан айналайын»

сөзі: Ш. Сариев әні: В. Питерцев

Өмірге мынау тамсандым,

Әуенмен таңды қарсы алдым,

Әлемді әуен тербетіп,

Бұлбұлмен бірге ән салдым.

Қайырмасы:

Күнің мен айың болайын,

Үніңе сай болайын,

Көктегі бұлтқа жеткен

Дауысыңнан айналайын.

АкТ-пайдалану

Бірге қосылып ән айту.

7. Үй тапсырмасы. № 1 Оқулықта берілген «Жер –ана тұншықса» атты сахналауға дайындалу.

Келесі сабақ. № 2 «Таза бұлақ» атты мәтінді оқып келу

Күнделікке жазып алу.

8. Соңғы тыныштық сәті. Баяу әуен қойылады. Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық. «Дұрыс іс-әрекет, дұрыс іс-әрекет бар жерде, дұрыс іс-әрекет, дұрыс іс-әрекет» бүкіл әлемде.

Пайдаланылған әдебиеттер тізім:

1.«Өзін-өзі тану» оқулығы 4-сынып «Бөбек» Алматы, 2010жыл.

2.«Самопознание. kz» №10.2013 жыл.

3. Мұғалімге арналған әдістемелік құрал.