Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
4сынып Өзін-өзі тану ҚМЖ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
485.38 Кб
Скачать

Өзін - өзі тану сабағының жоспары.

Мектеп «Белгілі Е.Зікібаев атындағы Өрнек негізгі мектебі» КММ

Мерзімі:

Сабақтың тақырыбы: Жақсылықтан жақсылыққа. №26- сабақ.

Құндылық: «Дұрыс іс-әрекет» Қасиеттер: тілалғыш болу.

Мұғалімі: Рахимова Замзагуль Талапкеровна

Сынып – 4

Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер: Топтық жұмыс, тыныштық сәті, дәйексөз, әңгімелесу, шығармашылық жұмыс.

Модульдердің кіріктірілуі: Сыни тұрғыдан ойлау, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, АКТ-ны пайдалану, бағалау, талантты және дарынды балаларды оқыту.

Оқып үйренудің нәтижесі: - балалар жақсылық жасауға дағдыланады.

Сабақтың мақсаты: - оқушылардың «жақсылық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.

Сабақтың міндеттері: - жақсылық жасаудың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;

- жақсылық жасау іскерліктерін дамыту;

- имандылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу.

Фотосуреттер, плакат, маркер, үлестірме қағаз, қайшы, түрлі қағаз.

Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі.

-оқушылармен сәлемдесу.

- сынып тазалығына көңіл бөлу. ( топқа бөлу)

Тыныштық сәті. «Су патшалығына саяхат»

2. Үй тапсырмасын тексеру: Оқулықта берілген дәйексөзді жатқа сұрау және талқылау.

Сабақ барысын талқылау.

3. Дәйексөз:

«Ешқандай жақсылық зая кетпейді» деген үнді нақылына оқушылардың зейінін аудару және мәнін түсіндіру. Жұмыс дәптерге жаздыру.

- Жақсылық жасаған кездерің есіңде ме ?

Үнді нақылы

4. Әңгімелесу (сұхбат) «Бұлақ сылдыры» атты мәтінін әңгімелеу ұйымдастыру.

Қорыту:

- Шалдың әрекеті туралы не айтасыңдар?

- Сендер солай жасай алар ма едіңдер?

- Шалдың жасаған жақсылығы қандай жақсылық боп оралды?

М. Көккөзов

5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Оқушылар өз топтарында отырып сабақ бойынша білім-біліктерін бекіту мақсатында арнайы тапсырма беріледі. Оқушылар көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып мақал-мәтелдерді оқиды.

Плакат, маркер, түрлі қағаз.

6. Топпен ән айту. «Достық»

сөзі: Е. Елубаев әні: И. Нүсіпбаев

Ортақ мекен –жер шары,

Төбемізде бір аспан.

Барлық ұлттың баласы,

Достығымыз жарасқан.

Ортақ бізге бір Отан,

Ортақ жердің байлығы.

Еңбек ортақ, жер ортақ,

Ортақ бізге барлығы.

АкТ-пайдалану

7. Үй тапсырмасы. № 1 Оқулықта берілген дәйексөзді жаттап талқылау.

Келесі сабақ. № 2 Ертегі «Кішкентай кісілер» атты оқып келу

8. Соңғы тыныштық сәті. Баяу әуен қойылады. Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық. «Ақиқат, ақиқат бар жерде, ақиқат, ақиқат» бүкіл әлемде.

Пайдаланылған әдебиеттер тізім:

1.«Өзін-өзі тану» оқулығы 4-сынып «Бөбек» Алматы, 2010жыл.

2.«Самопознание. kz» №10.2013 жыл.

3. Мұғалімге арналған әдістемелік құрал.