Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
4сынып Өзін-өзі тану ҚМЖ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
485.38 Кб
Скачать

Өзін - өзі тану сабағының жоспары.

Мектеп: «Белгілі Е.Зікібаев атындағы Өрнек негізгі мектебі» КММ

Мерзімі:

Сабақтың тақырыбы: Білімге құштарлық. № 2

Құндылық: «Ақиқат» Қасиеттер: ойдың, сөздің, істің бірлігі.

Мұғалімі: Рахимова Замзагуль Талапкеровна

Сынып – 4

Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер: Топтық жұмыс, тыныштық сәті, дәйексөз, әңгімелесу, шығармашылық жұмыс.

Модульдердің кіріктірілуі: Сыни тұрғыдан ойлау, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, АКТ-ны пайдалану, бағалау.

Оқып үйренудің нәтижесі: - балалар білімді бағалауды үйренеді.

Сабақтың мақсаты: - оқушылардың «білім» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.

Сабақтың міндеттері: - білім, даналық ұғымдары туралы түсініктерін кеңейту.

Фотосуреттер, плакат, маркер, үлестірме қағаз.

Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі.

-оқушылармен сәлемдесу.

- сынып тазалығына көңіл бөлу.

Тыныштық сәті. «Орманға саяхат»

2. Үй тапсырмасын тексеру: «Мақал мәнісі» атты өлеңді сұрау.

Сабақ барысын талқылау.

3. Дәйексөз:

«Оқу - білім бұлағы, білім - өмір шырағы» деген мақалдың мәнісін түсіндіру.

- Біліміңді шыңдау үшін не қажет?

- Мақсаттарыңа жету үшін өз білімдерің жеткілікті деп ойлайсыңдар ма?

4. Әңгімелесу (сұхбат) «Құштарлық» атты әңгімені таныстыру.

- Талапты баланың білімге деген құштарлығын қалай аңғаруға болады?

- «Оқу инемен құдық қазғандай жинайтын қазына» дегенде нені түсінесіңдер?

- Баланың бойынан өздеріңе ұнайтын қандай жақсы қасиеттерді көрдіңдер?

Қ. Толыбаев.

5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Оқушылардың білімге құштарлықтарын байқау мақсатында «Жалғасын тап!» атты ойын-жаттығу ұйымдастырылады.

6. Топпен ән айту. «Туған жер»

7. Үй тапсырмасы. № 1 . Оқулықта берілген Ы. Алтынсариннің «Сәтемір хан» атты шағын әңгімесін оқып келу.

Келесі сабақ. № 2 «Сәби ойы» атты өлеңді жаттап келу.

8. Соңғы тыныштық сәті. Баяу әуен қойылады. Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық. «Ақиқат, ақиқат, ақиқат бар жерде, ақиқат, ақиқат» бүкіл әлемде.

Пайдаланылған әдебиеттер тізім:

1.«Өзін-өзі тану» оқулығы 4-сынып «Бөбек» Алматы, 2010жыл.

2.«Самопознание. kz» №10.2013 жыл.

3. Мұғалімге арналған әдістемелік құрал.

Өзін - өзі тану сабағының жоспары.

Мектеп: «Белгілі Е.Зікібаев атындағы Өрнек негізгі мектебі» КММ

Мерзімі:

Сабақтың тақырыбы: Ойлы бала озар. № 3

Құндылық: «Ақиқат» Қасиеттер: тек жақсы және қажет заттарды ғана айту.

Мұғалімі: . Рахимова Замзагуль Талапкеровна

Сынып – 4

Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер: Топтық жұмыс, тыныштық сәті, дәйексөз, әңгімелесу, шығармашылық жұмыс.

Модульдердің кіріктірілуі: Сыни тұрғыдан ойлау, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, АКТ-ны пайдалану, бағалау.

Оқып үйренудің нәтижесі: - балалар ақылды болуды үйренеді.

Сабақтың мақсаты: - «Ой» ұғымының құндылық ретіндегі мәнін ашу.

Сабақтың міндеттері: - терең ойдың, ойлаудың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру.

Фотосуреттер, плакат, маркер, үлестірме қағаз.

Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі.

-оқушылармен сәлемдесу.

- сынып тазалығына көңіл бөлу.

Тыныштық сәті. «Теңіз түбіне саяхат»

2. Үй тапсырмасын тексеру: «Сәтемір хан» атты әңгімені сұрау.

Сабақ барысын талқылау.

3. Дәйексөз:

«Терең ой – асыл іс» деген ұлы Абайдың нақыл сөзіне оқушылардың зейінін аудару.

- Терең ой адам баласына қандай жолдармен келеді?

- Мақсаттарыңа жету үшін өз білімдерің жеткілікті деп ойлайсыңдар ма?

А. Құнанбаев

4. Әңгімелесу (сұхбат) «Асан мен Үсен» атты әңгімені таныстыру.

- Ойлы баланың бойында қандай қасиеттердің болуы тиіс деп білесіңдер?

- Сендердің де ойлылық танытқан сәттерің болды ма?

- Баланың бойынан өздеріңе ұнайтын қандай жақсы қасиеттерді көрдіңдер?

Ы. Алтынсарин.

5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

«Асан мен Үсеннің бойындағы қасиеттерді жазу». Кестеге бөліп жазу.

6. Топпен ән айту. «»

7. Үй тапсырмасы. № 1 . Оқулықта берілген «Менің жадым» өлеңін оқып келу.

Келесі сабақ. № 2 «Күмән» атты М. Гумеровтың әңгімесін оқып келу.