Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
4сынып Өзін-өзі тану ҚМЖ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
485.38 Кб
Скачать

Өзін - өзі тану сабағының жоспары.

Мектеп: «Белгілі Е.Зікібаев атындағы Өрнек негізгі мектебі» КММ

Мерзімі

Сабақтың тақырыбы: Төзім мен табандылық. №24- сабақ.

Құндылық: «Дұрыс іс-әрекет» Қасиеттер: тілалғыш болу.

Мұғалімі: Рахимова Замзагуль Талапкеровна

Сынып – 4

Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер: Топтық жұмыс, тыныштық сәті, дәйексөз, әңгімелесу, шығармашылық жұмыс.

Модульдердің кіріктірілуі: Сыни тұрғыдан ойлау, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, АКТ-ны пайдалану, бағалау, талантты және дарынды балаларды оқыту.

Оқып үйренудің нәтижесі: - балалар төзімді және табанды болуды меңгереді.

Сабақтың мақсаты: - оқушыларға «табандылық», «төзімділік» адами қасиеттер туралы түсінік беру.

Сабақтың міндеттері: - төзімділік пен табандылықтың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;

- өзара жағымды қарым-қатынастарын дамыту;

- төзімділікке, табандылыққа тәрбиелеу.

Фотосуреттер, плакат, маркер, үлестірме қағаз, қайшы, түрлі қағаз.

Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі.

-оқушылармен сәлемдесу.

- сынып тазалығына көңіл бөлу. (асыл қасиеттер арқылы топқа бөлу)

Тыныштық сәті. «Баяут әуен тыңдау»

2. Үй тапсырмасын тексеру: «Түйіндемені» сұрау.

Сабақ барысын талқылау.

3. Дәйексөз:

«Табандылық кез келген кедергіні жеңеді» деген даналық сөзіне оқушылардың зейінін аудару және мәнін түсіндіру. Жұмыс дәптерге жаздыру.

- Төзім, табандылық дегенді қалай түсінесіңдер?

- Өз бойыңнан осы қасиеттерді сезіндің бе?

Л. Винчи

4. Әңгімелесу (сұхбат) «Қайта- қайта» атты аңызды әңгімелеу ұйымдастыру.

Қорыту:

- Сендердің төзімділік пен табандылық танытқан кездерің болды ма?

Қ. Толыбаев

5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Оқушылар өз топтарында отырып сабақ бойынша білім-біліктерін бекіту мақсатында сахналық көрініс ұйымдастыру. «Құмырсқаға сабақ болды»

Плакат, маркер, түрлі қағаз.

6. Топпен ән айту. «Мектеп полькасы»

сөзі: Т. Молдағалиев әні: И. Нүсіпбаев

Біз – бейбіт ел ұланы,

Өнер-білім ұраны.

Алдымыздан жақсы арман

Күлім қағып тұрады.

Қайырмасы:

Біз – батыр ел жастары,

Бақыт алға бастады.

АкТ-пайдалану

7. Үй тапсырмасы. № 1 Оқулықта берілген түйінді ойларды толықтыру ұсынылады.

Келесі сабақ. № 2 Ы. Алтынсариннің «Алтын шөп» атты мәтінін оқып келу

8. Соңғы тыныштық сәті. Баяу әуен қойылады. Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық. «Ақиқат, ақиқат бар жерде, ақиқат, ақиқат» бүкіл әлемде.

Пайдаланылған әдебиеттер тізім:

1.«Өзін-өзі тану» оқулығы 4-сынып «Бөбек» Алматы, 2010жыл.

2.«Самопознание. kz» №10.2013 жыл.

3. Мұғалімге арналған әдістемелік құрал.