Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
4сынып Өзін-өзі тану ҚМЖ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
485.38 Кб
Скачать

Өзін - өзі тану сабағының жоспары.

Мектеп «Белгілі Е.Зікібаев атындағы Өрнек негізгі мектебі» КММ

Мерзімі

Сабақтың тақырыбы: Өзімшілдік пен көпшілдік. №20 - сабақ.

Құндылық: «Ақиқат» Қасиеттер: көпшіл болу.

Мұғалімі: . Рахимова Замзагуль Талапкеровна

Сынып – 4

Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер: Топтық жұмыс, тыныштық сәті, дәйексөз, әңгімелесу, шығармашылық жұмыс.

Модульдердің кіріктірілуі: Сыни тұрғыдан ойлау, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, АКТ-ны пайдалану, бағалау, талантты және дарынды балаларды оқыту.

Оқып үйренудің нәтижесі: - балалар көпшіл, тату болуға дағдыланады.

Сабақтың мақсаты: - оқушылардың «бірлік» құндылығы және «көпшілдік» адами қасиет туралы түсініктерін кеңейту.

Сабақтың міндеттері: - «көпшілдік», «өзімшілдік» ұғымдары туралы түсінік беру;

- өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамыту;

- көпшіл болуға тәрбиелеу.

Фотосуреттер, плакат, маркер, үлестірме қағаз, қайшы, түрлі қағаз.

Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі.

-оқушылармен сәлемдесу.

- сынып тазалығына көңіл бөлу. (Түстер арқылы топқа бөлу)

Тыныштық сәті. «Баяу әуен тыңдау»

2. Үй тапсырмасын тексеру: «Тыңдай білем» атты өлеңді жатқа сұрау.

Сабақ барысын талқылау.

3. Дәйексөз:

«Болмағын кекшіл, болсайшы көпшіл» деген өсиет сөзіне оқушылардың зейінін аудару және мәнін түсіндіру. Жұмыс дәптерге жаздыру.

- Көпшіл адам қандай болу керек?

- Кекшіл адам қандай болады?

Абай Құнанбаев

4. Әңгімелесу (сұхбат) «Қызғаныштың кесірі» - атты мәтінге әңгімелеу ұйымдастыру.

Қорыту:

- Маржан достарымен неліктен дұрыс ойнай алмады?

- Өздеріңде осындай жағдайлар кездескен кезі болды ма?

Ж. Байбұланова

5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Оқушылар өз топтарында отырып сабақ бойынша білім-біліктерін бекіту мақсатында тапсырма беріледі.

Өзімшіл және көпшіл адамға тән қасиеттерді ажыратып айту.

Плакат, маркер, түрлі қағаз.

6. Топпен ән айту. «Жақсы болу өзіңнен»

Сөзі - әні: А.Асылбеков

Жақсы болу -өзіңнен,

Жаман болу - өзіңнен.

Өзіңді өзің ая да,

Өзің үйрен өзіңнен.

Жақсылық көрсең біреуден,

Мен қандаймын деп ойла.

Жамандық көрсең біреуден

Мен қандаймын деп ойла!

7. Үй тапсырмасы. № 1 «Сіз бен біз деген жақсы сөз» атты өлеңді жаттап келу.

Келесі сабақ. № 2 «Қойшы қаһарман» атты мәтінді оқып келу

8. Соңғы тыныштық сәті. Баяу әуен қойылады. Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық. «Ақиқат, ақиқат бар жерде, ақиқат, ақиқат» бүкіл әлемде.

Пайдаланылған әдебиеттер тізім:

1.«Өзін-өзі тану» оқулығы 4-сынып «Бөбек» Алматы, 2010жыл.

2.«Самопознание. kz» №10.2013 жыл.

3. Мұғалімге арналған әдістемелік құрал.