Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
4сынып Өзін-өзі тану ҚМЖ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
485.38 Кб
Скачать

Өзін - өзі тану сабағының жоспары.

Мектеп: «Белгілі Е.Зікібаев атындағы Өрнек негізгі мектебі» КММ

Мерзімі

Сабақтың тақырыбы: Жақсылық жасай білейік. № 16- сабақ.

Құндылық: «Сүйіспеншілік» Қасиеттер: бәрін жақсы көру.

Мұғалімі: Рахимова Замзагуль Талапкеровна

Сынып – 4

Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер: Топтық жұмыс, тыныштық сәті, дәйексөз, әңгімелесу, шығармашылық жұмыс.

Модульдердің кіріктірілуі: Сыни тұрғыдан ойлау, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, АКТ-ны пайдалану, бағалау, талантты және дарынды балаларды оқыту.

Оқып үйренудің нәтижесі: - балалар жақсылық жасап жүру керектігін ұғынады.

Сабақтың мақсаты: - оқушылардың «қайырымдылық», «қамқорлық», «жақсылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Сабақтың міндеттері: - жақсылық жасаудың адами қарым-қатынастағы мәнділігін түсіндіру,

- жақсы істер жасай білу іскерліктерін дамыту;

- қайырымды, қамқор болуға тәрбиелеу.

Фотосуреттер, плакат, маркер, үлестірме қағаз, қайшы, түрлі қағаз.

Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі.

-оқушылармен сәлемдесу.

- сынып тазалығына көңіл бөлу. (Тәттілер арқылы топқа бөлу)

Тыныштық сәті. «Орманға саяхат»

2. Үй тапсырмасын тексеру: Т. Сарыбайұлының «Төрт дос» атты мәтінін сұрау.

- Әңгімеден достардың бірлігі неден аңғарылады?

- Олар бірліктің нәтижесінде неге қол жеткізді?

Сабақ барысын талқылау.

3. Дәйексөз:

«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» деген халық мақалына оқушылардың зейінін аудару және мәнін түсіндіру. Жұмыс дәптерге жаздыру.

- Сендер кімдерге қандай жағдайларда жақсылық жасадыңдар?

- Сендер сол сәтте қандай сезімде болдыңдар?

Халық мақалы.

4. Әңгімелесу (сұхбат) «Жақсылық пен жамандық» - ертегісімен таныстыру. Сол ертегі бойынша өз ойларын ортаға салу.

Қорыту:

- Неліктен адам Жақсылықтың айтқандарын орындады деп ойлайсыңдар?

5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Оқушылар екі топқа бөлінеді. Екі топқа екі түрлі әңгімеден үзінді беріледі. Олар топ боп бірлесе отырып, ойланып әңгімені өз ойларымен жалғастырып айтады.

Плакат, маркер, түрлі қағаз.

6. Топпен ән айту. «Біз қалай өсеміз»

Сөзі: М. Әлімбаев әні: И. Нүсіпбаев

Суда жүзіп өсеміз,

Қырды сүзіп өсеміз.

Күнге қызып өсеміз,

Құмда шыжып өсеміз.

Қайырмасы:

Талаптанып өсеміз,

Қанаттанып өсеміз.

Талаптанып өсеміз,

Қанаттанып өсеміз

7. Үй тапсырмасы. № 1 «Қанат пен Жанат» атты мәтінді оқып келу.

Келесі сабақ. № 2 Дәптердегі тапсырмаларды орындау.

8. Соңғы тыныштық сәті. Баяу әуен қойылады. Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық. «Қиянат жасамау, қиянат жасамау бар жерде, қиянат жасамау, қиянат жасамау» бүкіл әлемде.

Пайдаланылған әдебиеттер тізім:

1.«Өзін-өзі тану» оқулығы 4-сынып «Бөбек» Алматы, 2010жыл.

2.«Самопознание. kz» №10.2013 жыл.

3. Мұғалімге арналған әдістемелік құрал.