Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
4сынып Өзін-өзі тану ҚМЖ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
485.38 Кб
Скачать

Өзін - өзі тану сабағының жоспары.

Мектеп: «Белгілі Е.Зікібаев атындағы Өрнек негізгі мектебі» КММ

Мерзімі:

Сабақтың тақырыбы: Қуаныш – жан шуағы. № 12- сабақ.

Құндылық: «Сүйіспеншілік» Қасиеттер: бәрін жақсы көру.

Мұғалімі: Рахимова Замзагуль Талапкеровна

Сынып – 4

Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер: Топтық жұмыс, тыныштық сәті, дәйексөз, әңгімелесу, шығармашылық жұмыс.

Модульдердің кіріктірілуі: Сыни тұрғыдан ойлау, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, АКТ-ны пайдалану, бағалау, талантты және дарынды балаларды оқыту.

Оқып үйренудің нәтижесі: - балалар жан –жағына қуаныш сыйлап жүруге дағдыланады.

Сабақтың мақсаты: - оқушылардың «бақыт», «сыйластық», «махаббат» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Сабақтың міндеттері: - қуаныш сезімінің адам өміріндегі мәнін түсіндіру;

- өзара жағымды қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту;

- мейірімділікке тәрбиелеу.

Фотосуреттер, плакат, маркер, үлестірме қағаз, қайшы, түрлі қағаз.

Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі.

-оқушылармен сәлемдесу.

- сынып тазалығына көңіл бөлу. ( топқа бөлу)

Тыныштық сәті. «Теңіз түбіне саяхат» әуен арқылы.

2. Үй тапсырмасын тексеру: «Аға ақылы» атты өлеңді жатқа сұрау және талдау.

Сабақ барысын талқылау.

Өлеңді жатқа айтып беру.

3. Дәйексөз:

«Қуаныш - Өмір шаттығы » деген халық даналығына оқушылардың зейінін аудару және мәнін түсіндіру. Жұмыс дәптерге жаздыру.

- Адамды, айналаңды қай уақытта, қандай жағдайда болмасын қуантуға бола ма?

- Сендер өз бойларыңнан сондай әрекеттерді байқадыңдар ма? Естеріңе түсіріп айтып беріңдер.

Халық даналығын оқу және талдау.

4. Әңгімелесу (сұхбат) «Балалардың көз қуанышы» - атты мәтінімен таныстыру. Сол мәтін бойынша өз ойларын ортаға салу.

Қорыту:

- Кішкентай бала табиғаттың сұлулығын неліктен байқамады?

- Сенің ойыңша қарт балаға не айтуы мүмкін ?

- Айналадағы әсемдікке көңіл аударуына не әсер етті?

В. А. Сухомлинскийдің мәтінін оқып, өз ойларын айтып береді.

5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Оқушылар екі топқа бөлінеді. Білім –біліктерін тиянақтау мақсатында тапсырма ұсынылады. «Қуанышқа толы әлем» атты тақырыпта сурет салу ұсынылады.

Плакат, маркер, түрлі қағаз.

6. Топпен ән айту. «Таудай болып өсеміз»

Сөзі: А. Естенов

«Таудай бол!» - дер атам да,

«Таудай бол!» - дер апам да.

Желкілдеген баудай көк,

Балдырғандар балдай көп-

Асқар таудай жігіттер

Қажет дейді Отанға.

Өсіп келе жатырмыз

Бір-бір асқар таудай боп.

АКТ-ны пайдалану.

Әнді бірге шырқау ұсынылады.

7. Үй тапсырмасы. № 1 «Жас Фараби» атты аңыз әңгімені оқып келу.

Келесі сабақ. № 2 «Мақтаншақ жолбарыс» атты ертегіні оқып келу.

Қ. Сапарбаев

Ертегіні күнделікке жазып алады.

8. Соңғы тыныштық сәті. Баяу әуен қойылады. Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық. «Сүйіспеншілік, сүйіспеншілік бар жерде, сүйіспеншілік, сүйіспеншілік» бүкіл әлемде.

Пайдаланылған әдебиеттер тізім:

1.«Өзін-өзі тану» оқулығы 4-сынып «Бөбек» Алматы, 2010жыл.

2.«Самопознание. kz» №10.2013 жыл.

3. Мұғалімге арналған әдістемелік құрал.