Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лабораторные работы по АЭЭС- KZ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
114.18 Кб
Скачать

5.1.Жұмыс істеу принципі және тағайындау.

Үйлесімі әр түрлі тораптарда сезімділікпен талғамдылықты қамтамасыз ететін және қажетті шапшаңдыққа ие қорғауды дистанциялық қорғау деп атаймыз.

Дистанциялық қорғаудың уақыт ұстанымы t қорғау қондырғысымен қ.т. нүктесі аралығындағы арқашықтыққа тәуелді, яғни және t=f(Iрк) және осы қашықтық өскен сайын сатылы немесе бір қалыпты өседі(сурет 11-3).

Осындай принцип негізінде күйреу жеріне жақын тұрған дистанциялық қорғау алысталған қорғауларға қарағанда уақыт ұстанымы аз, осының есесіне күйреген бөлікте талғамдылық сөндіру автоматты қамтамасыз етіледі.

Мысалы қ.т. кезінде К1 нүктесінде күйреу орнына жақын орналасқан қорғау 2 алыстатылған қорғау 1 қарағанда аз уақыт ұстанымымен жұмыс істейді. Егер де қ.т. К2 нүктесінде пайда болса, онда қорғау 2 іске қосылу уақыты автоматты өсіп қ.т. қорғау арқылы 3 талғамдылығы сөндіріледі, бұл жағдайда ол басқа қорғаулардан (1 және 2) жылдам іске қосылады.

Дистанциялық қорғаудың негізгі элементі болып дистанциялық орган болып табыладыт(немесе омметр), ол қорғау орнатылған жерден қ.т. алыстығын анықтайды.

Дистанциялық орган ретінде кедергісі релесі қолданылады, ол тікелей немесе жанама желінің толық активті немесе реактивті кедергісне әсер етеді.

Реле орнатылған жерден қ.т. орнына дейінгі желінің фазасынан кедергісі осы бөліктің ұзындығына пропорционал, себебі:

Zрк=ZуIрк ; rрк=rуIрк ; xрк=xуIрк

Мұнда Zрк , rрк , xрк –Iрк ұзындықты желінің бөлігінен толық реактивті

немесе активті кедергісі;

Zу , rу, xу желінің 1км-на үлесті кедергісі.

Сонымен, желінің кедергісіне әсерлі реленің сипаты Iрк күйреу орнының қашықтығына тәуелді. Дистанциялық орган әсерлі кедергінің түріне байланысты дистанциялық қорғаулар толық активті және реактивті кедергілер қорғауларына бөлінеді. Реактивті және әсіресе активті кедергілердің дистанциялық қорғаулары сирек қолданылады, сондықтан одан әрі қарастырылмайды. Талғамдылықты қамтамасыз ету үшін дистанциялық қорғауларды үйлесімі күрделі тізбектерде бағыты етіп орындау қажет, қ.т. қуаты шинадан желіге бағытталған кезінде ғана әсерлі болғанында.

Дистанциялық қорғаулардың әсерінің бағыттылығы қ.т. қуатының бағыттылығына әсер етуге қабілетті қосып жіберу релесінің немесе бағытталған омметрдің қолдану жолымен немесе қуат бағытының қарапайым релесінің көмегі кезінде жүзеге асырылады.

5.2. Дистанциялық қорғаудың элементтері

және олардың өзара әрекеттестігі.

Дистанциялық қорғау күрделі қорғаулар санына жатады. Бұл қорғаудың барлық түрлері белгілі бір типті функцияларды орындайтын бірнеше жалпы элементтерден (қорғау органдарынан) тұрады.

Дистанциялық қорғау органдарының өзара байланысының оның тағайындалуын және олар атқаратын функцияларды сатылы сипатты қорғау схемасының қарапайым құрылымымен түсіндіруге болады.

Қорғау келесі органдарынан тұрады:

  1. Қ.т. пайда болған кезде қорғауды қосатын іске қосу органы 1.Әдетте іске қосу органы тоқтық реле немесе толық кедергі релесінің көмегімен орындалады.

  1. Қ.т. қашықтығын анықтайтын дистанциялық орган 2. Сатылы дистанциялық қорғауларда – минималды кедергі релесінің көмегімен орындалады. Реле тораптың тоғы және кернеуімен қоректеніп, мына шарт кезінде жұмыс істейді:

Zр=Uр/Iр < Zср (11-1)

Мұнда Zср реле әсер ете бастағандағы ең үлкен кедергі

Zр кедергісі кей кезде фиктивті деп аталады, себебі, кейбір режимдерде(мысалы, жүктеме режимі кезінде) желі кедергісі өлшеміне ие, бірақ физикалық мәні жоқ мына қатынасты білдіреді:

Uр / Iр

  1. Уақыт ұстанымы органы 3, қорғау іске қосылатын дистанциялық органның сипаты тәуелді уақыт ұстанымы.

  1. Қ.т. қуаты қосалқы станция шиналарында бағытталған кезде қорғаудың іске қосылуына мүмкіндік бермейтін бағыттау органы 4.Қуат бағытының уақыт релесі ретінде орындалады, бұл іске қосу және дистанциялық органдардың бағыттылыққа ие болмаған жағдайларға қарастырылады.

  1. Блоктаулар, ол ақаулар жоқ кезінде қорғау іске дұрыс емес қосылған жағдайларда қорғауды автоматты түрде істен шығарады.

Әдетте екі блоктау қолданылады:

  • Қорғау тұтынатын кернеу тізбектері күйреу кезінде іске қосылатын блоктау 5, себебі омметрлер, қуат релесі және толық кедергінің іске қосу релесі кернеу трансформаторының екінші реттік орамдарында ақау болған кезде дұрыс емес жұмыс істеуі мүмкін.

  • Тербеліс кезінде іске қосылмайтын блоктау 6, себебі тербелістерді іске қосу және дистанциялық релелер қ.т. деп қабылдауы мүмкін.

Қ.т. кезінде желіде іске қосу релесі ПО жіне релесі М жұмыс істеп тұр. Олардың контактілері арқылы реле катушкаларының және дистанциялық орган контактілеріне тұрақты тоқтық полюсі беріліп тұр. Егер екінші аймақтың шегінде қ.т. пайда болса, онда бірінші аймақтық дистанциялық органы ДО контактілерін тұйықтайды, нәтижесінде желіні сөндіруге тізбек түзіледі. Егер де қ.т. екінші аймақта болса, онда омметр ДО жұмыс істемейді, себебі олардың қысқыштарындағы кедергі бірінші аймақтық іске қосылу (Zр >Z1) кедергісінен үлкен.Бұл жағдайда ДО омметр өз контактілерін тұйықтайды. t2 уақыт өткен соң В уақыт релесі ДО контактілері арқылы сөндіруге импульс жібереді.

Екінші аймақтың сыртында қ.т. кезінде До және До омметрлері жұмыс істемейді , себебі олардың қысқыштарындағы кедергі құрылғының іске қосу кедергісінен үлкен.Қорғау уақыт өткен соң бірінші және екінші аймаққа әсер ете алмайды.Іске қосу релесі жіберген В уақыт релесі t уақыт ұстанымы өткен соң ажыратқыштың сөндірілуіне импульс жібереді. Арнайы омметрді қорғау қарапайым болу үшін орнатылмайды.

Кедергі релесінің параметрлеріне қойылатын негізгі талаптар:

  1. Кедергі релесі бірінші аймақтық шегінде 110-300 кВ тораптарында қ.т. t=0,02...0,5 с аралығында өшіруді қамтамасыз ету үшін жылдам әсерлі болуы қажет.35кВ тораптарда t=0,1 с уақытта өшіру керек.

  2. Дистанциялық органдардың функцияларын орындайтын кедергі релесі Zср дәлдігімен қорғаулардың әсерлі аймақтары тұрақты болу үшін ерекшеленуі қажет.

  3. Кедергінің іске қосу релелдерінің қайту коэффиценті жоғары болуы қажет: Квоз=Zвоз / Zср = 1,05...1,15