Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лабораторные работы по АЭЭС- KZ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
114.18 Кб
Скачать

4.2.Бойлық дифференциалдық қорғаудың әсер ету принципі.

Бойлық дифференциалдық қорғау әсер ету принципі қорғалатын желінің басындағы және соңындағы тоқтардың фазасын және шамасын салыстыруға негізделген.

10.1 суретінде көрсетілгендей, I1 және I2 сыртқы қ.т. кезінде желінің соңында АВ әр жаққа бағытталған және де шартты түрде бір біріне тең емес. Осыған орай, I1 және I2 тоқтарының фазасын және шамасын келістіре отырып желінің қай жерінде қ.т. пайда болғанын анықтауға болады. Тоқтардың шамасы және фазасы бойынша мұндай салыстыру дифференциалдық қорғаудың әсерлі органында жүзеге асырылады.

Әдетте, жинақтаушы шиналардан желіге өтетін оң тоқ, ал жинақтаушы шиналарға өтетін кері тоқ.

Тоқ фазаларының мұндай шарттылық кезінде сыртқы қ.т. және жүктеме режимінде желілердің соңы бойынша қарама қарсы белгілерге ие болуы мүмкін.

Бұл мақсат үшін желілердің соңында трансформация коэффиценті бірдей T1 және T2 тоқ трансформаторларын орнатамыз. Олардың екіншіт реттік орамдарын сыртқы қ.т. кезінде олардың ЭҚК кезекті бағытталған, ал жалғау сымдарындағы тоқтар бірдей бағытталатындай етіп жалғайды. Дифференциалдық реле Р тоқ трансформаторының екінші реттік тоқтарының тізбегін түзеді.

Қорғаудағы желінің сыртында қ.т. және қалыпты режим кезінде бірінші реттік тоқтар желінің басында және соңында бір жаққа бағытталған, сондықтан реледегі тоқ екінші реттік тоқтардың геометриялық айырмасына тең Iр=I1B-I2B.Екінші реттік тоқтарды бірінші реттік тоқтар арқылы өрнектейміз.

Iр=I1/ rT1-I2/ nT2

Трансформация коэффиценттерінің теңдігі nT1=nT2=nT кезінде және тоқ трансформаторының қателігі жоқ жағдайда реледегі тоқ жүктеме нөлге тең.

Сонымен, дифференциалдық қорғау жұмыс істеу принципі бойынша жүктеме тоқтарына және артқы қ.т. әсер етпейді, сондықтан уақыт ұстанымсыз жүзеге асырылады және де жүктеме тоқтарынан шектелмеу керек.

Тоқ трансформаторының қателіктерінің нәтижесінде I1B және I2B екінші реттік тоқтар фаза және шамасы бойынша біршама айырмашылықтарға ие болады, оның нәтижесінде реледе балланссыздық тоғы пайда болады(10-2б сурет).Сыртқы қ.т. кезінде қорғаудың талғамдылығын қамтамасыз ету үшін дифференциалдық қорғаудың релесінің іске қосылу тоғв балланссыздықтың максималды тоғынан үлкен болу қажет:

Iср>Iн.б.макс (10-2)

Қорғалатын желіде қ.т. кезінде бірінші реттік тоқтар желілердің соңынан бір біріне қарсы бағытталған.

Қорғау схемасында тоқтарды бөліп тарату кезіндет реледегі тоқ қ.т. орнына келетін тоқтардың қосындысына тең.

Iр=I1B+I2B=I1+I2/nT=Iкз/nT (10-3)

Осы тоқтың әсерінен қорғау іске қосылады. (10-3) көрсеткендей дифференциалдық қорғау зақымдалған орнындағы қ.т. толық тоғына әсер етеді.Сондықтан тұтыну көзі екі жақты тораптарда ол жоғарғы сезімталдылыққа ие болады.

Кернеуі теңестірілген схемада (10-3а) тоқ трансформаторының екінші реттік орамын сыртқы қ.т. шарттарында олардың ЭҚК қарсы бағытталатындай, ал реле жалғаушы сымдардың тізбегіне кезекті қосылатындай етіп жалғайды.

Осы шарттарда және жүктеме тоқтарының өту кезінде тоқ трансформаторының екінші ретті ЭҚК тең және фазасы бойынша сәйкес келеді(E1B=E2B) себебі, I1=I2 , nT1=nT2 осыдан:

I=(E1B-E2B)/Z=0

Мұнда Z – тоқ реле трансформатор контурының толық кедергісі.

Тоқ трансформаторының қателіктері екінші ретті ЭҚК балансын бұзады және ЭҚК балланссыздығын туғызады (EHB=E1B-E2B). EHB әсерінен реледе IHB балланссыздық тоғы пайда болады.

Қорғау аймағында қ.т. негізінде (10-3б) екінші ретті ЭҚК E1B және E2B қосылып реледе Iр тоғын туғызады, оның әсерінен реле іске қосылады.

Дифференциалдық қорғау схемаларында екі принципте қолданылады.

5 Лабораториялық жұмыс.

Дистанциялық қорғау.