- •2.1. Тоқтық үзулердің жұмыс істеу принципі
- •2.2 Тұтыну көзі бір жақты желілерде лезде әсерлі үзулер.
- •3.1. Тұтыну көзі екі жақты тораптардағы бағытталған
- •3.2. Тоқтық бағытталған қорғаудың
- •4.1.Дифференциалды қорғаулардың түрлері және тағайындалуы.
- •4.2.Бойлық дифференциалдық қорғаудың әсер ету принципі.
- •5.1.Жұмыс істеу принципі және тағайындау.
- •5.2. Дистанциялық қорғаудың элементтері
3.2. Тоқтық бағытталған қорғаудың
жұмыс істеу принципі және схемасы.
Максималды бағытталған қорғау қ.т. кезінде қуаттың бағытына және тоқтың шамасына әсер етуі қажет. Ол қуат бағытталған қосымша релесі бар максималды тоқтық қорғау сипатына ие. Бір фаза үшін көрсетілген қорғаудың жеңілдетілген схемасы үш негізгі элементтен тұрады: қ.т. пайда болғанына әсерленетін тоқтық реле; қ.т. қуаттың бағытын анықтайтын қуат бағытының релесі; уақыт релесі(уақыт органы). Қуат бағытының релесі ретінде электрмеханикалық релелер немесе жартылай өткізгішті релелер қызмет жасайды. Бұл релелердің сипаты қуат қысқыштарына жеткізілген белгіге тәуелді.
Sр=UрIрsin(α-φр)
Мұнда α – бұрышына тұрақты шама, ол 0°,90° немес α1 (90°>α1>0°).
Қорғаудағы желіде қ.т. кезінде өзінен кейінгі денелерде тоқтық реле және қуат бағытының релесі өз контактілерін тұйықтап уақыт релесінің іске қосылуына әкеп соғады. Белгілі уақыт ұстанымынан кейін ол контактілерін тұйықтап ажыратқыштың сөндіруіне импульс береді. Осы қосалқы станциядан сыртқа шыққан барлық жалғауларда қ.т. кезінде қ.т. қуаты шиналарға бағытталған, сондықтан қуат релесінің контактілері ажыратылып сөндіруге қорғау өз әсерін тигізуге мүмкіндік бермейді. Қалыпты режимде қуаттың және жүктеменің шинадан желіге бағытталған кезінде қуат бағытының релесі өз контактілерін тұйықтай алады, алайда бұл жерде контактілері тұйықталмаған жағдайда қалған іске қосу релелері жүктеме тоғынан шеттетіледі.Сезімділік шарттары бойынша кейбір жағдайларда тоқтық реле кезінде максималды жүктемелерді туралау мүмкін болмаған кезде, максималды кернеу релесінен блоктық қорғау қолданылады. Максималды кернеу блогы бар максималды қорғаудың жеңілдетілген схемасы 7.4 суретінде көрсетілген.
Бейтарап оқшауланған тораптарда максималды бағытталған қорғау барлық тораптағы екі бір аттас фазаларда орнатылды. Бейтарабы жерлендірілген тораптарда қорғау үш фазаға орнатылады, егер ол қ.т. барлық түрлерінде жұмыс атқаруға арналған болса. Егер де қорғау тек фаза аралық ақауларда іске қосылатын болса, онда қорғау екі фазаға орнатылады.
Қорғаудың тоқтық бағыттары тұрақты және айнымалы оперативтік тоқтарда орындалады.Айнымалы оперативтік тоқтағы схемасы 7.5 суретінде келтірілген.
Қуат бағытының релесі тұтынатын бір немесе екі фаза кернеудегі тізбектің күйреуі кезінде қорғау қ.т. кезінде дұрыс емес әсер етуі мүмкін. Сондықтан нүктедегі тізбектің ақауларын өз уақытысында анықтау үшін олардың қалыптылығын бақылайтын құрылғыларға ие болу қажет.
№4 Лабораториялық жұмыс.
Желілерді дифференциалды қорғау
4.1.Дифференциалды қорғаулардың түрлері және тағайындалуы.
Энергожүйенің тораптық қосалқы станциялардың немесе энергостанцияларынан шығатын шиналардың желілерінде тұрақтылық шарттары бойынша уақытсыз өзінің қорғаудағы желіде қ.т. сөндіру талап етіледі.
Бұл талапты жоғарыда қарастырылған лезде тоқты үзу көмегімен орындауға болмайды, себебі оның әсер ету аймағы қорғалатын желінің біршама бөлігің ғана қамтиды.Одан бөлек қысқа желілерде үзуді қолданылмайды, мұнда желінің басындағы және соңындағы қ.т. тоқтарының айырмашылығы аз. Бұл жағдайларда әсер ету принципі қорғалатын желі шегінде уақыт ұстанымсыз бүлінуді сөндіруге қамтамасыз ететін қорғау қолданылады. Мұндай қорғаудың түрлеріне дифференциалды қорғау жатады. Ол қорғаудағы бөліктің кез келген нүктесіндегі қ.т. лезде сөндіруді қамтамасыз етеді және қорғаудағы желінің сыртында қ.т. кезінде сезімталдылыққа ие болады.
Дифференциалды қорғаудың бойлық және көлденең болып бөлінеді. Бойлық дифференциалды қорғау бір тізбекті және параллель желілерді, ал көлденең дифференциалдық қорғау тек параллель желілерді қорғау үшін қызмет етеді.
