Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лабораторные работы по АЭЭС- KZ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
114.18 Кб
Скачать

3.1. Тұтыну көзі екі жақты тораптардағы бағытталған

қорғаудың қажеттілігі.

Бағытталған қорғау деп қ.т. қуатының белгілі бір бағытында ғана әсер ететін қорғауды атаймыз. Бағытталған қорғауды қолдану қажеттілгі тұтыну көзі екі жақты тораптарда пайда болады. Бұл тораптардағы қорғау қ.т. тоғының пайда болуына әсер етуімен қатар селективтілікті қамтамасыздандыру үшін қорғаудағы желінің қ.т. қуатының ескеруі қажет.

Тұтыну көзі екі жақты тораптарда және сақиналы тораптарда қ.т. тоғы мен қуатының бағыты ақаудың пайда болған жеріне байланысты және екі қарама қайшы мәнге ие. 7.1а суретінде көрсетілгендей қ.т. кезінде Л2 желінің К1 нүктесінде қорғау 5 арқылы В тұтыну көзінен қ.т. нүктесіне IкIв тоғы өтеді.

Қ.т. кезінде Л3 желісіндегі К2 нүктесінде 5 қорғау арқылы өтетін Iк2а тоғы А тұтыну көзінен және қарама қарсы бағытталған.

Егер бірінші жағдайда Iк1 қосалқы станция 3 шиналарында Uш кернеуден φк1 бұрышына қалып жүрсе (7.2 сурет), ал қ.т. қуаты шиналардан желіге қарай бағытталғанғ ал екінші жағдайда Iя тоғы 180° ығыстырылған, осыған сәйкес қ.т. қуаты кері , сондықтан ол желіден шиналарға бағытталған.

Осыдан, желіден өтетін қ.т. қуатының бағыты қорғаудағы желінің қай жерінде ақау пайда болғанын сипаттайды. Бұл жағдай бағытталған қорғауда қолданылады, ол қуаттың белгісі бойынша қай жерде күйреу пайда болғанын анықтап тең қорғаудағы усачтке кезінде ғана іске қосылады.

Қуат белгісіне әсер етпейтін желі тоқтың қорғау қорғалатын желідегі қ.т. кезіндегідей босқа жалғанған контактілердегі ақаулар кезінде іске қосылады. Сондықтан тұтыну көзі екі жақты тораптарда жай тоқтық қорғау арқылы қ.т. селективті сөндіру шартты түрде мүмкін емес.

7.1а суретінде, торапта максималды тоқтық қорғау орнатылған, осының 5 қорғаудың іске қосылуын қарастырамыз. Қ.т. кезінде К нүктесіндегі 5 қорғаудың ұстам уақыты 6,7 және 8 қорғаудың іске қосылу уақытынан аз болуы қажет,яғни, t5 < t6, t7, t8. Ал егер К2 нүктесінде қ.т. болса онда 5 қорғау 6 қорғаудан біршама кем уақытқа қалуы керек, яғни (t5 > t6).

Бұл екі тораптарды біркелкі орындау мүмкін емес. Екі талаптың біреуін ғана орындау қорғаудың селективті емес жұмысына әкеліп соғады. Себебі бірінші талапты орындау кезінде (яғни, t5 < t6, t7, t8) максималды қорғау 5 Л3 желідегі қ.т. кезінде селективті емес жұмыс жасайды. Бұл селективсіздікті жоюға болады, олт үшін 5 максималды қорғауды бағытталған максималды қорғауға ауыстыру қажет, ол қуаттың шинадан желіге қарай бағытта ғана әсер етеді. Бұл жағдайда Л3 желіде қ.т. кезінде 5 қорғау іске қосылмайды, яғни екінші талап (t5 > t6) орындалмайды.

Тораптың басқа барлық қорғаулар орындалған кезде зақымдарды селективті сөндіру сатылы принцип бойынша бір бағытта ғана іске қосылатын қорғаулардың уақыт ұстамдарын талдау кезінде мүмкін болады.

Осы негіздерге сүйене отырып тұтыну көзі екі жақты тораптарда селективті қорғаудың орындалуының келесі принциптерін қорытындылауға болады:

  1. Қорғау екі жағынан да орнатылып және қуаттың шинадан желіге қарай бағытында іске қосылуы қажет.

  2. Қуаты бір бағыт кезінде жұмыс істейтін қорғаулардың уақыт ұстанымы қорғау жұмыс істейтін тоқтан тұтыну көзіне қарай бағытта сатылы принцип бойынша өсуінің өзара келісуі қажет.