Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
кукык КР1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
90.93 Кб
Скачать

31.Басқарудың республикалық нысаны.

Мемлекеттік басқарудың нысандары — мемлекет нысанының құрамы, ол жоғарғы мемлекеттік өкіметтің ұйымдасуының, оның органдарының құрылуындағы тәртіпті және олардың тұрғындармен қарым-қатынасын сипаттайды.

Жоғарғы мемлекеттік билікке мемлекет басшысы жатады (монарх не президент), заң шығару органы, үкімет.

Мемлекет басшысының жағдайына байланысты монархияға және республикаға бөледі.

Монархия (грек тілінен — жалғыз билеуші) — басқару нысаны, өкімет түгелімен не жартылай жалғыз билеушінің қолына шоғырланады — монархтың (корольдің, патшаның, шахтың, императордың т.с.с).

Монархияның белгілеріне:

—  жоғарғы өкімет билігі (монархтың өкіметі) мұра ретінде беріледі;

басқаруының уақыты шексіз (абсолютті) болады;

сайлаушылардың еркінен тәуелсіз болады.

Монархияның шектелусіз түрі болады, ондайда халықтың өкілеттік мекемелері болмайды және мемлекеттің егемендігін алып жүруші, жалғыз ғана монарх болады. Мысалы, қазіргі кездегі феодализмнің абсолюттік монархиясы — Сауд Аравиясы мен Брунейде сақталған және шектелген (конституциялық) монархия, яғни монархтан басқа қосымша мемлекеттің егемендігін алып жүруші, басқа мемлекеттік органдар бар, олар өз жағынан монархтың билігіне шектеу жүргізу үшін құрылған (Англия, Япония, Испания, Швеция, Норвегия).

Монархия бірнеше жүз жылдарға созылған уақытта, дүние жүзіндегі үстемдік құрған басқару нысаны болды. Арнайыланған нысанда, ол бүгінде сақталып дүние жүзіндегі елдердің үшінші бөлігіне тараған.

Республика (латын сөзінен — мемлекеттік, қоғамдық іс) — басқару нысаны, мемлекет басшысы сайланады және ауыстырылады, ал оның билігі сайлаушылардың еркімен, не олардың өкілеттік органдарымен белгіленеді.

Республиканың белгілеріне:

өкіметтің сайлануы;

белгілі уақытқа ғана сайлау;

сайлаушылардың еркіне тәуелділік.

Кім үкіметті құрады, ол кімнің бақылауында және кімге есеп береді, осыған байланысты республикалар президенттік, парламенттік және аралас болып бөлінеді.

Президенттік республикаларда (АҚШ, Бразилия, Аргентина, Венесуэла, Боливия, Сирия т.б.) ол ролді президенттің өзі ғана орындайды. Парламенттік республикаларда (Германия, Италия, Индия, Түркия, Израиль т.б.) — парламент, аралас (Франция, Финляндия, Польша, Болгария, Австрия т.б.) — Президент пен Парламент бірге жүргізеді.

32.ҚР-ның мемлекеттік құрылымының унитарлық нысаны.

Унитарлық (лат. unitas — біртұтас, біріккен) құрылыста саяси билік бір орталыққа бағынады, мемлекет ішінде өз алдына бөлек басқа құрылымға жол берілмейді. Оның территориясы, конституциясы бір болады. Мемлекеттік биліктің жоғары органдар жүйесі, азаматтығы ортақ. Мысалы, Италия,Франция, Қазақстан т.б. осы түрге жатады.

Унитарлы мемлекет - әкімшілік-территориялық бірлестіктердің саяси дербестігі болмайтын мемлекеттік құрылыс түрі. Мемлекеттік құрылысқа келесі сипаттамалар тән: елдің бүкіл территориясында тең жүретін біртұтас конституция; заңды күші бүкіл территорияға таралатын жоғарғы мемлекеттік билік органдарының біртұтас жүйесі; біртұтас құқық жүйесі; биліктің муниципалды органдарының жалпы мемлекеттік органдарға бағынуы.

33.ҚР-ның Президенттің конституциялық-құқықтық мәртебесі.

Қазақстан Республикасының Президенті — мемлекет басшысы, оның ең жоғары лауазымды тұлғасы. Ол мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайды. Президент халықтар бірлігінің нышаны болып табылады, көпұлтты Қазақстан Республикасының халқы сайлайды, оның халық атынан сөйлеуге құқығы бар, ел ішінде және халықаралық қатынастарда мемлекет атынан өкілдік етеді. Конституцияға сәйкес республикада мемлекеттік билік біртұтас, бірақ, сонымен қатар билік үш: заң шығарушы, атқарушы және com тармақтарына бөлінеді.

Заң шығарушы билікті  Парламент, атқарушы билікті  Үкімет, сот билігін — соттар жүзеге асырады. Әрқайсысы Конституция және заң арқылы белгіленген міндеттерін атқаруға тиісті. Мемлекеттік биліктің үш тармағы күнделікті қызметінде өзара тығыз және келісімді байланыста болуы керек. Президент мемлекет билігінің барлық тармағының келісіп жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Сондықтан Президент мемлекеттік биліктің кепілі болып табылады.

Президент мемлекеттік органдардың халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді. Ол, сондай-ақ мемлекеттік органдардың, лауазымды және тағы баска тұлғалардың Конституция мен заңдардың талаптарын бұлжытпай сақтауын камтамасыз етеді. Президент адам мен азаматтардың құқығы мен бостандықтарының кепілі болып табылады. Президентті Қазақстан Республикасының кәмелетке толған азаматтары жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы жеті жыл мерзімге сайлайды. Қазақстан Республикасының Президенті болып, тумысынан республика азаматы болып табылатын, қырық жасқа толған, мемлекеттік тілді еркін меңгерген және Қазақстанда кемінде он бес жыл бойы тұрған республика азаматы сайлана алады.

2005 жылғы 4 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің кезекті сайлауы болып өтті. Президент болып Н.Ә. Назарбаев сайланды. Президент халыққа ант берген сәттен бастап қызметіне кірісті. Бұл салтанатты сәт инаугурация (ұлықтау) деп аталады. Ол 2006 жылдың 11 қаңтарында өтті.

Республика Президентіне кең ауқымды өкілеттіктер берілген. Бұл өкілеттіктер Конституция мен "ҚР-ның Президенті туралы" Конституциялық заңда көрсетілген.

Мемлекеттік органдар арасындағы жанжалдарды болдырмаудың елеулі механизмі Президенттің вето (тыйым салу) құқығы. болып табылады. Вето құқығы: "Парламент қабылдаған заңды Президент түзетуге қайтара алады" дегенді білдіреді. Бұл "кейінге қалдырушылық ветосы" деп аталады.

Президенттің түзетуге қайтарған мына заңдарын көрсетейік: "Қазақ КСР-дағы меншік туралы" (1990 ж.), "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінін бақылау палатасы туралы" (1993 ж.), "Нотариат туралы" (1997 ж.) "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" (2005 ж.) және басқалары. Заңдарды түзетуге қайтарудың себептері: Конституция талаптарына сәйкес келмеуі, заңдарды талдаудың әлсіздігі, құқықтық сараптаманың төмен денгейі, заңдарды өмірде пайдаланудың мүмкін еместігі.

Конституцияда Президент өкілдігін шектейтін жағдайлар да көзделген. Президенттің Парламент, мәслихат депутаты болуына, басқа да жалақылы қызмет атқаруына және кәсіпкерлікпен айналысуға құқығы жоқ. Президент өз өкілеттігін жүзеге асыру кезінде саяси партиядағы қызметін тоқтатады. Президент өзінің міндеттерін атқаруы кезінде іс-әрекеті үшін тек қана мемлекетке опасыздық жасаған жағдайда жауап береді жөне бұл үшін Қазақстан Республикасының Парламенті оны қызметінен кетіруі мүмкін. Бұл институт импичмент деп аталады.

Қазақстан Республикасының Президенті Конституция мен заңдар негізінде және оларды орындау үшін Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші бар жарлықтар мен өкімдер шығарады. Конституцияда көзделген ретте Президент зандық күші бар заңдар, сондай-ақ жарлықтар шығарады. 

34.ҚР-ның Парламентінің конституциялық-құқықтық мәртебесі.

Қазақстан Республикасы Парламентінің құқықтық мәртебесі Парламент республиканың заң шығару қызметін жүзеге асыратын ең жоғары өкілді органы болып табылады. Ол қос палаталы, тұрақты негізде жұмыс істейтін — Сенат пен Мәжілістен тұрады. Сондықтан да біздің Парламентіміз кәсіби заң шығарушы орган ретінде қаралады.

Сенат әр облыстан, республикалық манызы бар қаладан және Қазақстан Республикасының астанасынан екі адамнан, тиісінше облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және Республика астанасынын барлық актілеу органдары депутаттарының бірлескен отырысында сайланатын депутаттардан құралады. Сенаттың жеті депутатын Сенат өкілеттігі мерзіміне Республика Президенті тағайындайды.

Мәжіліс жетпіс жеті депутаттан тұрады. Алпыс жеті депутат республиканың әкімшілік-аумақтық бөлінісі ескеріле отырып құрылатын және шамамен сайлаушылардын саны тең бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайланады. Он депутат партиялық тізім бойынша сайланады. Парламент өз жұмысын сессиялық тәртіппен жүзеге асырады. Сессия бірлескен және бөлек палаталардан, палаталар бюроларынан, тұрақты комитеттерден және палаталардың бірлескен комиссияларынан тұрады. Сенат пен Мәжілістің бірлескен отырысында республикалық бюджет қаралады және бекітіледі, оның орындалуы туралы Үкімет есеп береді.

Парламент депутаты бір мезгілде екі палатаның мүшесі бола алмайды. Сенат депутаттарының өкілеттілік мерзімі — алты жыл. Мәжіліс депутаттары бес жылға сайланады. Қазақстан Республикасыньың кемінде бес жыл азаматы болған, отыз жасқа толған, жоғары білімі және кемінде бес жыл жұмыс өтілі (стажы) бар, тиісті облыстың (яғни оны депутаттық я сайлайтын облыстың), республикалық маңызы бар қаланың не республика астанасының аумағында кемінде үш жыл тұрақты тұрған азаматы Сенат депутаты бола алады.

Қазақстан Республикасынын жасы жиырма беске толған азаматы Мәжіліс депутаты бола алады. Мәжіліс депутаттығына кандидат өзінің тұрақты қайсы жерде тұратын мекеніне қарамастан 67 сайлау округінің қалаған біреуінен дауысқа түсе алады. Парламенттің конституциялық-құқықтық мәртебесімен таныса отырып, мынадай жағдайды анықтаудың маңызы зор. Конституция түптегенде нақтылап мыналарды белгілейді:

  • тек қана екі палатаның біріккен отырысында қандай мәселелер қаралады;

  • қандай мәселелер тек кана әрбір палатаның құзыретіне жатады;

  • қандай мәселелерді әрбір палата дербес, яғни басқа палатаның қатысуынсыз қарауы мүмкін;

  • тұтас алғандағы Парламент құзыретіне жататын мәселелер палаталардың бөлек отырысында қалай қаралады.

  • Парламент депутатының мәртебесін көтеру мақсатында депутаттық қызметке арнайы кепілдіктер беріледі.

Парламент депутатын оның өкілеттік мерзімі ішінде тұтқынға алуға, күштеп әкелуге, сот тәртібімен белгіленетін әкімшілік жазалау шараларын оларға қолдануға (қылмыс үстінде ұсталған немесе ауыр қылмыс жасаған реттерді қоспағанда), тиісті палатаның келісімінсіз қылмыстық жауапқа тартуға болмайды.

35. ҚР-ның конституциялық кеңесі.

Конституциялық Кеңес Қазақстанның саяси жүйесінде айрықша орынға ие. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі өкілеттіктері алты жылға созылатын жеті мүшесінен құралған. Конституциялық Кеңестің өмір бақилық мүшелігіне Республиканың Экс-Президенттері құқылы болып табылады. Конституциялық Кеңестің Төрағасын Республика Президенті тағайындайды және дауыс теңдей бөлінген жағдайда оның дауысы шешуші болып табылады.

Конституциялық Кеңестің екі мүшесі Республика Президентімен, екеуі Сенат төрағасымен, екеуі Мәжіліс төрағасымен тағайындалады. Конституциялық Кеңестің қалған мүшелері әр үш жыл сайын жаңартылып тұрады.

Конституциялық Кеңестің ұйымдастырылуы мен қызметі конституциялық заңмен реттеледі.

Конституциялық Кеңес:

  • Республика Президентінің сайлауы;

  • Парламент депуттарының сайлауы;

  • Республикалық референдум өткізудің дұрыстығы туралы мәселеге қатысты туған таласты шешеді.

Конституциялық Кеңес:

  • Парламентпен қабылдаған және Президент қол қойған заңдардың Конституциямен сәйкестігін;

  • Халықаралық келісімдердің Конституцияға сәйкес бекітілуін қарайды.

Конституциялық Кеңес:

Конституция нормаларына ресми түсінік береді;

  • Республика Президентін қызметінен мерзімінен бұрын босату туралы Парламентпен тиісті шешім қабылданғанша, Республика Президентін қызметінен босату туралы соңғы шешімге келгенге дейін белгіленген конституциялық рәсімдерді сақтау туралы ұйғарым жасайды.

Конституциялық Кеңестің қорытынды шешімі қабылдаған күннен бастап күшіне енеді және шешім шағымдануға жатпайды, республиканың барлық аумағында жалпыға бірдей міндетті болып табылады. Басқа да шешімдердің өз күшіне ену тәртібі Конституциялық Кеңеспен айқындалады.

Республика Президентінің қарсы пікірін еңсермеген жағдайда Конституциялық Кеңестің шешімі қабылданбаған болып саналады және конституциялық өндірісі тоқтатылады.

ТАРИХЫ

ҚР Үкіметі атқару өкіметін жүзеге асырады, атқару органдарының жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық етеді[2]

Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары(2001-2005 жж.):[3]

ҚР Президентінің 1995 ж. 29 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы" конституциялық заң күші бар Жарлығына[4]сәйкес қүрылды.

Конституциялық Кеңес республиканың барлық аумағында ҚР Конституциясының жоғары түруын қамтамасыз ететін мемлекеттік орган ретінде өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде дербес және мемлекеттік органдарға, үйымдарға, лауазымды адамдар мен азаматтарға тәуелсіз, республика Конституциясына ғана бағынады әрі саяси және өзге себептерді негізге ала алмайды[5].

КР Конституцияльщ Кеңесі төрағасының 2001 ж. 1 ақпандағы бүйрығымен[6] ҚР Конституциялық Кеңесі аппараты туралы оның мәртебесі,міндетгері мен функциялары белгіленген ереже және құрылымы бекітілді.

ҚР Конституциялық Кеңесі аппараты ҚР Конституциялық Кеңес қызметін және оның өкілеттіктерінің іске асуын қамтамасыз ету үшін қүрылды. Аппарат үйымдық, ғылыми-қүқықтық, ақпараттық-анықтамалық және басқа ҚР Конституциялық Кеңес қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қосалқы жүмыстарды орындайды.

ҚР Конституциялық Кеңесі аппараты құрылымдық бөлімшелері:ғылыми-қүқықтық бөлім; ақпараттық-талдау бөлімі; жалпы бөлім,қаржы-шаруашылық бөлімі.

ҚР Конституциялық Кеңесі төрағасының 2002 ж. 1 қаңтардағы бұйрығымен[7]

ҚР Конституцияльщ Кеңесі аппаратыньщ құрылымы бекітілді:ұйымдастыру жүмыстары және сыртқы байланыстар бөлімі; құқықтық бөлім; ақпараттық-талдау бөлімі; жалпы бөлім; қаржы-шаруашылық бөлімі.

ҚР Конституциялық Кеңесі төрағасының 2004 ж. 15 қыркүйектегібүйрығымен

ҚР Конституциялық Кеңесі аппаратының қүрылымына өзгертулер енгізілді: ұйымдастыру жүмыстары және сыртқы байланыстар бөлімі мен жалпы бөлім үйымдастыру және кадрлар жүмысы бөлімі болып, қүқықтық және ақпараттық-талдау бөлімдері қүқықтық сараптама бөлімі болып қайта үйымдастырылды. ҚР Конституциялық Кеңесі төрағасының 2005 ж. Маусымдағы бүйрығымен қаржы-шаруа тттылық бөлімі қаржы бөлімі болып қайта қүрылды.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары (2001-2005 жж.):

36. ҚР-ның сайлау құқығы.

Сайлау және сайлану құқығы Қазақстан Республикасы азаматының ең басты саяси құқығы (ҚР Конституциясы. 33-бап). Сайлауға қатысу әркімнің ерік білдіру бостандығы болып табылады. Сонымен қатар сайлауға қатысу кез келген азаматтың азаматтық борышы. Әрбір мемлекет сайлауға азаматтардың басым көпшілігінің қатысуына жағдай туғызады. Сайлауға қатысу — азаматтардың бейкам бақылаушы емес, өз елі үшін жаны ауыратындығының көрсеткіші. Бейкамдык пен қатыспаушылық жағымсыз құбылыстарға жол ашады. Сайлаушылардың сайлауга келмеуі абсентеизмдеп аталады.

Барлық уақытта сайлау ерікті болған жоқ. Ежелгі дәуір және орта ғасырларда көптеген шектеулер болған. Сол кезеңдерде сайлауға тек ақсүйектерқатысты, кедей адамдар, әйелдер мен құлдар сайлаудан шеттетілді. Жаңа заманда сайлауға барлық азаматтар қатыстырылады, бірақ мүліктік, жасына, біліміне, жынысына және т.б. ценз — шектеулер енгізілген болатын. Сайлау құқығы — мемлекеттік органдардың сайлауын өткізудің тәртібін реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Қазақстан Республикасында Президент, Парламент және республика мәслихаттарының депутаттары, жергілікті басқару органдарының мүшелері сайланып қойылады. Біздің еліміздегі сайлау Конституция ережелері мен "Қазақстан Республикасының сайлауы туралы" Конституциялық заңына негізделінген.

Сайлау еркіндігі кез келген азаматтың сайлауға қатысуға құқығы бар екендігін, сонымен қатар өзінің көзқарастарына қатыссыз адал да әділетті күресте сайлануға нақты мүмкіндіктерге иеленуі дегенді білдіреді. Сайлау әділеттілігінің өлшемдері: бәсекелестік, мерзімділік, өкілеттілік және нәтижелілікболып табылады:

  • Бәсекелестік — сайлауға оппозициялардың, сонымен қатар бірнеше кандидаттың қатысу мүмкіндігі.

  • Оппозиция дегеніміз — көпшіліктің немесе билік жүргізіп отырғандардың пікіріне мүлде карсы пікірлі адамдардың тобы немесе партия.

  • Сайлаудың мерзімділігі — белгілі бір уақыт өткеннен кейін сайлаудың кайта өткізілуі.

  • Өкілеттілігі — мемлекеттік органдардың құрамына ұлттық, діни, нәсілдік белгілері әр түрлі халықтың азшылығының енгізілуі.

  • Нәтижелілігі — сайлаудың нәтижесінде жеңіске жеткен адамдардын Конституцияға негізделген нақты билігін жүзеге асыра алу мүмкіндігі.

Жалпыга бірдей сайлау құқығы — республиканың он сегіз жасқа толған азаматтары тегіне, әлеуметтік, лауазымының және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, діни көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне немесе кез келген өзге жағдаяттарына қарамастан сайлауға дауыс беруге қатысуға, Президент, Парламент немесе мәслихат депутаты, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшесі ретінде сайлануға құқылы дегенді білдіреді. Жалпыға бірдей сайлау құқығының екі түрі ерекшеленген: • белсенді сайлау құқығы — бұл он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасы азаматының сайлауда дауыс беруге қатысу құқығы; • бәсең сайлау құқығы — Қазақстан Республикасы азаматтарының ҚР-ның Президенті, Парламенті, мәслихат депутаты немесе жергілікті өзін-өзі басқару органына мүше болып сайлану құкығы. Бәсең сайлау кұқығы белгілі бір құқықтық шектеулермен байланысты туындайды. ҚР-ның Президентігіне кандидат тумысынан республика азаматы болуы, 40 жасқа толуы, мемлекеттік тілді еркін меңгерген әрі Қазақстандакемінде он бес жыл бойы тұратын республика азаматы болуы тиіс. Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаты Конституцияда көрсетілгендей 30 және 25 жасқа толуы тиіс.

Тең сайлау құқығы: • Қазақстан Республикасының барлық азаматтарына олардың тұратын мекен-жайы орнына қатыссыз, соның ішінде елімізден тысқары жердегілерге; • сайлаушылардың саны, шамамен бірдей сайлау округтерін құру арқылы; • сайлауімимы сайлау учаскесіндегі бір гшш сайлаушылар тізіміне қосу арқылы; • тең сайлау құқығы талаптарын екі немесе одан да коп рет, тіпті басқа сайлаушы үшін де дауыс беру арқылы бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік тағайындау арқылы қамтамасыз етіледі.

Жанама сайлау құқығы—Парламент Сенатының депутаттарын сайлауға таңдаушылар мәслихат депутаты болып табылатын республика азаматы қатысады дегенді білдіреді. Аталған сайлауда халықтың еркіндігі жанама жолмен тікелей сайлау құқығы арқылы сайланған мәслихат депутаттарының, яғни таңдаушылардың дауыс беруі арқылы көрініс табады. Әрбір таңдаушы бір дауысқа ие болады.

Жасырын дауыс беру — сайлауда сайлаушылардың еркін білдіруіне қандай да бір бақылау жасау мүмкіндігіне жол берілмейді. Жасырын дауыс беру:

әрбір сайлаушының жеке өзі дауыс беруі, дауыс беру құқығын басқа тұлғаға беруге жол бермеу арқылы; • басқа тұлға үшін дауыс беруге жол бермеу; • дауыс беруге арналған бюллетеньдер сайлаушыларға сайлаушылар тізімдері арқылы сайлаушының жеке басын куәландыратын құжатты көрсетуі бойынша; • сайлау бюллетені сайлаушының жасырын дауыс беру кабинасында жеке толтырылуы арқылы жүзеге асады. Сайлау бюллетенінде дауыс берушінің жеке басын айқындауға мүмкіндік беретін белгілер салуға болмайды. Заңда дауыс берудің жасырын тәртібін бұзған лауазымды тұлғалар мен оған кінәлілерге жауапкершілік көзделген.