- •1.Құқық негіздерінің басқа қоғамдық ғылымдармен өзара әрекет етуі мен өзара қатынасы.
- •2.Мемлекеттік түсінігі және негізгі белгілері.
- •3.Мемлекеттің пайда болуының негізгі теориялары.
- •4.Мемлекеттің механизмі және аппараты.
- •5.Мемлекеттің ішкі және сыртқы қызметтері.
- •6.Мемлекет нысаны.
- •7.Құқықтық мемлекеттің түсінігі және белгілері.
- •8.Құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамның арақатынасы және өзара әрекет етуі.
- •9.Құқықтың негізгі белгілері және анықтамасы.
- •10.Құқықтың пайда болуы.
- •11.Қоғам өміріндегі құқықтың рөлі.
- •12.Құқықтың қайнар көздері.
- •13.Құқықты салаға,саларалыққа және институтқа бөлу.
- •14.Құқықтық қатынастардың түсінігі және түрлері.
- •15.Құқықтық сана мен құқықтық мәдениет.
- •16.Құқық бұзушылықтың түсінігі мен түрлері.
- •17.Заңды жауапкершілік түсінігі мен түрелрі.
- •19.Конституциялық-құқықтық нормалар және олардық түрлері.
- •26.Азаматтылықты алу және тоқтату.
- •31.Басқарудың республикалық нысаны.
“Құқық негіздері”пәнінен 1-ші аралық бақылау сұрақтары
1.Құқық негіздерінің басқа қоғамдық ғылымдармен өзара әрекет етуі мен өзара қатынасы.
«Құқық негіздері» ‑ кешенді оқу курсы, оның құрамына мемлекет пен құқық туралы негізгі мәліметтер кіреді. Құқықтық ілімдер жүйесінде құқық негіздері маңызды орын алады. «Құқық негіздері» оқу курсы заңды емес мамандық бойынша оқитын студенттерге арналған құқықтық теорияның, Қазақстан Республикасы заңнамасының негіздерін анықтайтын жүйелік курс болып табылады. Құқық негіздерінің зерттеу объектілерінің жүйесіне құқық нормалары, заңдар, мемлекет пен құқық туралы негізгі білімдерді түсіну үшін қажет оқулық, монографиялық, арнайы және номативтік‑құқықтық әдебиеттер кіреді.
Құқық негіздері курсының пәніне негізгі құқық салаларын, құқықтық қатынастардың негізгі түрлерін және олардың мазмұнын, заңдық жауапкершіліктің негізгі түрлерін және олардың қолдану тәртібін оқып үйрету жатады.
Оқу курсын оқу барысында студент кем дегенде мынадай білімді алуы қажет: КР Конституциясының нормаларының жүйесін, материалдық және процессуалдық құқығының негізгі анықтамалары мен категорияларын. Алған білімінің негізінде студент түрлі құқықтық институттарды және құқықтық қатынастарды ажырата білу қажет.
басқару және мәжбүрлеу аппараты бар, өз алдына дербес ерекше саяси ұйым. Бүгінгі күнгі мемлекеттің басты ерекшелігі азаматтарды мемлекеттік және қоғамдағы істерге нақтылы қатыстыруды қамтамасыз ететін, шын мәніндегі, демократиялық қоғам құру болып табылатындығында.
2.Мемлекеттік түсінігі және негізгі белгілері.
Мемлекет-басқару функциясын орындайтын және соның көмегімен қоғамның тіршілік тынысын қамтамасыз ететін,оған қажетті жағдайлар мен алғышарттар жасауға ұмтылатын адамзат қоғамнын ұйымдастырудың айрықша нысаны. Өзіне тән ерекше белгілері мен қажетіне,сондай ақ өзіндегі аса мол мүмкіндіктеріне қарай мемлекет экономиканы дамытудың,әлеуметтік саяси,рухани,ұлтаралық және жеке адамдардың арасындағы қатынастардың маңызды мәселелерін шешуге нақты қатысып,қоғамдағы істердің жағдайына белсенді түрде әсер ете алады.
Мемлекет дегеніміз бұл-адамзат қоғамы дамуының маңызды кезеңдеріне тән саяси ұйым:
а) Қоғамды басқару міндетін атқару,адамдардың,топтардың және басқа да әлеуметтік субъектілердің қарым-қатынасын реттеп,бағыттау,олардың бірлескен іс-қимылына жағдай жасау жүктелген;
ә)оның саясатын жүзеге асыру жүктелген кең тармақты органдар жүйесі және биліктің ұйымдастырушылық-күш құралдары бар;
б)тапсырмасының орындалуын қоғамдық өмірдің барлық субъектілері қамтамасыз ететін әкімшілік-мәжбүрлеу өкәлеттігі берілген.
Мемлекеттің белгілері:
1)Шекаралары нақтыланған территория;
2)Азаматтық халқы мен этникалық құрылымы;
3)Осы территорядағы егеменділігі мен жоғарғы билігі;
4)Ашық түрде күш қолдану монополиясы;
5)Баршаға бірдей міндетті заң шығару монополиясы;
6)Экономикалық,саяси,рухани дамуға қолайлы жағдайлар тудыру;
7)Еңбек бөлінісі мен кәсіби басқарудың болуы;
8)Жеке меншіктің,талаптардың,әлеуметтік теңсіздіктің болуы;
9)Халықтық сананың өсуі,отаршылыққа көшу.
