Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОСКЭ 8 9 каз студ 2015-2016г.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
41.83 Кб
Скачать

Іс әрекет алгоритмі

8 ОСКЭ станциясы

Ерте жастағы балалардың диспансеризациясы

Тапсырма 8.

8 айлық бала, аралас тамақтандырылады, жұмыртқаның сары уызын жегеннен кейін беті қызарып, бетінде, ішінде, жамбасында везикулалы-папулалы бөртпе пайда болған. Мазасыздық, тітіркенгіш, бөртпе бар жерлердің қышуы пайда болды.

Анамнезінде: бала бірінші босанудан. Ата-анасы аллергиялық ринитпен сырқаттанады.

Объективті: балада артық салмақ байқалады, мазасыз. Басқа жүйелер мен ағзалар бойынша өзгерістер жоқ.

1. Сіздің болжам диагнозыңыз?

2. Қандай аурулармен салыстырмалы диагностика жүргізу қажет (салыстырыңыз).

3. Дәрілерді атау және дозасын есептей отыра ем тағайындау.

4. Осы баланы тамақтандыру туралы кеңес беріңіз.

5. Денсаулық тобын анықтаңыз және диспансеризация туралы кеңес беріңіз.

«Астана медициналық университеті» ақ

1 балалар аурулар кафедрасы

Іс әрекет алгоритмі

8 ОСКЭ станциясы

Ерте жастағы балалардың диспансеризациясы

Тапсырма 9.

Ұл бала 7 айлық. Әлсіздік, ұйқышылдық, тәбеттің төмендеуі, шөлдеу, құсу, тұрақсыз нәжіске шағымданады.

Анамнезінде: мешелді емдеу үшін бір апта бұрын балаға Д дәрумені 5000 ХБ мөлшерінде тағайындалған. Анасының салғырттығына байланысты бала Д дәруменді 5 миллилитр мөлшерінде қабылдаған.

Объективті: Әлсіздік, жыламсырау. Тері жабыны аздап сарғыш реңді, құрғақ. Жұрек шекарасы ұлғайған, жүрек тондары тұйықталған, айқын тахикардия, артериалды гипотензия. Бауыры ұлғайған.

1.Сіздің болжам диагнозыңыз.

2.Диагнозды негіздеу үшін қандай тексерулер қажет?

3.Осы балаға байланысты сіздің тәсіліңіз.

4.Осы баланың диспансеризациясына ұсыныстар жасаңыз.

5.Осы дерттің болашақ болжамы қандай?

«Астана медициналық университеті» ақ

1 балалар аурулар кафедрасы

Іс әрекет алгоритмі

8 ОСКЭ станциясы

Ерте жастағы балалардың диспансеризациясы

Тапсырма 10.

7 күндік нәрестеге алғашқы дәрігерлік патронаж жасалды. Қыз бала бірінші жүктіліктен, жүктіліктің бірінші жартысы токсикозбен өткен, ІІ триместрде темір тапшылық анемиясы болған. 39 апталық жүктіліктен дене салмағымен 3260 грамм, бойы 52 см дүниеге келген. Қарау кезінде: бала ширақ, айғайы қатты, эмоционалды, емшекті белсенді емеді. Терісі таза, беті және денесі аздап сарғайған. Сүт бездерінің қатаюы анықталады. Кіндік жарасы құрғақ, қабыну үрдісі жоқ, кіндік тамырлары пальпацияланбайды. Үлкен еңбегі 2х2 см. Тамыр соғысы 146 рет минутына. Жүрек тондары анық, ритмді. Тыныс алу жиілігі минутына 42 рет. Өкпесінде тыныс алу біркелкі, сырылдар жоқ. Іші жұмсақ, ауырсынусыз. Бауыры он жақ қабырға астынан 1,5 см шығыңқы. Көкбауыры пальпацияланбайды. Физиологиялық шығарымдары қалыпты. Жыныс жолынан қаншымақ бөлініс байқалады. Нәресте рефлекстері шақырылады.

  1. Осы балаға қандай болжам диагнозыңыз қоясыз (денсаулық тобы

атаңыз).

  1. Анасына баланы күтімі бойынша ұсыныстар беріңіз.

  1. Фондық патологиялардың алдын алу бойынша ұсыныстар беріңіз.

  1. Осы баладағы сарғаю белгісін түсіндіріңіз.

  1. Сүт бездерінің қатаюы және жыныс жолынан қаншымақтың бөлінуін

түсіндіріңіз.