Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОСКЭ 8 9 каз студ 2015-2016г.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
41.83 Кб
Скачать

«Астана медициналық университеті» ақ

1 балалар аурулар кафедрасы

Іс әрекет алгоритмі

8 ОСКЭ станциясы

Ерте жастағы балалардың диспансеризациясы

Тапсырма 2.

8 айлық ұл бала. Анасы баласының әлсіздігіне, тәбетінің төмендеуіне, тұрақсыз нәжісіне шағымданады. Бала 5-ші жүктіліктен, қолайлы ағымды, 2-ші мерзімінді босанудан ( салмағы – 3700г, бойы -50 см). Нәрестелік кезеңі қалыпты. 2 айға дейін табиғи ана сүтімен тамақтанған, кейін аралас тамақтануға ауыстырылған. Таза ауада серуендеуге үнемі шығып тұрмаған.

Ай сайын дене салмақ қосу көрсеткіші бір қалыпты емес. 2 рет ЖРВИ мен сырқаттанған. Әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы қанағаттанарлық.

Объективті қарау: жалпы жағдайы қанағаттанарлық, бірақта балада әлсіздік, бозару, тершеңдік байқалады. Бала қолдарын тірей отырады, арқасы бүкірейген. Бұлшықет тонусы диффузды төмендеген. Басы квадрат пішінді, маңдай және төбе сүйектері төмпешіктері шығынқы орналасқан. Үлкен еңбегі 2,5-3,0 см, шеттері жұмсарған. Желке сүйегі жазықтанған, желке шаштары селдіреп азайған. Тістері шықпаған. Көкірек клеткасы екі жақтан қысынқы, төменгі шеттері сыртқа қарай майысқан, қабырғаларында аздаған «таспиық» тәрізді өзгерістер анықталады. Тыныс алу ағзалары және жүрек жағынан пальпациялық, перкуссиялық, аускультациялық өзгерістер жоқ. Бауыры қабырғаның төменгі шетінен 2 см шығынқы орналасқан. Көкбауыры ұлғаймаған. Нәжісі тұрақсыз, зәр шығаруы өзгеріссіз.

  1. Болжам диагнозды атаңыз және негіздеңіз.

  2. Диагнозды анықтау үшін қажетті зерттеу әдістерін атаңыз.

  3. Осы балаға ем тағайындаңыз.

  4. Диспансерлік бақылау жоспарын құрастырыңыз.

  5. Баланы тамақтандыруы туралы кеңес беріңіз.

«Астана медициналық университеті» ақ

1 балалар аурулар кафедрасы

Іс әрекет алгоритмі

8 ОСКЭ станциясы

Ерте жастағы балалардың диспансеризациясы

Тапсырма 3.

Сіз балаға үй жағдайында кезекті барған кезде 3 айына 5 күн қалғанда баланың бет терісінің алқызыл гиперемиясын, құрғақтануын және қабыршықтануын байқадыңыз. Жалпы қарауда қолдарының ішкі беткей терісінде қышмалы түйінді бөртпелер анықталды. Сұрау кезінде: анасы балада осы көріністердің 5 күн бұрын байқалғаның және де емшек сүті азайғандай болғандықтан әрбір емізуде балаға қосымша 50,0 гр сүт қоспасы «NAN» бере бастағаннан кейін 3-ші күні анықталған.

1.Болжам диагнозды атыңыз және негіздеңіз.

2.Осы жағдайдың дамуына не себепкер болды.

3.Бала еміне кеңестер беріңіз.

4.Бала 3 айлық. Профилактикалық екпе жасау керек – Сіз екпе жасайсыз ба?

5.Денсаулық тобын анықтаңыз, бала тамақтануына кеңес беріңіз.

«Астана медициналық университеті» ақ

1 балалар аурулар кафедрасы

Іс әрекет алгоритмі

8 ОСКЭ станциясы

Ерте жастағы балалардың диспансеризациясы

Тапсырма 4

1 жастағы баланы кезекті қарауда дәрігер бала терісі мен шырышты қабатының айқын бозаруына көңіл аударды. Анасы баласының тез шаршағыштығына, ашуланшақтығына, селқостығына, тәбетінің төмендеуіне шағымданды. Анасына сұрақтар қою кезінде баланың күніне 2 рет сүт ботқасы мен қарапайым тамақтануы анықталды. Бала жемістер мен көкеністерге тәбеті жоқ. Анасы сүт-қышқыл өнімдерін бермейді.

Жалпы қарауда: баланың жалпы жағдайы қаңағаттанарлық. Тері және шырышты қабаттары айқын бозарған. Шеткі лимфатүйіндері ұлғаймаған. Жүректе – систолалық шуыл естіледі. Іші жұмсақ, бауыры қабырғаның төменгі қырынан 2 см шығынқы орналасқан. Анамнезінде: мерзімінде туылған бала, 1 айдан бастап аралас тамақтандырылған, ЖРВИ жиі сырқаттанады.

1.Болжам диагнозды атыңыз және негіздеңіз.

2.Осы балаға қажетті зерттеу әдістерін атаңыз.

3.Дәрілерді атау және дозасын есептей отыра ем тағайындау.

4.Денсаулық тобын анықтаңыз және диспансерлік бақылау ұзақтығы.

5.Осы баланың тамақтануы туралы кеңес беріңіз.