Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОСКЭ 8 9 каз студ 2015-2016г.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
41.83 Кб
Скачать

«Астана медициналық университеті» ақ

1 балалар аурулар кафедрасы

Іс әрекет алгоритмі

9 ОСКЭ станциясы

Ауру балалардың диспансеризациясы

Тапсырма 8.

13 жастағы ұл бала созылмалы гастродуоденитпен 9 жастан бастап сырқаттанады. Тұрғылықты мекен жай бойынша емханада қаралады және ем қабылдайды. Соңғы жылы жалпы жағдайының нашарлауы байқалады. Ашуланшақ, ұйқысы бұзылған, мерзімдік өршуі айқын болған. Соңғы 2 аптада эпигастрий және пилородуоденалды аймағында ұстамалы ауырсыну күшейген, ауырсыну арқасына беріледі, ауырсыну синдромы әсіресе түнде, аш қарында, кешке күшейеді. Кейде құсады, қан аралас құсық емес. Пальпация кезінде бұлшықет дефанс анықталады. Мендель симптомы оң.

  1. Сіздің алдын ала қоятын диагнозыңыз.

  1. Диагнозды негіздеуге зерттеулер тағайындаңыз.

  1. Осы науқасқа емдеу жоспарын құрастырыңыз.

  1. Диспансерлік бақылау жоспарын құрастыңыз.

  1. Осы балаға күн тәртібі мен диета туралы ұсыныстар жасаңыз

«Астана медициналық университеті» ақ

1 балалар аурулар кафедрасы

Іс әрекет алгоритмі

9 ОСКЭ станциясы

Ауру балалардың диспансеризациясы

Тапсырма 9.

9 жастағы бала балалар ауруханасынан келесі диагнозбен үйге жазылып шыққан: ЮРА, серонегативті, буындық түрі, моноартрит, баяу үдемелі ағымы, І дәрежелі белсенділік, рентгенологиялық стадиясы ІІ.

  1. Диспансерлік бақылауға алу жоспарын құрастырыңыз.

  1. Емханалық кезеңде қандай ем жүргізіледі (дәрілердің атауы мен дозасы).

  1. Диспансеризация кезінде қандай тексерулер жүргізу қажет.

  1. Осы балаға күн тәртібі, диета және күтімі бойынша ұсыныстар.

  1. Вакцинация бойынша ұсыныстар. «астана медициналық университеті» ақ

1 балалар аурулар кафедрасы

Іс әрекет алгоритмі

9 ОСКЭ станциясы

Ауру балалардың диспансеризациясы

Тапсырма 10:

1 жастағы бала. Шағымдары: жөтел, дене қызуының 38оС көтерілуі, әлсіздік, тәбеттің төмендеуі.

Объективті: интоксикацияға байланысты жалпы жағдайы орташа ауырлықта, тері түсі бозарған, шырышты қабаттары ылғалды. Танаудан ешқандай бөліністер жоқ. Тыныс алу жиілігі - 40 рет минутына. Перкуссияда өкпенің оң жақ төменгі аймағында өкпелік дыбыстың қысқаруы. Аускультацияда: тыныс алуы әлсіреген, оң жақ төменгі бөлікте ұсақ көпіршікті сырылдар, крепитация естіледі. Сол жағында қатаң тыныс алу. Жүрек тондары тұйықталған. Іші жұмсақ, ауырсынусыз.

  1. Сіздің алдын ала қоятын диагнозыңыз.

  1. Диагнозды негіздеуге зерттеулер тағайындаңыз.

  1. Осы науқасқа емдеу жоспарын құрастырыңыз (дәрілер атауы мен дозасы).

  1. Диспансерлік бақылау жоспарын құрастыңыз.

  1. Осы баланы сауықтыру бойынша ұсыныстар .

«Астана медициналық университеті» ақ

1 балалар аурулар кафедрасы

Іс әрекет алгоритмі

8 ОСКЭ станциясы

Ерте жастағы балалардың диспансеризациясы

Тапсырма 1.

Бала 2 айлық. Әр емгеннен соң көп мөлшерде құсуға шағымданады, құсығында өт араласпаған. Бала жүктіліктің ІІ жартысында гестозбен өткен 1 жүктіліктен туылған. Туылғандағы салмағы 3300 гр., бойы – 52 см. 1 айға дейін анасы емізген, кейін жасанды тамақтандырылған.

Қарау кезінде тері түсі бозарған, құрғақ, тері мәрмәр тәрізді. Тері май қабаты кіндік маңайында 0,5 см жұқарған, тургоры төмендеген, бұлшықет гипотониясы. Жүрек тондары анық, ырғақты. Тынысы пуэрилді, іші жұмсақ, пальпацияланады. Несеп бөлу жиілігі тәулігіне 7-8 рет. Нәжісі тәулігіне 4-6 рет. Қазір салмағы 3450 гр

  1. Сіздің болжам диагнозыңыз?

  1. Диагнозды дәлдеу үшін қандай тексерулер қажет?

  1. Осы баланы тамақтандыру туралы кеңес беріңіз (диетотерапиясы).

  1. Осы балаға ем тағайындаңыз (препараттардың атаулары мен мөлшерін көрсете отырып).

  1. Денсаулық тобын анықтаңыз және диспансеризация шаралары.