Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
радиоочерк шеберлігі силлабус.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
56.42 Кб
Скачать

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті

Гуманитарлық-педагогикалық факультеті

«5В040500-журналистика» мамандығы бойынша білім беру бағдарламасы

Филология, тарих және құқық

факультетінің академиялық кеңесінде

бекітілген

№____ Хаттама

« ____»_______ 2017.

Факультет деканы ________С.Т.Тайманов

Модуль № «ZSMIE 2207» 5В050400-журналистика мамандығына

«Радиоочерк дайындау шеберлігі» курсы бойынша

СИЛЛАБУС

4-курс, күндізгі, 7-семестр (күзгі), 2 кредит, пәннің типі (таңдау)

Лекциялық сабақ бойынша оқытушы:

Әбдіразақова Аягөз Қожамырзақызы, баспа ісінің магистрі., қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасының аға оқытушысы, байланыс телефондары (жұмыс орны 27-85-72, ұялы телефоны 87018610875), e-mail: ayakuz.abdrazakova@mail.ru, каб. 115. 1-оқу ғимараты.

Лабараториялық сабақ /семинар бойынша оқытушылар:

Әбдіразақова Аягөз Қожамырзақызы, баспа ісінің магистрі., қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасының аға оқытушысы, байланыс телефондары (жұмыс орны 27-85-72, ұялы телефоны 87018610875), e-mail: ayakuz.abdrazakova@mail.ru, каб. 115. 1-оқу ғимараты.

Қызылорда, 2017

Силлабус Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасының мәжілісінде талқыланды.

Хаттама № ___ «__»___________ 201___ жыл.

Кафедра меңгерушісі: Ғ.Ә.Тұяқбаев

Силлабус Филология, тарих және құқық факультетінің гуманитарлық мамандықтар бағыты бойынша Академиялық кеңесі мәжілісінде қаралып, бекітілді.

Хаттама № ____ «__»___________ 201___ жыл.

Комитет төрағасы: ________________________________

Пәннің мақсаты мен міндеттері

Пәннің мақсаты – радиожурналистиканың әлеуметтік институт, БАҚ жүйесінің бір тармағы, қоғамдық қызметтің бір саласы болып табылатын ілім екендігіне ғылыми – теориялық тұжырымдама жасау, сонымен қатар, болашақ БАҚ мамандарының радиожурналистикаға тән принциптер мен заңдылықтарды теориялық негізде меңгеріп шығуларын жолға қою. Болашақ радиожурналистердің ақпарат алуы мен оны таратуындағы білуге тиісті машықтарын қалыптастырады. Сапалы радиохабар жасаудың әдіс-тәсілдерін, дыбыс жазудың табиғаты мен өзгешеліктерін, тыңдарман аудиториясының сұранысы мен ерекшелігіне сай бағдарламалар жасаудың жүйесі таныстырылады. Әртүрлі сипаттардағы радиоарналар үшін хабар даярлайтын, өңдейтін және тарата алатын мамандардың біліктілігін қалыптастырады.

Пәнді оқытудағы негізгі міндеттер:

-радиожурналистиканың табиғаты мен өзіне тән ерекшеліктерін, құрылымдық сипаты мен бейнелеуші құралдары жайында толыққанды мәлімет ұсыну;

-радиожурналистиканың тарихи кезеңдерін, қазіргі заман аясындағы тенденциясын баяндау және келешегі туралы тұжырым жасау;

-эфирдегі сөйлеу техникасын меңгеру;

-дыбыс жазу технологиясымен таныс болу;

-микрофон түрлері мен ерекшеліктерін түсіну;

-радиохабар жасаудың методикасымен танысады;

-радиожурналистика саласының теориялық негіздері мен тәжірибелік дағдыларын;

-радиожурналистиканың жанрлары мен пішіндерінің ерекшеліктерін;

-радиарналардың құрылымдық сипаты мен жұмыс жүйесінің шығармашылық тәсілдерін;

-радиожурналистика саласының талаптары мен ережелерін үйретеді;

-радиожурналистиканың қазіргі теориялық мәселелерімен таныстырады.

Тәжірибе жүзінде студент:

Бақ жүйесіндегі радиожурналистиканың орны мен рөлін түсініп, радиоэфирде сөз бостандығын пайдалану, мүмкіндіктері мен кәсіби шығармашылықты шыңдау әдістерін меңгеруге, ақпараттық ресурстардың құрылымы мен технологиялық тәсілдерін игеруге, радиобағдарламалардың кәсіби деңгейін бағалап, сараптама жасауға, радионың ақпарат кеңсітігіндегі қазіргі заманғы проблемаларына талдау жасап, өзіндік қорытынды ой айтып, пікір білдіруге дағдылануы тиіс.

Бұл курстың тақырыптары – радиоақпарат және оның түрлерін ажырата алуды, жаңалықтарды жазу жəне дайындау мен сапалы өнім жасауды үйретеді.

«Радиохабар даярлау технологиясы» курсы «Телехабар даярлау технологиясы», «Журналистік шеберлік», «Телерадиожурналистика», «Журналистикаға кіріспе» т.б. пәндерімен тығыз байланысты.

«Радиохабар даярлау технологиясы» курсын меңгеру үшін:

  • студенттерге радиожурналистиканың негізгі функцияларын, принциптерін, оның қоғамда

алатын орны мен рөлін, жалпы әлемдік журналистика тәжірибесін негізге ала отырып, қазақ журналистикасының даму үрдісінен мәлімет бере алуы;

  • ақпаратты алу мен тарату, жария етудің сырларын тәжірибелі радиопублицистер шығармашылығын негізге ала отырып, электронды ақпарат құралының оперативті хабар тарату мүмкіндігін көрсетуі;

  • әріптестерінің кәсіби құқықтарын сақтауды және адалдық бәсекелестікті мойындауды үйренуі тиіс.

Пререквизиттер: Телерадиожурналистика, Радиохабап даярлау технологиясы

Постреквизиттер: БАҚ тілі мен стилі, Мамандану