Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
новый. дип. ахатина айка 555айка новый айгерим.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
12.79 Mб
Скачать

2.4 Ахатинаны медицинада, косметологияда қолдану

Ерте кезден-ақ ұлудың түрлі ауруларды емдеу қабілеттілігі жөнінде жазылып келеді. Вавилон мен Египетте ұлудың мәңгіліктің белгісі болып саналуы тегін емес. Біраз уақыт аралығында ұлудың сілекейі емдік құрал есебінде ұмытылып кетті. Бірақ соңғы жылдары ғалымдар ұлудың сілекейін зерттеуге көп көңіл бөлуде. Ұлудың сілекейінің бактериялық жасушаларды жабыстырып алу қасиеті, бронхит, көкжөтел, силикоз сияқты тыныс алу жүйелерінің ауруларын емдеуде қолданыс тапты. Ертеде халық емшілері ұлуды қант кесегіне отырғызып, және одан бөлінген сілекеймен жабылған қант кесегін көкжөтелмен ауырған науқасқа берген .

Ұлу өз сілекейімен бүлінген сауытын толықтай қалпына келтіре алады. Ұлу сілекейінің осындай қалпына келтіргіштік қасиетінің арқасында косметология саласында кеңінен қолданылады. Қарапайым бақша ұлуының сілекейі күшті антиоксиданттық және антибактериялық қасиетке ие болғандықтан, көптеген заманауи косметологиялық құралдардың құрамына кіреді.

Сондай-ақ ұлудың сілекейі ылғалдылықты өткізбей, ал ауаны жақсы өткізетін қорғаныс қабатын құратын ерекше қасиеті бар. Сонымен қатар ұлу сілекейі теріні қайта қалпына келтіруге әсер етеді. Алғаш рет бұл жағдайға ұлу өсіретін фабрикалар назар аударды. Ұлу өсірумен айналысатын жұмысшылардың қолының терісі, сәбидің терісін еске түсірді. Ұлу асыраушылардың жарасы мен тырналған жерлері, басқа ұлуға жоламаған адамдарға қарағанда тез жазылатынын байқаған.

Ұлу сілекейінің қалпына келтіргіштік қасиеті, онда аллонтоин, гликоль қышқылы, коллаген және эластиннің болуына байланысты. Ұлу сілекейі негізінде жасалған крем және бальзамдар, теріні созу, тыртық, безеулерге қарсы нәтижелі күреседі. Бақша ұлуының сілекейі аллергиялық реакция бермейді. Ол сүйелді, күйген жерлерді, дақтарды емдеуде нәтижелі. Косметология саласындағы мамандардың пікірі бойынша алып африка ұлуы ахатиналар таң қалдыруын қояр емес. Бұл ұлулардың сұлулықты сақтаудағы тиімді құрал екенін көпшілік біле бермейді.

Германия және Францияда ежелден косметика құралдарын дайындауда қолданылып келе жатыр. Біраз жылдар бұрын ахатинадан жасартатын крем ойлап табылды .

Бұл алып ұлулардың сілекейлері тері жасушаларын қалпына келтіріп және әртүрлі тері зақымдануларының тез жазылуына көмектеседі.

Косметологтар африкалық ұлуды күнделікті массаж жасауда қолдануға кеңес береді. Бет терісін күту және емдеудің альтернативті тәсілдеріне тәжірибе жасаушы мамандардың пікірінше, ахатиналар бұл тапсырманы жақсы орындайды. Алдын ала ұлуды суық ағын суда жуу керек. Одан кейін бетіңізді дайындаңыз. Қарапайым процедураға дайындалғандай – тазартқыш құралдардың көмегімен бетіңізді косметикадан және кірден тазартыңыз және кәдімгі сүтпен аздап сүртіңіз. Креслоға жайғасып отырып, ұлуды бетіңізге жіберіңіз. Сүт азығы ұлу үшін жағымды. Ақырындап ол емдік сілекей бөле, беттің және мойынның барлық бөлігін жүріп өтеді. Мұндай косметикалық сеанстан кейін ұлуды асырау орына қайтарыңыз, және бөлінген сілекейді, кәдімгі маска сияқты, бетке жағып 15 минутқа, толық кепкенше қалдырыңыз. Нәтижесі сізді қуантады: тері созылып, жаңарып, барқыт тәрізденеді.

Helix Aspersa ұлуы секрециялық бөліндісінің құрамында болатын табиғи биологиялық белсенді заттар теріні – нәрлендіреді, жұмсартады, қалпына келтіреді, тыртық, безеу, әжімдерді жояды және емдейді. Химиялық талдау сығынды құрамында косметология саласында қолданылатын көптеген табиғи компоненттер барлығын көрсетті:

1. Табиғи аллантоин – теріне басты қалпына келтіруші зат, сонымен қоса жастық үдерістерді жылдамдататын бос радикалдарға қарсы күресетін антиоксидант. Ол ұлудан табиғи жолмен ұлпаларды және сауытты бүлінген жағдайда қалпына келтіру үшін бөлінеді. Сондықтанда басқа құрамынада ситетикалық аллантоин бар косметикалық препараттарға қарағанда жылдам нәрлендіреді және терінің терең қабаттарына жақсы әсер етеді.

2. Табиғи коллаген – терінің дәнекер ұлпасы үшін басты компонент болып табылады, оның иілгіштігі мен созылғыштығын қамтамасыз ететін – протеин.

3. Табиғи эластин – жас кезеңіне байланысты азаятын, тері созылғыштығына жауап беретін, тері тығыздығын жақсартатын – потеин.

4. Гликоль қышқылы – терінің қыртыстану үдерісі кезінде, ұлпаға басқа компоненттер терең еніп, қайта қалпына келтіріп, теріні жұмсарту және коллаген бөлу үшін, оны тазартуға, тері бетінен өлі жасушаларды жоюға көмектеседі

5. Антибиотик пептидтері – патогендерді жояды, көп таралған тері бактерияларынан (Eschericia coli, Staphylococcus aureus, Pseudomonas aeruginosa және т.б) және безеулерден қорғайды және терінің қорғаныс қабатын қалыптастыруға көмектеседі.

6. Витаминдер (A, C, E) – терінің қалыпты жағдайын сақтайды, нәрлендіреді, жұмсартады, қабыну үдерістерін кетіреді, беттің түсін тегістейді: А-теріні нәрлендіреді және нығайтады, С- коллагенді сақтауға көмектеседі және антиоксидант болып табылады, Е – антиоксидант болып табылады және теріні жұмсаруына ықпал жасайды. Барлық витаминдер ұлудан табиғи жолмен бөлінеді.

7. Табиғи күн сүзгіш – ультракөгілдір радиацияны (UV) бағыттайды.

Ұлу сілекейінің пайдасы жөнінде, ұлу өсіретін фирма жұмысшыларының терілерінің қартаймайтындығын аңғарғанда айтыла бастады. Осыдан кейін сілекейдің әжімді кетіріп және тері құрғақтығын жоятыны анықталды.

Ұлудың сілекейі биобелсенді зат оның құрамында: коллаген, гликоль қышқылы, аллантоин, табиғи антибиотиктер мен витаминдерге ие. Олардың көмегімен ұлу өз денесін қалпына келтіреді және сауытын жөндейді.

Ұлудың сілекейі ешқандай қиындық, аллергия және т.б тудырдырмайды. Сондықтан белгілі бір ауру себепті спа-процедураларын қабылдай алмайтындарға, ұлумен жүргізілетін процедураларға қатысуға болады.

Косметология бойынша 3 адамға ұлу терапиясы жасалынады. 1 айдай терапия жасауда 9 ұлу қолданылады. Аптасына 2 рет терапия жүргізіледі. Терінің құрылымына байланысты ұлу терапиясының ұзақтығы әр түрлі болады. Кезеңдік іс-әрекеттер:

Процедураға кіріспес бұрын, ұлуды аса суық емес, жылы ағын суда жуу керек. Ұлудың құрсағын және сауытында жуу қажет, бірақ аударған кезде мұқият болыңыз, құлатып алмаңыз.

Міндетті түрде беттің және мойынның терісін тазартылады. Ол үшін мақта дөңгелегіне жағылған, арнайы косметикалық құралды пайдаланып косметика мен кірден тазартып немесе кәдімгі кір сабынмен жуыңылады. Қоспалары әртүрлі және хош иістендіргіш құралдар қолданылмайды. Жуынып болғаннан кейін бетті сүртіп, мақта дөңгелегімен сүтті жағылады, себебі ол тек теріні тазартып қоймай, терідегі ұсақ тесіктерді ашады, және сілекей құрамындағы компоненттердің эпидермистің терең қабатына енуіне мүмкіндік жасайды.

Теріге кәдімгі сүттің бірнеше тамшысын жағу қажет. Бұл баяу жануар, сүт жағылған барлық аумақтарға жету үшін, белсенді қозғалатын болады және жүріс кезінде жеткілікті мөлшерде сілекей бөледі.

Ұлуды террариумға қайтарғаннан кейін, сеансты оның қатысуынсыз жалғастырылаы. Массаж жасай отырып, сілекейді біркелкі қылып теріге жағылаы. 15-20 минуттан кейін сұйық зат кебеді және құрғақтық пен тартылғандық сезіледі.

Маска теріні толықтай нәрлендіргеннен кейін, жуып, жұмсартқыш түнгі немесе күндізгі крем жағу қажет (уақыт тәулігіне байланысты). Терінің балғындығы мен шымырлығы сезіледі. Біраз уақыт сөйлесу кезінде қолайсыз болады, өйткені процедурадан кейін тері тартылады.

Мұндай процедура нәтижелі болуы үшін айына 8-10 рет өткізу қажет. Осыдан кейін үзіліс жасау қажет. Өйткені микроэлементтердің толық қорын алмай жатып, тері босаңсып және де жабысқақ заттың компоненттеріне біраз бейімделіп қалады.

Ұлу терапиясы – бұл жай ғана әжімді, тыртықтар және терінің басқа да кемістіктерін түзеу құралы ғана емес, бұл жасартудың жаңа негізгі әдісі, инъекция мен хирургияның қатысынсыз, сыртқы қайталанбас келбетке жетудің тиімді жолы болып табылады.