- •1.1 Ғылыми еңбектерге шолу
- •1.3 Зерттеу материалдары және әдістері
- •2. Ғылыми – практикалық бөлім
- •2.1 Зертханалық жағдайда ахатинаны ұстау жағдайлары
- •2.4 Ахатиналарды зертханалық жағдайда қоректендірілуі
- •2.1. Зертханалық жағдайда ахатинаны көбейту
- •2.4 Ахатинаны медицинада, косметологияда қолдану
- •2.5 Зертханалық жағдайда ахатинаны биология пәнін оқытуда қолдану
2.1. Зертханалық жағдайда ахатинаны көбейту
Ахатиналар гермафродитті жануарлар, сондықтан бұл жануарлардың көбеюіне тек бір түрге жататын бірнеше особьтар қажет. Олардың ұрықтануы іштей жүреді. Көбеюге қолайлы жағдай тудыру үшін топырақты жаңарту қажет.
Көбею кезінде аталықтың да, аналықтың да рөлін бір түр атқарады (ахатиналар аналық, аталық болып бөлінбейді). Екі ұлу ең алдымен бір-бірін қармалайды, содан кейін табандарын қатты жабыстырады, бұл кезде жыныс жасушаларының алмасуы жүреді. Жұмыртқа қоректің қосымша көзіне ие және де қоректендіру қабығымен қапталған. Ахатиналар жұмыртқаларын 20-30 данадан, шұңқырға салып көмеді. Кіру жолын топырақпен тегістеп аяғымен жабады. Шұңқырды қазу үшін бір жарым тәулік кетеді. Жаз мезгілінде бірнеше рет жұмыртқа салуы мүмкін (2-3 рет). Ұлудың ұрығы жұмыртқада, оның ішіндегі қоректік заттар арқылы дамиды және 3-4 аптадан кейін, жұқа сауытпен жас ұлулар туылады,олардың жүрек соғысын бақылауға болады. Өсуіне қарай жаңа туылған ұлулар мантиядан әктік заттар бөледі. Бұл заттар ұлудың бақалшағына 3 жылға дейін беріктік қасиет береді. 2-3 аптадан кейін құртшабақтар пайда болады. Құртшабақтардың ұзындығы не бәрі 0,5 см және олардың бақалшағы мөлдір түстес болады.
Ахатинаның репродуктивті жүйесінің құрылысы. Әдетте ахатиналардың жыныстық жетілудің шегі 6 айға толғаннан бастап жүреді. Алайда кейде бір айға кем немесе артық біршама алшақтық болады, бірақ бұл ұлудың физиологиясына байланысты емес, ол өмір сүру жағдайларына және тамақтануына байланысты. Олардың жыныс органы мойныңда орналасқан. Ахатинаның жұптасу дайындығын анықтау үшін , оның мойнын қарау арқылы тексеруге болады.
Сурет – 30. Ахатина ұлуларының ұрықтануының жүруі
Мойнының жоғарғы жағында майда репродуктивті орган көріну керек, оны “жебе махаббаты” деп аталады. Бұл орган ақшыл түсті, шағын мөлшердегі репродуктивті төмпешік. Егер де ұлуда бұндай төмпешік болса, бұл мүлдем аурудың белгісі емес, ол ұлудың ұрпақ қалдыруға дайын екенің көрсетеді. Ахатина гермафродит болғанымен, ұрпақ қалдыру үшін жұптары болуы тиіс. Өздігінен ұрықтану ықтималдылығы бар жайттар өте сирек, сондықтан егерде жалғыз ғана ұлуыңыз болса теориялық жағынан бұл мүмкін емес. Мұндай жағдай өте сирек, меланияларда ғана кездеседі. Олар партеногенетикалық жолмен көбейеді. Қалған ұлулардың барлығының гермафродит болуының себебі, бір түрде аталық та, аналық та жыныс мүшелері болады. Олар жұп қалыптасқан кезде өз рөлдерін бөліп алады. Жұптастырылған аналық әрдайым мөлшері жағынан ірі, қосымша жасы да үлкен болады. Себебі бұл процесс физикалық күшті көп қажет етеді және бұндай міндетті ең күшті особь атқарады. Кейде не бір қызық жайттар болады, жұптасқанда екі особь бірдей ұрпақ әкеледі.
Мысалға, сізде бір ғана ұлу болып, тұқым алғыңыз келсе, сіз үшін ескеретін жайт. Оған жұпты дұрыс таңдау керек. Сонымен қатар ұлудың кейбір иелерінің 2 ұлуы болсада, көптен күткен жұмыртқа салуды көре алмайды, бұл ұлулардың гермафродит болсада бір-біріне сай келмеуімен түсіндіруге болады. Дегенмен жынысы әртүрлі ұлудың бір түрі бар – оны ампулярия деп атайды. Мамандардың айтуы бойынша, белгілі бір жағдайға тап болған кезде, көбеюге қатысу үшін жынысын ауыстыра алады.
Бір есте ұстарлық жайт, ара тұқымдас ампулярия, жұптаспас бұрын ұйқыға кетеді, ал Помасеа тұқымдас ампулярия арнайы дайындықты қажет етпейді.
Ұлудың жынысын аңықтау. Жоғарыда атап өткен, жыныс өзгерте алу қабілеттілігіне және қос жыныстың нышандары болуына қарамастан, көптеген ұлу асыраушылар олардың жынысын білгісі келеді.
Жынысын анықтау үшін төменде көрсетілген тәсілдердің бірін ғана емес, бірнешеуін қолданып, жалпы қорытынды шығаруға болады. Бұл 100% нақты кепілдік бермейді.
№1 тәсіл. Ұлудың ауыз қуысын қарау. Аналықтарының ауыз қуысының пішіні домалақ, созылыңқы болып келеді.
№2 тәсіл. Ұлудың сауытының қақпағын ашуын күту керек және мұқият қарау. Аталығында сыртқы қабықшасының оң жақ жоғары бөлігінде жыныс мүшесі байқалады. Ал аналықта ол болмайды. аталық пен аналықты шатастыру өте қиын екендігіне көз жеткізуге, бірнеше жұпты салыстыру жеткілікті.
№3 тәсіл. Ұлу қабыршағының құрылысын зерттеу. Егер шиыршықтары сағат тілімен бағыттас болса аталық, ал сағат тіліне қарама-қарсы болса, аналық ұлу болғаны.
Ахатиналарды жұптастыру. Көбейтуде ауру ұлуларды, сонымен қатар жақын туысты,бір жұмыртқа қалауынан алынған ахатиналарда генетикалық ауытқулар туындап, өмірге қабілетсіз ұрпақ әкелуі мүмкін. Егер ұлу белсенді өсу сатысында болса, жұптастыруды біраз кешеуілдету керек, себебі оның бақалшағының мөлшері өзгереді. Бұл процесс әдетте ұлу бір жасқа толғанға дейін жүреді. Бұндай жағдайларда жұптастыруды кейінге шегеру керек.
Ұлулардың көбеюі және тіршілік етуге қабілетті, сау ұрпақ пайда болу үшін, оларға қолайлы жағдай жасау керек. Осылайша террариумдағы температурасы тұрақты 27 – 28 градус нөлден жоғары болуы қажет. Осы кезеңде температураның ауытқуы болуынан сақтау қажет.
Төсеніш ретінде террариумның түбіне дымқыл кокостық субстратты пайдаланған жөн және террариумның ішінде оның қалыңдығы кем дегенде 10 сантиметер болуы тиіс.
Сонымен қатар террарариумды үнемі тазалып отыруды ұмытпау кажет. Ұлуларды қосымша қоректік зат кальциймен қамтамасыз ету керек. Қоректік зат ретінде мынадай кальцийді пайдалануға болады: борлы тас, минералды тас, сепия, ұсақ ұлутас. Ахатиналар жүктілікке дайындық кезінде, сондай-ақ оның барысында және жүктіліктен кейін тез арада қалпына келу үшін кальциймен қамтамасыз етілуі қажет.
Ахатиналарда ұрықтанудың жүруі. Ұрықтанудан кейін ұлуларда жүктілік басталады (жыныс мүшелері жетілген бір түрдің особьтары жұптасады), осыдан кейін жұмыртқалай бастайды. Әдетте күні бүгінге дейін барлық ахатиналар жұмыртқалайды, дегенмен жүктілік кезеңдері бір-бірінен ерекшеленеді, ол әр ұлудың түріне байланысты. Басып шығарылған жұмыртқаларды ахатиналардың демтесіктері арқылы көруге болады. Орташа есеппен жұптасудан жұмыртқалардың жарып шығуына дейін 1 – 1,5 ай уақыт керек. Бірақ кейбір әдебиеттерде ахатиналар ұрпақтарын тірідей туатындары бар екендігін жазылған. Басқаша сөзбен айтқанда олар жұмыртқа салмай , кішкентай ұлулардан шағын отряд құрады.
Жұмыртқа салуы. Ахатина ұлулары жұмыртқаларын топыраққа салады, кейде осы мақсаттары үшін арнайы шұңқыр қазады, одан кейін оның үстін топырақпен жабады. Сондай-ақ ахатиналарда жұмыртқаға арнайы шұңқыр қазбай, топыраққа ғана салатын жағдайлар да кездеседі. Жұмыртқа саны бірнеше ондаған, жүздегенге дейін жетеді, бірақ көбінесе ұлулар 100 жұмыртқа шамасында әкеледі. Ұлу жұптасудан кейін, спермианы жетіліп келе жатқан жұмыртқаны ұрықтандыру үшін пайдаланып, 2 жылға жуық сақтай алады. 200 – ге жуық (кей жағдайда 300-ге дейін) жұмыртқа салады, әр жыл сайын 5-6 рет жұмыртқа сала алады. Бір жұмыртқасының мөлшері 4,5-5,5 мм болады, формасы тауықтың жұмыртқасына ұқсас. Жұмыртқасы ақ түсті және тығыз қабықты болып келеді. Эмбриондардың жетілуі үшін жұмыртқалар +240С температурада болуы керек және бұл үдеріс бірнеше тәулікке, шамамен 3 аптаға созылады. Жаңадан туылған ахатинаның кішкентай ұлулары алғашқыда өз жұмыртқаларының қалдығымен қоректенеді.
Ахатиналардың жыныстық жетілуі 6-15 ай аралығында (климатқа байланысты) жүреді және 5-6 тіпті 10 жылға дейін өмір сүреді. Өмірінің барлық кезеңінде олар өседі, әйтседе алғашқы 2 жылдан кейін өсу қарқыны бәсеңдейді.
Сурет – 31. Ахатиналардың жұмыртқа салуы
Сурет – 32. Ахатиналардың жұмыртқа салуы
