- •1.1 Ғылыми еңбектерге шолу
- •1.3 Зерттеу материалдары және әдістері
- •2. Ғылыми – практикалық бөлім
- •2.1 Зертханалық жағдайда ахатинаны ұстау жағдайлары
- •2.4 Ахатиналарды зертханалық жағдайда қоректендірілуі
- •2.1. Зертханалық жағдайда ахатинаны көбейту
- •2.4 Ахатинаны медицинада, косметологияда қолдану
- •2.5 Зертханалық жағдайда ахатинаны биология пәнін оқытуда қолдану
2.4 Ахатиналарды зертханалық жағдайда қоректендірілуі
Ахатина ұлуын зертханалық жағдайда ұстап отырудың негізгі бір маңызды жағы – оның қоректендірілуі. Оның дұрыс өсіп, көбеюі үшін өсімдіктекті қорекпен, жануартекті ақуыздарымен және минералды қоректермен қамтамасыз ету қажет.
Негізінен ахатина ұлуларына салат жапырақтарын (барлық түрлері), әр түрлі көкшөптерді, астық тұқымдастарын, көкөністердің өркенін, тіпті қызылша сабақтарын беру арқылы қоректендіруге болады. Сонымен қатар қоректендіргенде қияр, асқабақ, саумалдық, сәбіз, кәді, жас жүгері собығы, қызанақ, ас бұршақ және орамжапырақ сынды көкөністерді , ал жемістерден, алма, қарбыз, алмұрт, банан, қауын, өрік, манго, авокадо, ананас, қара өрік, шие, бүлдірген және қойбүлдіргенді пайдалануға болады. Әйтсе де, ахатина ұлуы азыққа кірпияз келеді, кейбір азықты ұнатып, ал кейбірін ұнатпауы мүмкін. Бұл жерде ахатинаның ыңғайына қарай көру керек, дегенмен қоректендіргенде әртүрлі жемістер мен көкөністерді берген жөн.
Сурет – 19. Ахатина ұлуының қорегі
Қоректі іздеу кезінде ахатина ұлуы, аяқтарының көмегімен жорғалайды және минутына 4-5 см қашықтық жасайды, кей жағдайларда жылдамдығы артып минутына 7 см қашықтықта жылжиды. Әр сантиметр сайын, табанындағы бұлшықеттер, бездер 5-6 рет толқын тәрізді жиырылып, аяқтың қажалуын бәсеңдететін сілекей бөледі. Қозғалып бара жатқан ұлудан сілекейлі жол қалып отырады. Ол сол жолмен баспанасына, қайта кері қайта алады. Сілекейдің ұлу қозғалысындағы маңыздылығы, күлді шашқанда анық байқалады, жылжыған жолына сілекей жабысып қалмайды. Бұл кедергі ұлудың қозғалысын тоқтады.
Ұлуды қалай тамақтандыру керек. Жұмсақ көкөністер мен жемістерді тілімдеп, ал қаттыларын үккіштен өткізіп немесе езбе қоспасы сияқты етіп дайындап беруге болады. Ұлу азығы бөлме температурасында болуы шарт.
Біз зертханалық жағдайда жоғарыда көрсетілген азық түрлерінің бірнешеуін пайдаландық. Ол 2 кестеде көрсетілген.
Кесте 2
Ахатина ұлуларына қажетті өсімдік түрлері
№ |
Өсімдік түрлері |
Массасы |
Желінген |
Желінбеген |
1 |
Сәбіз |
40 гр |
28 гр |
12 гр |
2 |
Қияр |
40 гр |
35 гр |
5 гр |
3 |
Қызанақ |
40 гр |
20 гр |
20 гр |
4 |
Банан |
40 гр |
10 гр |
30 гр |
5 |
Тәтті бұрыш |
40 гр |
17 гр |
23 гр |
6 |
Орамжапырақ |
40 гр |
28 гр |
12 гр |
7 |
Асқабақ |
40 гр |
25 гр |
15 гр |
8 |
Салат жапырақтары |
40 гр |
40 гр |
0 гр |
2-ші кестеге сәйкес, ахатина ұлуларының ең сүйсініп қорек ететін өсімдік түрлері салат жапырағы мен қияр екенін көруге болады. Одан кейінгі орындарда сәбіз, орамжапырақ, асқабақ көкөністері.
Сурет – 20. Ахатина ұлуының салат жапырағын қорек етуі.
Сурет – 21. Ахатина ұлуының қиярмен қоректенуі.
Ұлу азығындағы табиғи ақуыздар. Жануар ақуыздары да ахатина ұлуының өсуі және дамуы үшін қажет. Сондықтан да ахатинаға еттен жасалған өнімдерді езбе ретінде, балыққа арналған жемдерді беруге болады . Бірақ аталған өнімдердің құрамында тұз болмауы керек , әйтпесе ұлу өліп қалуы мүмкін.
Ұлудың негізгі азығы өсімдіктер, ал ет өнімдері тек қосымша қорек болып табылады, бұны естен шығармаған жөн. Сондай-ақ ұлуға жем есебінде, аптасына бірнеше рет ет-сүйек ұнын беруге болады. Ол 3 кестеде берілген
Кесте – 3
Ахатина ұлуларына қажетті жануартекті ақуыздар
№№ |
Қоректері |
Массасы
|
Ахатиналардың қорек еткені |
Ахатиналардың қорек етпегені |
11. |
Гаммарус |
100 гр |
100 гр |
0 гр |
22. |
Тауық еті |
100 гр |
20 гр |
80 гр |
33. |
Ұнтақталған сүйек ұны |
100 гр |
50 гр |
50 гр |
3-ші кестеге сәйкес, ахатина ұлуларына жануартекті ақуыздардың ішінде ұнамдысы кептірілген өзен шаяндары екені байқалады. Тауық етін аса жарата қоймайды.
Сурет – 22. «Гаммарус» табиғи әдіспен кептірілген өзен шаяндарынан жасалған жем.
Ұлуның өсуіне және дамуына кері әсер ететін қорек түрлері бар. Сонымен, ең бірінші кезекте ұлуға өлім қаупін туғызатын – тұз. Ұлудың азығына тұздың таза күйінде немесе қорекке қоспа ретінде түсіп кетпеуі керек. Сондай-ақ күнделікті адам тұтынатын тамақтарды, яғни бұрыш, қуырылған тамақ, тәтті, қышқыл, қақталған өнімдерді, ащы тағамдарды беруге тыйым салынады. Жұмыртқа, макарон өнімдеріне де тыйым салынады. Цитрустектестер – лимон, мандарин, апельсин құрамындағы қышқылдар ұлудың сауытын зақымдауы мүмкін.
Сурет – 23. Ахатина ұлулыларына тыйым салынған қоректер
Ахатина ұлуларына арналған минералды қорек заттар. Ахатина ұлуы сау болып өсуі үшін – оған кальций қажет. Әсіресе бұл белсенді өсіп келе жатқан жас ұлуларға қатысты. Сондықтан оларға 1 жыл көлемінде, осы элементпен жоғары деңгейде қамтамасыз ету керек. Содан кейін кальцийге қажеттілік төмендейді, бірақ бұрынғыдай қажет болады. Ұлу өсуіне қажетті кальций мөлшерін алмаған жағдайда, ол ауыра бастауы, сауыты өзгеріске ұшырауы, яғни қабыршақтануы, қатқылдануы және ұлудың өзі африкалық ұлулар сияқты үлкен болып өспеуі мүмкін. Құрамында кальций бар қорек зат ретінде, табиғи борды немесе ұнтақтақталған жұмыртқа қабығын беруге болады.
Сурет –24. Ахатина ұлуларына берілетін ұнтақтақталған жұмыртқа қабығы
Сурет –25. Ахатина ұлуларына берілетін теңіз
құртының бақалшасы
Сонымен қатар оларға құстарға арналған минеральды тасты беруге болады. Егерде ұлуға кальцийдің дәріханалық нұсқасын беретін болсаңыз, оның құрамында натрий болмауын қадағалау қажет. Бұл өте маңызды.
Ұлуларды азықтандыру режимі. Ұлуларды кешкілік кезде азықтандыру қажет, себебі олар кешкі және түнгі уақытта белсенді тіршілік етеді. Ересек ұлуларды тәулігіне бір рет азықтандыру жеткілікті. Ал кішкене ұлуларды тәулік бойы азықпен қамтамасыз еткен жөн. Азықты дәл топырақтың үстіне қоймай, бұл үшін арнайы тегештік немесе табақты пайдалану керек. Тіпті болмаса, тәрелке есебінде салат жапырағын пайдалануға болады. Террариумның ішіндегі температурадан тағамның тез бұзылып кетуі, шіркейдің пайда болуы, көгеріп кету, жағымсыз иіс шығу, сияқты жағдайларды, шіру және оның субстартпен араласу үрдісін болдырмау үшін, қоректендіргеннен кейін, бірнеше сағат соң жинап алынады.
Сурет – 26. Ахатина ұлуларының қоректендіру
режимі және террариумның тазалығы
Сурет – 27. Ахатина ұлуларының қоректендіру режимі
Осындай жолмен террариумның тазалығын сақтай отырып және де ұлудың денсаулығына қамқорлық жасалады.
Егер жас ахатина болса, жапырақтағы жемдерді төкпес бұрын, онда жас ахатинаның кетіп қалмауын мұқият қарау қажет.
Ахатина ұлуы үшін судың маңызы. Ахатиналарды азықтанумен қатар су да ішеді. Сондықтанда оларға су ішетін арнайы ыдыс қойып, бірақ ыдыстың тым терең болмағаны жөн. Өйткені ұлу батып кетуі мүмкін. Дұрысы суды 1 см көлемде құю керек, одан көп емес. Суды да күнделікті ауыстыру керек. Сурет –хх берілген.
Сурет – 28. Ахатина ұлуларының сүтті ішуі
Ахатина ұлуының тері жамылғысы суды аса сіңірмейтіндіктен, теріден бөлінген сілекей, денесінің кейбір бөліктерін ғана құрғап кетуден сақтайды. Қалыпты жағдай үшін оның ағзасына белгілі бір деңгеңгейдегі ылғал (90%-дай) қажет, ал оның бұзылуы қауіпті салдар туғызады. Түнгі уақыт кезінде температура төмендеп, ылғалдылық артқанда, ұлудың ағзасында судың жоғалуы төмендейді. Осымен әр түрлі жағдайдағы мінез-құлықтарыда анықталады. Мысалы, жаңбырдан кейін ұлу қатты ылғалданады, тіпті су денесін толтырып және оның ішкі ағзаларының жұмысын қиындатады. Арттық ылғалдан арылу үшін ұлу, ылғал жерден оқшауланады. Керісінше, қапырық күнде топырақтың дымқыл жерлерінде, дымқыл ағашта, ағзасын суға толтыруға тырысады. Оңтүстік аудандарда шыжыған күннің сәулесінде, ұлулар ылғалдылығын жоғалпас үшін, жиырылып және сауыттың саңылаулы жерімен ағаштың діңіне немесе тасқа жабысып, саңылауын қатырғыш сілекеймен жауып алады.
Жас ахатина ұлуларының қорегіне ұсақ ұнтақталған көкөністер, жемістер мен витаминдер жатады. Қақалып және тұншығып қалмас үшін азығында қатты өнімдердің болмауы керек. Жаңа туылған ахатинаға банан жұмсағын бергеннен, олар қақалып өліп қалғаны жайлы тәжірибе жүзінде дәлелденген. Сондықтан кішкене ахатиналарға жіңішкелеп кесілген сәбіз, ас көк, ал бірнеше аптадан соң салат және алма берген дұрыс.
Сурет – 29. Жас ахатиналарға ұнтақталып берілген сәбіз
Қыста ауаның температурасы жазбен мезгілімен салыстырғанда төмен болғандықтан, ұлудың азық мөлшерінде жаңа піскен жемістер мен көк шөптер жеткіліксіз болады. Қыз мезгілінде ұлуға сұлы қауызын, бидай бөліндісін, ұнның ірі үгіндісінен жасалған нанды сүтке малып беруге және де сәбіз, орамжапырақ, қызылша, банан, алма, авокадо, манго, қатырылған көкөністер мен жемістермен де қоректендіруге болады. Сонымен қатар ветеринарлық дүкендердегі балықтарға арналған арнайы қоректерді және төмен пайыздық сүт өнімдерін беріп көруге болады.
Ұлуларға қысқы уақытта терезелерінің алдында, құтыларға ас көктер өсіруге болады. Жыл бойы болмаса да, ұлуларын аз уақыт ас көктермен қоректендіре аламыз.
Көкөністерді, жемістерді, көк шөптерді беретін кезде, олардың бетінде қалып қалған нитраттар мен пестицидтер қалдықтарын жақсылап жуу қажет . Бұл заттар ұлуға өлім қаупін туғызуы немесе өлуінің себебі болуы мүмкін.
