Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
новый. дип. ахатина айка 555айка новый айгерим.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
12.79 Mб
Скачать

2. Ғылыми – практикалық бөлім

2.1 Зертханалық жағдайда ахатинаны ұстау жағдайлары

Тип: Моллюскалар Mollusca

Класс: Бауыраяқтылар Gastropoda

Класс тармағы: Өкпелілер Pulmonata

Отряд: Бұтақшакөзділер Stylomatophora

Тұқымдас: Ахатиналар Achatinidae

Туыс: Ахатина Achatina

Түр: Африкалық тропикалық ұлу Achatina fulica

Африкалық тропикалық ұлу, немесе Ахатина Achatina fulica жер үстінде мекен ететін нағыз өкпелі ұлулар. Олар бауыраяқтылар класының ішіндегі ерекше бір тобы болып табылады.

Оларда барлық шартты рефлекстер бар. Ахатина ұлулары өз туыстарын басқа түрлерден ажырата алады. Баяу қозғалатынына қарамастан, минутына 1 см, бір ахатинаның өзін бақылау қызықты. Ахатиналар салқын сумен шомылдырғанды ұнатады.

Олардың басының ұшында көз орналасқан, жұп қармалауыштары бар. Ұлу денесін жауып тұрған сауыт үш негізгі қызмет атқарады: қозғалыс кезінде ұлудың жұмсақ денесін механикалық зақымданудан қорғау; сыртқы жаулардан қорғау; денесін құрғап кетуден сақтау.

Сауыт өте ауыр және берік. Ұзындығы 25 см дейін жетеді. Ал оның дене массасының өсуі климат жағдайымен тығыз байланысты. Тропиктік климатта дене массасы 300-400 граммға дейін өседі. Ахатина ұлуының сауытының беріктігінен темекі алқабындағы темекінің жапырақтарын үтіктеу үшін қолданған [1].

Сурет – 6. Ахатина Achatina fulica

Егер ахатиналар ылғалды ортада өмір сүрсе, оның сауыты жұқа әрі мөлдір болады. Құрғақ және ыстық ауа райында ахатинаның бақалшасы қатты, түсі күн сәулесінің әсерінен аққа айналып кетеді. Жер бетінде өмір сүргендіктен табандары жақсы дамыған. Табанында құрғақ жерде қозғалуға мүмкіндік беретін сілекей бөлетін екі аяқ бездері бар.

Ахатина ұлулары сауытын өздері құрайды. Сауыт олар үшін – арнайы бұлшық еттер арқылы денесімен бірігетін қаңқа және ұлу денесінің бөлігі болып табылады. Ұлу сауыты мен ұлудың жағдайы бір-бірімен тікелей байланысты. Егер ахатинаның сауытында – жарақаттар пайда болып немесе қабыршақтана бастаса, ұлудың денсаулығында біршама кемістіктер туындағанын білдіреді.

Ұлулар сауытын тастап кете алмайды, себебі олар онсыз өмір сүре алмайды. Ұлудың өсумен қатар сауытыда үлкейеді, және де қатайып, берік бола түседі.

Құрамында бояғыш заттар бар сауыт бездерінің арқасында, өсу кезінде оның сауыттары әр түрлі түске боялады, және онда жолақтар мен дақтар пайда болады. Көптеген ұлулардың сауытының құрылысы шиыршық тәрізді.

Ұлудың сауыты мантияның арнайы безді жасушаларының секрециялық қызметі нәтижесінде жасалады. Сауытты құратын әк, ұлудың ағзасына қорекпен түсіп, фосфат түрінде бауырға жинақталады. Бұл материал бауырдан қанның безді жасушаларына ауысады. Таза қанның құрамында 0,43 % кальций болады. Егер сауыт зақым алған болса, онда ол зақымдану аймағында, кейін кальций кристалдарына айналатын арагониттің кішкене кристаллдарының бөлінуінен біртіндеп қайта қалпына келеді. Нәтижесінде зақымдалған жер жазылады. Сауыттағы зақымдалған жердің қалпына келуіне немесе оған қажетті уақытқа тәжірибе жасап көруге болады.

Мамандардың айтуы бойынша егер ұлудың сауыты солға қарай иірмектелсе, онда олардың жабайы ортада өмір сүру және ұзақ өмір сүруге үлкен мүмкіндігі бар [20].

Ұлу денесінің терісі қыртысты, қатпарлы. Бұл тері арқылы дем алу кезінде маңызды рөл атқарады.

Ахатиналардың сезім мүшелері бар, олар:

1. Жарық деңгейін ажыратуға мүмкіндік беретін жұп көз. Сонымен қатар ахатиналарда заттарды 1 см қашықтықтан көретін қабілеті бар. Жарықты ол тек көзімен ғана емес, денесіндегі жарық сезгіш жасушалармен сезеді. Жарықсүйгіштердің қатарына жатпайды.

2. Шеткі қармауышы иіс сезу (химиялық сезу) мүшесінің қызметін атқарады. Денесінің, басының және аяғының алдыңғы жақ терісінде дем алу қуысы бар. Бензин, спирт, ацетон сияқты химиялық иістерге, 4 см қашықтықтан реакция береді. Тағамның иісін сезу қабілеті әлдеқайда күшті. Ахатиналар қауынның иісін 0,5 метрден, орамжапырақтың да иісін осындай қашықтықтан сезеді. Ал ағаш пен жапырақтың шіріген қалдықтарын 2 метрге дейінгі қашықтықтан сезеді.

3. Табаны мен қармауышы сипап-сезу мүшесі болып табылады. Ахатиналарда есту мүшесі жоқ. Террариумның қақпағын ашып қатты айғайласа да, ысқырықпен ысқырса да ұлулар үрікпейді және де мінез-құлқын өзгертпейді. Олар өте салмақты және үркек емес.

Ахатиналарды зертханалық жағдайда өсіру барысын зерттеу үшін, керекті жағдайлармен қамтамасыз ету керек. Ең алдымен террариумді дұрыс таңдау қажет. Ұлуларға террариумді таңдауда, оның құрамында уландырғыш материалдар болмауы керек. Олардың ішіндегі ең қолайлысы шыны террариум пайдаланылды. Ересек ахатина жұмыртқа салғаннан кейін одан жас ахатиналар жұмыртқадан 2-3 күннен аптадан кейін шығады (сурет 7, 8). 9, 10 суреттерде жұмыртқадан толық шыққан жас ахатиналар жұмыртқасы

Сурет – 7. Ахатина ұлуының жұмыртқа қалауы

Сурет – 8. Жас ахатиналардың жұмыртқаларынан

жарып шығуы

Сурет – 9. Жас ахатиналар

Сурет – 10. Террариумдағы жас ахатиналардың көрінісі

Террариум мөлшері. Террариумның көлемі ұлудың сауытының көлеміне тікелей байланысты. 10 см шамасындағы ересек ұлуға, көлемі 10 литр болатын террариум келеді, демек 1 см ересек ұлуға 1 литр бос кеңістік болуы шарт. Бір контейнерде бірден бірнеше ұлу ұстаған жағдайда, әр ұлу үлесіндегі жерді шартты көлемнен 2/3 дейін азайтуға болады. Дегенмен, террариум кең болған сайын, үлкен ұлуларды өсіру мүмкіндігі артатынын әрқашан есте сақтаған жөн. Бірақ террариум өте кең болмауы да керек, себебі жас ұлулар қорекке дейінгі ұзақ қашықтық қиындық туғызады. Сонымен қатар үлкен көлемді террариум болған жағдайда, ұлуларға қажетті ылғалдылық деңгейін сақтауда қиындық туады.

Ұлуларды ұстайтын террариумның қақпағы міндетті түрде тығыз бекітілуі керек. Қақпақ ұлулардың қашып кетпеуіне, жарақат алмауына және контейнердегі ылғалдылықтың қажетті деңгейін сақтауға көмектеседі.

Ылғалдылық деңгейінің күрт өзгеруінен сақтайтын және желдеткіші дұрыс құрылған террариумді дайындау - ұлудың тіршілігі үшін ең маңызды аспекті болып табылады. Желдету тесігі қажетті мөлшерде террариум бір қабырғасының үстінде немесе оның қақпағында орналасады.

Қақпақтан бірден тор жасаудың қажеті жоқ, себебі артық тесіктерін скотчпен немесе тағамдық пленкамен жапсырып, жабу керек болады. Бастапқыда қақпақтың екі жағына диаметрі 5 мм-ге дейінгі, бір қатар желдету тесігі жеткілікті. Егер террариумде ылғалдылық тым жоғары болып және де топырақ батпақтанып кетсе, онда желдету тесіктерінің санын көбейту керек. Сондықтан да ұлуға террариум дайындау кезінде, оның жеке қажеттіліктерін ескерген жөн .

Температуралық жағдай. Террариумның температурасын бақылап отыру қажет. Ондағы температура +18°C градустан төмендемеуі және +32°C градустан жоғары болмауы тиіс. Көптеген ұлуларға күндіз температураның өлшемі+ 24°C градустан +26°C градусқа дейін болу керек, ал түнде +20°C градустан +23°C градусқа дейінгі температура қолайлы болып табылады. Қыс мезгілінде немесе суық кезде, температураның қажетті деңгейін реттеу үшін , аз қуаттылықты термокабельдер мен термокілемшелерді пайдаланады. Террариумдегі температураны өлшеуге цифрлық, механикалық немесе спиртті термометрлер қолданылады. Сынапты термометрді қолданбаған жөн.

Ұлудың көлеміне қарай қолайлы жағдай орнату үшін террариумде 5-7 сантиметрлік топырақ қабаты керек, яғни оған кокосты субстрат, қышқылдығы төмен топырақ (шегіргүл үшін), шымтезек, мүк және де кейбір ағаштардың қабықтарын пайдалануға болады. Ылғалдылықты жақсы сақтайтын және де оларға қиындықсыз тығылуға мүмкіндік беретін жоғарыда көрсетілген арнайы топырақты салу қажет.

Сонымен қатар ахатина террариум қабырғаларынан немесе төбесінен құлап кеткен жағдайда, сауыты зақымданбас үшін, топырақ борпылдақ әрі жұмсақ болуы тиіс. Құмды немесе ағаш жоңқаларын субстрат ретінде қолдануға мүлде болмайды. Ағаш жоңқалары ұлудың сауытын жылдам қышқылдандырады және сауыты кетпейтін ақ дақтармен қапталады. Ал, құм оның сауытын аяусыз сырады және өңешке түссе, ағзадан толығымен шықпайды.

Ахатина ұлуы ыстықтан қызып кетуі немесе қатты суықтан зардап шегуі мүмкін. Мұндай жағдайлар террариумді терезенің алдында тікелей күн астында орналасса, жылу құрылғысына жақын тұрса, немесе желдің өтінде, ғимараттың температурасы -20С градустан төмен болғанда орын алады. Сонымен қатар суық ауа ұлудың дамуын және өсуін тежейді, ал тікелей күн сәулесі 50 % ұлулардың өліміне әкеледі.

Егер де ұлу енжарлы, тежеліп, азықтан бас тартса, оның күтім жағдайын тексерген дұрыс. Егер де ол қызып кетсе, онда салқын су бүркейміз. Ал егер, керісінше, салқын тигізсе – оған жылы сүртулер жасау керек.

Террариумның тікелей күн көзінде тұрмау керек, сондықтан оны терезенің алдына немесе қылтимаға қоюға болмайды. Террариум әрқашан ұлуны суықтан немесе ыстықтан тығыла алатындай болуы шарт.

Химиялық тазартқыш заттардың әсері. Тұрмыстық химияны қолдану нәтижесінде (тазалау жұмысынан кейін террариумды ағынды суда дұрыс жұмаса), тұздың түсуінен, химикаттармен өңделген азықтар қолданудан ұлу улануы немесе химиялық күйік алуы мүмкін. Өкінішке орай, мұндай жағдайлардың 95% - да ұлулар өліп қалады. Егер ұлудың ауызы көпіршіктеніп, және онда ақ көбік пайда болса, ал денесі ақ шырышпен бүркенсе – онда ұлуды су ағынында мұқият жуып, тек оны батырып алмауды қадағалау керек. Егер денесі және ауызы жуғаннан кейінде көбіктенетін болса, онда оны қинамай, мұздатқышқа салып қойса, ұлу онда ұйықтап қалады.

Ұлудың өлімімен аяқталатын жағымсыз жағдайларды болдырмау үшін, міндетті түрде террариумды жуып, шайып тұрған дұрыс. Оны тазартуда химиялық заттар қолданылмайды.

Ахатиналардың өздерін тазартып отыру. Ахатина тіршілігінде судың маңызы зор. Сондықтан террарауимның ішінде қорекпен бірге су да беріледі. Ахатинаның жас ұлуларына көлемі шағын ыдысқа су құйылғаны дұрыс. Себебі жас ахатиналар үлкен көлемді суы бар ыдыста суға тұншығып кетуі мүмкін. Сонымен қатар террариум қабырғаларын және топырағын үнемі уақытымен су бүркіш арқылы күніне 2-3 рет бүрку керек. Негізінде алып ахатина ұлулары суды көбірек тұтынады, себебі оларға су өздерінің шырыш секрециясы үшін қажет. Ахатина ұлуларын кемінде айына 2-3 рет шомылдыру керек.

Шомылу ыдысы ретінде құтының полиэтиленді қақпақтары және жіңішке, жұмсақ пластиктен немесе силиконнан жасалған ыдыстарды пайдаланады. Ахатина ұлуларын кейде су құбырының шүмегінің ағатын судың астында шомылдыруға болады. Дегенмен су құбырыңдағы ағатын су құрамында ахатина ұлуының тіршілігіне қауіп төндіретін және сауытын бұзатын химиялық элементтер жиі кездеседі.

Сурет – 11. Ахатина ұлуының шомылуы

Ұлу террариумын безендіру. Ұлу террариумын әсемдеп, безендіру үшін мүк төмпешіктері, шымтезек, қылқанды емес ағаштардың қабығы, ирек ағаштар сияқты табиғи материалдар пайдаланылды (суретте 12-13 ). Кез-келген табиғаттан алынған материалды, арнайы өңдеуден өткізу керектігін естен шығармаған жөн. Себебі ұлуларда басқа жануарлар сияқты паразиттермен зақымдану қаупі бар. Террариумді қайталанбас дизайнде безендіру, ұлудың өмір сүруін ұзартады деп үміттенудің керегі жоқ. Себебі ебедейсіз ұлулар, әсіресе үлкендері, қожайынның бар еңбегін зая кетіріп, террариумда өз тәртібін орнатады.

Сурет – 12. Ахатина ұлуының террариумын безендіру

Сурет – 13. Ахатина ұлуының террариумын безендіру

Жалпы, ахатинасы бар террариумды тікелей күннің сәулесі түсетін, азынақ бөлмеде орналастырмауын ескерген жөн, одан басқа ешқандай шек қойылмайды.

Ахатина ұлуларын зерттеу барысында бақылау күнделігі басталынды. Оған бір жылда болған өзгерістер белгіленіп отырды. Оған ұлулардың бақалшағының ұзындығы, салмағы, тіршілік процесіндегі өзгерістері жазылып отырылды. Зерттеу нәтижелері 1 кестеге енгізілді.

Кесте – 1

Ахатинаның өсу барысында дене мөлшерінің өзгерістері

Есепке алу күні

Денесінің ұзындығы (см)

Салмағы (гр)

Жасы (айлар)

05.08.16

1 см

2,2 гр

1 ай

05.09.16

2,2 см

+1,2*

4,5гр

+2,3гр**

2 ай

05.10.16

3,4 см

+ 1,2*

6,9 гр

+2,4 гр**

3 ай

05.11.16

4 см

+0,6*

8,1 гр

+1,2 гр**

4 ай

05.12.16

5,1 см

+1,2*

10,9 гр

+2 гр**

5 ай

05.01.17

5,9 см

+0,8*

13,4гр

+2,5гр**

6 ай

05.02.17

6,5 см

+1,1*

15,5 гр

+2,1 гр**

7 ай

05.03.17

7,9 см

+1,4*

16,9 гр

+2,1гр**

8 ай

05.04.17

9,8см

+1,4*

19 гр

+2,1 гр**

9 ай

05.05.17

12см

+2,2*

22,5 гр

+3,5 гр **

10 ай

1,1

2,08

Ескертпе: * ай сайын денесінің ұзындығының өлшемі (см)

** ай сайынғы дене салмағының мөлшері (гр)

Ахатиналарға жүргізілген бақылау нәтижелері бойынша, олардың бірқалыпты өскенін байқауға болады, дене ұзындығын ахатина айына 1 см-ге дейін қосатыны, ал дене салмағын 2 гр-ға көтеріп отырғаны байқалды.

Сурет – 14. Ахатиналардың дене мөлшерін өлшеу

Сурет - 15. Ахатиналардың дене мөлшерін өлшеу

Ахатиналардың мінез – құлқы. Ахатиниларға түнгі өмір тән. Әдетте күндіз ахатина ұлулары қоректенген орында немесе топырақтың астында тығылып жатады да, тек күн батқаннан соң 2 сағаттан кейін шығады. Ахатина ұлуларының есте сақтау қабілеті жақсы дамығандығы дәлелденді. Олар 1 сағаттың ішінде болған нәрсені, азықтың тұрған орнын есте сақтап оған қайтып орала алады. Жас ахатина ұлулары белсендірек, олар бір күн ішінде үлкен қашықтықты жүріп өте алады. Сонымен қатар ұзақ миграцияға қабілетті. [21].

Ұлу аяғы мен басын сауыттан шығарған кезде, ұзын қармауыштарының ұшында орналасқан көзді байқауға болады. Ахатина ұлуы 1-2 см қашықтықтан заттың пішінін ажырата алады. Кенеттен көлеңкелеу кезінде ұлу қармауышын созады, және көзі ішке бұрылады, бірақ оның денесіне ештеңе тимесе, біраз уақыт өткен соң қармауышын қайта түзетеді. Тежелудің дамуын көрсететін бұл қорғаныс реакциясы әр 10-20 секундта көлеңкелеуді қайталағанда жойылады. Мұндай тәжірибені қолға алған кезде ұлудың сауытына тығылуыменде көрсетуге болады. Бірақ бірнеше рет қайталаудан кейін мұндай әрекетін қояды. Бірінші тәжірибе қауіп дабылына – шартты қорғаныс рефлекс (мүмкін жаудың көлеңкесі), екінші тәжірибеде – шартсыз тітіркенуге қарсы реакция (денесіне тию) орын алып отыр.

Ұлу қармауышының қысқа бірінші жұбы, сонымен қатар тері жабыны сезім мүшесі қызметін атқарады. Қармауыштың екінші жұбы, көру мүшесінен басқасы, химиялық тітіркенуге (иіске) жауап береді. Қорегін ұлу негізінен аз қашықтықтан сезеді (1-4 мм), бірақ ол жақсы көретін тағамның иісін алыстан сезе алады. Мысалы, орамжапырақты 6-10 см, қиярды 40-50 см сезеді. Химиялық сезуге тек қармауыш қана емес, денесінің басқа бөліктеріде қабілетті (өкпе жолы, аяқтың алдыңғы бөлігі және т.б.). Ахатина ұлуы өсімдіктің жапырағының қабығын қырып алатын, үккіш көмегімен табады. Ахатина ұлуларының денесінде қоректік заттардың жинақталуы арқасында , олар қорек болмаған жағдайда көп уақыт қорексіз жүре алады (мысалы, ұйқы кезінде).

Белсенді күйдегі ұлуды бақылағанда, бір аңғаратын жайт оның дем алу тесігінің ашылып, жабылуы. Дем алу мен дем шығару минутына бір рет жүзеге асырылады. Газ алмасу өкпенің аса үлкен бөлігімен жүзеге асады (орташа 14 см). Тыныс алу механизмінің қозғалысын өкпенің мантиялық қуысы түбіндегі бұлшықеттердің жиырылуымен байланысты. Тыныс алу кезінде дөңес жері кеңейіп, қалыңдайды және таза ауа өкпеге дейін ашық тесік арқылы беріледі,кейін тесік жабылып қалады. Тыныс шығару кезінде түп дөңестенеді, қуыстың көлемі кішірейеді және ауа өкпе тесігі арқылы сыртқа шығады.

Ахатина ұлуының әртүрлі ауруларға шалдығу белгілері. Күтім жасауда ерекше жағдайды қажет етпеседе, ахатина ұлулары да ауруға шалдығады. Ұлулардың ауруларының себебі: дұрыс қоректендірілмесе, жақсы күтім жасалмаса, асырайтын орыны қолайсыз болса яғни суық жер немесе ұлудың мекен ету тұрағы дұрыс таңдалмаған орта болса, осының барлығы ұлудың ауруна себеб болуы мүмкін. Сонымен қоса, арандатушы факторлар: кальций жетіспеушілік (кейбір ұлу асыраушылар, террариумге табиғи бордың кесегін салуды ұмыт қалдырады), таршылық ( 1кв. см-де бірнеше ұлудың өмір сүруі) немесе сәйкес келмейтін көршілер ( мысалы, ахатина ұлуымен тағы бір экзотикалық жануарды – кесірткені т.б бірге орналастыру) – осының барлығы жағдайды қиындатады. Сонымен қатар, зең аурулары мен ішек жұқпа ауруларымен (ұлуға ауруға шалдыққан теңіз құрты және ұлулар сияқты тірі ағзалардың қалдықтарынан дайындалған жемдермен қоректендірсе) зақымдануы мүмкін. Экзотикалық үй жануарының денсаулығын күту, оның ұзақ және бақытты өмір сүруі аса мұқияттылықты қажет етеді. Сондықтан оны күтудегі ережелерді сақтау керек.

Ахатинаныға термометр қойып, температурасын өлшеуге, сараптама да жасауға болмайды. Экзотикалық ұлуға ветеринарлық ауруханада да көмектесе алмайды. Сондықтан да, оның саулығын өз бетімізше анықтау керек. Егерде ұлудың енжарлығын, азықтан бас тартуын, сауытының кіру жолын жауып және оның ішіне тереңге жатып алуын, ұлуда шамадан тыс қою сілекей бөлінуін, және де сауыты қабыршақтанса, осылардың барлығы ауруға ұшырағанының белгісі болып табылады.

Сонымен қатар, басқа мекен ортасының әкелген ұлуды террариумдағы ұлуға қосуға болмайды. Егерде ұлуды бұрын басқа ұлулар мекен еткен асырау орнына орналастырса, онда міндетті түрде асырау орнын алдын ала жуып және дезинфекция жасау керек. (кір сабын және қайнаған су көмегімен – ешқандай химиялық тазарту ұнтағынсыз). Ұлулардың әр түрін, тіпті бір тұқымдастан болса да, бірге ұстауға болмайды. Ұлудың жаңадан түрін алған жағдайда – айлық каратин ұйымдастыру керек, тек содан кейін ғана оны басқа ұлуларға қосуға болады. Ұлу террариумының жел өтінде, жылу құрылғыларының жанында және тікелей күн сәулесінде тұрып қалмау керек. Ұлуларға ащы, тәтті, қуырылған тағамдар, қақталған өнімдер және тұз беруге болмайды. Мұндай өнімдерге қатаң тыйым салынады. Жүйелі түрде террариумды тазалап және қоректену қабатын толық ауыстырған дұрыс. Ұлуларды көкөністер немесе жемістермен қоректендірмес бұрын міндетті түрде оларды жуып алу керек. Жем қоспаларының мерзімі өтіп кетпеуін қадағалаған дұрыс.

Ішкі және сыртқы паразит зиянкестердің әсерінен, оның ішінде паразиттері бар ұлулармен байланыс жасаса, ахатинада зеңдер пайда болуы мүмкін. Егерде ұлудың енжарлығын, нашар тамақтануын, денесінің мол шырышпен және ақ дақтармен жабылуы байқалса – бұл оларда паразиттердің пайда болуын білдіреді. Ұлуды емдеу үшін бауырымен жорғалаушыларға арналған арнайы аэрозоль пестицидті қолдануға болады. Сонымен қатар, террариумде тазалық жұргізу қажет, ұлудың өзін жуу, оның сауытын тіс ұнтағымен тазарту, содан соң прополис мазьбен майлау қажет. Профилактика үшін ұлуды түймедақ қайнатпасымен сүртуге болады.

Сонымен қатар, гельминттер үй жануарларына да, соның ішінде ұлуларғада қауіпті. Гельменттермен адамнан ұлуға немесе керісінше ұлудан адамға жұғуы мүмкін. Сондықтан, ұлуларда паразиттердің болмауын қадағалау керек. Паразиттердің ең қауіпті түрі – трематодоздар. Ұлуда ішек құрттары пайда болған жағдайда, білместіктен немесе салғырттықтан ешқандай шара қолданбаса, онда мұндай жағдайдың 90 % ұлу өліп қалады. Ұлу нашар тамақтанса және денесінен паразиттер табылса – онда міндетті түрде ұлудың тамағына ұнтақталған асқабақтың ақ дәні (қуырылмаған), қияр және сәбізді, түймедақты сонымен қатар ұлуды түймедақ қайнатпасында шомылдыруға болады, және де алоэнің жапырағын берген дұрыс. Ұлуларда гельминттердің алдын алу жолдары бұл – гигиена және террариум тазалығы, сонымен қатар тағам тазалығы. Ұлуларға ішек құрттарына қарсы ветеринарлық препараттарды беруге болмайды. Олар ұлулар үшін аса улы заттар.

Сурет – 16. Террариумның қабырғасындағы гельминттер

Ұлулардағы инфекциялық аурулардың қоздырушылары бактериялар немесе вирустар болуы мүмкін. Мұндай жағдайда террариумда күнделікті дезинфекциялайтын әлсіз ерітіндімен ұлу қабыршағының бетін сүртіп, дезинфекция жасау керек.

Ұлулардың денесінде өскіндердің пайда болуы - ұлудың денесінде кенеттен қатерсіз және қатерлі өскіндер пайда болуы мүмкін. Олардың пайда болуының негізгі себептері: террариумді тазалау кезінде қолданған химиялық заттар, террариумның сапасыз пластиктен жасалуы, толтырғыш есебіндегі қара топырақ, ұлу қорегінің бетіндегі пестицидтер және инфекциялар болып табылады. Мұндай жағдайда қандайда бір болжам жасау қиын. Дегенмен, ұлудың жағдайы нашарлап бара жатқанын, ісіктің оған жағымсыз әсерін, азықтан бас тартса, онда, ахатина одан әрі қиналмас үшін оны мұздатып тастаған жөн.

Ұлудың қабыршағынан түсіп қалуы, генетикалық мутациялар немесе ұзақ уақыт канцерогендердің әсер етуінен ахатина ұлуы қабыршағын жоғалтады. Мұндай бұзылуға сонымен қатар, бактериялар, инфекциялар, зеңдердер болуы мүмкін. Өкінішке орай мұндай жағдайдың 97 % -ы ұлудың өліуіне әкеледі. Дегенмен, мұндай жағдай жас ұлуда орын алса, оның жаңа қабыршақ өсіруге мүмкіндігі бар. Ал ересек ахатина ұлуын дұрысы мұздату, оның жаңа қабыршақ өсіруге мүмкіндігі аз, ал қабыршақсыз ұлу өмір сүре алмайды. Мұндай аурудың алдын алу үшін негізгі жем мен тірі қоспаларды таңдауда мұқият болған жөн.

Ұлу қабыршағының ауруына зең инфекциясы нәтижесінде, террариумдегі жағымсыз орта, яғни оның құрғақтығы немесе жоғары ылғалдылығы, ұлу қорегіндегі кальцийдің жетіспеуі немесе көп болуы, жәнеде витамин А жетіспеуі нәтижесінде ахатина ұлуының сауытында кедір – бұдырланып, деформацияланады.

Сонымен қатар, оның ұлпасында паталогиялық өзгеріс басталуы мүмкін. Егер, ахатинаның сауыты өзгерсе - кедір-бұдырланып, жұқарып, қабықтанса, немесе ұлу оны кемірсе, міндетті түрде құрамында жоғары мөлшерде кальций болатындай диетаға отырғызып – азығына ұнтақталған борды немесе жұмыртқа қабығын қосып беру керек. Құрамында кальций және басқада витаминдер бар, жануарларға және құстарға арналған дайын қоспа жемді асқан мұқияттылық және жемнің құрамын егжей-тегжейлі білгеннен кейін ғана қолдану қажет. Себебі ұлу ауырып, өздігінен ісіктер дамуы, каннибализм мен координациясын жоғалтуы және де өліп қалуы мүмкін.

Ахатина ұлуын емдеуге болатын дәрілер. Сыртқы пайдаланым үшін, құрамында прополис бар мазьды (оны ұлудың сауытына қабыршақтану кезіндегі жарықтарды жазу үшін жағады), микосептинді (ұлу сауытының беткі қабатына жағады және 60 минуттан кейін сода ертіндісінде жуады. Тек жуу кезінде ерітінді ұлу денесіне тиіп кетпеуі керек), йодты (ұлу сауытының бетіне, қабыршағында зең аурулары пайда болған кезінде жағады) пайдаланады. Ұлудың ішкі пайдаланым үшін берілетін дәрілер, өкінішке орай белгісіз. Тәжірибе жасап көруге болатын бір нәрсе бұл – түймедақ қайнатпасы ғана.

Ұлу қабыршағының тұрмыстық жарақаттануы. Ұлуларға қарау кезіндегі абайсыздық немесе ұлудың өзінің абайсыздығы нәтижесі оның сауытында тұрмыстық зақымдану туындатады. Бұл жағдайда зақымдалған жерді эпоксидті желіммен емдеп көруге болады, тек желімнің ұлу денесіне тиіп кетпеуін қадағалаған абзал. Сонымен қатар, егер ауыз маңындағы қабыршақ зақымданған болса, онда ахатина өзі қалпына келтіре алады. Тек оның құрамында кальций мол азықпен қамтамасыз ету қажет емес.

Ахатинаның ұйқыға кетуі. Ахатина ұлуларына қолайлы жағдай немесе орта болмаса, ұзақ ұйқыға кетуі мүмкін. Ұйықтау кезінде олар, бүкіл денесін сауытының түбіне қарай созып, сауыттың ауызын ерекше жабысқақ затпен желімдейді. Мұндай қорғаныс қабығын – ұлу мамандары эпифрагма, яғни ұлуда ақуыз заттарын бөлетін май бездері әк түйірлерінің және сілекейдің көмегімен түзіледі.

Сурет – 17. Ахатина ұлуының ұйқыға кеткен көрінісі

Мұндай қабықша қатқаннан кейін сауытты нық желімдеп, және оның тыныштығының бұзылмауын кепілдендіреді.

Ұлудың ұйқысы есте қаларлықтай ұзаққа созылса, онда ол бір емес бірнеше эпифрагма құрайды. Дегенмен, мұндай ауыз қуысы маңайындағы қорғаныс қабаты, ұлуды ұйқысынан оятып алу мүмкіндігін азайтады.

Ахатинаның ұйқыға кету себептері олар:

- ылғалдың төмендігі – егер ұлудың асырау орнында ауа құрғақ болса, онда ол құрғап кетуден қорғану және су шығынын үнемдеу үшін ұйқыға кетеді.

- азық мөлшерінің дұрыс болмауы – егер ахатинаның өзіне ұнамайтын азықмен қоректенсе немесе ұлуға пайдалы заттар азықпен бірге берілмеген жағдайда, ағзаның қоректік заттар мен витаминдерге деген тұтынысты төмендету үшін ұлу ұйқыға кетеді.

- ауа температурасының төмендігі – егер ұлу асырайтын орында ауа температурасы төмен болса, тіпті сауытына тығылып қалған кезде де, өзін жайсыз сезініп, ұйқыға кетуге тырысады.

- стресс, жаңа орынға бейімдету кезіндегі стресстік жағдайлардың нәтижесінде ұйқыға кетеді. Стресс пен ұйқыға топырақтағы және асырау жағдайындағы өзгерістер, қысқа мерзімді суық немесе қатты ысып кету де ұйқыға кетуіне себеб болады.

- Ұлудың ауруы, жарақаттану немесе қоректік, химиялық улану нәтижесінде ұлудың ұйқыға кетуі мүмкін.

Ұлудың ұйықтап қалуының себебі, қолайсыз жағдайлармен байланысты.

Ахатинаның ұйқыға кетуі табиғат қорғаныс механизмі. Сондықтан да, ұлудың арнайы ұйқыға кетуіне мамандар қарсы. Ұйқы кезінде ахатина ағзасында барлық үдерістер баяулайды, ол көп күш жоғалтады, және де оның ұйқыдан оята алмау қаупі бар. Сондықтан, аса қажет болмаған жағдайда, ұлуды ұйықтатудың қажеті жоқ. Сондай-ақ, жас ұлулар ұйқы кезінде өсуін тоқтатып, оянған кезінде өз қатарлы, ұйықтамаған ұлулардан мөлшері жағынан кіші болады. Дегенмен, ахатинаны ұйықтату қажет болса, оны жасанды ұйқы жағдайына кетіруге болады. Ол үшін, ахатинаны террариумдегі құрғақ топыраққа салып, оны қоректендірумен қатар сумен ылғалдандыруды тоқтату керек. Ұлу асырайтын орын тұрған жерде температура мен ылғалдылық тұрақты болмау керек. Осы кезде жауап қайтару есебінде ұйқаға кетеді. Бірақ, мұндай жасанды ұйықтатуды 1,5-2 айдан ұзаққа созуға болмайды. Өйткені, ахатина өліп қалуы немесе оянбауы мүмкін.

Ұлуды ұзақ ұйқыдан кейін ояту үшін, оны жылу су ағынында ұстау қажет. Бірақ, құбырдағы су хлорлы және хлордың элементтері ұлудың сауытына кері әсер етуі мүмкін болғандықтан, ахатинанің үстіне қайнаған суды құю керек. Ұлу қабығын ашу үшін 2-5 минут жеткілікті (қорғаныс қабатының қалыңдығына және санына байланысты). Ояту кезінде стрестік жағдай төмен нұсқа есебінде келесі нұсқаларды сақтау шаралары:

- ұлу өзін қолайлы сезінетін, қалыпты температура және ылғалды ортаға орналастыру керек. Бірнеше сағат өткеннен кейін, өз ағзасына қажетті барлық заттар болған жағдайда сауытынан шығады.

- ұйықтау кезінде ұлу қатты ашығады, сондықтан оны күшейтілген азықпен қамтамасыз ету қажет.

Сурет – 18. Ахатина ұлуының ұйқыдан ояну кезіндегі

қақпақтың ашылуы.