Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
новый. дип. ахатина айка 555айка новый айгерим.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
12.79 Mб
Скачать

1.3 Зерттеу материалдары және әдістері

Зерттеу объектісі - алып ахатина Achatina fulica. Зертханалық жағдайда өсіруге алған ахатиналардың саны 16. Ахатинаны өсіру үшін ең алдымен террариум алынады. Ұлуларға террариумді таңдауда, оның құрамында уландырғыш материалдар болмауы керек. Біз өзіміздің жұмысымыз үшін шыны террариум пайдаландық (сурет 1).

Ахатинаны өсіру, оларды көбейту жұмыстары 2016 жылдың күз, қыс және 2017 жылдардың көктем, қыс айларында жүргізілді.

Сурет - 1. Ахатинаны орналастыруға арналған террариум.

Террариумның көлемі ұлудың сауытының көлеміне тікелей байланысты. 10 см шамасындағы ересек ұлуға, көлемі 10 литр болатын террариум келеді, демек 1 см ересек ұлуға 1 литр бос кеңістік болуы шарт. Бір контейнерде бірден бірнеше ұлу ұстаған жағдайда, әр ұлу үлесіндегі жерді шартты көлемнен 2/3 дейін азайтуға болады. Дегенмен, террариум кең болған сайын, үлкен ұлуларды өсіру мүмкіндігі артатынын әрқашан есте сақтаған жөн. Бірақ террариум өте кең болмауы да керек, себебі жас ұлулураға қорекке дейінгі ұзақ қашықтық қиындық туғызады. Сонымен қатар, үлкен көлемді террариум болған жағдайда, ұлуларға қажетті ылғалдылық деңгейін сақтауда қиындық туады.

Ұлуларды ұстайтын террариумның қақпағы міндетті түрде тығыз бекітілуі керек. Қақпақ ұлулардың қашып кетпеуіне, жарақат алмауына және контейнердегі ылғалдылықтың қажетті деңгейін сақтауға көмектеседі.

Ылғалдылық деңгейінің күрт өзгеруінен сақтайтын және желдеткіші дұрыс құрылған террариумді дайындау - ұлудың тіршілігі үшін ең маңызды аспекті болып табылады. Желдету тесігі қажетті мөлшерде террариум бір қабырғасының үстінде немесе оның қақпағында орналасады. Қақпақтан бірден тор жасаудың қажеті жоқ, себебі артық тесіктерін скотчпен немесе тағамдық пленкамен жапсырып, жабу керек болады. Бастапқыда қақпақтың екі жағына диаметрі 5 мм-ге дейінгі, бір қатар желдету тесігі жеткілікті. Егер террариумде ылғалдылық тым жоғары болып және де топырақ батпақтанып кетсе, онда желдету тесіктерінің санын көбейту керек. Сондықтан да ұлуға террариум дайындау кезінде, оның жеке қажеттіліктерін ескерген жөн.

Террариумның температурасының да ахатина үшін маңызы бар.

Ұлудың көлеміне қарай қолайлы жағдай орнату үшін террариумде 5-7 сантиметрлік топырақ қабаты керек, яғни оған кокосты субстрат, қышқылдығы төмен топырақ (шегіргүл үшін), шымтезек, мүк және де кейбір ағаштардың қабықтарын пайдалануға болады.

Сурет -2. Кокосты субстрат. Органикалық материалдан өңделген кептірілген және нығыздалған кокос жаңқалары.

Ахатиналар су ішіп отыру үшін және шомылу ыдысы ретінде құтының полиэтиленді қақпақтары және жіңішке, жұмсақ пластиктен немесе силиконнан жасалған ыдыстар пайдаланылады.

Сурет - 3. Ахатина ұлуларына су ішуге және шомылуға арналған ыдыстар

Ахатинасы бар террариумды тікелей күннің сәулесі түсетін, азынақ бөлмеде орналастырылмайды.

Ахатина ұлуларын зерттеу барысында бақылау күнделігі басталды. Оған бір жылда болған өзгерістерді белгіленіп отырады. Мысалға, ұлулардың денесінің ұзындығы, салмағы, тіршілік процесіндегі өзгерістер күнделікке тіркеліп отырады. Зерттеу нәтижелері 1 кестеде көрсетілген.

Ахатина ұлуын зертханалық жағдайда ұстап отырудың негізгі бір маңызды жағы оның қоректендірілуі. Оның дұрыс өсіп, көбеюі үшін өсімдіктекті қорекпен, жануартекті ақуыздарымен және минералды қоректермен қамтамасыз ету қажет.

Ахатина ұлулары өскен сайын, қорек мөлшерін көп қажет етеді. Ахатина ұлуларын қиярмен, асқабақпен, жапырақпен, жұмсақ жидектермен және құрамында ақуыздар көп болатын азық-түліктермен қоректендіреді.

Алма

Алмұрт

Қарбыз

Қауын

Банан

Өрік

Киви

Жүзім

Сурет – 4. Ахатина ұлуларының жеміс-жидекті қоректері

Қияр

Сәбіз

Орамжапырақ

Асқабақ

Тәтті бұрыш

Қызанақ

Асбұршақ

Жүгері

Сурет – 5. Ахатина ұлуларының көкөніс қоректері

Жас ұлуларды жұмырқаның қабығымен қоректендіреді. Себебі – ахатина ұлуының сауыты жұмырқаның қабығын қорек еткен сайын қатаяды. Кейде тауықтың етімен қоректендіруге болады. Бірақ тауықтың еті тұзсыз болуы шарт. Ахатина ұлуларына құрамында тұз, тұздалған, спиртталған заттар беруге болмайды.