Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
новый. дип. ахатина айка 555айка новый айгерим.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
12.79 Mб
Скачать

КІРІСПЕ

Алып ахатина (лат. Achatina fulicula - отаны Африка, кейінірек оңтүстік-шығыс азияға әкелінген. Қазіргі таңда ахатина ұлуының таралу аймағы шектелінген) – өкпелі ұлулар класс тармағына жататын, құрылық бауыраяқты ұлу. Тропикалық климат елдерінде кең таралған, жоғары инвазиялық түр. Басқа ұлуларда кездесетін инвазиялық аурулардың алдын алу жұмыстарын осы ахатиналарда жүргізеді. Олар табиғи жағдайда жақсы көбейе алады, кейде бақшаларға, құрылыс нысандарына зиян келтіреді, сондықтан кейбір мемлекеттерде оларды табиғатқа жібермей, үй жануары есебінде ұстайды. Жас ұлулар негізінен шіріген өсімдіктермен қоректенсе, ал ересек ұлулар өсімдік шаруашылығына зиян келтіріп, өсімдіктің жас өсінділерін жеп, зақымдайды.

Табиғи жағдайда өмір сүретін ахатиналар жарты жылда көбеюін бастайды, бір ахатина барлық өмірінде 100 мың жұмыртқаға дейін басады, 10 жылға дейін өмір сүреді. Ал, зертханалық жағдайда мұндай моллюскалар 6 мың-ға дейін жұмыртқа салады. Ахатиналар – гермафродиттер [1].

Тақырыптың өзектілігі. Биологияны оқыту барысында теориялық біліммен қатар, практикалық білімнің берілуі де маңызды. Биологияны оқытуда табиғи көрнекілік құралдардың орыны ерекше, сондықтан да зоология сабақтарында тірі объектілерді пайдаланып, сабақ өткізуге болады. Міне, осыған байланысты бауыраяқтылар класын өту барысында, ахатиналарды қолдануға болады. Яғни, ахатинаның сыртқы кұрылысын, бақалшағын, ішкі құрылысы көрсетіледі. Бірақ ахатиналар осындай зоологиялық сабақтар үшін қолжетімді объект емес, нарықта бағасы жоғары. Өйткені, екінің бірі осы жануарды үй жағдайында ұстап өсірмейді. Сондықтан, оны сабақтарға пайдалану үшін, ахатиналарды зертханалық жағдайда ұстап отыруға, өсіруге, көбейтуге болады. Осы жоғарыда айталғандарға байланысты, төмендегідей мақсат қойылды.

Диплом жұмысының максаты. Зертханалық жағдайда ахатинаны өсіріп, көбейту жұмыстарын жүргізу және оларды мектептің биология сабақтарында пайдалану әдістемелерін қарастыру.

Диплом жұмысының міндеттері:

- зертханалық жағдайда ахатинаны өсіру жағдайларын қарастыру;

- ахатиналарды зертханалық жағдайда қоректендірілу ерекшеліктерімен танысу;

- зертханалық жағдайда ахатинаны көбейту ерекшеліктерін қарастыру;

- ахатинаны косметологияда және медицинада қолдану жолдарын қарастыру;

- зертханалық жағдайда ахатинаны биология пәнін оқытуда қолдану әдістемелерін дайындау.

Диплом жұмысының апробациясы.

Дипломдық жұмыстың қорытындысы Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінде өткен жаратылыстану, техникалық, әлеуметтік – гуманитарлық және экономикалық ғылымдар бойынша XX ғылыми студенттік конференциясында баяндалды. (6-8 сәуір 2017 ж.).

1.1 Ғылыми еңбектерге шолу

Ұлулар (бауыраяқтылар), немесе гастроподалар - Mollusca үлгісіндегі ең көп тараған класс, оның 75 мың-ға дейінгі түрлері бар.

Догель В. А. (1981) өз еңбегінде ахатина ұлуы созылғанда 15-18 см дейін болатының ал, ахатинаның жасын сауытындағы ирегінен анықтаған. Ахатина ұлуының сауытының түсі қорегіне байланысты емес, өз ата тегіне байланысты қалыптасатын жануар екенің атап көрсеткен. Ересек ахатина ұлуларының сауыты 7-9 бөлікке дейін бөлінетінің зерттеген [2].

Р.К. Пастернак (1988) өз еңбегінде ахатина ұлуының ұзындығы 20 сантиметрге жетуі мүмкін деген. Бірақ, көлемінің үлкендігіне қарамастан, кәдімгі жүзім ұлуынан гөрі баяу қозғалатының, ал, жүзім ұлуының ең жоғарғы жылдамдығы минутына 7 сантиметрден аспайтының айтқан. Сонымен қатар салмағы 16 келі, бақалшағының ұзындығы 70 сантиметр болатының жазған[3].

М.В. Волово (1991) өз еңбегінде, бұл тұқымдастың көптеген түрлері тропикалық елдерде өмір сүреді, әсіресе ахатиналар Африканың ылғалды тропикалық ормандарында, кейбір түрлері Оңтүстік Шығыс Азия, Индонезия аралдарынан және де Малай архипелагынан кездестіруге болады. Ол өз еңбегінде Шығыс Африкада өмір сүретін, Эфиопиядан Мозамбикаға дейін таралған - Achatina fulica түрін қарастырды [4].

И.И. Акимушкин ахатиналардың Сейшель аралдарында, Комор аралдарында, Цейлон аралдарында, Перак пен Малай аралдарында тарай бастағанын, бірақ олар барлық жерлерде мәдени өсімдіктерге зиян келтіргендігін зерттеп қарастырған. Соның ішінде каучук және шай өсіретін алқаптарға аса үлкен нұқсан келтіргенін байқаған. Ахатиналарды Оңтүстік Қытайдан, Ява аралынан, Суматра аралынан және Сиамеден табылғанын жазған [5].

Жапондықтар ахатиналарды тамақ дайындау мақсатымен Мариан аралдарына (Сайпан және Тиниан) әкелген болатын. Ахатиналар бүкіл архипелагта тағам өсімдіктерімен бірге жылдам көбейе түскен. Ахатина Гуам аралына жерсіндіріліп, Гавай аралдарына дейін таралған. АҚШ-тың Калифорния штатынан табылған ылғал сүйгіш ұлуларға Калифорнияның климаты қолайсыз болғандықтан, жерсіндірілмеген [6].

Қазіргі уақытта ахатиналар жылдам көбею қабілеттілігіне (бір ұлу тұқымы 3 жылда 8 миллиардқа жету мүмкін) және де экологиялық икемділігіне байланысты шығыс жарты шардың тропикалық аймақтарында кең таралған [7].

Л. Л. Стрельников (2000) зерттеуінде жас ұлулар туылған кезде, олар өздерін бірден үлкен ересек особьтер сияқты ұстайды. Олар көкініс, жеміс-жидек, тіпті ботқа және етті де жей береді [8].

А.С. Онегов (2001) өзінің еңбегінде ахатина ұлуын денедегі жарақаттың үстіне қойсаң, оның бактерияларын өлтіріп, тезірек бітіп кетуіне көмектесетінің анықтаған. Ахатина ұлуларын ми ауруларын емдеу үшін жүйке талшықтарының доноры ретінде пайдаланатының. Ал, Еуропаның кейбір жұртшылығы ұлуды тағам ретінде пайдаланғаның. Себебі, ұлу етінде тауықтың жұмыртқасынан гөрі ақуыз мөлшері көбірек екенің зерттеген [9].

О. В. Волкова (2002) өзінің еңбегінде ахатиналардың ересектері мен балаларын асырау үшін кез-келген шыны немесе пластикалық контейнері бар, үсті қақпақпен жабылатын террариум қажет екенін көрсетеді. Оның түбіне арнайы құм себіліп, ылғалдылықты сақтау үшін мезгілімен қабырғаларына су шашу керек. Террариумның тым жарық болуы ұлуға зиянын тигізетінін айтады.

Сонымен қатар, ол кез келген жастағы ахатинаның температурасы 21-23 градус болуы тиіс екенің көрсеткен. Егер ахатинаның өмір жолында қолайсыз жағдайлар туындаса (құрғақшылық және аштық), ол оған жауап ретінде ұйқыға кететінің, бірақ бұл көбінесе ересек особьтарға тән, ал жас ахатиналар болса бұған төзе алмай өзінің тіршілігін тоқтататынын айтқан. Ахатина ұйқыда бір ай көлемінде болғанын, террариумға бір тілім қияр бөлігін салып, олардың үстіне сәл су шашқан кезде олардың оянғаның байқаған. 1,5 ай уақыт өткен соң олар ересектер қатарына қосылып, ахатиналардың өмір сүру ұзақтығы 10 жылға дейін созылғанын баяндаған. Ахатинаның жаулары: кірпілер,тышқандар, жәндіктер ( қызыл қоңыз, қоңыздар, қара шегірткелер, қырықаяқтар), құстар, бақалар, көртышқандар, скунстар, ақ тышқандар, кесірткелер екенін атап көрсеткен.Ахатинада шартты рефлекстер жақсы дамығанын, ол өз туыстарын басқа түрлерден ажырата алатынын жайлы мәлімет бар [10].

Е. Г. Стародубцева және Дедков В. П. (2003) зерттеулерінде Шығыс Африка тұрғындарының өміріне ахатиналар ешбір зиян келтірмейтіндігін қрастырды. Себебі онда ахатиналармен қоса, ахатинаның табиғи жауы гонаксис ұлуы да мекен еткенің атап көрсеткен. Ертеде ахатинадан жасалған көже туберкулезге қарсы дәрі деген сенім болғанның айтқан. Сондықтан да оларды Үндістанға, Сингапурға, Калифорнияға және де көптеген тропикалық елдерге арнайы жіберді деп еңбектерінде жазған [11].

Е. Г. Румянцева (2004) өз еңбегінде, Чилиде ұлудан алынған сығынды негізінде жасартатын крем ойлап шығарылғаның, сонымен қатар зерттеулердің нәтижесінде құрамында ахатина ұлуларынан алынған сілекейі бар препараттар көкжөтелді, бронхитті емдеуде көмектесетінін және де антибиотиктердің қосымша әсерін бейтараптандыратынын анықтаған. Франция мен Германияда ұлуды косметика жасауда пайдаланатының айтып, ал Бразилияда ұлудың сілекейінен тыртықтар мен жараларды емдейтін дәрі шығарылғаның айтқан [12].

В. А. Воронов (2004) өзінің зерттеуінде ахатина ұлулардың жедел көбеюі жергілікті халыққа көп қиындық туғызғаның, Жапонияда ахатиналар тағам ретінде Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейін, Тынық мұхитының оңтүстік бөлігінен жапон әскерлерімен әкелінгеннен кейін пайдаланыла бастағаның баяндаған. Сонымен қатар, ол өз еңбегінде ахатина ұлулары фермерлердің табыс көзіне айналғаның, сондықтан оларды жасанды жолмен өсіріп, ахатина ұлуларының нарықтық бағасын көтергендігін айтқан [13].

М. А. Корчагин (2005) өзінің еңбегінде ахатина ұлуларын Ресейде 1620 түрін кездестіруге болатының айтқан. Террариумда өмір сүретін ұлуларды жерүсті ұлулар қатарына жатқызған [14].

И. С. Краснов (2006) Цейлондағы жүргізілген зерттеудің барысында бір кокос пальмасының діңінен ұлудың 227 түрін санап алған. Краснов И. С. Ява аралында бір тұрғынның әр күн сайын, өз жерінен 400 ұлу алып тастағанын бақылаған. Сонымен қатар ол зерттеуінде «Мариан аралдарында ұлулардың өте көп болуы соншалықты, тіпті көліктер апатқа ұшыраған. Себебі жол, ұлу бөлген сөлдің кесірінен тайғанаққа айналады» деп жазған. Мекен ететін жерлерінде алып ахатиналар ағаштарға өрмелеп, көптеген мәдени өсімдіктердің бүршіктері мен өркендерін, банан, какао, каучук, цитрустектестердің ағаштарын тіреуіш ете отырып жейтінің қарастырған [15].

С. С. Кирилла және М. Л. Мефодия (2006) өздерінің зерттеулерінде ахатина ұлуларына құртшабақтардың қорегін жақсылап ұсатып, әктас қосу керек екенін айтып, жас ұлуларды күнде немесе күнара тамақтандырып, ал ересектерін аптасына 1-2 рет қоректендіруді кенес берген. Сонымен қатар ахатиналардың өсу қарқыны мекен ететін жағдайларына толық тәуелділігін зерттеп, бірақ бір жасқа толғанда олардың өсуі тоқтатылатының байқаған [16].

Т. Н. Греченко (2009) еңбегінде Achatina fulica жер бетінде өте ерте кездерден бастап өмір сүретінін және ахатиналар өз отанынан басқа, ең алғаш рет Маврикада, содан кейін Реюньон аралдарынан табылғанын айтқан. Малаколог және Бенсон, Маврика аралдарының ахатиналары Үндістанға әкелініп, бақшаға жіберілгенін зерттеулерінде баяндады [17].

Е. Д. Шехтер (2009) зерттеуінде АҚШ елі үшін ахатиналар жұттың себебі болып есептелді. Себебі Флорида штатында мекендеген бірнеше ұлу, бір жылдың ішінде қарқынды көбейіп, штаттағы бүкіл егісті, ағаш қабықтарын құртып, тіпті үйдің сылағына дейін бүлдіргендігін бяндаған. Ұлулар бақалшасын қатайту үшін кальцийді қажет ететінін, ал кальций әктастың құрамында өте көп мөлшерде бар екенін зерттеген. Содан бері АҚШ-та пайда болған ұлулар өлтіріліп, бұл жануарды асыраушыларды 5 жыл абақтыға қамағаның жазған [18].