Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2 сынып матем ҚМЖ (1).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.73 Mб
Скачать

2С бөлім. Жиынды жəне оның элементтерін белгілеу

Оқушыларға бұл бөлімде мыналарды:

  • жиын мен оның элементтерін диаграммада белгілеуді;

  • жиынды белгілеу үшін латын əліпбиінің бас əріптерін, оның элементтерін белгілеу үшін кіші əріптерді пайдалануды;

  • элементтердің жиынға тиістілігін анықтауды, элементтің жиынға тиісті жəне тиісті еместігін белгілеуге арналған∈жəне∉таңбаларын пайдалануды;

  • диаграмма арқылы тең санды жиындардың бірігуін жəне жиынның тең санды бөліктерге бөлінуін көрнекі көрсетуді;

  • санды жиындарды сандар жазбасындағы цифрлардың саны, санның 2-ге бөлінуі, сандар тізбегінде алатын орны жəне басқалары бойынша құруды жəне жіктеуді (бөлуді);

  • қоршаған ортадағы заттардан топтардың нұсқаларын құруды;

  • қоршаған əлем заттарынан үш-үштен топтардың нұсқаларын құруды;

  • деректер жинауды, жүйелеуді, кестелер мен диаграммалар құруды үйрету қажет.

54-сабақ.∈ (тиісті) жəне ∉ (тиісті емес) белгілері

Тақырыбы:Менің өлкемдегі жануарларəлемі

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

2-сынып:

Қатысқандардың саны:

Қатыспағандардың саны:

Оқу мақсаттары

2.4.1.3. Жиын мен оның элементтерін диаграммада белгілеу, элементтердің жиынға тиістілігін анықтау.

2.5.2.2. Жиынды белгілеу үшін латын əліпбиінің бас əріптерін, оның элементтерін белгілеу үшін кіші əріптерді, элементтің жиынға тиістілігін жəне тиісті еместігін белгілеуге арналған ∈ жəне∉ белгілерін пайдалану.

Сабақтың

мақсаттары

Барлық оқушылар:

• ұсынылған жиындарды элементтермен толықтырады, жиындар мен оның элементтерін диаграммада белгілейді, элементтің жиынға тиесілілігін анықтайды.

Көпшілік оқушылар:

• «элемент жиынға тиісті/тиісті емес» түріндегі терминді сөз қорына енгізеді.

Кейбір оқушылар:

• тиісті жəне тиісті емес элементтері бар жиындарды өздігінен іріктейді, бос жиындарды құрады.

Тілдік мақсаттар

Пəндік лексика жəне терминология.

Жиын, ішкі жиын, жиынға тиісті/тиісті емес элементтер

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын сөйлемдер. Талқылау.

Екі жиынға ортақ болатын элементтер.

Жазу.

Тірек білім

«Жиын», «жиын элементі» ұғымдары.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-əрекет

Ресурстар

0–3

Ынталандыру.

Мұғалім оқушылардан қандай жануарларды (аңдар, құстар, балықтар, бауырымен жорғалаушылар) білетінін сұрайды. Оқушылар өздерінің жергілікті жерлерінде мекендейтіндерге басымдық бере отырып, жануарларды атайды.

Мұғалім сұхбатты сабақ тақырыбына – жиындарға əкеліп тірейді.

Мұғалім оқушылардың назарын олардың жануарларды атап, түрлерге жіктеген кезде ойланбастан жиын элементтерін атап, жиындарды оларды біріктіретін атаулармен атағанына аударады. Мұғалім бүгінгі сабақта осы тақырып бойынша тапсырма орындайтындарын хабарлайды.

4–6

Өзектендіру.

Мұғалім құмырсқа туралы жұмбақ жасырады.

  • Илеуде неше құмырсқа бар? Ол туралы басқа сөзбен айтыңдар (көп құмырсқа, құмырсқалар жиыны). – Күнделікті өмірде сендер «жиын» сөзін талай рет естідіңдер. Мектептегі оқушылар жиыны. Кітапханадағы кітаптар жиыны. Енді əртүрлі жиындарды өздерің атаңдар.

  • Жиын дегеніміз не деп ойлайсыңдар?

  • Ортақ белгі, қасиет, іс-əрекет немесе тағы басқалар біріктіретін заттар немесе құбылыстар тобын жиын деп атауға болады.

Кез келген жиын жекелеген элементтерден тұрады. Жиындардың элементтерін атаңдар:гүлдер жиыны;ағаштар жиыны;жəндіктер жиыны.

Сабақтың тұсаукесері қолданылады.

7–11

Мақсат қою (проблемалық жағдаят).

Оқулықтың 1-тапсырмасы. Иллюстрацияға назар аударылады. Нысандардың бірінші тобына қараңдар.

  • Бірінші кестеде не бейнеленген?

  • Нысандардың ортақ қасиетін атаңдар?

  • Тағы қандай нысандарды осы топқа жатқызады?

Оқулық.

12–29

Жаңаны ашу.

Математикада қасиеттері бірдей қандай да бір нысандардың топтары жиі қаралады. Осындай топтар жиындар деп аталады. Жиындарды құрайтын нысандар олардың элементтері деп аталады. Мысалы, гүлдер жиынының элементтері мынадай болып табылады: раушангүл, меруертгүл, қызғалдақ, нəркес, ақкекіре, сарыгүл. Жиынды дұрыстап түсіну үшін ғалымның есімі бойынша Эйлер-Венн диаграммасы деп аталатын шеңберлер қолданылады. Ол ішінде жиын элементтері орналасқан тұйық сызық болып табылады.

Математикада қандай элементтердің жиынға тиісті не

тиісті еместігін айту үшін ∈ жəне ∉ белгілері қолданылады.

Түсіндіре отырып бастапқы бекіту.

Дəптердегі 1-тапсырмада жиындар берілген, оқушылар элементтердің қайсысы берілген жиындарға тиісті

Оқулық, Дəптер.

немесе тиісті емес екендігін айқындап, нəтижені кестеге жазуы тиіс.

Өзіндік бағалау мынадай критерий бойынша жүргізіледі:

  • нысанның жиынға тиісті немесе тиісті еместігін анықтай аламын;

  • ∈ жəне ∉ белгілерін пайдаланамын жəне олардың қолданылуын түсінемін.

30–40

Жаңаны білім жүйесіне енгізу.

Жиынның бөлігі ішкі жиын деп аталады.

Оқулықтағы 3-тапсырманың орындалуын тексерген кезде мұғалім «______элементі ______жиынына тиісті/тиісті емес», «________жиыны__________ жиынының ішкі жиыны болып табылады» түріндегі құраманың оқушылардың белсенді сөздік қорына енуін қадағалауы тиіс.

Дəптердегі 5-тапсырмада оқушылар мысалдар жиынынан азайтуға арналған мысалдарды таңдап алып, шығарады. Осындай неше мысал табылды? Өтілген материалмен жұмыс. Оқулықтағы 4-тапсырманы орындау ұсынады.

41–45

Рефлексия.

Сендер қандай жаңа ұғымдармен таныстыңдар?

(жиын, жиын элементтері, ішкі жиын).

Осы ұғымдарды қалай түсіндіңдер, мысал келтіріңдер?

Жарайсыңдар! Бүгін сендер жемісті жұмыс істедіңдер. Өткен материалды жақсылап бекіту үшін сендерге үй тапсырмасын орындау қажет.

55-сабақ. Жиынды біріктіру жəне бөліктерге бөлу

Тақырыбы: Менің өлкемнің табиғаты

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

2-сынып:

Қатысқандардың саны:

Қатыспағандардың саны:

Оқу мақсаттары

2.4.1.1.Диаграмма арқылы тең санды жиындардың бірігуін жəне жиынның тең санды бөліктерге бөлінуін көрнекі түрде көрсету.

2.5.2.2.Жиынды белгілеу үшін латын əліпбиінің бас əріптерін, оның элементтерін белгілеу үшін кіші əріптерді, элементтің жиынға тиесілілігін жəне тиесілі еместігін белгілеуге арналған ∈ жəне∉ белгілерін пайдалану.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар:

• диаграмма арқылы жиындардың бірігуін жəне жиынның тең санды бөліктерге бөлінуін көрнекі түрде көрсетеді.

Көпшілік оқушылар:

• жиын элементтерін іріктеу, жиынға атау таңдау.

Кейбір оқушылар:

• жиындар жəне жиындар бірлестігін құру.

Тілдік мақсаттар

Пəндік лексика жəне терминология.

Жиын, жиын элементтері, тиісті, тиісті емес элементтер.

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын сөйлемдер. Талқылау.

Жиын элементтерін таңдаңдар, жиын атауын таңдаңдар.

Жазу.

Латын əліпбиінің бас жəне кіші əріптері; элементтің жиында жататынын білдіретін белгі –тиісті белгісі жəне элементтің жиында жатпайтынын білдіретін белгі– тиісті емес белгісі.

Тірек білім

Жиын, жиын элементі, ішкі жиын.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-əрекет

Ресурстар

0–3

Ынталандыру.

Мұғалім туған өлке табиғаты туралы сұхбат жүргізеді. Оқушылар табиғаттың құрамдас бөлшектерін атайды, «жиын» жəне «жиын элементі» ұғымдары байланысын табады.

Туған өлке фотосуреттері.

4–6

Өзектендіру. «Мен... білемін» ойыны.

Мұғалім қандай да бір жиын элементтерінің санын ұсынады. Оқушы осы элементтерді атауы тиіс. Ұсынылған жиынның барлық элементтерін атаған бала жүргізуші болады. Мысалы, біздің өлкемізді мекендейтін жануарлар жиыны, өсімдіктер жиыны, өзендер жиыны.Бұл материал оқушылардың жеке, қосымша біліміне негізделеді, сондықтан бір сұраққа бірнеше баланың жауаптары ұсынылады. Ойын барысында дұрыс жауапберген жеңімпазды анықтау үшін фишкалар беруге болады.

Фишкалар.

7–11

Мақсат қою (проблемалық жағдай). Практикалық жұмыс. Оқулықтағы 1-тапсырма орындауды ұсынады.

Құстың, балықтың бейнесі бар қиықшалар.

12–29

Жаңаны ашу.

Оқушылар құстар мен балықтар жиынын біріктіретін жиынға атау береді («Жануарлар» жиыны).

Түсіндіре отырып бастапқы бекіту. Оқушылар топпен оқулықтағы 2-тапсырманы орындайды, екі біріктірілген жиынды қарайды, ондағы артық элементтерді анықтайды. Оқушылар жиындардың бірігуі мен қиылысуын салыстыру үшін оқулықтан жиындардың қиылысуына арналған тапсырма ұсынылады.

Жаңаны қолдану.

Дəптердегі 1-тапсырманы орындауды ұсынады.

Бағалау критерийі:

Жиын элементтерін іріктей аламын.

Жиынға екі жиынды біріктіретін атау таңдай аламын.

Оқулық, дəптер.

Өтілген материалмен жұмыс. Дəптердегі 2, 3-тапсырмалар

Дəптер.

30–40

орындалады.

Дəптердегі 4-тапсырма.

41–45

Рефлексия.

– Мен сендерге парақтар таратамын, ал сендер ондағы сөйлемдерді толықтырыңдар:

Мен ... білдім.

Мен ... үйрендім. Маған... ұнады.

Мен... қалаймын.

Білім маған ... үшін пайдаға асады.

Аяқталмаған сөйлемдер жазылған парақтар.

56-сабақ.Жиындардың қиылысуы

Тақырыбы:КөпұлттыҚазақстан.

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

2-сынып:

Қатысқандардың саны:

Қатыспағандардың саны:

Оқу мақсаттары

2.4.1.2. Сандар жазбасындағы цифрлар саны, санның 2-ге бөлінуі, сандар тізбегіндегі орны жəне басқалары бойынша сандық жиындарды құру жəне жіктеу.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар:

• сандар жазбасындағы цифрлар саны, санның 2-ге бөлінуі бойынша сандық жиындарды құрады жəне бөледі.

Көпшілік оқушылар:

• жиындар тобына атау таңдайды.

Кейбір оқушылар:

• таңдалған белгі бойынша сандар тізбегін құрады.

Тілдік мақсаттар

Пəндік лексика жəне терминология.

Жиындар қиылысы.Жиын элементтері.

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланатын сөйлемдер. Талқылау.

Жиын құрыңдар. Жиынға атау беріңдер. Жиын элементтерінің санын санаңдар. Жиындар тобына атау таңдаңдар.

Екі жиынның қандай элементтері қиылысатынын анықтаңдар.

Жазу.

Жиын атауын жазуға арналған латын əліпбиінің бас əріптері, жиын элементтерінің атауын жазуға арналған латын əліпбиінің кіші əріптері.

Тірек білім

Жиындардың бірігуі, жиындардың қиылысуы.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-əрекет

Ресурстар

0–3

Ынталандыру.

«Қазақстан өз шаңырағының астында əртүрлі ұлттар мен мəдениеттердің өкілдерін біріктіріп отыр. Біз əртүрлі ұлттардың өкілдері өз Отаны деп есептейтін елде тұрып жатырмыз. Ал олардың тілі, мəдениеті,

Сөйлем жазылған плакат немесе слайд.

дəстүрлері еліміздің қайталанбас келбетін, оның байлығын құрайды». Н.Ə.Назарбаев.

Лексикалық тақырыптағы сұхбатты «жиын» жəне «жиын элементтері» ұғымдарымен байланыстыру үшін мұғалім оқушылардан Қазақстан Республикасында қандай ұлттардың өкілдері тұратыны туралы сұрайды. Жиынды – Қазақстан халқын құрайтын ұлттарды атаңдар. Барлығы қандай тілдерде сөйлей алады? Сұхбат барысында біз сабағымыздың тақырыбына жақындап қалғанымызды байқамай қалдық. Бүгінгі сабақта біз жиындар құрамыз, олардың ортақ элементтерін табамыз жəне бірнеше жиынды біріктіретін жиынды атаймыз.

4–6

Өзектендіру.

Мұғалім оқушыларға 2 партадан біріктіретін топтар құруды ұсынады (топтар жəне топтарға қатысушылар саны сыныптағы оқушылар санына қарай реттеледі). Топтардың əрқайсысына сызықпен екіге бөлінген А3 форматындағы парақ беріледі.

Парақтың бір бөлігінде 1-топ – үшбұрыштар, 2-топ – шеңберлер, 3-топ – жапырақтар, 4-топ – гүлдер жиынын салады. Топтар парақтарын орындарында қалдырып, орын алмасады. Парақтың екінші бөлігінде өз элементтерінің дəл осы саннан тұратын тең жиынын салады. Топтар қайтадан орын ауыстырып, тапсырманың дұрыс орындалуын тексереді.

7–11

Мақсат қою (проблемалық жағдаят).

Оқушылар оқулықтағы 1-тапсырманың суретіне қарап, суреттегі оқушыларды қандай жиындарға бөлуге болатынын түсіндіреді. Талқылау барысында бірден екі жиынға да жатқызуға болатынын ескертеді.

Осылайша проблемалық жағдаят туындайды.

Оқулық.

12–29

Жаңаны ашу.

Проблемалық жағдаяттан шығу үшін мұғалім бірбірімен ішінара қиылысатын жиындардың суретін салуды ұсынады. Екі жиынға да жататын балалар есімдерін шеңберлер қиылысына жазуға болатынын түсінген оқушылар шеңберлерге аттарды жазады. Осындай жиындар – қиылысқан жиындар деп аталады.

Түсіндіре отырып бастапқы бекіту.

Оқушылар оқулықтағы 2-тапсырманы орындайды, сызбаға қарап, сұрақтарға жауап береді.

Екі таңбалы сандар жиыны жəне қырықтан асатын сандар жиыны бар, олардың қиылысуынан 45, 47 санынан құралған ішкі жиын шығады.

Өзіндік жұмыс.

Дəптердегі 2-тапсырманы орындауды ұсынады.

Бағалау критерийі:

көрсетілген белгі бойынша сандар жиынының құрамын;

жиынға атау беремін;

Оқулық.

жиын элементтерін санаймын; жиындар бірлестігіне атау таңдаймын.

Сергіту сəті ретінде шағын жаттығу ұсынуға болады:

  • Ұлдар жиыны тұрыңдар.

  • Қыздар жиыны тұрыңдар.

  • Аттары дауысты əріптен басталатын ұлдар жиыны қолдарыңды бұлғаңдар.

  • Қыздар жиыны бастарыңды изеңдер.

  • 2-сынып оқушыларының жиыны бір орында айналыңдар.

  • Біздің сыныптың ұлдар жиыны орындарыңа жаймен отырыңдар.

  • Біздің сыныптың қыздар жиыны орындарыңа жаймен отырыңдар.

30–40

Жаңаны қолдану.

Оқушылар оқулықтағы 3-тапсырманы орындайды. Екітаңбалы , бір таңбалы, 50-ден артық сандардан, толық жүздіктердан құралған жиындарды құрайды.

Өтілген материалмен жұмыс.

Оқулықтағы 4, 5-тапсырмаларды бұрын өткенді тексеру үшін пайдаланылады. Оқушылар толық жүздікке дейін толтырып, санау тəсілдерін қарайды жəне оны түсіндіреді, ондықтан аттау арқылы екі таңбалы сандармен амалдарды орындайды.

Дəптердегі 3, 4, 5-тапсырмаларды орындауға ұсынуға болады.

Оқулық, дəптер.

41–45

Рефлексия. «Синквейн».

1-жол – тақырып немесе зат – жиын;

  1. -жол – заттың сипаттамасы (екі сын есім);

  2. -жол – іс-қимыл сипаттамасы (үш етістік); 4 -жол – затқа көзқарасты білдіретін, төрт сөзден тұратын сөйлем;

5 -жол – тақырып немесе зат мағынасын кеңейтетін немесе қорытатын синоним(бір сөз).

Синквейн шаблондары жазылған карточкалар.

57-сабақ. Ақиқат жəне жалған пікірлер

Тақырып: Менің өлкемдегі жануарлар əлемі

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқыту мақсаттары

2.4.2.1 Тұжырымдардың ақиқаттығын немесе жалғандығын анықтау, ақиқат немесе жалған тұжырымдар құру.

Сабақтың

мақсаттары

Барлық оқушылар үшін:

Ақиқат немесе жалған тұжырымдар деген не екенін түсіну.

Көптеген оқушылар үшін:

Тұжырымдардың ақиқат немесе жалған екенін анықтау.

Кейбір оқушылар үшін:

ақиқат немесе жалған тұжырымдар құру.

Тілдік мақсаттар

Пəндік лексика жəне терминология: тұжырым , пікір, ақиқат, жалған.

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланатынсөйлемдер.

Талқылау:

Саған тұжырымдардың ақиқат екенін бағалауға жиі тура келе ме?

(мысалдар келтір).

Пікірдің ақиқат екенін қалай анықтауға болады?

Тірек білім, білік, дағдылар

Тұжырымдардың ақиқат немесе жалған екендігі туралы күнделікті тұрмыстан түсініктер беру.

Жоспар

Жоспарланған уақыт (минут)

Жоспарланған іс-əрекет

Ресурстар

0-3

Ынталандыру

Мұғалім жануарлар əлемі туралы əңгіме жүргізеді.

Сендер «Шындық пен өтірік» ойынын білесіңдер ме? Мен сөйлемдерді оқимын, ал сендер оның дұрыстығын анықтайсыңдар. Түйе – Қазақстанда кездесетін жануар. Жираф – Қазақстанда кездеспейтін жануар. Мысық – үй жануары.

4-6

Белсендіру.Мұғалім тақпақ оқиды: Көшеде түтін тұр,

Мұржасынан үй шығып. Шатырға шықты қасық,

Үстелден құлады мысық.

Бұл тақпақ шындыққа жанаса ма?

Неліктен?

Оларды дұрыс пікірге (тұжырымдарға) айналдырыңдар.

Жауап: Көшеде үй тұр, Мұржасынан түтін шығып. Шатырға шықты мысық, Үстелден құлады қасық.

7-11

Мақсат қою (проблемалық жағдаят).

Сендер біздің сабағымыз неге арналатынын түсінген боларсыңдар? Оның тақырыбы қандай?

Бүгінгі сабақта біз шындық, математикада оны «ақиқат» дейді, жəне өтірік – «жалған» деп аталатын түсініктермен танысамыз жəне «пікір» деген не екенін білеміз. Балалар, кім жауап береді, сөйлем дегеніміз не?

Оқушылар: Мағынасы бойынша байланысып, аяқталған ойды білдіретін бірнеше сөз. (Егер мұғалім жауап алмаса немесе қате жауап алса, ол толығырақ зерттеу жүргізеді).

  • Сөйлем неден құралады?

  • Сөздерден .

  • Бұл жай ғана мысық, тышқан, піл тəрізді жекелеген сөздер ме? Осы сөздердің жиынтығынан бір нəрсе түсінуге бола ма? - Жоқ.

  • Ал егер «Мысық, тышқан, піл – бұлар аңдар» деп

Оқулық. Дəптер.

айтсақ, онда бір нəрсе түсінуге бола ма? Енді бұл сөздердің жиынтығында мағына бар ма?

  • Иə.

  • Демек, сөйлем дегеніміз– аяқталған ойды білдіретін сөздер жиынтығы.

Мұғалім: Математиканың да сөйлемдерге қатысы бар. Бірақ біз сұраулы жəне лепті сөйлемдер туралы айтпаймыз. Бізді хабарлы сөйлемдер қызықтыратын болады жəне мұндай сөйлемдерді біз пікір деп атаймыз. Мысалы, «Бүгін сейсенбі», «Мен жеті жастамын».

Оқулықтағы 1- тапсырма бойынша топтық жұмыс жүргізіледі. Оқушыларға суретке назар аудару ұсынылады, содан кейін олар пікірлерді

(тұжырымдарды) оқиды жəне оның ақиқаттығын анықтайды.

12-29

Жаңаны тану.

Мына математикалық жазбалар қалай аталады?

(Теңсіздіктер).

Мұғалім теңсіздіктерді оқып, олар дұрыс па, қате ме, анықтауын өтінеді. Бұл жұмысты жұпта орындауға болады. Оқушылар дұрыс теңсіздіктің тұсына «+» таңбасын, қате теңсіздіктердің тұсына «–» таңбасын қояды.

Пікір дұрыс, шындыққа жанасатын немесе қате, яғни шындыққа жанаспайтын болады. Дұрыс пікірлер математикада ақиқат, ал қате тұжырымдарды – жалған деп атайды.

Түсіндіре отырып алғашқы бекіту.

Оқулықтағы 2- тапсырманы топта ойын түрінде орындауға болады.

Өздік жұмыс.

Оқулықтағы 4- тапсырма оқушыларға өз бетінше орындауға беріледі. Содан кейін сыныпта талқыланады.

Тақта, құрастырмалы жинақ.

Оқулық.

Дəптер.

30-40

Жаңаны қолдану.

Дəптердегі 1 жəне 2- тапсырмалар.

1- тапсырманың «бағалау» белгісі бар. Оқушылармен бағалау критерийлерін қараңыздар:

Ақиқат жəне жалған тұжырымдардың не екенін білемін.

Ақиқат жəне жалған тұжырымдарды таба аламын. Əр оқушыға өзін бағалауды ұсыныңыз. Тапсырманы жақсы орындаған оқушылар өткен материалмен жұмысқа көшеді. Қате жібергендер оқулықтағы 2- тапсырманы орындауына болады.

Оқулық.Дəптер.

Өткен материал бойынша өздік жұмыс. Оқулықтағы 5- тапсырма, дəптердегі 3,4 тапсырмалар.

41-45

Рефлексия.

Бүгінгі сабақта төмендегілердің қайсысын білдіңдер жəне нені үйрене алғандарыңды белгілеңдер:  Ақиқат немесе жалған пікірлер деген не екенін түсіну.

  • Пікірлердің ақиқат немесе жалған екенін анықтау.

  • Ақиқат немесе жалған пікірлер құрастыру.

Дəптердегі жетістіктер жолағы.

58-сабақ. Ақиқат жəне жалған пікірлер

Тақырып: Менің өлкемдегі өсімдіктер əлемі

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқыту мақсаттары

2.4.2.1 Тұжырымдардың ақиқаттығын немесе жалғандығын анықтау, ақиқат немесе жалған тұжырымдар құру.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар үшін:

Ақиқат немесе жалған тұжырымдар деген не екенін түсіну.

Көптеген оқушылар үшін:

тұжырымдардың ақиқат немесе жалған екенін анықтау.

Кейбір оқушылар үшін:

ақиқат немесе жалған тұжырымдар құрастыру.

Тілдік мақсаттар

Пəндік лексика жəне терминология: тұжырым, пікір, ақиқат, жалған.

Диалог/жазбаша жұмысқа қажетті пайдалы фразалар топтамасы.

Талқылау:

Пікірлердің ақиқаттығын жиі анықтауға тура келе ме? (Мысал келтіріңдер).

Айтылған пікірдің ақиқаттығын қалай анықтауға болады?

Жалған немесе ақиқат пікірді қалай құруға болады?

Жазу:

Жалған немесе ақиқат пікірлерді жазу.

Тірек білім, білік, дағдылар

Жалған немесе ақиқат пікірлер туралы түсінік.

Жоспар

Жоспарланған уақыт (минут)

Жоспарланған іс-əрекет

Қоры

0-3

Ынталандыру

Мұғалім «Шындық жəне өтірік» ойынын қолдануына болады.

Белсендіру.

Дұрыс тұжырымдар (пікірлер) қалай

Оқулық

4-6

аталады? (Ақиқат.)

Егер тұжырым (пікір) қате болса, ол қандай болғаны? (Жалған.)

Тұжырымның ақиқат екенін қалай жазуға болады? (А бас əрпімен.)

Тұжырымның жалған екенін қалай жазуға болады? (Ж бас əрпімен.)

Мұғалім фигуралар тізбегіне қарауды ұсынады. Ары қарай пікірлерді оқиды, ал оқушылар ол ақиқат болса – қол соғады, жалған болса – аяқтарын тарсылдатады.

Бұл тізбектегі бірінші моншақ – үшбұрыш пішінді.

Бұл тізбектегі соңғы моншақ – қызыл.

Бұл тізбектегі үшінші моншақдомалақ.

Бұл тізбектегі жасылдан кейінгі моншақ – қызыл.

7-11

Мақсат қою (проблемалық жағдаят).

Бүгінгі сабақта біз немен жұмыс істейтін боламыз? Ақиқат жəне жалған тұжырымдарды анықтау жəне өз тұжырымдарын құрастыру.

Оқулықтағы 1- тапсырма бойынша топпен жұмыс.

Оқулық.

12-29

Өзіндік жұмыс.

Оқулықтағы 2-тапсырма жұптасып орындалады.

«Ақиқат па?» ойыны.

Дəптердегі 1-тапсырма критерийлер бойынша тексеріледі.

Қатені түзету. Қате жіберген оқушылармен жұмыс жүргізіледі. Қателерді түзеу алгоритмі оқушыларға түсінікті. Бұл жұмыс үшін дəптердегі 3- тапсырманы қолдануға болады. Бұл тапсырманы сараланған жұмысты ұйымдастыруға да қолдануға болады: өз пікірлеріңді ойлап тап.

Оқулық, дəптер, СД диск.

30-40

Өткенді қолдану. Оқулықтағы 3-тапсырманың (а жəне ə) есептерін дəптерде орындайды. Оқушылар сызба толтырады. Есептердің шешуін жазады.

Нəтижесі бойынша үлгіге қарап өзін-өзі тексеруге болады.

Өздік жұмыс.

Дəптердегі 4- тапсырманы тиімді тəсілмен орындауға да болады. Орындағаннан кейін өз бетінше осындай тапсырма құрастырып, оны парталас көршісіне орындауға ұсынуға болады.

Оқулық. Дəптер.

41-45

Рефлексия.

  • Сабақта қандай тапсырмалар қызықтырақ болды?  Бүгінгі сабақта алған білімдер қайда керек болуы мүмкін?

  • Өз жұмыстарыңды бағалаңдар.

  • Барлығы өзің қалағандай болып шықты ма?

  • Неліктен?

  • Тағы не үйренгің келер еді?

  • Сабақтан қандай көңіл күймен шықтың?

59-сабақ. «Үш-үштен» комбинациялар нұсқасы

Тақырыбы: Менің өлкемніңтабиғаты

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

2-сынып:

Қатыспағандардың саны:

Қатысқандардың саны:

Оқу мақсаттары

2.4.4.1.Қоршаған орта заттарынан «үш-үштен» комбинациялар нұсқаларын құру.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар:

• қоршаған орта заттарынан «үш-үштен» топтар нұсқаларын құрады.

Көпшілік оқушылар:

• реттелген топтарды қайталанбайтындай етіп бояйды, алынған топтарды санайды.

Кейбір оқушылар:

• барлық ықтимал топтарды салыстырады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады:

• тапсырмаларды орындау барысында өз пікірін дəлелдеуді жəне түсіндіруді.

Пəндік лексика жəне терминология.

Элементтерді үш-үштен топтастыру.

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын сөйлемдер. Талқылау.

Қандай түстер үйлесімі пайда болды?

Неше əртүрлі топтама болады?

Жазу.

Əртүрлі түстер үйлесімі топтамаларындағы заттарды бояу.

Тірек білім

Топтастыру есептерін шығарудың қарапайым тəсілдерін білу.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-əрекет

Ресурстар

0–3

Ынталандыру.

Мұғалім оқушылармен бірге туған өлке табиғатын талқылап, əңгімені жалпы сипаттаудан нақты жергілікті жердің өсімдік, жануарлар əлеміне əкеліп тірейді. Мұғалім оқушылар қала сыртына серуенге шыққан кезде көрген дала гүлдерінің атауларын тізбектеп беруді сұрайды. Оқушылар бірнеше гүлдердің атауларын атай алды: аютабан, кекіре, қоңыраугүл, қызғалдақ, бақбақ.

Туған өлке табиғатының фотосуреттері.

4–6

Өзектендіру.

«Мұнаралар» ойыны.

Мұғалім қорапқа үш – қызыл, көк жəне сары түсті текше салады. Қарамастан, текшелерді алып, мынадай тəртіппен мұнаралар құрады: бірінші текше – төменгі қатар, екінші текше – ортаңғы

Қорап, үш текше.

қатар, үшінші текше – жоғарғы қатар. Оқушылар пайда болуы мүмкін мұнара нұсқасын ойластырып, текшелерді тиісті түстегі шаршылар түрінде бейнелеп, мұнараның суретін салады. Одан кейін тəжірибе жүргізіледі (текшелер қораптан шығарылады). Тəжірибе нəтиже тапқан оқушылар жеңімпаз атанады.

7–11

Мақсат қою (проблемалық жағдай).

Оқушылар мұғалімнің басшылығымен оқулықтағы 1-тапсырманы талқылайды. Оқулықтағы суреттерге қарап, тапсырма шарттарына сəйкес дəптердегі алманы бояу (2 қызыл жəне 4 жасыл) ұсынылады. Бастауыш мектептегі осындай тапсырмалардың негізгі міндеті – еркін, зейін мен бейнелі ойлауды дамыту жəне бағдарлама мазмұнына кіретін мəселелерді меңгеру үшін оқушыларда ойлау əрекеті тəсілдерінің (талдау жəне синтез, абстрактілеу) қалыптасуы үшін жағдай туғызу.

Оқулық.

12–29

Жаңаны ашу.

Түсіндіре отырып бастапқы бекіту. 3 алманы берген кезде берілген алма түстері үйлесімінің нұсқаларын қарайды.

Тапсырма барлық ықтимал нұсқалардан іріктеу арқылы орындалады. Жасыл алма – 4 тал болғандықтан, барлық үш алманың да жасыл болуы мүмкін. Тағы басқа нұсқалар болуы мүмкін: 2 жасыл жəне 2 қызыл, 2 қызыл жəне 1 жасыл. Оқушылар дəптерде алмаларды бояйды. Осы тапсырманы орындау барысында оқушылар ықтимал нұсқалардан ретсіз іріктеу тəжірибесіне ие болады.

Оқулық, дəптер.

30–40

Жаңаны қолдану.

Оқулықтағы 2-тапсырманы жұптасып орындау ұсынылады. Оқушылар Қазақстанда гүл көп болғандықтан, гүл туралы тапсырма беріледі деген қорытынды жасайды. Бұл тапсырмада əр түсті гүлдердің əртүрлі сандары ұсынылады:

3 сары, 5 қызыл, 2 қызғылт сары.

Оқушылар іріктеу арқылы үш-үштен гүлшоқтарына біріктірілген қызғалдақтардың барлық ықтимал жинақтарын таңдауы тиіс. Барлық нұсқаларды көрсету үшін нұсқаларды іріктеу ретін ойластыру қажет. Іріктеудің, мейлі ең қарапайым болса да, қандай да бір белгі (шарт) бойынша логикалық реті болуы тиіс. Осы жағдайда сары түсті гүлдерден бастауға болады. Мынадай нұсқалар алынуы мүмкін:

с,с,с; с.с.қ; с,қ,қ; қ,қ,қ; с,с,қ/с; с,қ/с,қ/с; қ,қ,қ/с; қ,қ/с,қ/с; қ,с,қ/с.

Бағалау критерийі:

Есеп шарттарынан заттардың қасиеттерін таңдаймын.

Оқулық.

Есеп шарттарынан топтамадағы заттар санын айқындаймын.

Топтамаларды қайталанбайтындай ретпен бояймын.

Алынған топтамаларды санаймын.

Өтілген материалмен жұмыс.

Оқулықтағы 3-тапсырманы оқушылар саннан қосындыны азайту жəне қосындыдан санды азайту ережесін пайдалана отырып, əртүрлі тəсілдермен орындайды.

Дəптердегі 3-тапсырмада оқушылар есептеулер жүргізіп, алынған нəтижеге сəйкес карточкаларды толтырады.

Оқулықтағы 5-тапсырманы оқушылар жазбаша қосу жəне азайту тəсілдерін пайдалана отырып есептейді.

41–45

Рефлексия.

Ал енді ойланып, өздерің үшін сабағымызды қалай бағалайтындарың туралы шешім қабылдаңдар. Егер сабақ нəтижесіз, қызықсыз өтті десеңдер, дəптердің бос шетіне үшбұрыш суретін салыңдар. Егер өздеріңе пайдалы бір нəрсені тапсаңдар, шаршы суретін салыңдар.

Егер бүгін өздеріңді маңызды іске қатыстым, тəжірибе алдым, қанағаттандым деп есептесеңдер, дөңгелек суретін салыңдар.

60-сабақ. Мəліметтер жинау

Тақырыбы:Менің өлкемнің жетістіктері

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

2-сынып:

Қатысқандардың саны:

Қатыспағандардың саны:

Оқу мақсаттары

2.5.2.5.Деректер жинау, жүйелеу, кестелер мен диаграммалар құру.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар:

• деректер жинайды, жүйелейді, кестелер мен диаграммалар құрады.

Көпшілік оқушылар:

• жиналған деректерді қорытындылайды.

Кейбір оқушылар:

• осы деректер бойынша диаграмманың басқа түрін құрады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады:

• деректер жинау үшін сауалнама жүргізуді, деректерді қорытындылауды.

Пəндік лексика жəне терминология.

Диаграмма, кесте, деректер.

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын сөйлемдер. Талқылау.

Топ қатысушыларымен сауалнама жүргізіңдер.

Деректерді кестеге жинаңдар.

Жазу.

Кесте толтыру.

Тірек білім

Деректер жинау, жүйелеу, кестелер мен диаграммалар құру.

Жоспар

Жоспарлан -ған уақыт

Жоспарланған іс-əрекет

Ресурстар

0–3

Ынталандыру.

Оқушылар мұғалімнің басшылығымен «Менің өлкемнің жетістіктері» тақырыбында сұхбаттасады. Əртүрлі тəсілдермен ұсынылған мұғалім дайындаған ақпаратты талқылайды. Ақпаратты не үшін табу керек? (Оны өңдеу, əртүрлі болжамдар дайындау үшін.) Ақпаратты қандай түрде өңдеген қолайлы? (Оны қандай да бір деректер қатары ретінде ұсыну арқылы.) Бүгінгі сабақта біз осымен айналысамыз.

Диаграмма, кестелер.

4–6

Өзектендіру.

Ақпарат жинау, оқу мен өңдеу үшін диаграммалар мен кестелерді пайдаланудың қолайлы екенін көрсету үшін мұғалім оқушыларға 4 адамнан топтарға бөлінуді ұсынып, дайын кестелер сызылған парақтарды таратады.

Мұғалім оқушыларға «Қандай деректерді өңдейтіндеріңді түсіндіңдер ме?»– деген сұрақ қояды.

Оқушылар кестелерге топ қатысушыларының аттарын жəне олардың туған күндерін жазуды ұсынады.

Осымен зерттеудің бірінші кезеңі аяқталады. Келесі кезеңге – деректерді қорытуға кірісеміз. Оқушылар деректерді жыл мезгілдері бойынша қорытындылауды ұсынады.

Кестелер салынған қиықшалар.

7–11

Мақсат қою (проблемалық жағдаят).

Оқулықтағы 1-тапсырма жұппен орындалады.

12–29

Жаңаны ашу.Қойшы отарындағы қойлардың түсі екі түрлі, сиырлардың да түсі де екі түрлі. Оқушылар пиктограмма бойынша оқып, сұрақтарға жауап береді:

  • Отарда неше бас қара қой бар?

  • Неше бас ақ қой бар?

Мұғалім оқушыларға «қаншаға артық?» «қаншаға кем?» деген сөздермен басқа да сұрақтарды қоюды ұсынады.

Түсіндіре отырып бастапқы бекіту.

Оқушылар оқулықтағы 2-тапсырманы топтасып орындайды.

Топ қатысушылары арасында жұмыс түрлерін бөлісіп алған оқушылар стикерлерді пайдалана отырып, диаграмма құрады, ұсынылған жануарлардың деректерін үлгі бойынша жүйелейді:

Мұғалім жануарларды саны бойынша салыстыруды ұсынады, оқушылар теңдіктер құрады. Топтардың қатысушылары таңдаған топ өкілдері туған өлкені мекендейтін жануарлар туралы əңгімемен жұмысты қорытындылайды.

30–40

Жаңаны қолдану.

Оқулықтағы 3-тапсырма.

Бағалау критерийі:

Бағанды диаграмманы оқып, деректерді атауды жəне

салыстыруды білемін;

Осы деректер бойынша диаграмманың басқа түрін құра аламын.

Қиындықтарды түзету.

Егер оқушылар қателік жіберген болса, жұппен немесе топпен диаграмманы түсіндіру жұмысы жүргізіледі.

Өтілген материалмен жұмыс.

Оқушылар оқулықтағы есепті шығарып, 4-тапсырманы орындайды, 4а есеп пен 4ə есептердің арасындағы байланысты түсіндіреді.

Оқушылар дəптердегі 3-тапсырманы орындап, қосындыдан санды азайту жəне саннан қосындыны азайту ережесін пайдалана отырып, тиімді тəсілмен есептеп шығарады.

41–45

Рефлексия.

ҰНМС– формула. Бұл əдіс танымдық əрекетті қалыптастыруға ықпал етеді.

Ұ – ұстаным. «Мен ... есептеймін».

Н – негіздеме. «Өйткені ...».

М – мысал. «Мысалы ...».

С – салдар. «Өйткені ...».

Формуламен жұмыс істей отырып, оқушылар өздерінің көзқарасын тұжырымдаумен қатар, оны кезең-кезеңмен сауатты түрде қорғау мен дəлелдеуді үйренеді.

Рефлексияға арналған қиықшалар.

61-сабақ. Өткенді бекіту

Тақырыбы:Менің өлкемнің жетістіктері

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

2-сынып:

Қатысқандардың саны:

Қатыспағандардың саны:

Оқу мақсаттары

2.5.2.5.Деректер жинау, жүйелеу, кестелер мен диаграммалар құру.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар:

• деректер жинайды, кестелер мен диаграммалар құрып, салыстырады.

Көпшілік оқушылар:

• ұсынылған дерек түрлерін жүйелейді.

Кейбір оқушылар:

• өздігінен таңдалған дерек түрлерін жүйелейді.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады:

• деректер жинау үшін сауалнама жинауды, деректерді қорытындылауды.

Пəндік лексика жəне терминология.

Диаграмма, кесте, деректер.

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын сөйлемдер. Талқылау.

Топ қатысушыларына сауалнама жүргізіңіз.

Деректерді кестеге жинаңыз.

Жазу.

Кестені толтыру.

Тірек білім

Деректер жинау, жүйелеу, кестелер мен диаграммалар құру.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-əрекет

Ресурстар

0–3

Ынталандыру.

Мұғалім оқушылармен бірге туған өлке жетістіктерін талқылайды. Ол үшін оқушыларға диаграммада, кестеде, графиктерде берілген қандай да бір жетістіктер туралы ақпарат табуға тапсырма берілген болатын. Оқушылар əртүрлі тəсілдермен ұсынылған ақпаратты таба білу маңызды екенін атап өтеді.

Диаграммаларда, кестелерде, графиктерде берілген ақпарат.

4–6

Өзектендіру.

Оқулықтағы 1-тапсырма топпен орындалады.

Оқушылар өздігінен əрекет түрлерін топ ішінде бөлісіп, өз тобында кімге қандай жеміс ұнайтыны жөнінде сауалнама жүргізеді.

Оқулық.

7–11

Мақсат қою (проблемалық жағдаят).

Деректерді өңдеу ретінде оқушылар белгілі бір жеміс түрін ұнататын оқушылар санын көрсететін диаграмманың қандай да бір түрін құруды ұсына алады.

12–29

Бағалау критерийі:

Сауалнама жүргіземін.

Деректерді кестеге жинаймын.

Диаграмма құра аламын.

Диаграммадағы деректерді салыстыра аламын.

Қиындықтарды түзету.

Топпен тапсырмаларды талқылау жəне қорғау кезінде жүргізіледі. Оқушылар дəптерде 2-тапсырманы орындайды, сыныптастарына сауалнама жүргізіп, мəліметтерді Кэролл диаграммасына жинап, бүкіл топ бойынша осындай деректерді жинауға тырысады.

Сауалнамаға арналған бланкілер, қағаз, маркерлер.

30–40

Өтілген материалмен жұмыс.

Оқушылар оқулықтағы 4-тапсырманы орындайды.

Өзіндік жұмыс.

22+18 23+13 57+16 55+35

41+19 24+17 36+25 39+54

23+27 25+18 49+21 25+48

44+16 28+34 28+67 46+54

56+42 59+35 36+64 28+58

53+37 64+27 25+26 64+35

26+45 58+42 48+33 47+46

29+62 31+58 23+66 27+73

Қиындықтарды түзету.

Қателік жіберген оқушылармен жүргізіледі. Ол үшін оқушылар өздігінен осындай өрнектерді құрып, олардың мəндерін табады.

41–45

ҰНМС– формула. Бұл əдіс танымдық əрекетті қалыптастыруға ықпал етеді.

Ұ – ұстаным. «Мен ... есептеймін».

ҰНМС–

формула жазылған

Н – негіздеме. «Өйткені ...».

М – мысал. «Мысалы ...».

С – салдар. «Өйткені ...».

Формуламен жұмыс істей отырып, оқушылар өздерінің көзқарасын тұжырымдаумен қатар, оны кезең-кезеңмен сауатты түрде қорғау мен дəлелдеуді үйренеді.

карточкалар.

62-сабақ. Кестелер жəнедиаграммалар

Тақырыбы:Менің қаламдағы көлік түрлері

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

2-сынып:

Қатысқандардың саны:

Қатыспағандардың саны:

Оқу мақсаттары

2.5.2.5.Деректер жинау, жүйелеу, кестелер мен диаграммалар құру.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар:

• деректер жинайды, кестелер мен диаграммалар құрып, салыстырады.

Көпшілік оқушылар:

• ұсынылған дерек түрлерін жүйелейді.

Кейбір оқушылар:

• өздігінен таңдалған дерек түрлерін жүйелейді.

Тілдік мақсаттар

Оқушыларорындайалады:

• деректер жинау үшін сауалнама жүргізуді, деректерді қорытындылауды.

Пəндік лексика жəне терминология.

Диаграмма, кесте, деректер.

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын сөйлемдер.

Талқылау.

Топ қатысушыларына сауалнама қою.

Деректерді кестеге жинаңдар.

Деректерді өңдеп, талдаңдар.

Жазу.

Кестелерді толтыр.

Тірек білім

Деректер жинау, жүйелеу, кестелер мен диаграммалар құру.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-əрекет

Ресурстар

0–3

Ынталандыру.

Мұғалім Қазақстан қалалары туралы сұхбат жүргізеді. Оқушылар республика астанасын атайды, білетін қалалары туралы айтады, үлкен қалалар мен шағын қалалардың айырмашылықтарын атайды. Сұхбат барысында мұғалім оқушыларды қалалар туралы ақпаратты кестелер мен диаграммаларда көрсетуге болады деген қорытындыға əкеледі.

Қазақстан қалаларының фотосуреттері.

4–6

Өзектендіру.

Топта орындалады. Оқушылар сауалнама тақырыбын

ойластырады, мұғалім ұсынылған кестені толтырады, деректерді жүйелеп, қорытады. Əр топтан бір өкілден жүргізілген жұмыс нəтижесі туралы сөз сөйлейді.

7–11

Мақсат қою (проблемалық жағдаят).

Оқушылар оқулықтағы 1-тапсырма суреттері бойынша мұғалімнің сұрақтарына жауап беріп, мектепке дейін жолда қандай көлік түрлерін жəне нешеуін жолықтырғанын еске түсіріп, диаграмма құрады. Оқушылар оқулықтағы 2-тапсырманы дəптерге орындайды.

Оқулық.

12–29

Өзіндік жұмыс.

3-тапсырманы дəптерге орындайды.

Бағалау критерийі:

Тапсырмада берілген сандарға талдау жүргіземін.

Деректерді кесте-диаграммаға жинаймын.

Əрбір жиынның элементтер санын санай аламын.

Диаграммадағы деректерді салыстыра аламын.

Дəптер.

30–40

Өтілген материалмен жұмыс.

Дəптердегі 4-тапсырмада оқушылар қатырғықағаздың əр түсті парақтарын цифрлармен белгілеп, 2 түстің барлық ықтимал үйлесімдерін жазады. Дəптердегі 5-тапсырмада оқушылар төменгі дөңгелектерге жазылған екі көршілес санды қосып, жоғарыдағы дөңгелекке нəтижені жазады.

Дəптер.

41–45

Рефлексия.

Ал қазір ойланып, өздерің үшін шешім қабылдап, сабағымызды бағалаңдар.

Егер сабақ нəтижесіз, қызықсыз өтті десеңдер, дəптердің бос шетіне үшбұрыш суретін салыңдар. Егер өздеріңе пайдалы бір нəрсені тапсаңдар, шаршы суретін салыңдар.

Егер бүгін сендер маңызды іске қатысып, тəжірибе алып, қанағаттандым деп есептесеңдер, дөңгелектің суретін салыңдар.

63-64-сабақтар. Өзіңді тексер! 2С бөлімі бойынша жиынтық жұмыс.

Оқушыларды 2С бөлімі бойынша жиынтық жұмыс жүргізуге дайындайды.

Оларға жұмыс мақсаттары мен оны орындау ережелері түсіндіріледі. Жиынтық жұмысты жүргізген кезде достық қарым-қатынас пен тыныштық жағдайы сақталады.

Осы сабақтың мақсаты: сен мақсатыңа жеткенінді тексер:

Мен:

  • Көрсетілген негіз бойынша жиынды бөлуді жəне құрастыруды, жиын мен оның элементтерін латын əліпбиімен белгілеуді;

  • элементтердің жиынға тиісті жəне тиісті еместігін анықтауды, жиындардың бірігуі мен қиылысуын, тиісті, тиісті емес элементтің (∈ жəне∉ белгілерін қолдануды;

  • жиынды диаграмманың көмегімен белгілеуді;

  • ақиқат жəне жалған пікірлерді ажыратуды, ақиқат жəне жалған пікірлерді құрастыруды;

  • қоршаған ортадағы заттардан«үш-үштен» комбинациялар нұсқаларын құрастыруды;

  • деректер жинауды, жүйелеуді, кестелер мен диаграммалар құрудыүйрендім.

3А бөлім. Геометриялық фигуралар жəне олардың өзара орналасуы Бұл бөлімде оқушылар:

  • бұрыштардың түрлерін ажыратуды жəне атауды (тік, сүйір, доғал) / тіктөртбұрыштың, шаршының, тікбұрышты үшбұрыштың маңызды ерекшеліктерін;

  • көпбұрыштарды жүйелеуді;

  • фигураның орнын, бағытын жəне қозғалысы туралы нұсқаулық бойынша нүктелік қағазға геометриялық фигураларды, кесінділер мен түзулерді сызуды;

  • тік бұрыш сызуды;

  • берілген заңдылық бойынша тізбекті құруды, тізбектегі заңдылықтың бұзылуын табуды үйренеді.

65-сабақ. Бұрыш түрлері. Көпбұрыштар

Тақырыбы: Спорт жəне туризм денсаулықты нығайтады.

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

2-сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқыту мақсаттары

2.3.1.1. Бұрыштардың түрлерін (тік, сүйір, доғал)ажырату жəне атау; тіктөртбұрыштың, шаршының, тікбұрышты үшбұрыштың маңызды ерекшеліктерін анықтау.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар:

• бұрыштардың түрлері (тік, сүйір, доғал) мен фигуралардың түрлерін (тіктөртбұрыш, шаршы) танып біледі.

Көптеген оқушылар:

• фигуралардағы бұрыштардың түрлерін танып біледі жəне құрайды. Бұрыштар (тік, сүйір, доғал), тіктөртбұрыштың, шаршының, тікбұрышты үшбұрыштың маңызды ерекшеліктерін ажырата алады.

Кейбір оқушылар:

• фигураларды түрлі белгілері бойынша жүйелейді.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады:

• тіктөртбұрыштың, шаршының, тікбұрышты үшбұрыштың маңызды ерекшеліктерін.

Пəндік лексика жəне терминология: бұрыштардың түрлері (тік, сүйір, доғал) жəне фигуралардың түрлері (тіктөртбұрыш, шаршы, тікбұрышты үшбұрыш).

Диалог/жазбаша жұмысқа қажетті пайдалы фразалар топтамасы Талқылау:

  • Тақтадағы фигураларды қандай екі топқа бөлуге болады?

  • Əр топтың фигураларына не ортақ?

Жазу:

Фигуралар мен бұрыштардың атаулары.

Тірек білім, білік, дағдылар

Геометриялық фигуралар.

Жоспар

Жоспарланған уақыт (минут)

Жоспарланған іс-əрекет

Ресурстар

0–3

Ынталандыру.

  • Бүгін біз денсаулығымызға таза ауада серуендеудің қандай пайда əкелетіні туралы əңгімелесеміз.

–Демалыс күндері отбасымен, достармен қайда баруға болады?

–Бүгін біз тауға жорыққа шығамыз.

  • Серуенге дайындалу үшін ауызша санаймыз.

–Тапсырма бойынша қажетті жауапты таңдаңдар.

  1. Қай санда 7 ондық, 2 бірлік бар?

  2. 8 жəне 7 сандарының қосындысы.

  3. 16-дан 8-ді азайт.

  4. 37 санының алдында тұрған санды атаңдар.

  5. 48-ден кейін тұрған санды атаңдар.

  6. 27 жəне 6 сандарының айырмасы.

  7. Егер 5 ондыққа 2 ондықты қосса қанша болады?

  8. 42 санынан 5-уі артық сан қандай?

  9. Қай санның 59-дан 6-уы кем?

  • Сандарды кему, өсу ретімен қойыңдар.

  • Кему реті деген нені білдіреді?

  • Ең үлкен саннан ең кіші санға қарай.

Оқушылар кезекпен тақтаға шығады жəне дұрыс жауабы бар карточканы таңдайды. (Жауаптар жазылған карточкалар алдын ала тақтаға ретсіз жапсырылған жəне қосымша жауаптар да берілген.) –72(Г), 15(Е), 8(О), 36(М), 49(Е), 21(Т), 70(Р), 47(И), 53(Я).

  • Қандай сөз шықты? (Геометрия)

  • Математиканың бұл бөлімі нені зерттейді? (Фигуралар жəне олардың қасиеттері)

Өрнектер жазылған карточкалар.

4–6

Өзектендіру.

Серуеннің бағытын нақтырақ құру үшін сызбаны зерттейміз.

(Карточкадағы сурет)

–Мына сызбадан қандай фигураларды көріп тұрсыңдар?

–Үшбұрыштарды табыңдар. Олардың саны қанша?

  • Бірдей үшбұрыштар қанша?

  • Шаршылар қанша? Олар бірдей (тең) ме?

  • Мұнда басқа да фигуралар бар ма? Қандай? Барлығы қанша фигура бар?

(Төртбұрыштар, үшбұрыштар.)

Оқушылар тақтаға шығып, фигураларды көрсете отырып санайды.

Тақтадағы фигуралары бар карточкалар.

7–11

Мақсат қою (проблемалық жағдаят)

Карточкадағы фигураларды қарауды ұсынады.

–Тақтадағы фигураларды қандай екі топқа бөлуге болады? (Бұрышты жəне бұрышы жоқ фигуралар.) Мұғалім бұрышы жоқ фигураларды алып қояды. –Қалған фигураларды қандай үш топқа бөлуге болады?

(Үшбұрыштар, төртбұрыштар, бесбұрыштар.) – Əр топтың фигураларына не ортақ? (Бұрыштары мен қабырғаларының саны.)

– Бұл фигуралардың қанша бұрышы бар?

(Бесбұрыштардың –5бұрышы, төртбұрыштардың – 4 бұрышы, үшбұрыштардың – 3 бұрышы бар.)

–Қалай ойлайсыңдар, біздің серуеніміз қандай тақырыпқа арналады?

Тақтадағы фигуралары бар карточкалар.

12–29

Жаңаны ашу.

Оқулық, қағазпарақ,

–Бұрыш дегеніміз не?

(Бұрыш – бұл бір нүктеден шыққан əртүрлі екі сəуледен құралған геометриялық фигура).

Бұрыштың сəулелері қабырға деп аталады. Ал сəулелердің түйісетін нүктесі төбе деп аталады.

Қорытынды жасаймыз: Бұрыш –бұл ...

  • Қазір əрқайсысың қағаз парағынан тік бұрыштың моделін жасайсыңдар. №2 практикалық жұмыс. Бұрышты қалай жасайтынын оқулықтан қарауға болады. (Орындай алмаған оқушыларға көмек көрсетіледі.)

  • Өздерің жасаған тік бұрыштың моделін көрсетіңдер.

  • Суреттегідей парақты жазыңдар.

  • Бұрыштардың қабырғасын жəне төбесін көрсетіңдер.

  • Өз парталарыңнан тік бұрыштың моделін көрсетіңдер.

–Қандай бұрыш екенін қалай анықтауға болады?

(Мұны қалай жасайтынын тақтада жəне сызбада көрсетеді.)

Сызбадағы үшбұрышты қарастырыңдар. Оның бір бұрышының тік екеніне көздерің жетті. Бұрыш моделінің көмегімен осы үшбұрыштың басқа бұрыштары да тік болатын, болмайтынын анықтаңдар.

  • Сендер бүктеген қағаздан неше бұрыш шықты?

Үшбұрыштың сызбасына қарауды ұсынады.

  • Тік бұрыштан кіші бұрыш қалай аталады?

  • Тік бұрыштан үлкен бұрыш қалай аталады?

Түсіндіре отырып алғашқы бекіту.

Оқулықтағы 1-тапсырма талқыланғаннан кейін, суретке қарау ұсынылады.

(Ұқсас сызба алдын ала тақтада орындалады.)

Мұғалім фигуралардың əр бұрышының түрін анықтауды, сүйір, тік, доғал бұрыштарды өз бетімен табуды ұсынады. Бұдан кейін тексерумен жұптық жасау орындалады.

Өзіндік жұмыс.

Мұғалім дəптердегі 1-тапсырманы орындамас бұрын бағалау критерийін оқуды ұсынады.

Бағалау критерийі

«Бұрыш түрлерін білемін» - бұрыштар тік, сүйір жəне

жинақ полотносы.

доғал болады.

«Бұрыш түрлерін анықтай аламын» - үшбұрышты сызғыштың көмегімен бұрыштың түрін анықтауға болады. «Барлық бұрышы тік көпбұрыштардың атауын білемін» - бұл тіктөртбұрыш жəне шаршы, тік бұрышы бар үшбұрыштар.

Бұдан кейін оқушылар өзің-өзі бағалаумен өз бетімен жұмыс жасайды.

30–40

Жаңаны қолдану.

Дəптердегі 2-тапсырма – тексере отырып орындалатын өзіндік жұмыс.

Өткенді қолдану.

Мұғалім əрбір оқушыға арналған сараланған жұмыс ұйымдастырды (мұғалім тапсырманы таңдайды), бұл есептеуге берілген тапсырма (жылдамдыққа) мүмкін немесе үлгі бойынша тексерумен баған түрінде есептеу болуы мүмкін.

Немесе есеп шығаруға берілген №3 тапсырма.

Оқулық. Дəптер.

41–45 Л

Рефлексия.

–Сабақтың басында өзіміздің алдымызға қандай мақсаттар қойдық?

  • Бұл мақсаттарға жете алдық па?

  • Қиындықтар болды ма?

  • Оларды еңсере алдыңдар ма?

  • Бүгінгі сабақ несімен қызық болды?

Өз жұмысын жетістік сызғышының көмегімен бағалау ұсынылады.

Жетістіктер жолағы