Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2 сынып матем ҚМЖ (1).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.73 Mб
Скачать

1В бөлім. Сандармен амалдар орындау. Есептер

Бұл бөлімнің негізгі мақсаты оқушыларға:

  • 100 көлемінде бір таңбалыжəне екі таңбалысандарды ондықтан аттап ауызша қосу мен азайтуды орындауды;

  • бір таңбалы сандарды ондықтан аттап қосу кестесін қолдануды;

  • екі таңбалы сандарды оқуды, жазуды жəне салыстыруды, екі таңбалы сандарды ауызша қосуды жəне азайтуды орындауды;

  • екі-үш амалдан тұратын, жақшалы жəне жақшасыз өрнектердің мəнін табуды;  тиімді есептеу үшін қосудың ауыстырымдылық, терімділік қасиеттерін қолдануды;  кесте, сызба, қысқаша жазу түрінде бір-екі амалды есепті модельдеуді үйрету.

6-сабақ. Ондықтан аттап қосу

Тақырыбы: Менің қызығушылығым.

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаттары

2.1.2.5.** бір таңбалы жəне екі таңбалы сандарды ондықтан аттап қосу жəне азайту тəсілін қолданып 100 көлеміндегі сандарды ауызша қосу жəне азайтуды орындау

Сабақтың

мақсаттары

Барлық оқушылар үшін: ондықтан аттап қосу тəсілін білу.

Бірқатар оқушылар үшін:

ондықтан аттап сандарды жəне шамаларды (ұзындығы) қосу тəсілін түсіндіру жəне осы негізде екі таңбалы жəне бір таңбалы сандарды қосуды орындау.

Кейбір оқушылар үшін:

разрядтан аттап бір таңбалы жəне екі таңбалы сандарды ауызша қосуды қалай орындауға болатынын түсіндіру.

Тілдік мақсаттар

Пəндік лексика жəне терминология:ондық, қосу, азайту, қосылғыш, қосынды, азайғыш, азайтқыш, айырма, санның құрамы, 10 санына толықтыру.

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл. Талқылау:

Қосылғыштарды қалай жіктеген тиімді?

Қай қосылғышты қосындысымен алмастырған тиімді?

8+7 қосу тəсілін түсіндіре аласың ба?

Тірек білім, білік, дағдылар

Қосу жəне азайту, бір таңбалы санның құрамы, 11-20 сандарының разрядтық қосылғыштары.

Жоспар

Жоспарланған уақыт (минут)

Жоспарланған іс-əрекет

Қоры

0–3

Ынталандыру.

Ауызша есептеу бойынша аз уақытқа жарыс ұйымдастыру.

Оқушыларға ауызша ойша есептеудің маңызы түсіндіріледі.

Сан қиықшалары

4–6

Белсендіру.

2–9 сандарының құрамы, 10 санына толықтыру, 1 онд. = 1 бірл, 1 дм = 10 см, 11–20 сандарының разрядтық қосылғыштары қайталанады.

Мына түрдегі мысалдар беріледі:

5+5+2 6+4+3

7–11

Мақсатты бекіту (мəселелі жағдаяттар).

8+6 5+9 4+8 түріндегі мысалдар ауызша есептеледі.

Оқушылар қосудың жаңа тəсілімен танысады.

– Сабақтың мақсаты қандай? (Ондықтан аттап қосу,

6+7 түрдегі мысалдарды есептеу)

Жаңаны ашу.

Топпен жұмыс барысында оқушылар қосудың жаңа тəсілін бір-біріне түсіндіреді.

8+5 тəсілін түрлі түсті бояумен (оқушылар түрлі түсті фишкаларды салады жəне пайдаланады) көрсету сұралады.

Топтық жұмысты ұйымдастыру барысында сандық кесінділер таратады.Осыған ұқсас жұмысты

Оқулық, сызғыш, жолақтар.

Сабақтың презентациясын қолдану

12–29

ұзындықтардықосу арқылы жүргізеді. Кесінділерді сызғышпен өлшеп, олардың ұзындықтарының қосындысын табу ұсынылады.

Бұдан əрі оқушылар 8+5 тəсілін қарастырады. Мұғалім 8+5 жəне 18+5 өрнектерін салыстырып, олардан ұқсастықты анықтауды сұрайды. Оқушылар олардағы бірліктердің саны бірдей екенін байқаулары қажет.

- 18-ге бесті қалай қосуға болады? 18 – бұл 10 жəне 8.

Оқушылар тəсілді көрсетеді:

18+5=10+5+8=10+8+5=10+13=23.

Бұдан кейін осыған ұқсас 28+5, 38+5 жəне т.с.с. Ізденушілік тапсырма ретінде бөліктеп қосу тəсілін түсіндіруді ұсынуға болады: 18+5=18+2+3=23. Тура осы тəсілді көпшілік оқушылар қолданады. Бұл сабақта мұғалім əртүрлі тəсілмен есептеуді орындау мүмкіндігін көрсетуі қажет.

Түсіндіре отырып алғашқы бекіту.

Оқулықтағы №2 тапсырманы түсіндіре отырып қарастырады. Өздік жұмыс.

Жұмыс дəптерінен №1 мысалда сан қосылғыштарға жіктеліп, толық ондыққа толықтырылады.

Қосудың жаңа тəсілінің сызбасы тақтаға ілінеді.

Оқушылар қосу тəсілін түсіндіре отырып шығарады. Үлгерімі жоғары оқушыларға азайту амалымен тексеру беріледі.

30–40

Жаңаны қолдану.

Сызба бойынша есептер құрастыруды сұрайды. Мысалы:

Сызбада қосудың жаңа тəсілін қолдануға мүмкіндік беретін сан көрсетіледі. Бақа тапсырма да ұсынуға болады. Мысалы:

Сызба бойынша өрнек құрастыр:

(5+8)+3

Немесе

Қысқаша жазылуы бойынша есеп құрастыр:

Қызыл — 7 қарындаш

Жай қарындаш — ?, 5-еуі артық ? қарындаш

Мұғалім есеппен жұмыс жасау барысында есепті шешудің алгоритмін естеріңе түсірулерін сұрайды:

  1. Мəтінді оқу. ↓

  2. Сызба немесе қысқаша жазылуын жасау.

  1. 1-амалды орындау.

  2. 2-амалды орындау.

  1. Есептеу. ↓

6. Жауабын жазу.

Оқушылар бір-бірін бағалайды:

Біліктер

Баға

1

Есептің мазмұнын түсінемін.

2

Есептің сызбасын құрай аламын.

3

Есептің шешу амалын табамын.

4

Есепті шешу алгоритмін рындаймын.

Өткенді қолдану.

Оқулықтан № 3,4 жəне жұмыс дəптерінен №3-5 тапсырмалар мұғалімнің қалауы бойынша беріледі. Өздік жұмыс мұғалімнің қалауы бойынша беріледі. Мысалы оқулықтағы жəне жұмыс дəптердегі №4тапсырма орындалады.

41–45

Рефлексия.

Оқушы өз біліктерінің мақсатқа сай екенін салыстырады, осы сабақта оқушы:

  • ондықтан аттап қосу тəсілін түсінеді;  ондықтан аттап қосу тəсілін түсіндіреді;

  • ондықтан аттап қосу тəсілін орындайды.

Жетістіктер жолағы

7-сабақ. Ондықтан аттап азайту

Тақырыбы:Менің қызығушылығым.

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқудың мақсаттары

2.1.2.5.** бір таңбалы жəне екі таңбалы сандарды ондықтан аттап қосу жəне азайту тəсілін қолданып 100 көлеміндегі сандарды ауызша қосу жəне азайтуды орындау

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар үшін: ондықтан аттап азайту тəсілін білу.

Бірқатар оқушылар үшін:

ондықтан аттап сандарды жəне шамаларды (ұзындығы) азайту тəсілін түсіндіру жəне осы негізде екі таңбалы саннан бір таңбалы санды азайтуды орындау.

Кейбір оқушылар үшін:

100 көлеміндегі бір таңбалы сандардыондықтан аттап қосу жəне азайту тəсілін26+9, 35–9 түріндегі жағдайларда қолданады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады:

Ондықтан аттапқосу жəне азайту тəсілін түсіндіре алады.

Пəндік лексика жəне терминология: ондық, қосу, азайту, қосылғыш, қосынды, азайғыш, азайтқыш, айырма, санның құрамы, 10-ға толықтыру. 10-нан азайту.

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл. Талқылау:

Қай қосылғышты жіктеу тиімді?

Азайтқышты қандай екі қосылғышқа жіктеген ыңғайлы, неліктен?

15–9, 25-9 азайту тəсілін түсіндіре аласың ба?

Жазба жұмыс:

15–9, 25-9 түріндегі азайту тəсілін жаз

Тірек білім, білік, дағдылар

Қосу мен азайтудың бұрын үйренген тəсілдері

Жоспар

Жоспарланған уақыт (минут)

Жоспарланған іс-əрекет

Қоры

0–3

Ынталандыру.

Ауызша есептеу жаттығуларын ұйымдастыру үшін қысқаша жарыстарды қолданыңыз.

Ойша жылдам есептеудің маңыздылығын атап көрсетіңіз. Ауызша есептеу үшін интернет-қорды немесе сандар жазылған қиықша, желпуіш тəрізді кері байланыс ойындарын қолдануға болады.

Сандар жазылған қиықшалар, желпуіштер

4–6

Белсендіру.

2–10 сандарының құрамын, 1онд. =1бірлік, 1дм=10см қатынастарын,11–20 сандарының разрядты қосылғыштарға жіктелуін қайталаңыздар.

15–5–2 16–6–3 түріндегі мысалдарды кіргізіңіздер.

Сандар құрамы жазылған плакаттар

7–11

Мақсат қою (мəселелі жағдаяттар).

18–9 15–7 14–8 мысалдарын жылдам шығаруды ұсыныңыз.

Оқушылар азайтудың жаңа түріментанысады. –Сабаққа қандай мақсат қоямыз? (16–7 түріндегі мысалдарды ондықтан аттапшығаруды үйрену.)

12–29

Жаңаны ашу.

Есептеу материалының (есеп таяқшалары немесе екі түсті үрме бұршақ) көмегімен 15–8 азайтуын орындауды ұсыныңыз. Топта жұмыс жасай отырып оқушылар қиындықтан шығу жолын ұсынады – мұндай жағдайда азайтуғакөмектесетін əдісті ойлап табуы мүмкін.

Оқушылардан қандай өзектендіру біліміне сүйенетіндерін негіздеуді өтініңіз, яғни мұғалім оқушылардың қандай тəсілдерді негізге алатындарын сұрастырады. Оқушылардан азайту тəсілі мен оның тексеруін түрлітүсті маркерлермен түсіндіруді ұсынады.

Осындай жұмыстан кейін азайту тəсілін қорытындылайды жəне 12-8жəне 22-5 түріндегі азайтуды орындауды ұсынады.

Өткен сабаққа ұқсас оқушылар өрнектерді салыстырады.

Ұқсастықты анықтайды. Содан кейін есептеуді түсіндіреді. Мысалы: 22-5. 22 – бұл 10 жəне 12. 12-ден 5-ті азайтып, шыққан нəтижеге 10-ды қосуға болады.

(10+12)-5=10+(12-5)= 10+(12-2-5)=15

Мұндай жұмыстан кейін азайту тəсілдерін жалпылаңыз жəне оқушыларға амалдарды тексеру ережесін тұжырымдауды ұсыныңыз:

Азайтуды қосу арқылы тексеруге болады.

Қосуды азайту арқылы тексеруге болады.

Осы сияқты жұмысты ұзындықты азайтуға қолданыңыз. Сызғышқа тақап қою арқылы кесінділердің айырмасын табуды ұсыныңыз.

Түсіндіре отырып алғашқы бекіту.

№2 тапсырманың бір бағанын орындаңдар. Түсіндіре

Есептеу таяқшалары немесе екі түсті

үрме бұршақ

Оқулық, дəптер.

Сабақтың презентациясын қолдану

отырып есепте. Қалай тексеруге болады?

Өздік жұмыс.

№ 2 тапсырманың 2-3 бағандарын орындауды ұсыныңыз.

12 – 9 =

Тексеру:

Үлгі бойынша өзін-өзі тексеруін ұйымдастырыңыз. Оқушылар азайту мен оны тексеруді орындайды. Ары қарай жетістік жолағы бойынша өзін-өзі бағалау жүргізіледі:

Бағалау критерийлері:  азайтқышты екі қосылғышқа жіктеймін, оның біреуі азайғыштың бірлігіне тең болады;

  • бөліп-бөліп азайтамын;

  • қосу арқылы тексеремін.

30–40

Жаңаны қолдану.

4-тапсырманы орындауды ұсынады.

Оқушыларға мына түрдегі мысалдарды ұсынады:

26+9, 35–9

Өткенді қолдану.

№3 тапсырма мен кері есеп құрастыру көбінесе өз бетінше орындалуы мүмкін.

Өздік жұмыс. №1,4 тапсырмаларды баспадан шыққан жұмыcдəптерінде орындау, ондықтан аттап қосу амалын меңгеруін тексеруге мүмкіндік береді.

Оқулық, дəптер

41–45

Рефлексия.

Оқушылар формативті бағалауға қатысады.

  • ондықтан аттап азайту тəсілін білемін;

  • ондықтан аттап азайту тəсілін жəне қосу арқылы тексеруді қолданамын;

  • 12-8, 22-5 түріндегі жағдайларда 100 көлемінде бір таңбалы сандардыондықтан аттап қосу жəне азайту тəсілін қолданамын.

Жетістіктер жолағы

8-сабақ. 11 санының құрамы.

Тақырыбы: Менің сүйікті ойындарым

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқудың мақсаттары

2.1.2.5. ** бір таңбалы жəне екі таңбалы сандарды ондықтан аттап қосу жəне азайту тəсілін қолданып 100 көлеміндегі сандарды ауызша қосу жəне азайтуды орындау

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар үшін:

Бір таңбалы екі саннан 11 санын құрайды жəне ондықтан аттап қосу жəне азайту тəсілдерін, сонымен қатар екі таңбалы санға бір таңбалы санды қосу жəне азайтудың ұқсас тəсілін қолданады

Бірқатар оқушылар үшін:

11 санының құрамы негізінде қосу жəне азайтуды, сонымен қатарекі таңбалы санға бір таңбалы санды қосу жəне азайтудың ұқсас тəсілін орындайды.

Кейбір оқушылар үшін:

11 санының құрамын екі немесе үш қосылғыштан құрастырады, қосу жəне азайту амалдарының өзара байланысы негізінде қосу жəне азайтуды түсіндіреді.

Екі таңбалы санға бір таңбалы санды қосу жəне азайтудың ұқсас тəсілін түсіндіреді.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады:

11санының екі бір таңбалы санға жіктелуін түсіндіре алады. Пəндік лексика жəне терминология: 11 санының бір таңбалы сандардан тұратын құрамы, қосу мен азайту компоненттері мен нəтижесі, қосу мен азайтудың байланысы.

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл.

Талқылау:

Қандай бір таңбалы екі саннан 11 санын құруға болатынын айтып бере аласың ба?11 саныныңқұрамын біле отырып, қосу мен азайтуды қалай орындауға болатынын түсіндіре аласың ба? 9+8, 19+8 жағдайында сандарды қалай қосатынын түсіндір.

15–7, 25-7өрнегіндегіазайтуды түсіндір.

Жазу:

11 санының құрамын жаз.

Тірек білім, білік, дағдылар

Ондықтан аттап қосу жəне азайту.

Жоспар

Жоспарланған уақыт(минут)

Жоспарланған іс-əрекет

Қоры

0–3

Ынталандыру. Ауызша есептеу жаттығуларын ұйымдастыру үшін қысқаша жарыс сəттерін қолданыңыз. Ойындарды сабақ тақырыбымен байланыстырыңыз: «Менің сүйікті ойындарым». Ойша жылдам есептеудің маңыздылығын атап көрсетіңіз, сондай-ақ ойын кезінде де. Ауызша есептеу үшін интернет-қорды немесе сандар жазылған қиықшалар мен желпуіштер тəрізді кері байланыс ойындарын қолдануға болады.

Сандар жазылған қиықшалар, желпуіштер

4–6

Белсендіру.

2–10 сандарының құрамын, 1онд. =1 бірлік, 1дм=10см қатынастарын, 11–20 сандарының разрядты қосылғыштарға жіктелуін қайталаңыз.

Ондықтан аттап қосу жəне азайту мысалдарын жуырда өткен тəсілге түсінік беруге пайдаланыңыз. Тақтаға түсті бор немесе маркермен жазба қалдырыңыз.

Сандар құрамы жазылған плакаттар

7–11

Мақсат қою (мəселелі жағдаяттар).

Оқушылардан 11 санының құрамын жылдам толтыруды өтініңіз. Алдын ала дайындалған заттарды топтарға немесе жұптарға таратыңыз. Бұл үйреншікті үйшіктер, шыршалар немесе жай ғана сандар қосындысы ретіндегі теңдіктер болуы мүмкін. 2-10 сандарының құрамын тез айтып шыққандары тəрізді 11 санының құрамын да бір таңбалы екі санмен жылдам жазуға тырысыңдар.

Тапсырманың орындалу нəтижесін тексергенде оқушылар айтылған уақытта орындап үлгермегендігі анықталады. Сабақтың мақсаты қалыптасады: 11 санының құрамын құрастыру, осы білімді қосу мен азайтуды орындауда қолдану.

12–29

Жаңаны ашу.

11 санының құрамын құрау бойынша тəжірибелік жұмысқа үлестірмелі санау материалдарын пайдаланады. Осыдан кейін өткен сабаққа ұқсас үйренген тəсілін екі таңбалы санға бір таңбалы санды қосуға жəне осыған ұқсас азайту тəсілінеауыстырады.

Түсіндіре отырып алғашқы бекіту.

№1 тапсырма негізінде немесе оқушыларға құрастырылған үлгі – 11 санының құрамына арналған үйшіктер негізінде түсініктеме беріңдер немесе санның құрамын жазыңдар.

Өздік жұмыс.

№2 тапсырманы жұмыс дəптерден орындауды ұсыныңыз. Кестелерді толтыр.

10 жəне 11 сандары құрамын қамтитын мысалдар төрттігін құрастыр.

Бағалау критерийлері:

  • екі қосылғыштан 11 санын құрастырамын;

  • 11 санының құрамын пайдалана отырып, қосу мен азайтуға мысалдар келтіре аламын.

Мозаика немесе екі түсті үрме бұршақ.

Оқулық, дəптер.

Сабақтың презентациясын қолдану

30–40

Жаңаны қолдану.

Оқулықтағы 2, 4-тапсырмалар алынған білімді қолдануға берілген. №2 шамаларды қосу, №4 өрнектерді салыстыру, мұнда үйренген тəсілдерге қоса əріпті өрнектер де енгізуге болады. 3б) тапсырманы да осы кезеңде орындауға болады.

Өткенді қолдану.

№3, а, ə - тапсырмалар. Өздік жұмыс.

№1,3,4 тапсырмалардың негізінде бұрын өтілген материалмен жұмыс ұйымдастыруға болады. Кейбір оқушыларға ойын ұйымдастырыңыз: үш қосылғыштан 11 санын құрастыр. Сандар жазылған қиықшаларды пайдаланыңыз. Топтағы оқушылар 3 адамнан сандардың қосындысы 11 болатындай қиықшалармен тұрсын.

Оқулық, дəптер

41–45

Рефлексия. Оқушылардың қолынан келетінін бағалаңыз:

  • Бір таңбалы екі саннан 11 санын құрастыру жəне ондықтан аттап қосу жəне азайту тəсілдерін қолдану;

  • 11 санының құрамы негізінде қосу жəне азайтуды орындау;

  • Екі жəне үш қосылғыштан 11 санының құрамын жасау, қосу жəне азайту амалдарының өзара байланысы негізінде қосу жəне азайтуды түсіндіру

Жетістіктер жолағы

9-сабақ. Бекіту.

Тақырыбы: Менің сүйікті ойындарым.

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқудың мақсаттары

2.1.2.5. ** бір таңбалы жəне екі таңбалы сандарды ондықтан аттап қосу жəне азайту тəсілін қолданып 100 көлеміндегі сандарды ауызша қосу жəне азайтуды орындау

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар үшін:

бір таңбалы сандарды ондықтан аттап қосу жəне азайтуды ауызша орындау, 11 санының құрамын білу.

Бірқатар оқушылар үшін:

бір таңбалы сандарды ондықтан аттап қосу жəне азайту тəсілін қолдану,11 санының құрамы негізінде қалай қосып, азайтуды білу.

Кейбір оқушылар үшін:

100 көлеміндегі бір таңбалы жəне екі таңбалы сандарды ондықтан аттап қосу жəне азайту тəсілін түсіндіреді.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады:Ондықтан аттап қосу жəне азайту тəсілін түсіндіруді,бір таңбалы екі саннан 11-ден 18-ге дейінгі сандарының құрамын жасауды.

Пəндік лексика жəне терминология: 11 санының бір таңбалы сандардан тұратын құрамы, қосу мен азайтудың нəтижесі жəне компоненттері, қосу мен азайтудың байланысы.

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл. Талқылау:

11 санын қандай екі бір таңбалы саннан құрауға болатынын атап бере аласың ба?

11 санының құрамын біле отырып қалай қосу мен азайтуды қалай орындайтынын түсіндіре аласың ба?

9+2, 19+2 жағдайында сандарды қалай қосатынын түсіндір.

21–3, 31-3өрнегіндегі азайтуды түсіндір.

Жазу:

11 санының бір таңбалы екі санға жіктелуін түсіндіру.

Тірек білім, білік, дағдылар

Ондықтан аттап қосу жəне азайту.

Жоспар

Жоспарланған уақыт (минут)

Жоспарланған іс-əрекет

Қоры

0–3

Ынталандыру.

Оқушыларға 11 санының құрамын жұптасып тұрып көрсетуді ұсыныңыз. Бұл үшін оқушылар 1–9 сандары жазылған қиықшалардан екеуін таңдап, тұрады. Оқушылар санның құрамы дұрыс таңдалғанын тексерулері керек. Содан соң қандай жағдайдың көп рет шыққанын бақылауға болады. Мұндай ойыннан кейін мұғалім оқушылардың 11 санының құрамын білудің маңыздылығы туралы қорытынды жасауына жетелейді.

Сандар жазылған қиықшалар

4–6

Белсендіру.

Оқулықтағы №1 тапсырма.Сурет бойынша қосу жəне азайтуға өзара байланысты теңдіктер жаз.

№4 тапсырма. Диаграммамен жұмыс санның құрамы мен есептер құрастыру біліктілігін бекітуге мүмкіндік береді.

– Диаграммаға қараңдар. Əр түстен қанша бөлік қолданылған? Диаграмма бойынша «Нешеуі….» деген сөзден басталатын сұрақтар құрастырыңдар. Диаграмма бойынша түрлі теңдіктер құрастырыңдар.

Осындай топтық жұмыстар 11 санының құрамын білуді

Сандар құрамы жазылған плакаттар, оқулық, мозаика

қолдана білуді өзектендіруге мүмкіндік береді. Бұл үшін түрлі түстердегі мозаиканы жəне диаграммалар жасау үшін дайындалған заттарды, маркер жəне алынған нұсқаларды тіркейтін қағаздарды таратыңыз.

7–11

Мақсат қою (мəселелі жағдаяттар).

Ондықтан аттапауызша қосу жəне азайтуды қолдану жəне 11 санының құрамын білудегі оқушының жеке қиыншылықтарын анықтау, түзету жұмыстарын жүргізу.

12–29

Өздік жұмыс.Дəптердегі №2 тапсырма.

Бағалау критерийлері:

  • 11 санының құрамына сүйене отырып, белгісіз компонентті дұрыс табамын;

  • амалдардың нəтижесі мен компоненттердің байланысын түсіндіріп бере аламын;  11 санының құрамын білемін.

Қиыншылықтарды түзету. Дəптердегі № 4 тапсырма арқылы өзін-өзі бағалаужүргізіледі. Санның құрамын есте сақтамағандар мен қосу жəне азайтудың байланысын түсінбегендер үшін осы ережелер мен амалдар тəсілдерін қайталау бойынша жұмыс ұйымдастырылады. Оқушылар ұқсас тапсырмаларды таңдай алады немесе өздері құрастыра алады.

Оқулық, дəптер

30–40

Өткенді қолдану.

Дəптердегі №1,3 тапсырмаларды өтілген сабақ бойынша жеке жұмыстар үшін қолданыңыз.

Өздік жұмысоқулықтағы №2 тапсырмаға кері есептер құрастыру бойынша жүргізіледі.

№5 тапсырма есептеу жылдамдығын тексеруге арналған.

Жарысу сəтін пайдаланыңыз.

оқулық, дəптер

41–45

Рефлексия. Формативті бағалауды жүргізіңіз. Сабақтың мақсаттары мен қол жеткен нəтижелерді салыстырыңыз.Оқушылардың қолынан келеді:

  • бір таңбалы сандарды ондықтан аттап қосу жəне азайтуды ауызша орындау,11 санының құрамын білу;

  • бір таңбалы сандарды ондықтан аттап қосу жəне азайту тəсілін қолдану,11 санының құрамы негізінде сандарды қалай қосып, азайтуды білу;

  • 100 көлеміндегі бі таңбалы сандарды ондықтан аттап қосу жəне азайтуды ауызша орындау.

Жетістіктер жолағы

10-сабақ. 12 санының құрамы.

Тақырыбы: Менің сүйікті ойындарым

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқудың мақсаттары

2.1.2.5. ** бір таңбалы жəне екі таңбалы сандарды ондықтан аттап қосу жəне азайту тəсілін қолданып 100 көлеміндегі сандарды ауызша қосу жəне азайтуды орындау

Сабақтың

мақсаттары

Барлық оқушылар үшін:

бір таңбалы екі саннан 12 санын құраужəнеондықтан аттап қосу жəне азайту тəсілін қолдану.

Бірқатар оқушылар үшін:

12 санының құрамының негізінде қосу жəне азайтуды, екі таңбалы санға бір таңбалы санды қосуды жəне осыған ұқсас азайту тəсілін орындау.

Кейбір оқушылар үшін:

Екі жəне үш қосылғыштан 12 санының құрамын жасау, қосу жəне азайту амалдарының өзара байланысын негізге алып қосу мен азайтуды түсіндіру.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады:

12 санының бір таңбалы екі санға жіктелуін түсіндіруді.

Пəндік лексика жəне терминология: 12 санының бір таңбалы сандардан тұратын құрамы, қосу жəне азайтудың нəтижесі мен компоненттері, қосу мен азайтудың байланысы.

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл. Талқылау:

Қандай бір таңбалы екі саннан 12 санын құрауға болатынын айтып бере аласың ба?

12 санының құрамын біле отырып, қосу мен азайтуды қалай орындайтынын түсіндіре аласың ба?

9+8 жағдайында сандарды қалай қосатынын түсіндір.

15–7 өрнегіндегі азайтуды түсіндір.

Жазу:

12 санының құрамын жаз.

Тірек білім, білік, дағдылар

Ондықтан аттап қосу жəне азайту.

Жоспар

Жоспарланған уақыт(минут)

Жоспарланған іс-əрекет

Қоры

0–3

Ынталандыру.Ауызша есептеу жаттығуларын ұйымдастыру үшін қысқаша жарыс сəттерін қолданыңыз. Ойындарды сабақ тақырыбымен байланыстырыңыз: Менің сүйікті ойындарым.

Ойша жылдам есептеудің маңыздылығын атап көрсетіңіз, сондай-ақ ойын барысында да.

Ауызша есептеу үшін интернет-қорды немесе сандар жазылған қиықшалар мен желпуіштер тəрізді кері байланысты ойындарды қолдануға болады.

Сандар жазылған қиықшалар, желпуіштер

4–6

Белсендіру.

2–10 сандарының құрамын, 1онд. =1 бірлік, 1дм=10см қатынастарын, 11–20 сандарының разрядты қосылғыштарға жіктелуін қайталаңыздар.

Жуырда өткен тəсілге түсініктеме беру үшін ондықтан аттап қосу мен азайтуға мысалдар қосыңыз. Тақтада түсті бор немесе маркерлермен жазба қалдырыңыз.

Сандар құрамы жазылған плакаттар

7–11

Мақсат қою (мəселелі жағдаяттар).

Оқушылардан 12 санының құрамын жылдам толтыруды өтініңіз.Топтарға немесе жұптарға алдын ала дайындалған заттарды беріңіз. Бұл үйреншікті үйшіктер, шыршалар немесе жай ғана сандар қосындысы ретіндегі теңдіктер болуы мүмкін. 2–10 сандарының құрамын тез айтып шыққандарың тəрізді 12 санының құрамын да бір таңбалы екі санмен жылдам жазуға тырысыңдар.

Тапсырманың орындалу нəтижесін тексергенде оқушылар айтылған уақытта орындап үлгермегендігі анықталады. Сабақтың мақсаты қалыптасады: 12 санының құрамын

құрау, осы білімді қосу мен азайтуды орындауда қолдану. Оқушыларға олардың əр сабақта қосу кестесін жасайтынын айтады.

12–29

Жаңаны ашу.

Осыдан кейін өткен сабаққа ұқсас үйренген тəсілін екі таңбалы санға бір таңбалы санды қосуға жəне осыған ұқсас азайту тəсілінеауыстырады.

Түсіндіре отырып алғашқы бекіту.

№1тапсырманың негізінде немесе оқушыларға жасалған үлгі – 12 санының құрамына байланысты үйшікке қарап, санның құрамына түсінік беріңіз немесе санның құрамын жасаңыз.

Өздік жұмыс.№2 тапсырманы тексере отырып орындайды.

Баспа дəптеріндегі №1 тапсырманы ұсыныңыз. Кестені

толтыр.

Бағалау критерийлері:

  • 12 (11) санының құрамын білемін;

  • екі қосылғыштан 12 (11) сандарын құрай аламын;

  • үш қосылғыштан 12 (11) сандарын құрай аламын.

Мозаика немесе екі түсті үрме бұршақ.

Оқулық, дəптер.

Сабақтың презентациясын қолдану

30–40

Жаңаны қолдану.

Оқулықтағы №4 тапсырма – теңдеуді шешу.

Дəптердегі №4 кестені толтырып, қосу кестесін еске түсіреді.

Өткенді қолдану.

№3 тапсырма. Есептерге сызбалар таңдайды жəне есептерді шығарады.

Өздік жұмыс.Бұрын өтілген материал бойынша өздік жұмысты дəптердегі №2, 3 тапсырмалар негізінде ұйымдастыруға болады. Кейбір оқушылар үшін мына ойынды ұйымдастыруға болады: үш қосылғыштан 12 санын құрастыр. Сандар жазылған қиықшаларды пайдаланыңыз. Топтағы оқушылар үш-үштен қолдарына қиықша ұстап тұрсын, қиықшадағы сандардың қосындысы 12 болсын.

Оқулық, дəптер

41–45

Рефлексия. Оқушылардың қолынан келетінін бағалаңыз:

  • бір таңбалы екі саннан 12 санын құрау жəне ондықтан аттап қосу жəне азайту тəсілдерін қолдану;

  • 12 санының құрамы негізінде қосу жəне азайтуды орындау;

  • 12 санының құрамын екі немесе үш қосылғыштан құрау,қосу жəне азайту амалдарының өзара байланысы негізінде қосу мен азайтуды түсіндіру

Жетістіктер жолағы

11-сабақ. Бекіту.

Тақырыбы: Менің сүйікті істерім (хобби).

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқудың мақсаттары

2.1.2.5. ** бір таңбалы жəне екі таңбалы сандарды ондықтан аттап қосу жəне азайту тəсілін қолданып 100 көлеміндегі сандарды ауызша қосу жəне азайтуды орындау

2.1.2.4. ** Бір таңбалы сандарды ондықтан аттап қосу кестесін құрастыру, білу жəне қолдану.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар үшін:

бір таңбалы сандарды ондықтан аттап қосу жəне азайтуды ауызша орындау;11–12 жағдайында бір таңбалы сандарды ондықтан аттап қосу кестесін құрастыру, білу жəне қолдану.

Бірқатар оқушылар үшін:

Түрлі тапсырмаларды орындау барысында 11–12 жағдайында бір таңбалы сандарды ондықтан аттап қосу кестесін қолдану, сонымен қатар екі таңбалы санға бір таңбалы санды қосуды жəне осыған ұқсас азайту тəсілін қолдану.

Кейбір оқушылар үшін:

58+9 45–9 түріндегі жағдайларда 100 көлеміндегі бір таңбалы сандарды ондықтан аттап қосу жəне азайтуды ауызша орындау.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады: есептеулер үшін қосу кестесін қалай қолдануға болатынын түсіндіруді. Пəндік лексика жəне терминология: 12санының бір таңбалы сандардан тұратын құрамы, қосу жəне азайту компоненттері мен нəтижесі,қосу мен азайтудың байланысы.

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл.

Талқылау:

Қандай бір таңбалы екі саннан 11, 12 сандарын құруға болатынын айтып бере аласың ба?

11, 12 сандарының құрамын біле отырып, қосу мен азайтуды қалай орындайтынын түсіндіре аласың ба?

9+4, 19+4 жағдайында сандарды қалай қосатынын түсіндір.

Қалай азайтатынын түсіндір: 15–7?25–9?

Жазу:

11,12 сандарының құрамын жаз.

Тірек білім, білік, дағдылар

Қосу жəне азайту тəсілдері.

Жоспар

Жоспарланған уақыт (минут)

Жоспарланған іс-əрекет

Қоры

0–3

Ынталандыру.

Сыныпты екі топқа бөліңіз: спортпен айналысуды ұнататындар жəне музыкамен, сурет салумен жəне өнердің басқа түрлерімен айналысуды ұнататындар. Бірінші бөліктегілер жұптасып, 11 санының құрамын, басқалары 12 санының құрамын көрсетсін. Сандар құрамының дұрыс алынғанын тексеру үшін оқушылар бір-біріне қарамақарсы тұруларына болады.

Содан кейін мұғалім басқа оқушылардың немен айналысатындарын біліп алуды ұсынады.

1–9 сандары жазылған қиықшалар

4–6

Белсендіру.

№1 тапсырма топта орындалады. Оқушылардың əрқайсысы немен айналысуды ұнататынын анықта. Оқушылардың қайсысы немен айналысатынын білу үшін жауап жəне мысал таңдау.

№1 тапсырманы орындау үшін қандай білімді қолдандыңдар? Барлығын орындай алды ма?Қосу кестесін қаншалықты жақсы есте сақтағандарыңды тексереміз.

Қате жібергендер бар ма?

Қосу кестесі

7–11

Мақсат қою (мəселелі жағдаяттар).

Сабақта бізге кестені, қосу жəне азайту тəсілін, 11-12 сандарының құрамын қайталау керек. Алдыңғы тапсырмаларда жіберген қателерімізді түзейміз.

12–29

Өздік жұмыс.

Оқулықтағы №2 тапсырманы өз бетінше орындауға бере аласыз. Мысалдар санына шек қойыңыз немесе оқушылармен бірге табыс критерийлерін жасаңыз. Осы тапсырманы тексеру оқушылардың қайсысына түзету жасау керектігін анықтауға мүмкіндік береді.

Қиындықтарды түзету.

Бұл үшін сан құрамына арналған дайын «үйшіктерді» немесе жауаптары жоқ қосу кестесін пайдаланыңыз.

Санның құрамын есте сақтауда қиындыққа тап болған оқушыларға есептеу материалдарымен тəжірибелік жұмыс жасауды немесе 11-12 сандарының құрамын бояуды ұсыныңыз.

Жауаптары жоқ қосу кестесі,оқулық, дəптер

30–40

Өткенді қолдану.

Есептерді шығар. Кері есептер құрастыр жəне оларды шығар. Есеп екі амалмен шығатындай етіп сұрақ қоя аласың ба?

Есептерді ондықтан аттап қосу жəне азайту тəсілдерін қолдана отырып шығару біліктілігін формативті бағалаңыз. Бағалау критерийлері:

  • есепті оқимын;

  • берілгені мен сұрақты талдаймын;

  • есептің моделін құрастырамын (сызбасын, қысқаша жазбасын);

  • шығару үшін амал таңдаймын;  шешуі мен жауабын жазамын.

Өздік жұмыс.

Оқулықтағы №4 тапсырма тиімді тəсілмен есептеледі.

Ыңғайлы есептеу үшін оқушылар қандай қасиеттерді қолданатынын анықтаңыз. Қосылғыштардың орнын ауыстыру, үлестірімділік қасиеті.

Оқулық, дəптер, есептеу материалы,санның құрамына арналған «үйшіктер»

Қосу кестесін қолдануға берілген тапсырмаларды оңай орындаған кейбір оқушылар үшін мынандай тапсырмалар беруге болады: 9+9,19+9,29+9 мысалдар қатарын жалғастыр. Қалай шығаруға болатынын айт. Қосуды тексеруге мүмкіндік беретін азайтуға мысал келтір.

41–45

Рефлексия. Оқушыларды өз жетістіктерінің дəрежесін бағалауға қатыстырыңыз. Олар орындай ала ма:

  • бір таңбалы сандарды ондықтан аттап қосу жəне азайтуды ауызша орындау;11–12 жағдайында бір таңбалы сандарды ондықтан аттап қосу кестесін құрастыру, білу жəне қолдану;

  • 11–12 жағдайында түрлі тапсырмаларды орындауда бір таңбалы сандарды ондықтан аттап қосу кестесін қолдану;

  • 58+9, 45–9 түріндегі жағдайларда бір таңбалы сандарды 100 көлеміндегі ондықтан аттап қосу жəне азайтуды ауызша орындау.

Жетістіктер жолағы

12-сабақ. 13 санының құрамы.

Тақырыбы: Менің сүйікті істерім (хобби).

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқудың мақсаттары

2.1.2.5.** бір таңбалы жəне екі таңбалы сандарды ондықтан аттап қосу жəне азайту тəсілін қолданып 100 көлеміндегі сандарды ауызша қосу жəне азайтуды орындау

2.1.2.4.** Бір таңбалы сандарды ондықтан аттап қосу кестесін құрастыру, білу жəне қолдану

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар үшін:

13 санын бір таңбалы екі саннан құрау жəне ондықтан аттап қосу жəне азайту тəсілін қолдану, 13 саныменбір таңбалы сандарды ондықтан аттап қосу кестесін жасау.

Бірқатар оқушылар үшін:

13 санының құрамы негізінде қосу жəне азайтуды орындау,сонымен қатар екі таңбалы санға бір таңбалы санды қосуды жəне осыған ұқсас азайту тəсілін қолдану.

Кейбір оқушылар үшін:

13 санының құрамын екі жəне үш қосылғыштан құрау, қосу жəне азайту амалдарының өзара байланысы негізінде қосу мен азайтуды түсіндіру.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады:

13 санының бір таңбалы екі санға жіктелуін түсіндіру.

Пəндік лексика жəне терминология: 13 санының бір таңбалы сандардан тұратын құрамы, қосу жəне азайту компоненттері мен нəтижесі,қосу мен азайтудың байланысы.

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл. Талқылау:

Қандай бір таңбалы екі саннан 13 санын құрауға болатынын айтып бере аласың ба?

13 санының құрамын біле отырып қосу мен азайтуды қалай орындауға болатынын түсіндіре аласың ба?

5+8, 25+8 жағдайында сандарды қалай қосатынын түсіндір.

13–7, 23-7өрнегіндегі азайтуды түсіндір.

Жазу:

13 санының құрамын жаз.

Тірек білім, білік, дағдылар

Ондықтан аттап қосу жəне азайту.

Жоспар

Жоспарланған уақыт (минут)

Жоспарланған іс-əрекет

Қоры

0–3

Ынталандыру.

Сыныпты екі топқа бөліңіз: шахмат ойнағысы келетіндер жəне қолөнерді таңдайтындар. Бір топ жұптасып 11 санының құрамын, ал екінші топ 12 санының құрамын көрсетсін. Оқушыларсандардың дұрыс таңдалғанын тексеру үшін бірбіріне қарама-қарсы тұруларына болады.

1-9 сандар жазылған қиықшалар

4–6

Белсендіру.

11 жəне 12 сандарының барлық құрамдарын қайталаңдар. Санның құрамы туралы білімді қалай пайдалануға болатынын түсіндіре отырып,өзара байланысты 4 (төрттік) мысал келтір.

Қосу кестесі

7–11

Мақсат қою (мəселелі жағдаяттар) .

Сынақ тапсырма ретінде шектеулі уақыт ішінде 13 санының құрамын жасауды ұсыныңыз. Сабақтың мақсатын қойыңыз:"13 санының құрамын ашу", қосу кестесіндегі осы қатарды толтыру.

12–29

Жаңаны ашу.

13 санының құрамын құрастыру тəжірибелік жұмысында үлестірмелі есептеу материалын пайдаланыңыз. Есептеу материалын дайындаңыз,сан құрамына арналған бос «үйшіктерді» ұсыныңыз. Топтарда 13 санының барлық құрамдарын жазуды ұсынады.

Осыдан кейін өткен сабаққа ұқсас үйренген тəсілін екі таңбалы санға бір таңбалы санды қосуға жəне осыған ұқсас азайту тəсілінеауыстырады.

Түсіндіре отырып алғашқы бекіту.

№1 материалында немесе оқушыларға құрастырылған үлгі- 13 санының құрамына арналған үйшіктер бойынша түсініктеме беріп, санның құрамын жасаңыз.

Оқушылардан тəсілдерді түсіндіріп, есептеулерді қалай тексеруге болатынын түсіндіруді сұраңыз.

Өздік жұмыс.

Дəптердегі №3 тапсырма:Сандардың құрамын жаз. 13 санының құрамының бір түріне өзара байланысты 4 мысал құрастыр.

Бағалау критерийлері:

 сандардың құрамын дұрыс жазамын (11,12,13);  жазу барысында бір түрді екі рет қайталамаймын;  мысалдар төрттігін құрастыра аламын.

Дəптер,есептеу материалы,сан құрамына арналған

«үйшіктер».

Сабақтың презентациясын қолдану

Жаңаны қолдану.

№3 есепті шығару жұмыстары жеке немесе жұптасыпорындалады. Кері есеп құрастыру барысында

Жауаптары жоқ қосу

кестесі,оқулық,

30–40

жарысу сəтін пайдаланыңыз. Үздік есептерді таңдаңыз. Неліктен осы есептердің мəтіні дұрысырақ екенін түсіндіріңіз.

Қосу кестесін 13-ке дейін толтыруға болады.

Өткенді қолдану.

№5 тапсырма есептеу жылдамдығын тексеру жəне оқушыларды жылдам есепке ынталандыруға арналады. №4 тапсырма. Диаграммамен жұмыс. Ойыншылардың аттары мен жасын атаңдар.

Өздік жұмыс.

Дəптердегі №1, 4 тапсырманы сараланған жұмысқа пайдаланыңыз.

дəптер

41–45

Рефлексия. Жетістік деңгейін бағалаңыз. Оқушылар орындай алады:

  • 13 санын бір таңбалы екі саннан құрау жəне ондықтан аттап қосу жəне азайту тəсілін қолдану, 13 санымен бір таңбалы сандарды ондықтан аттап қосу кестесін жасау;

  • 13 санының құрамы негізінде қосу жəне азайтуды орындау;

  • 13 санының құрамын екі жəне үш қосылғыштан құрау, қосу жəне азайту амалдарының өзара байланысы негізінде қосу мен азайтуды түсіндіру.

Жетістіктер жолағы

13-сабақ. 14 санының құрамы.

Тақырыбы: Менің сүйікті үй жануарларым.

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқудың мақсаттары

2.1.2.5. ** бір таңбалы жəне екі таңбалы сандарды ондықтан аттап қосу жəне азайту тəсілін қолданып 100 көлеміндегі сандарды ауызша қосу жəне азайтуды орындау

2.1.2.4.** Бір таңбалы сандарды ондықтан аттап қосу кестесін құрастыру, білу жəне қолдану.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар үшін:

14 санын бір таңбалы екі саннан құрау жəне ондықтан аттап қосу жəне азайту тəсілін қолдану, 14 санымен бір таңбалы сандарды ондықтан аттап қосу кестесін жасау.

Бірқатар оқушылар үшін:

14 санының құрамы негізінде қосу жəне азайтуды орындау.Cонымен қатар екі таңбалы санға бір таңбалы санды қосуды жəне осыған ұқсас азайту тəсілін қолдану.

Кейбір оқушылар үшін:

14 санының құрамын екі жəне үш қосылғыштан құрау, қосу жəне азайту амалдарының өзара байланысы негізінде қосу мен азайтуды түсіндіру.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады:

14 санының бір таңбалы екі санға жіктелуін түсіндіруді.

Пəндік лексика жəне терминология: 14 санының бір таңбалы сандардан тұратын құрамы,қосу жəне азайту компоненттері мен нəтижесі,қосу мен азайтудың байланысы.

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл. Талқылау:

Қандай бір таңбалы екі саннан 14 санының құралатынын айтып бере аласың ба?

14 санының құрамын біле отырып, қосу мен азайтуды қалай орындауға болатынын түсіндіре аласың ба?

6+8, 16+8 жағдайында сандарды қалай қосатынын түсіндір.

14–7, 24–7 өрнегіндегі азайтуды түсіндір.

Жазу:

14 санының құрамын жаз.

Тірек білім, білік, дағдылар

Ондықтан аттап қосу жəне азайту.

Жоспар

Жоспарланған уақыт (минут)

Жоспарланған іс-əрекет

Қоры

0–3

Ынталандыру.

Ауызша есептеу жаттығуларын ұйымдастыру үшін қысқаша жарыс сəттерін қолданыңыз.

Ойша жылдам есептеудің маңыздылығын атап көрсетіңіз. Ауызша есептеу үшін интернет-қорды немесе сандар жазылған қиықшалар мен желпуіштер тəрізді кері байланысты ойындарды қолдануға болады.

1-9 сандары жазылған қиықшалар, сандар жазылған желпуіш.

4–6

Белсендіру

11–13 сандарының барлық мүмкін жағдайларын қайталаңыз. Санның құрамын білуді қалай пайдалануға болатынын түсіндіре отырып, мысалдар төрттігін келтіріңіз.

Қосу кестесі

7–11

Мақсат қою (мəселелі жағдаяттар)

Сынақ тапсырма ретінде 14 санының құрамын шектеулі уақыт ішінде құрастыруды ұсыныңыз. Сабақтың мақсатын қойыңыз:"14 санының құрамын ашу", қосу кестесіндегі осы қатарды толтыру.

12–29

Жаңаны ашу.

14 санының құрамын құрастыру тəжірибелік жұмысында үлестірмелі есептеу материалын пайдаланыңыз. Есептеу материалын дайындаңыз , толтырылмаған сан құрамына арналған «үйшіктерді» ұсынады. 14 саны құрамының барлық мүмкін жағдайларын тіркеуді ұсынады. Осыдан кейін өткен сабаққа ұқсас үйренген тəсілін екі таңбалы санға бір таңбалы санды қосуға жəне осыған ұқсас азайту тəсілінеауыстырады.

Түсіндіре отырып алғашқы бекіту.

№1 тапсырма бойынша немесе оқушыларға жасалған үлгі: 14 санының құрамына арналған үйшік бойынша түсінік береді немесе санның құрамын жасатады. Қосу жəне азайту тəсілдеріне кеңейтілген түсініктеме жасау үшін түсті бор немесе маркерлерді қолданады. Оқушылардан тəсілдерді түсіндіріп, есептеулерді қалай тексеруге болатынын түсіндіруді сұрайды.

Өздік жұмыс. Дəптердегі №1 тапсырма.

Бағалау критерийлері:

 қосудың белгісіз компонентін таба аламын;  14 санының құрамын білемін;  кері амал құрастыра аламын.

Дəптер,есептеу материалы,сан құрамына арналған «үйшіктер».

Сабақтың презентациясын қолдану

Жаңаны қолдану.

№3 тапсырмажеке немесе жұппен шығарылады. Есептің моделін жасау үшін құрастырмалы жинақтықолдануға

Құрастырмалы жинақ, оқулық, дəптер

30–40

болады.

Өткенді қолдану.

№2 тапсырма тексеру арқылы есептеуге жəне оқушыларды тез есептеуге ынталандыруға арналған. №4 тапсырма. 2–3 амалдан тұратын жақшалы өрнектер құру.Өрнек құрастыру – жаттығулардың күрделі түрі. Сондықтан оны орындамас бұрын дайындық жұмыстарын жүргізіңіз.Оқушылардан 2–3 амалдан тұратын жақшалыөрнектерді оқуын өтініңіз.

Өздік жұмыс.

Дəптердегі №2,3 тапсырмаларды сараланған жұмыс үшін қолданыңыз. №3 тапсырмадағы 12–13 сандарының үш қосылғыштан тұратын құрамын өзара тексеру арқылы жұппен орындауға болады.

Оқулықтағы №5 тапсырманы жұппен орындауға болады.

Өрнектерді жаз жəне олардың мəндерін тап:

  • 9 жəне 4 сандарының қосындысына 5-ті қос.

  • 8 жəне 6 сандарының қосындысынан 7-ні азайту.

  • 7-ге 13 жəне 9 сандарының айырмасын қосу.

  • 14 жəне 9 сандарының айырмасына 6-ны қосу.

  • 14-тен 12 мен 5 сандарының айырмасын азайту.

  • 3-ке 6 мен 8 сандарының қосындысын қосу.

41–45

Рефлексия. Жетістік деңгейін бағалаңыз. Оқушылар орындай алады:

  • 14 санын бір таңбалы екі саннан құрау жəне ондықтан аттап қосу жəне азайту тəсілін қолдану, 14 санымен бір таңбалы сандарды ондықтан аттап қосу кестесін жасау;

  • 14 санының құрамы негізінде қосу жəне азайтуды орындау;

  • 14 санының құрамын екі жəне үш қосылғыштан құрау, қосу жəне азайту амалдарының өзара байланысы негізінде қосу мен азайтуды түсіндіру.

Жетістіктер жолағы

14-сабақ. 15, 16 сандарының құрамы.

Тақырыбы: Мен үлкендерге көмектесемін.

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаттары:

2.1.2.5. ** бір таңбалы жəне екі таңбалы сандарды ондықтан аттап қосу жəне азайту тəсілін қолданып 100 көлеміндегі сандарды ауызша қосу жəне азайтуды орындау

2.1.2.4. ** Бір таңбалы сандарды ондықтан аттап қосу кестесін құру, білу жəне қолдану.

Сабақтың мақсаттары:

Барлық оқушылар үшін:

15, 16 сандарын бір таңбалы екі саннан құрау жəне ондықтан аттап қосу мен азайту тəсілін қолдану, бір таңбалы сандарды 15, 16 санымен ондықтан аттап қосу кестесін құру.

Бірқатар оқушылар үшін:

15, 16 санының негізінде қосу мен азайтуды орындау.Cонымен қатар екі таңбалы санға бір таңбалы санды қосуды жəне осыған ұқсас азайту тəсілін қолдану.

Кейбір оқушылар үшін:

15, 16 сандарының құрамын екі жəне үш қосылғыштан жасау, 100 көлеміндегі сандарды қосу жəне азайт тəсілдерін түсіндіру.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар үшін:

15, 16 санының бір таңбалы екі санға жіктелуін түсіндіру.

Пəндік лексика мен терминология: 15, 16 сандарының бір таңбалы сандардан тұратын құрамы, қосу мен азайтудың компоненттері жəне нəтижесі, қосу мен азайтудың байланысы.

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл. Талқылау:

Қандай бір таңбалы екі саннан 15,16 сандарын құрауға болатынын айтып бере аласың ба?

15, 16 сандарының құрамын біле отырып, қосу мен азайтуды қалай орындауға болатынын түсіндіре аласың ба?

7+8, 17+8 жағдайында сандарды қалай қосатынын түсіндір.

15–7, 25-7 өрнегіндегі азайтуды түсіндір.

Жазу:

15–17 санының құрамын жаз.

Тірек білім, білік, дағдылар

Ондықтан аттап қосу жəне азайту.

Жоспар

Жоспарланған уақыт (минут)

Жоспарланған іс-əрекет

Қоры

0–3

Ынталандыру.

Сыныпты 3–4 топқа бөліңіз. Мысалы, анасына ыдыс жууға көмектесетіндер, бүгін үй жинауға көмектесетіндер, ауылда əжесіне көмектесетіндер. Бір топ жұптасып 11 жəне 13, басқасы 12 мен 14 сандарының құрамын көрсетсін. Сан құрамының дұрыс алынғанын тексеру үшін оқушылар бірбіріне қарама-қарсы тұруына болады.

1–9 сандары жазылған қиықшалар

4–6

Өзектендіру.

11–14 сандары құрамының барлық жағдайларын қайталаңыз. Санның құрамын білуді қалай қолдануға болатынын түсіндіре отырып, мысалдар төрттігін құрастырыңыз. Бұл үшін топқа бөліп тапсырма беруге болады.

Қосу кестесі

7–11

Мақсат қою (проблемалық жағдаят).

Сынақ тапсырма ретінде шектеулі уақыт ішінде 15, 16 сандарының құрамын құрауды ұсыныңыз. Сабақтың мақсатын қойыңыз: "15, 16 санының құрамын ашу", қосу кестесіндегі осы қатарды толтыру.

Жаңаны ашу.

15, 16 санының құрамын құруға берілген тəжірибелік жұмыста үлестірмелі есептеу материалын пайдаланыңыз. Есептеу материалын дайындаңыз, толтырылмаған сан құрамына арналған «үйшіктерді» ұсыныңыз. Топтарда 15 жəне 16 сандары құрамының барлық жағдайларын тіркеуді ұсынады.

Осыдан кейін өткен сабаққа ұқсас үйренген тəсілін екі таңбалы санға бір таңбалы санды қосуға жəне осыған ұқсас

Дəптер, есептеу материалы, сан құрамына арналған

«үйшіктер».

Сабақтың презентациясын қолдану

12–29

азайту тəсіліне ауыстырады.

Түсіндіре отырып алғашқы бекіту.

№1 тапсырмадағы санның құрамына арналған үйшік бойынша сан құрамына түсінік беріңіз немесе жасаңыз. Оқушылардан тəсілдерге түсінік беріп, есептеулерді қалай тексеруге болатынын түсіндіруді өтінеді.

Өздік жұмыс.

Дəптердегі №1 тапсырманы орындауды сұрайды.

Бағалау критерийлері:

  • Санның екі қосылғыштан тұратын құрамын жылдам əрі тез құрай аламын.

  • Өзара байланысты төрт мысал құрастыра аламын

30–40

Жаңаны қолдану.

Оқулықтағы №2 тапсырманы өздерің орындап, тексеріңдер.

Өткенді қолдану.

№3 тапсырма. Диаграмманы оқы. Сызба бойынша есептер құрастыр. Кері есептер құрастырып, оларды шығар.

Кері есептерді белсенді құрастыру үшін есептің үздік мəтініне жарыс ұйымдастырыңыз.

Өздік жұмыс.

Оқулықтағы №4, 5 тапсырмалар жəне дəптердегі №2,3 тапсырмаларды сараланған жұмыс үшін қолданыңыз.

Дəптер, оқулық

41–45

Рефлексия. Жетістік деңгейін бағалаңыз. Оқушылар үшін:

  • 15, 16 сандарын екі бір таңбалы саннан құрау жəне ондықтан аттап қосу мен азайту тəсілін қолдану, бір таңбалы сандарды 15, 16 санымен ондықтан аттап қосу кестесін құру

  • 15, 16 санының негізінде бір таңбалы жəне екі таңбалы сандарды қосу мен азайтуды орындау;

  • екі жəне үш қосылғыштан 15, 16 санының құрамын жасау, қосу жəне азайту амалдарының өзара байланысы негізінде қосу мен азайтуды түсіндіру.

Жетістіктер жолағы

15-сабақ. 17,18 сандарының құрамы.

Тақырыбы: Анамакөмектесемін

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаттары:

2.1.2.4. ** Бір таңбалы сандарды ондықтан аттап қосу кестесін құру, білу жəне қолдану.

Сабақтың мақсаттары:

Барлық оқушылар үшін: бір таңбалы сандарды ондықтан аттап қосу кестесін жасау.

Бірқатар оқушылар үшін:

100 көлеміндегі сандарды есептеу үшінбір таңбалы сандарды ондықтан аттап қосу кестесін білу жəне қолдану.

Кейбір оқушылар үшін:

100 көлеміндегі сандарды ондықтан аттап есептеу тəсілдерін түсіндіру.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар үшін: ондықтан аттап қосу жəне азайту тəсілін түсіндіру, 11–18 сандарының құрамын құрау.

Пəндік лексика жəне терминология: 11–18 санының бір таңбалы сандардан тұратын құрамы, қосу мен азайтудың компоненттері жəне нəтижесі, қосу мен азайтудың байланысы, қосу кестесі.

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл. Талқылау:

Қандай бір таңбалы екі саннан 11–18 сандарын құрауға болатынын айтып бере аласың ба?

17, 18 сандарының құрамын біле отырып қосу мен азайтуды қалай орындауға болатынын түсіндіре аласың ба?

9+8, 19+8жағдайында сандарды қалай қосатынын түсіндір.

18–9, 38–9 өрнегіндегіазайтуды түсіндір.

Жазу:

11–19 сандарының құрамын, қосу кестесін жаз.

Тірек білім, білік, дағдылар

Қосу жəне азайту.

Жоспар

Жоспарланған уақыт (минут)

Жоспарланған іс-əрекет

Қоры

0–3

Ынталандыру.

Мұғалім оқушыларды аналарына көмектесу жəне қыс мезгіліне дайындық туралы əңгімеге тартады. «Мұндай жұмыстар кезінде математиканы білу керек пе?» деп сұрайды.

Дəптер, қиықшалар

4–6

Өзектендіру.

Қосу кестесі мен сан құрамын білуден жарыс өткізіңіз.

Дəптерді қолдануға болады: №1 тапсырма.

Сан құрамының «үйшіктері»

7–11

Мақсат қою (проблемалық жағдаят).

Алдыңғы сабақтарда жартылай толтырылған қосу кестесін ашыңыз. Оқушыларға сабақтың мақсатын қоюды ұсыныңыз. Мақсат: кесте құрастыруды аяқтау, оны жаттау жəне мысалдар шығаруда қолдану.

Қосу кестесі

12–29

Жаңаны ашу.

Оқулықтағы №1 тапсырмажұппен орындауды ұсынады. Осыдан кейін өткен сабаққа ұқсас үйренген тəсілін екі таңбалы санға бір таңбалы санды қосуға жəне осыған ұқсас азайту тəсілінеауыстырады.

Түсіндіре отырып алғашқы бекіту.

№2тапсырма негізінде есептеулерге түсініктеме береді.

Өздік жұмыс.

Өздік жұмыс ретінде №4 тапсырманы орындауды ұсынады.

Бағалау критерийлері:

  • Теңдеудегі белгісіз компонентті дұрыс анықтаймын;  Белгісіз компонентті табу ережесін анықтаймын;  есептеймін;

  • түбірді жазамын;

  • тексеруді орындаймын.

Оқулық жəне дəптер.

Сабақтың презентациясын қолдану

30–40

Жаңаны қолдану.Оқулықтан№5 тапсырма орындалады.

Өткенді қолдану.

Оқулықтағы №3 тапсырманы орындауды ұсынады. Өздік жұмыс. Оқулықтағы №3 тапсырманы,дəптердегі №4 тапсырманы орындауды ұсынады.

Кейбір оқушыларға мына түрдегі тапсырмаларды ұсынылады: 6+9; 16+9; 26+9; қосуды жалғастыру, қосу кестесін қолданып, қалай шығаратынын түсіндіру.

16–9 26–9 36–9 46–9

41–45

Рефлексия.

Сабақтағы жұмысты, қосу кестесін, сан құрамын білуін бағалай отырып, жетістіктер жолағынан өз орнын анықтауды ұсыныңыз.

Оқушылардың қолынан не келетінін анықтаңыз:

  • бір таңбалы сандарды ондықтан аттап қосу кестесін құрастыру;

  • бір таңбалы сандарды ондықтан аттап қосу кестесін білу жəне қолдану;

  • 100-ге дейінгі есептеулерді орындауда бір таңбалы сандарды ондықтан аттап қосу кестесін қолдану.

Жетістіктер жолағы

16-сабақ. 20 көлеміндегі сандарды қосу жəне азайту кестесі.

Тақырыбы: Мен санағанды жақсы көремін.

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаттары:

2.1.2.4. ** Бір таңбалы сандарды ондықтан аттап қосу кестесін құру, білу жəне қолдану.

Сабақтың мақсаттары:

Барлық оқушылар үшін: бір таңбалы сандарды ондықтан аттап қосу кестесін білу жəне қолдану.

Бірқатар оқушылар үшін:

бір таңбалы сандарды ондықтан аттап қосу кестесін білу жəне қолдану, 11– 18 сандарының бір таңбалы екі саннан тұратын құрамын білу жəне есептеулерді жылдам жүргізу.

Кейбір оқушылар үшін:

100-ге дейінгі ондықтан аттап қосу жəне азайту жағдайларында қосу кестесі негізінде жылдам есептеулер жүргізу

Тілдік мақсаттар

Оқушылар үшін: ондықтан аттап қосу жəне азайту тəсілін түсіндіру, 11–18 сандарының құрамын жасау.

Пəндік лексика мен терминология: 11–18 сандарының бір таңбалы сандардан тұратын құрамы, қосу мен азайтудың компоненттері жəне нəтижесі, қосу мен азайтудың байланысы, қосу кестесі.

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл.

Талқылау:

Қандай бір таңбалы екі саннан 11–18 сандарын құрауға болатынын айтып бере аласың ба?

11–18 сандарының құрамын біле отырып қосу мен азайтуды қалай орындауға болатынын түсіндіре аласың ба?

29–8 жағдайында сандарды қалай қосатынын түсіндір.

48–9 қалай азайтуға болатынын түсіндір.

Жазу:

11–19 сандарының құрамын, қосу кестесін жаз.

Тірек білім, білік, дағдылар

Қосу жəне азайту.

Жоспар

Жоспарланған уақыт (минут)

Жоспарланған іс-əрекет

Қоры

0–3

Ынталандыру.

Қосу кестесін білу мен оны өмірде қолданудың маңыздылығы туралы əңгіме-дүкен ұйымдастырыңыз. Есептеулердің жылдам əрі дұрыс болу керектігін атап көрсетіңіз.

Санай білу керек болатын өмірлік жағдайға көрініс көрсетіңіз. Сандар жазылған қиықшалар, монеталар жəне басқа есептеу материалын пайдаланыңыз.

Сандар жазылған қиықшалар, монеталар жəне басқа есептеу материалы

4–6

Өзектендіру.

11–18 сандарының құрамын қайталаңыз. Математикалық диктантқа кестеден үзінді, 1–2 амалдан тұратын мəтіндік есептер кіргізіңіз.

Оқулықтағы №1 тапсырма бойынша жұптық жұмыс: Кім көп теңдік құрастырады?

Тапсырманы жақсы орындауға қандай білімдері көмектескенін сұраңыз.

Оқулық, дəптер

Сабақтың презентациясын қолдану

7–11

Мақсат қою (проблемалық жағдаят).

Қосу кестесін қайталау жəне оны есептеулердің түрлі жағдайларында қолдануды үйрену.

12–29

Өздік жұмыс.

Оқулықтағы №2 тапсырмадағы қосу кестесін дəптерге толтыр. Көлденең қатарлар мен бағандардағы қосылғыштар мен қосындыларды салыстыр. Тапсырма орындалғаннан кейін өзін-өзі тексеруді орындаңыз.

Бағалау критерийлері:

  • сан құрамының барлық жағдайларын қосу кестесіне жазамын;

  • оны есептеулерге қолданамын.

Қиындықтарды түзету.

Кестені игермеген оқушылар бар болса, сан құрамын қайталауды, дəптердегі №1 жəне басқа да осыған ұқсас тапсырмаларды орындауды ұсыныңыз.

Оқулық, дəптер

30–40

Өткенді қолдану.

Оқулықтағы №3,4,5 тапсырмаларды мұғалім сараланған жұмысты ұйымдастыру үшін пайдаланады.

Жаттығулардың əрқайсысы не оқулық тапсырмасы бойынша, не күрделіленіп орындалады.

Мысалы, №3тапсырманы уақытқа шығаруға болады. Барлық мысалдардың ішінен қосудың терімділік қасиетінің көмегімен тиімді шешуге болатындарын табуды ұсыныңыз. №5 есептің көптеген нұсқалары бар. Жұмысты оқушылардың деңгейіне қарай бөле отырып топта орындауға болады. Білімі жоғары оқушылар мейлінше көп нұсқалар құрастырып, олардың шешуін жазсын. Орта деңгейдегі оқушылар үшін əр құрастырған есептің моделін (сызба немесе қысқаша жазба) құру керек.

Өздік жұмыс.

Комбинаторлық есеп, оны кесте құру жолымен шығарады.

Оқулық, дəптер

палау

ботқа

бəліш

шырын

шай

айран

Сондай-ақ өздік жұмыс ретінде №2 тапсырмадағы 11–18 сандарының құрамын ауызша ойда санауды ұсыныңыз. 100 көлеміндегі сандарды ондықтан аттап қосу жəне азайту тəсілін меңгерген оқушылар үшін мысалдар ұсыныңыз:

35+8 45+ 9 55+6 77+9

12– 8 32 –6 48–9 92–8

41–45

Рефлексия.

Формативті бағалауда дəптердегі тапсырма критерийлері бойынша бағалаңыз. Сондай-ақ сабақтағы жұмыстың рефлексивті бағалауын жүргізіңіз. Бағалаңыз, оқушылар орындай ала ма:

  • бір таңбалы сандарды ондықтан аттап қосу кестесін білу жəне қолдану;

  • бір таңбалы сандарды ондықтан аттап қосу кестесін білу жəне қолдану, 11– 18 сандарының екі бір таңбалы саннан тұратын құрамын білу жəне есептеулерді жылдам жүргізу;

  • 100-ге көлемінде ондықтан аттап қосу жəне азайту жағдайларында қосу кестесі негізінде жылдам есептеу Жетістіктер жолағын немесе өзін-өзі бағалаудың басқа тəсілдерін пайдаланыңыз.

Жетістіктер жолағы

17-сабақ. Бекіту.

Тақырыбы: Мен санағанды жақсы көремін.

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаттары:

2.1.2.4. ** Бір таңбалы сандарды ондықтан аттап қосу кестесін құру, білу жəне қолдану.

2.1.1.2. Екі таңбалы сандарды оқу, жазу жəне салыстыру.

Сабақтың мақсаттары:

Барлық оқушылар үшін:

екі таңбалы сандарды оқу, жазу жəне салыстыру , бір таңбалы сандарды ондықтан аттап қосу кестесін есептеулер үшін қолдану

Бірқатар оқушылар үшін:

екі таңбалы сандарды талдау жəне оларды жазу, салыстыру жəне оқу əдісін түсіндіру, бір таңбалы сандарды ондықтан аттап қосу кестесі негізінде 20 көлеміндегі екі таңбалы саннан бір таңбалы санды қалай азайтуды түсіндіру.

Кейбір оқушылар үшін:

бір таңбалы сандарды ондықтан аттап қосу кестесі негізінде 100 көлеміндегі екі таңбалы саннан бір таңбалы санды қалай азайтуды түсіндіру.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар үшін: екі таңбалы сандарды жазу, салыстыру жəне оқу əдісін түсіндіру, бір таңбалы сандарды ондықтан аттап қосу кестесі негізінде 20 көлеміндегі екі таңбалы саннан бір таңбалы санды қалай азайтуды түсіндіру.

Пəндік лексика жəне терминология: бір таңбалы сан, екі таңбалы сан, қосу кестесі, ондық, бірліктер, қосу жəне азайтудың компоненттері, қосу мен азайтудың байланысы.

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл. Талқылау:

Қосу кестесін қолдана отырып екі таңбалы саннан бір таңбалы санды қалай азайтады?

Екі таңбалы санды жазу, салыстыру жəне оқу тəсілін түсіндіре аласың ба? 15 санына сипаттама жаса.

Қосу мен азайтуды қалай тексеруге болады?

Жазу:

Екі таңбалы, бір таңбалы сандарды жаз, теңсіздіктер жаз, 14–7 азайтуды, 7+9 қосуды жаз.

Тірек білім, білік, дағдылар

Екі таңбалы сандар, қосу жəне азайту.

Жоспар

Жоспарланған уақыт (минут)

Жоспарланған іс-əрекет

Қоры

0–3

Ынталандыру.

Оқушыларды шағын топтарға бөліңіз. Əр топқа екі таңбалы сан ойлап тауып, оны маркермен параққа жазуды ұсыныңыз. Содан соң оқушылар парақтарын бір-біріне көрсетеді жəне мұғалімнің тапсырмасы бойынша топтар сандарды кему ретімен орналасатындай етіп қоюы керек. Содан соң мұғалім əр санды 9-ға кемітуді жəне əр топ алынған нəтижелерді хормен айтуын сұрайды. Мұғалім жылдам санайтын оқушыларды мақтайды жəне басқа оқушыларды солай жақсы санап үйренуге жігерлендіреді.

Бос қиықшалар жəне маркерлер.

Сабақтың презентациясын қолдану

4–6

Өзектендіру.

Жұптарда сан құрамы бойынша жарыс өткізіңіз. Маркерлер жəне 11–18 сандарының құрамына арналған 2 "үйшіктен" таратыңыз. Үздік жұпты анықтаңыз. "Үйшіктерді" тақтаға іліңіз.

Сан құрамына арналған «үйшіктер» жəне маркерлер

7–11

Мақсат қою (проблемалық жағдаят).

Бұл сабақта біз кесте бойынша немесе 11–18 сандарының құрамын білу негізінде қосу мен азайтуды орындауда қиналатын оқушылардың бар-жоғын түсінуіміз керек.

12–29

Өздік жұмыс.

Оқушылар дəптерге №1 тапсырманы өз беттерінше орындайды. Ары қарай критерийлер бойынша бағалау жасалады. Қате жіберіп, 8 баллдан төмен жинағандар түзету жұмысын жасаулары керек. Басқалары жұмысты ары қарай жалғастыра алады.

10 балл – өте жақсы. 8–9 балл – жақсы. 7 балл – тағы да тырысу керек, 6-дан аз – оқу мақсаттарына жеткен жоқ. Қиындықтарды түзету.

Бұл үшін дəптердегі №2тапсырманы қолданыңыз, тағы бір рет қосу кестесінің үлгісін толтырыңыз, қосу мен азайтудың байланысын қайталаңыз.

Оқулық, дəптер

30–40

Өткенді қолдану.

Оқулықтағы тапсырмалар оқушылармен сараланған жұмыс жүргізуге бағытталған. Егер сыныбыңыздың оқушылары есепті нашар шығарса, есептерге көп көңіл бөліңіз, егер есептеулермен жұмыс жасау керек болса есептеуге арналған тапсырмаларды пайдаланыңыз.

Өздік жұмыс.

Өздік жұмысқа №3 есепті қосыңыз. Есептерді жеке

Оқулық, дəптер

құрастыруға болады.

Дəптерден №3 тапсырма бойынша кесінді сызылады. Жұмыстың алдында кесінді сызу алгоритмін еске түсіріңіздер.

Кейбір оқушыларға 100 көлемінде ондықтан аттап азайтуды ұсыныңыз, қосумен тексеру арқылы.

78–9 58 –9 28–9 38 –9

41–45

Рефлексия.

Оқушылардың неге қол жеткізгенін анықтаңыз:

  • Екі таңбалы сандарды оқу, жазу жəне салыстыру;

  • Бір таңбалы сандарды ондықтан аттап қосу кестесін есептеулерге қолдану;

  • Екі таңбалы сандарды талдау жəне оларды жазу, салыстыру жəне оқу тəсілін түсіндіру, бір таңбалы сандарды ондықтан аттап қосу кестесі негізінде 20-ға дейінгі екі таңбалы саннан бір таңбалы сандарды қалай азайтуды түсіндіру;

  • Бір таңбалы сандарды ондықтан аттап қосу кестесі негізінде 100-ге дейінгі екі таңбалы сандардан бір таңбалы сандарды қалай азайтуды түсіндіру.

Жетістіктер жолағы

18-сабақ. 100 көлемінде ауызша қосу жəне азайту.

Тақырыбы: Үйдегі жұмыстар.

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаттары:

2.1.2.6.Екі таңбалы сандарды: 40+17, 57–40; 35±12 түріндегі өрнектерді ондықтан аттамау жағдайында ауызша қосуды жəне азайтуды орындау.

Сабақтың мақсаттары:

Барлық оқушылар үшін:

екі таңбалы сандарды 40+17, 57–40; 45+3, 58–3 жағдайларында ондықтан аттамау жағдайында ауызша қосу жəне азайтуды орындау.

Бірқатар оқушылар үшін:

Ережені түсіндіру: бірліктерді бірліктерге қосады, бірліктерден бірліктерді азайтады. Ондықтарды ондықтарға қосады, ондықтардан ондықтарды азайтады.

Кейбір оқушылар үшін:

екі таңбалы сандарды 40+17, 57–40; 45+3, 58–3 жағдайларында ондықтан аттамау жағдайында ауызша қосу жəне азайтуды жылдам орындау.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар үшін: ережені түсіндіру, яғни бірліктерді бірліктерге қосады, бірліктерден бірліктерді азайтады. Ондықтарды ондықтарға қосады, ондықтардан ондықтарды азайтады.

Пəндік лексика мен терминология: бір таңбалы сан, екі таңбалы сан, қосу кестесі, ондық, бірліктер, қосу жəне азайтудың компоненттері, қосу мен азайтудың байланысы.

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл. Талқылау:

40+17, 57–40, 45+3, 58–3 жағдайларында қалай есептелетінін айтып бере аласың ба?

Разрядтар кестесінде өзің амалдар орындайтын екі таңбалы сандарды көрсетіп, санның моделі тəсілін түсіндіре аласың ба?

Жазу:

екі таңбалы сандарды қосу жəне азайту.

Тірек білім, білік, дағдылар

Қосу кестелері, екі таңбалы сан.

Жоспар

Жоспарланған уақыт (минут)

Жоспарланған іс-əрекет

Қоры

0–3

Ынталандыру.

Барлық өтілген тəсілдерді ауызша есептеуі бар қысқаша ойындар оқушыларға жылдам есептеудің артықшылықтарын көрсетеді. Ойындарды лексикалық тақырыппен байланыстырыңыз: Үйдегі жұмыстар.

Ойын материалы

4–6

Өзектендіру.

№1 тапсырма санның құрамын бекітуге жəне кестелік жағдайлар негізінде есептеулерге берілген.

Оқулық

7–11

Мақсат қою (проблемалық жағдаят).

Оқушыларға есептеуді ұсыныңыз:

15+3 48+323+50 20+35

Шығара алмаған оқушылар қолдарын көтерсін. Осылайша оқушылар мұндай жағдайларға бірінші рет кездесіп отырғаны жəне барлығы бірдей есептеу тəсілін анықтай алмайтыны белгілі болады.

Сабақтың мақсаты айқындалады: екі таңбалы сандарды 40+17, 57–40, 32+2, 24–2 түріндегі ондықтан аттамау жағдайында ауызша қосу жəне азайту тəсілдерін ашу.

Сабақтың презентациясын қолдану

12–29

Жаңаны ашу.

Разрядтар кестесімен, сандар моделімен жəне есептеу материалымен практикалық жұмыста оқушыларға қосудың жаңа тəсілін «ашып», оны сипаттауды ұсынады. Жұмысты топтарда жүргізген дұрыс. Парақтарда оқулықта берілген жазбаға ұқсас немесе жақын жазоқушыр пайда болуы керек.

Ортақ ереже шығарылады:

Бірліктерді бірліктерге қосады, бірліктерді бірліктерден азайтады.

Ондықтарды ондықтарға қосады, ондықтардан ондықтарды азайтады.

Түсіндіре отырып алғашқы бекіту.

№ 2, а, ə) тапсырмалардың материалы негізінде жүргізіңіз.

Мұғалім тапсырма барысында сұрайды:

40+17, 57–40, 45+3, 58–3 қалай есептейтінін айта аласың ба? – Разрядтар кестесінде өзің амалдар орындайтын екі таңбалы сандарды көрсетіп, санның моделін түсіндіре аласың ба?

Өздік жұмыс

Дəптердегі №1 тапсырма есептеулерін бөліп беруге де, толық беруге де болады. Ары қарай бағалау критерийлері бойынша өзін-өзі бағалау жүргізіледі:

  • 100 көлемінде дұрыс есептеймін;

  • тəсілді түсіндіре аламын;

  • есептеулерді жылдам орындай аламын.

Разрядтар кестесі, есептеу материалы, сан моделіне арналған фигуралар, маркерлер, қағаз, оқулық, дəптер

30–40

Жаңаны қолдану.

Оқулықтағы №4 есепті шығару кезінде өтілген тəсілді қолданады.

Есептерге талдау жасаңыз:

а) Оқушылар аналарына тəтті тоқаш пісіруге көмектесті.

Əлия 23 тоқаш, ал Сырым одан 5 тоқаш артық пісірді.

Сырым қанша тоқаш пісірді?

Оқулық жəне дəптер

ə) Оқушылар 38 тəтті тоқаш пісірді. Анасы 40 тоқаш пісірді.Оқушылар анасына қарағанда неше тоқаш кем пісірді. Есептерге салыстыру жүргізіңіз. Екі амалдан тұратын есеп құрастыртыңыз. Өрнекті жазыңыз.

Өздік жұмыс

Оқулықтағы №3 тапсырма, дəптердегі №1 тапсырмалар таңдау бойынша өз беттерінше орындауға арналған. Өткенді қолдану оқулықтағы №4, 5 тапсырмалары негізінде жүргізіледі.

41–45

Рефлексия.

Сабақ барысында жəне өзін-өзі бағалау жолымен оқушылардың неге қол жеткізгенін біліңіз:

  • 40+17, 57–40, 45+3, 58–3 жағдайында ондыққа аттамау жағдайында ауызша қосу жəне азайтуды орындау;

  • ережені түсіндіру, яғни бірліктерді бірліктерге қосады, бірліктерді бірліктерден азайтады.Ондықтарды ондықтарға қосады, ондықтарды ондықтардан азайтады;

  • 40+17, 57–40, 45+3, 58–3 жағдайында ондықтан аттамау жағдайында ауызша қосу жəне азайтуды жылдам орындау.

Жетістіктер жолағы

19-сабақ. 100 көлемінде ауызша қосу жəне азайту.

Тақырыбы: Оқудағы отбасының рөлі.

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаттары:

2.1.2.6. Екі таңбалы сандарды: 47–17, 35±12 түріндегі өрнектерді ондықтан аттамау жағдайында ауызша қосу жəне азайтуды орындау.

Сабақтың мақсаттары:

Барлық оқушылар үшін:

екі таңбалы сандарды 47–17, 35±12 түріндегі өрнектерді ондықтан аттамау жағдайында ауызша қосу жəне азайтуды орындау.

Бірқатар оқушылар үшін:

ережені түсіндіру, яғни бірліктерді бірліктерге, ондықтарды ондықтарғақосады. Бірліктерді бірліктерден, ондықтарды ондықтарданазайтады.

Кейбір оқушылар үшін:

екі таңбалы сандарды 47–17, 35±12 түріндегі өрнектерді ондықтан аттамау жағдайында ауызша қосу жəне азайтуды жылдам орындау.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар үшін: ережені түсіндіру, яғни бірліктерді бірліктерге, ондықтарды ондықтарғақосады. Бірліктерді бірліктерден, ондықтарды ондықтарданазайтады.

Пəндік лексика жəне терминология:бір таңбалы сан, екі таңбалы сан, қосу кестесі, ондық, бірліктер, қосу жəне азайтудың компоненттері, қосу мен азайтудың байланысы.

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл.

Талқылау:

47–17, 35±12жағдайларда қалай есептейтінін айта аласың ба:? Разрядтар кестесінде өзің амалдар орындайтын екі таңбалы сандарды көрсетіп, санның моделі тəсілін түсіндіре аласың ба?

Жазу:

екі таңбалы сандарды қосу мен азайтуды жаз.

Тірек білім, білік, дағдылар

Қосу кестесі, екі таңбалы сандар.

Жоспар

Жоспарланған уақыт (минут)

Жоспарланған іс-əрекет

Қоры

0–3

Ынталандыру.

Мұғалім оқушының оқуындағы отбасының рөлі туралы əңгімеге тартады. Сабақ оқуға кім көмектеседі? Мектепке кім апарады? Оқушы неліктен өзі оқиды? Оның рөлі қандай? Отбасылық суреттерді əкеліп, оқушылардың сабақ оқуына кім қалай көмектесетіні туралы айтып беруді ұсынуға болады.

Отбасының

суреті

Сабақтың презентациясын қолдану

4–6

Өзектендіру.

Оқушыларғаоқулықтағы №6 тапсырманы орындауды ұсынады. Ары қарай алдыңғы сабақта өткен есептеу тəсілді еске түсіру қажет.

Ережені қайталау:

Бірліктерді бірліктерге қосады, бірліктерді бірліктерден азайтады.

Ондықтарды ондықтарға қосады, ондықтарды ондықтардан азайтады.

Оқулық

7–11

Мақсат қою (проблемалық жағдаят).

Есептеудің жаңа түрін ұсынады.

Оқушылар қиындыққа кездеседі. Мұндай тəсілмен əлі шығармаған.

Сабақтың мақсаты: осындай жағдайларда амалды орындау тəсілін түсіндіру.

12–29

Жаңаны ашу.

Алдыңғы сабақтағы тəрізді құрылады.

Разрядтар кестесінде, сандар модельдерінде немесе сызбалар көмегімен тəсілді түсіндіруді ұсынуға болады.

Ереже қалыптастыру:

Бірліктерді бірліктерге қосады, ондықтарды ондықтарға қосады.

Бірліктерді бірліктерден азайтады, ондықтарды ондықтардан азайтады.

Түсіндіре отырып алғашқы бекіту.

Оқулықтағы №3 тапсырма. Ұзындықтарды қосу жəне азайту жағдайына ерекше тоқталыңыз.

Өздік жұмыс. Дəптердегі №1 тапсырманы орындауды ұсынады.

Бағалау критерийлері:

  • қосу жəне азайту тəсілдерін түсіндіре алады;

  • ережені білемін: Бірліктерді бірліктерге қосады, ондықтарды ондықтарға қосады. Бірліктерді бірліктерден азайтады, ондықтарды ондықтардан азайтады;  тексеруді орындай аламын.

Разрядтар кестесі, есептеу материалы, сан моделіне арналған фигуралар, маркерлер, қағаз, оқулық, дəптер

30–40

Жаңаны қолдану.

Оқулықтағы №3 тапсырманың есептері өткен тəсілдерді қамтиды. Есептерге сызба таңда. Шығар.

а) Сырым 12 мысал шығарған кезде, əлі шығарылмаған 20 мысал қалды. Сырым барлығы қанша мысал шығаруы керек?

б) Əлия барлығы 36 мысал шығаруы керек. Əлия 20 мысалды шығарды. Оған енді қанша мысал шығару керек? Өздік жұмыс жəне өткенді қолдану мұғалімнің шешуі

Оқулық жəне дəптер

бойынша дəптердегі №2, 3 жəне оқулықтағы №5, 6 тапсырмалар орындалады.

41–45

Рефлексия.

Өздік жұмысты дəптерде берілген критерийлер бойынша бағалаумен қоса, мұғалім оқушыларға өз жетістіктерін бағалауға көмектеседі. Оқушылар орындай ала ма:

  • екі таңбалы сандарды 47–17, 35±12 жағдайында ондыққа аттамау жағдайында ауызша қосу жəне азайтуды орындау;

  • ережені түсіндіру:бірліктерді бірліктерге, ондықтарды ондықтарға қосады. Бірліктерді бірліктерден, ондықтарды ондықтардан азайтады;

  • екі таңбалы сандарды 47–17, 35±12 жағдайында ондыққа аттамау жағдайында ауызша қосу жəне азайтуды жылдам орындау.

Жетістіктер жолағы

20-сабақ. 100 көлемінде ауызша қосу жəне азайту.

Тақырыбы: Отбасымен бірге демалыс.

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаттары:

2.1.2.7.Мынадай жағдайларда: 45±9,45±19; 26+14, 40–14, 65+35, 100–35 ондықтан аттап, ауызша қосу мен азайтуды орындау.

Сабақтың мақсаттары:

Барлық оқушылар үшін:

40+14, 65+35 жағдайларында сандарды ауызша қосу жəне азайтуды орындау.

Бірқатар оқушылар үшін:

40+14, 65+35 жағдайларында сандарды ауызша қосу жəне азайтуды қалай орындайтынын түсіндіру.

Кейбір оқушылар үшін:

40+14, 65+35 жағдайларында сандарды ауызша қосу жəне азайтуды жылдам орындау.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар үшін: 40+14, 65+35 жағдайларында сандарды ауызша қосу жəне азайтуды қалай орындайтынын түсіндіру.

Пəндік лексика жəне терминология қосу жəне азайту, қосу жəне азайтуды тексеру, ондықтан аттау.

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл. Талқылау:

Қалай есептейтінін айта аласың ба:40–14; 65+35?

Разрядтар кестесінде өзің амалдар орындайтын екі таңбалы сандарды көрсетіп, санның моделі тəсілін түсіндіре аласың ба?

Жазу:

екі таңбалы сандарды қосу мен азайтуды жаз.

Тірек білім, білік, дағдылар

Қосу кестесі, екі таңбалы сандар.

Жоспар

Жоспарланған уақыт (минут)

Жоспарланған іс-əрекет

Қоры

0–3

Ынталандыру.

Отбасылық демалыстың суреттерін көріп отырып, əңгіме арнасын оқушылар «Демалыс кезінде санай білу дағдысын қолдануға тура келетін кез бола ма?» деген сұраққа жауап беретіндей етіп бұрыңыз.

Отбасының демалыстағы суреті

4–6

Өзектендіру.

Оқулықтағы №2 тапсырма. Оқушылар жұпта немесе топта мысалдар жазғаннан кейін, тəсілдерді айтып беруін ұсыныңыз. Сондай-ақ тақтаға ережені іліп қойыңыз: бірліктерді бірліктерге, ондықтарды ондықтарғақосады. Бірліктерді бірліктерден, ондықтарды ондықтарданазайтады.

Оқулық

7–11

Мақсат қою (проблемалық жағдаят).

Оқушыларға шығаруға беріледі:40–14; 65+35. Қиындық туындайды: бұрын мұндай мысалдар шығарылмады. Сабақтың мақсаты қалыптасады.

12–29

Жаңаны ашу.

Санның моделін жəне разрядтар кестесін қолдана отырып,65+35 сандарын қосыңыз жəне40–14 азайтуды орындаңыз.

Түсіндіре отырып алғашқы бекіту.

Оқулықтағы №3 тапсырманы орындауды ұсынады. Өздік жұмыс. Дəптерде №3тапсырманы орындауды ұсынады.

Бағалау критерийлері:

  • екі таңбалы санды ондықтар мен бірліктерге жіктеймін;  100 көлемінде қосу жəне азайтуды орындаймын;

  • жауапты жазамын;

  • тексеруді орындаймын.

Разрядтар кестесі, есептеу материалы,сан моделіне арналған фигуралар, маркерлер, қағаз, оқулық, дəптер

30–40

Жаңаны қолдану.

Оқулықтағы №4, 5 тапсырмалар. Өрнектер құрастырып, оларды оқуға көп көңіл бөліңіз.

Өздік жұмыс.

Дəптердегі №1, 2, 3 тапсырмаларды өз бетінше жұмыс ретінде пайдаланыңыз.

Оқулық жəне дəптер

41–45

Рефлексия. Оқушылардың жетістігін бағалаңыз:

  • 40–14, 65+35 жағдайларында сандарды ауызша қосу жəне азайтуды жылдам орындау;

  • 40–14, 65+35 жағдайларында сандарды қалай ауызша қосу жəне азайтуды түсіндіру;

  • 40–14, 65+35 жағдайларында сандарды ауызша қосу жəне азайтуды тиімді орындау.

Жетістіктер жолағы

21-сабақ. 100 көлемінде ауызша қосу жəне азайту.

Тақырыбы: Мен топта жұмыс жасаймын

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаттары:

2.1.2.7.Мынадай жағдайларда: 45±9, 45±19, 26+14, 40–14, 65+35, 100–35 сандарды ондықтан аттап, ауызша қосу мен азайтуды орындау.

Сабақтың мақсаттары:

Барлық оқушылар үшін:

мынадай жағдайларда: 37+7, 44–7 сандарды ондықтан аттап, ауызша қосу мен азайтуды орындау.

Бірқатар оқушылар үшін:

мынадай жағдайларда: 37+7, 44–7сандарды ондықтан аттап, ауызша қосу мен азайтуды түсіндіру.

Кейбір оқушылар үшін:

мынадай жағдайларда: 37+7, 44–7 сандарды ондықтан аттап, ауызша қосу мен азайтуды жылдам орындау.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар үшін: мынадай жағдайларда: 37+7, 44–7сандарды ондықтан аттап, ауызша қосу мен азайтуды түсіндіру.

Пəндік лексика жəне терминология қосу жəне азайту, қосу жəне азайтуды тексеру, ондықтан аттау.

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл. Талқылау:

37+7, 44–7 жағдайларында қалай есептейтінін айта аласың ба? Разрядтар кестесінде өзің амалдар орындайтын екі таңбалы сандарды көрсетіп, санның моделі тəсілін түсіндіре аласың ба?

Жазу:

11-20 сандарын жаз жəне санның «көршілестерін» ата.

Екі таңбалы сандарды қосу мен азайтуды жаз.

Тірек білім, білік, дағдылар

Қосу кестесі, екі таңбалы сандар.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-əрекет

Қоры

0–3

Ынталандыру.

Мақалдардың мағынасын түсіндіруді сұраңыз:

1) Жұмыла көтерген жүк жеңіл 2) Бірлік жоқ болса, ұйым жоқ, Ұйым жоқ болса, күйің жоқ.

Оқушылардан топта қалай жұмыс істеу керектігін сұраңыз. 1-сыныпта қолданған топпен жұмыс істеу ережесін жазуды ұсынады.

Мақалдар.

Топпен жұмыс істеу ережесі

4–6

Өзектендіру.

Оқулықтағы №1 тапсырманы топта орындауды ұсынады.

Оқулық

7–11

Мақсат қою (проблемалық жағдаят).

Бірқатар оқушылар 37+7 тəсілін ондықтан аттау кестесін есте сақтау кезеңінде орындап үлгерген. Сондықтан осы оқушылар бұл сабақта консультант бола алады. Барлық оқушыларға 37+7, 44–7 жағдайын өзбетімен түсіндіру үшін ұсынады жəне сабақтың мақсатын қоюды сұрайды: мынадай жағдайларда: 37+7, 44–7 ондықтан аттап, ауызша қосу мен азайтуды орындауға үйрену.

12–29

Жаңаны ашу.

№2 тапсырманы санның моделі мен разрядтар кестесінде орындауды ұсынады. Тəсілдің иллюстрациясы бойынша практикалық жұмыс көрнекі бейнені жасауға көмектеседі. Оқулықтағы №5 (ə) тапсырманы дəптерде орындауды ұсынады.

Түсіндіре отырып алғашқы бекіту.

№3, №4 тапсырманы орындауды ұсынады.

Өздік жұмыс.

Дəптердегі № 1–2 тапсырма (өзара байланысты 4 мысал құрайды). Алдын ала тапсырманы табысты орындау критерийлерін талқылап алыңыз. Өрнектерді салыстыруға №3 тапсырманы да ұсынуға болады.

Оны бағалау критерийлері:

  • екі өрнекті салыстыра аламын;

  • əр өрнектің мəнін табамын;

  • екі мəнді салыстырамын;

  • салыстыру белгісін қоямын; жауапты оқимын.

Оқулық, дəптер, тренажер

30–40

Жаңаны қолдану.

Дəптерде № 1-2 тапсырманы орындау. Қалған мысалдарды жұппен орындауға ұсынады. Жинақ полотносындағы (электронды нұсқа)жұмысты ұсынады.

Өткен материалмен өздік жұмыс.

№4 тапсырманы дəптерде орындау ұсынылады.

Жинақ полотносы, оқулық, дəптер

41–45

Рефлексия.

Оқушылардың жетістіктерін бағалаңыз:

  • мынандай жағдайларда: 37+7, 44–7 түріндегі сандарды ондықтан аттап өту арқылы ауызша қосу жəне азайтуды ауызша орындау;

  • мынандай жағдайларда: 37+7, 44–7түріндегі сандарды ондыққа аттап ауызша қосу жəне азайтуды түсіндіру;

  • мынандай жағдайларда: 37+7, 44–7 түріндегі сандарды ондыққа аттап ауызша қосу жəне азайтуды жылдам орындау.

22-сабақ. 100 көлемінде ауызша қосу жəне азайту.

Тақырыбы: Бірге жұмыс жасаймыз.

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаттары:

2.1.2.7.Мынадай жағдайларда: 45±9, 45±19, 26+14, 40–14, 65+35, 100–35 сандарды ондықтан аттап, ауызша қосу мен азайтуды орындау.

Сабақтың мақсаттары:

Барлық оқушылар үшін:

мынандай жағдайларда: 37+17, 54–17 сандарды ондықтан аттап ауызша қосу жəне азайтуды орындау

Бірқатар оқушылар үшін:

мынандай жағдайларда: 37+17, 54–17 сандарды ондықтан аттап ауызша қосу жəне азайтуды түсіндіру

Кейбір оқушылар үшін:

37+17, 54–17 жағдайларда сандарды ондықтан аттап ауызша қосу жəне азайтуды жылдам орындау.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар үшін: 37+17, 54–17 жағдайларда сандарды ондықтан аттап ауызша қосу жəне азайтуды түсіндіру.

Пəндік лексика жəне терминология: қосу жəне азайту, қосу жəне азайтуды тексеру, ондықтан аттау.

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл. Талқылау:

37+17, 54–17 жағдайда қалай есептейтінін айта аласың ба?

Разрядтар кестесінде өзің амалдар орындайтын екі таңбалы сандарды көрсетіп, санның моделі тəсілін түсіндіре аласың ба?

Жазу:

екі таңбалы сандарды қосу мен азайтуды жаз.

Тірек білім, білік, дағдылар

Екі таңбалы сандарды қосу жəне азайту.

Жоспар

Жоспарланған уақыт (минут)

Жоспарланған іс-əрекет

Қоры

0–3

Ынталандыру.

Жалпы сыныптың фотосуретін, топтың жұмыс барысындағы суретін қарастырыңыз. Оқушылардан бір-бірімізге оқуда қалай көмектесетінімізді сұраңыз.

Сыныптың, топтың фотосуреті

Өзектендіру.

Оқулық

4–6

Дəптердегі №1 тапсырма, бірінші жол.

7–11

Мақсат қою.

Бүгінгі сабақ біздің қиындықтарымызды анықтауға жəне тақырып бойынша жиынтық жұмысқа дайындалуға көмектеседі.

12–29

Өздік жұмыс.

Оқулықтағы №1тапсырма оқушылардың қиындықтарын анықтауға арналған. Қосуды қалай тексеруге болады? Азайтуды қалай тексеруге болады?

Қиындықтарды түзету.

№4,5 тапсырмаларды түзету үшін пайдаланыңыз. Өздік жұмысты табысты орындаған оқушыларға №5 тапсырмада-ғы санды дөңгелектеу тəсілімен қосу жəне азайтудың тиімді жолын ұсыныңыз.

Барлығына қосымша жинақты қолданыңыз. Жұмыс барысында жарысу сəттерін қосыңыз.

Оқулық, дəптер, қосымша жинақты

30–40

Өткенді қолдану.

Оқулықтағы №2 тапсырма.

№3есепке талдау жұмысы жүргізіледі. Оқушылар есептің қысқаша жазбасын ұсынады. Сызбаны толтырады.

Өздік жұмыс.

№4 тапсырма өзара тексерумен өз бетінше орындалады. Оқушылардан қатені көрсетіп қана қоймай, оны жолдасына түсіндіруін сұраңыз.

Оқулық, дəптер

41–45

Рефлексия.

Қортытынды жұмыстың уақыты жақындап келе жатқандықтан, оқушыларға рефлексияның маңыздылығын түсіндіру керек. Оқушыларды мына мақсаттар бойынша бағалауға араластырыңыз:

  • мынандай жағдайларда: 37+17, 54–17 сандарды ондықтан аттап ауызша қосу жəне азайтуды орындау;

  • мынандай жағдайларда: 37+17, 54–17 сандарды ондықтан аттап ауызша қосу жəне азайтуды түсіндіру;

  • мынандай жағдайларда: сандарды ондықтан аттап ауызша қосу жəне азайтуды жылдам орындау.

Жетістік баспалдағы

23-сабақ. Қосудың ауыстырымдылық жəне терімділік қасиеттері.

Тақырыбы: Менің сөмкем

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаттары

2.1.2.3.** Қосудың ауыстырымдылық, терімділік қасиеттерін тиімді есептеулер жүргізу үшін қолдану.

2.2.1.6 екі-үш амалды жақшалы жəне жақшасыз өрнектерде арифметикалық амалдардың орындалу тəртібін анықтау, олардың мəнін табу.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар үшін:

амалдардың орындалу тəртібін білу,екі-үш амалды жақшалы жəне жақшасыз өрнектердіңмəнін табу,қосудың ауыстырымдылық, терімділік қасиеттерін түсіну.

Бірқатар оқушылар үшін:

екі-үш амалды тиімді есептеу үшін қосудың ауыстырымдылық, терімділік қасиеттерін қолдану.

Кейбір оқушылар үшін:

үш жəне одан да көп амалдарды тиімді есептеу үшін қосудың ауыстырымдылық, терімділік қасиеттерін қолдану.

Тілдік мақсаттар

Пəндік лексика жəне терминология:қосудың ауыстырымдылық, терімділік қасиеттері, жақшалы жəне жақшасыз өрнектің мəні, амалдардың орындалу тəртібі.

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл.

Тиімді есептеу тəсілі дегеніміз не? ...

Қосылғыштарды тиімді топтауға бола ма?

Сандарды ретімен жəне кері ретпен санай аласың ба?

Қай қосылғыштарды қосындысымен алмастыруға болады?

Амалдардың орындалу тəртібін көрсете аласың ба?

Тірек білімдер, білік, дағдылар

Қосудың ауыстырымдылық, терімділік қасиеттері, қосудың жазбаша тəсілдері.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-əрекет

Қоры

0–3

Ынталандыру.

Мұғалім күнделікті өмірде тиімді жəне тез есептеудің қажеттілігі туралы əңгімелейді.

- Тиімді есептеу дегеніміз не? (Шапшаң, қысқа жолмен, тез есептеу). Қосудың қасиеттері қолданылады.

Көп нəрселерді топтап есептеуге болады.

4–6

Белсендіру.

Оқулықтағы №1-тапсырмада қосудың ауыстырымдылық, терімділік қасиеттері қаралады. Толық ондықтарға толтыру үшін сандардың құрамын қолданады. «Үндемес» ойынын ойнауға болады. Оқушылар сан жазылған қиықшаларын көрсетеді. Мұғалім санды толық ондықтарға толтыруды ұсынады: 10, 20, ..., 100 толтыру үшін қай санды қосасың?

Сандардың қиықшалары, оқулық, жинақ

7–11

Мақсатты бекіту (мəселелі жағдаяттар).

Жұмыс дəптеріндегі №2-ге ұқсас тапсырмалар беріледі.

7+6+3 өрнегінде тиімді есептеу тəсілін қарастырады. Оны топпен орындайды. Оқушы сабақтың тақырыбын, қосудың қасиетін ашуға ұмтылады.

Оқулық

12–29

Жаңаны ашу.

Оқулықтағы №1-тапсырманың нəтижесін қорытады. Түрлі түсті маркерлер немесе заттар көмегімен қосудың қасиеттерін бекітеді: екі немесе үш қосылғыштарды олардың қосындысымен алмастырғаннан қосынды өзгермейді. Қосынды қосылғыштарды топтастырып қосқаннан өзгермейді.

Қосудың қасиетін көрсететін əріпті өрнекті ереже түрінде іліп қоюға болады.

( a + b ) + c = a + ( b + c ) = a + b + c .

Түсіндіре отырып алғашқы бекіту.

Оқулық бойынша жұмыс жасалады. Қосудың қасиетін білдіретін мысалдар түсіндіріледі. Оқушыларды топқа бөліп, санау материалдары көмегімен қосудың қасиетін көрсету ұсынылады.

Өздік жұмыс.

Жұмыс дəптерінен №1,2-тапсырма орындалады. Оны бағалау критерийіне сүйеніп, өздеріне баға береді.

Оқулық, дəптер. Санау материалдары.

Сабақтың презентация сын қолдану

Қосылғыштарды іріктеп, оларды тиімді топтаймыз.

Қосылғыштарды шапшаң есептеу үшін қосудың қасиеттерін қолданамыз!

Тапсырманы тексеру барысында мынадай сұрақтар қойылады:

–Неліктен кейбір қосылғыштарды топтау керек?

–Қандай қосылғыштарды олардың қосындысымен алмастыруға болады?

–Амалдарды қандай тəртіппен орындайсың?

30–40

Жаңаны қолдану.

Оқулықтағы №2тапсырманы жеке не жұппен орындайды. Егер қиын болып жатса, онда санау материалдарын қолданады.

Өздік жұмыс.

Оқулықтағы №3-тапсырма есеп құрастыруға беріледі. Есепті сызбасы бойынша құрайды. Есепке кері есептер шығарылады.

Сыныпт топқа бөлініп, есеп құрастыру бойынша жарыс өткізіледі.

Есеп шығарылған соң, оны бағалау жүргізіледі.

Оқулық, дəптер Санау материалдары

41–45

Рефлексия.

Оқушы өз біліктерінің мақсатқа сай екенін салыстырады, осы сабақта оқушы:

  • қосудың ауыстырымдылық, терімділік қасиеттерін қолданады;

  • жақшалы жəне жақшасыз өрнектің мəнін табады;  амалдардың орындалу тəртібін біледі.

Жетістіктер жолағы

24-сабақ.Бір жəне екі амалмен орындалатын есептер.

Тақырыбы: Мен мектепке баратын жол.

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаттары

2.5.1.1. 1-2 амалмен орындалатын есепті кесте, сызба, қысқаша жазба түрінде модельдеу.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар үшін:

1-2 амалмен орындалатын есепті шешу.

Бірқатар оқушылар үшін:

1-2 амалмен орындалатын есепті кесте, сызба, қысқаша түрде жазу.

Кейбір оқушылар үшін:

1-2 амалмен орындалатын есепке кесте, сызба, қысқаша жазу түрінде кері есептер құрастыру.

Тілдік мақсаттар

Пəндік лексика жəне терминология: есеп, амал, өрнек, жауабы, шарты, есептің сұрағы, берілгендер, кесте, сызба, сурет, қысқаша жазу, модель.

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл.

Есептің мазмұны не жайлы?

Ондағы сандар нені білдіреді?

Сандар есеп мазмұнымен қалай байланысады?

Қандай амал қолданылады, неліктен?

Есеп тек 1 амалмен шешіле ме, неліктен?

Есептің моделі не үшін керек?

Қандай модель құрылады?

Есептің шарты бойынша сурет, сызба, қысқаша жазудың қайсысын таңдадың?

Өрнек (сызба, кесте, сурет) бойынша есеп құрастыра аласың ба?

Жазу:

Есепті қысқаша жазамын, суретті, сызбаны сызамын, шешуін шығарамын.

Тірек білім, білік, дағдылар

Есеп жəне оның шешуі.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-əрекет

Қоры

0–3

Ынталандыру.

Мұғалім "есеп" сөзінің мағынасын талдайды.

Математикадағы есептер күнделікті өмірден алынатынын түсіндіреді, математика мен өмірдің байланысын көрсетеді. Мұғалім оқушылармен "менің мектепке баратын жолым" тақырыбында əңгімелеседі.

Қиықшадағы

"есеп"

4–6

Белсендіру.

Математикалық диктантты өздігінен тексеру арқылы орындайды. Оқушы табыс критерийіне сүйеніп, өзін бағалайды. Төмендегі ұғымдарға назар аударылады: есептің шарты, сұрағы, шешуі, жауабы, есептің моделі (сурет, сызба, кесте, қысқаша жазу), онымен оқушылар 1-сыныптан таныс болуы тиіс.

Шарты, сұрақ, шешуі, жауабы, есептің моделі (сурет, сызба, кесте, қысқаша жазу)

7–11

Мақсатты бекіту (мəселелі жағдаяттар).

Мұғалім оқушылар топтарына 2 амалмен орындалатын мəтінді есептерді береді (оқулықтағы №1-тапсырмаға ұқсас болады) жəне есепке сайесептің моделі (сурет, сызба, кесте, қысқаша жазуы) құралады. Оқушылар үшін мəтінді есептер үнемі қиындықтар туғызады. Сондықтан жан-жақты түсітндіруге тырысу керек.

Мұғалім сабақтың мақсатын бекітеді: есептің моделі (сурет, сызба, кесте, қысқаша жазуы) құрастырылады.

Оқулық, парақ қағаз, маркер

12–29

Жаңаны ашу.

Оқулықтағы 1-тапсырманы орындауды ұсынады.

Мұғалім есепті шешудің алгоритмін тақтада көрсетеді:

  1. Мəтінді оқу.

  1. Сызба, сурет сызу. ↓

  2. 1-амалды орындау.

  3. 2-амалды орындау.

  1. Есептеу. ↓

  2. Жауабын жазу.

Түсіндіре отырып алғашқы бекіту.

Жұппен жұмыс. Оқулықтағы 2, а), ə)-есепті шығару.

Қайсы өрнек есептің шешуі болады:

Сабақтың презентациясын қолдану

(30–10) –5 (30+10)–5 (30+10)+5 (30–10)+5 Оқушылардың жұбы бір-бірін бағалайды:

Біліктер

Баға

1

Есептің мазмұнын түсінемін.

2

Есептің сызбасын құрай аламын.

3

Есептің шешу амалын табамын.

4

Есепті шешу алгоритмін орындаймын.

Өздік жұмыс.

Оқулықтағы №3-есепке берілген сызбаларды салыстыр.

Тапсырманы оқушы өз дəптерінде орындайды. Оқушы өз жетістігін бағалайды:

  • Мен есептің мəтінін түсінемін

  • Мен есепті шешу жоспарын құрамын.

  • Мен сызба түрінде есептің моделін жасаймын.

  • Мен екі амалмен орындалатын өрнек жазамын.

  • Мен жауабын табамын.

30–40

Жаңаны қолдану.

Мұғалім дайын №3 есепке берілген сызбаларды тақтаға іледі, сурет бойынша есеп 2 амалмен шешіледі.

Оқушылар топ құрып, есептің моделін таңдайды жəне өздері есеп құрастырады. Бұндай жұмыс оқулықсыз да жүргізіледі. Ол үшін парақ қағаз бен маркер көмегімен топтасып жұмыс жасайды.

Мұғалім топты мынадай сұрақтармен жетелейді:

Есептің мазмұны не жайлы?

Ондағы сандар нені білдіреді?

Сандар есеп мазмұнымен қалай байланысады?

Қандай амал қолданылады, неліктен?

Есеп тек 1 амалмен шешіле ме, неліктен?

Есептің моделі не үшін керек?

Қандай модель құрылады?

Есептің шарты бойынша сурет, сызба, қысқаша жазудың қайсысын таңдадың?

Өрнек (сызба, кесте, сурет) бойынша есеп құрастыра аласың ба?

Өткенді қолдану.

Жұмыс дəптерінен №1,2,3-тапсырмалар жəне оқулықтан №

4,5-тапсырмаларды орындауда өтілген материалды қолданады. Олар арқылы есептеу дағдыларын жəне сан тізбегінің заңдылықтарын табуды жетілдіреді.

Оқушылардың жеке жұмысына баса назар аударылады. Сандардың қиықшалары сан тізбегінің заңдылықтарын көрсетуге жəне жұппен не топпен жұмыс жасап, өз заңдылықтарын құруға мүмкіндіктер беріледі.

Өздік жұмыс.

Оқулықтан № 5-тапсырманы өз бетінше орындайды:

заңдылықты тауып, өзі сан тізбегінің заңдылығын құрайды.

Парақ қағаз, маркер, үлестірмелі

материал

Дəптер, оқулық

Сандардың қиықшалары

41–45

Рефлексия.

Оқушы өз біліктерінің мақсатқа сай екенін салыстырады, осы сабақта оқушы:

  • 1-2 амалмен орындалатын есепті шешеді;

  • 1-2 амалмен орындалатын есепті кесте, сызба, қысқаша

Жетістіктер жолағы

түрде жазады;

 1-2 амалмен орындалатын есепке кесте, сызба, қысқаша жазу түрінде кері есептер құрастырады.

25-сабақ.. Бір жəне екі амалмен орындалатын есептер

Тақырыбы:Жұпыспен жұмыс жасаймыз

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаттары

2.5.1.1. 1-2 амалмен орындалатын есепті кесте, сызба, қысқаша жазба түрінде модельдеу.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар үшін:

санды бірнеше бірлікке арттыру жəне кеміту жəне қосындыны табу сияқты қарапайым есептерден тұратын екі амалмен орындалатын есепті талдау жəне шешу; оған сызба, сұлба немесе қысқаша жазылуын құрастыру.

Бірқатар оқушылар үшін:

санды бірнеше бірлікке арттыру жəне кеміту жəне қосындыны табу сияқты қарапайым есептерден тұратын екі амалмен орындалатын есептің моделін түсіндіру.

Кейбір оқушылар үшін:

Сызба, сұлба жəне қысқаша жазылуы бойынша санды бірнеше бірлікке арттыру жəне кеміту жəне қосындыны табу сияқты қарапайым есептерден тұратын екі амалмен орындалатын есептер құрастыру.

Тілдік мақсаттар

Пəндік лексика жəне терминология: есеп, амал, өрнек, жауабы, шарты, есептің сұрағы, берілгендер, кесте, сызба, сурет, қысқаша жазу, модель.

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл.

Есептің мазмұны не жайлы?

Ондағы сандар нені білдіреді?

Сандар есеп мазмұнымен қалай байланысады?

Қандай амал қолданылады, неліктен?

Есеп тек 1 амалмен шешіле ме, неліктен?

Есептің моделі не үшін керек?

Қандай модель құрылады?

Есептің шарты бойынша сурет, сызба, қысқаша жазудың қайсысын таңдадың?

Өрнек (сызба, кесте, сурет) бойынша есеп құрастыра аласың ба?

Жазу:

Есепті қысқаша жазамын, суретті, сызбаны сызамын, шешуін шығарамын.

Тірек білім, білік, дағдылар

Есеп жəне оның шешуі.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-əрекет

Қоры

0–3

Ынталандыру.

Жазғы демалыс жəне ауылдағы үлкендерге көмек жайлы əңгімелеседі.

  • Ауылдағы, қаладағы үлкен кісілерге көмек көрсетесің бе?

  • Санаумен айналыстың ба?

Қиықшадағы

"есеп"

4–6

Белсендіру.

Мұғалім қосынды мен қалдықты табуға берілген есептерді ауызша оқып, математикалық диктант жүргізеді.

Жазда əжесінің ауылында Сырым 6 жəшік қызанақ, ал Əлия 3 жəшік қызанақ жинады. Олар бірге неше жəшік қызанақ жинады?

Жəшікте 20 кг қияр болды. 4 жəшік қияр жұмсалды.

Неше килограмм қияр қалды?

Бұдан кейін оқулықтан №1 тапсырманы орындау ұсынылады.

Бұл есептердің моделдерін қарастыру үшін 1-сыныпқа арналған жинақ полотносын пайдалануға болады. Алдымен оқушыларға əрбір себетте неше жеміс (жидек) барын біліп алу қажет. Оқушылар осы мəліметтермен əртүрлі есептер құрастыра алады. Оқушылар есептерге шарты мен сұрағын тұжырымдайды. Шешу жолын түсіндіреді.

Оқулық,

дəптер, құрастырмалы жинақ

7–11

Мақсатты бекіту (мəселелі жағдаяттар). Топтардағы оқушыларға есептердің қысқаша жазылуын безендіріп, сызбасын толтырып шығару ұсынылады.

Сырым 4 кг таңқурай, ал Əлия одан 3кг артық жинады.

Олар бірге неше килограмм таңқурай жинады. Дайындама ретінде сұлбасын беруге болады:

Талдау барысында сұлбада қандай мəліметтердің жетіспейтіндігі анықталады. Есептің қысқаша шарты бойынша оқушылар есептер құрастырмаған болуы мүмкін.

Сондықтан, сабақтың мақсаты бекітіледі: мəтінді есепке сызба құрылып, оның моделі жасалады.

Жаңаны ашу.

Əрбір топ өз есептері мен оның моделін, сызбаларын, суретін жəне қысқаша жазбасын қорғайды. Оны олар құрастырмалы жинақ көмегімен көрсете алады.

Қиықшадағы

«есеп».

12–29

Түсіндіре отырып алғашқы бекіту.

Жұппен жұмыс. Есептер қиықшаға жазылып беріледі. Əрбір топ өз есептері мен оның моделін, сызбаларын, суретін жəне қысқаша жазбасын жазады.

№1-есеп қиықшасы.

Оқушылар 6 себет өрік, 3 себетке кем шабдалы жинады. Барлығы неше себет жеміс жиналды?

№2-есеп қиықшасы.

Оқушылар қой бағуға көмектесті. Қойлардың 8-і ақ түсті, ал қара түстілері 2-ге артық. Оқушылар барлығы неше қой бақты?

№3-есеп қиықшасы.

Қызы анасына көмектесіп, 10 қасықты, одан 2-ге кем шанышқыны жуды. Қызы барлығы неше ас құралын жуды?

Мұғалім сыныптың дайындық деңгейіне орай қиықшаларды өз бетінше дайындауына болады. Оқушылар бір-біріне түсіндіреді. Мұғалім жұптарды тындайды жəне бақылайды. Бұдан кейін оқушылар моделдерін көрсетеді жəне түсіндіреді, оларға мұндай моделдің неге тиімді болғанын түсіндіреді. Критерий бойынша бағалайды:

Біліктер

Баға

1

Есептің мазмұнын түсінемін.

2

Есептің сызбасын құрай аламын.

3

Есептің шешу амалын табамын.

4

Есепті шешу алгоритмін орындаймын.

Өздік жұмыс.

Оқулықтағы №5 тапсырманы орындау ұсынылады.

Сабақтың презентациясын қолдану

30–40

Жаңаны қолдану.

Мұғалім дайын сызбаларды тақтаға іледі, сурет бойынша есеп 2 амалмен шешіледі. Оқушылар топ құрып, есептің моделін таңдайды жəне өздері есеп құрастырады.

Бұндай жұмыс оқулықсыз да жүргізіледі.

Есеп құрастыр:

  1. Өрнек бойынша.

  2. Суреті бойынша.

  3. Қысқаша жазылуы бойынша.

Презентация слайды дайындалады немесе тақтада бұл моделдер жазылады. Мысалы:

Өткенді қолдану.

Оқулықтағы №4 жəне дəптердегі №3 тапсырмалар жақшалы амалдарды есептеу дағдысын қалыптастырады. Мұғалім сынып деңгейіне қарай, жеке тапсырмалардың санын реттеп отырады. Оқушы өз жетістігін бағалайды.

Разрядтан аттап өту арқылы қосу немесе азайту мысалдарына дайындық осы сабақтан бастап жүргізіледі.

41–45

Рефлексия.

Оқушы өз біліктерінің мақсатқа сай екенін салыстырады, осы сабақта оқушы:

  • 1-2 амалмен орындалатын есепті шығарады;

  • 1-2 амалмен орындалатын есепті кесте, сызба, қысқаша түрде жазады;

  • 1-2 амалмен орындалатын есепке кесте, сызба, қысқаша жазу түрінде кері есептер құрастырады.

26-сабақ. 1В бөлімібойынша жиынтық жұмыс

Оқушыларды 1В бөлімі бойынша қорытындылау жұмыстарын жүргізуге дайындайды. Оларға жұмыстың мақсаттарын жəне оны орындау ережелерін түсіндіріледі. Жиынтық жұмыс барысында жылы шырайлы қарым-қатынас пен бірқалыпты көңіл-күйді сақталады.

Бұл сабақтың мақсаты: мақсаттарға қол жеткізгеніңді тексер:

Мен үйрендім:

  • тиімді есептеу үшін қосудың қасиеттерін қолдану;  бір–екі амалдан тұратын есепті модельдеу.

  • бір таңбалы сандарды ондықтан аттап ауызша қосу жəне азайтуды орындау;

  • бір таңбалы сандарды ондықтан аттап қосу кестесін қолдану;

  • екі таңбалы сандарды оқу, жазу, салыстыру жəне екі таңбалы сандарды ауызша қосу жəне азайтуды орындау;

  • екі-үш амалдан тұратын, жақшасы бар жəне жақшасы жоқ өрнектердің мəнін табу;