- •Ом заңын эксперименттік жолмен зерттеу
- •Экспериментті орындау тәртібі
- •Тізбектегі резисторлар
- •Сызықтық резисторлар
- •Экспериментті орындау тәртібі
- •Теріс температуралы коэффициентті терморезисторлар (термисторлар)
- •Тәжірибені орындау тәртібі
- •Оң температуралы коэффициентті терморезисторлар
- •Тәжірибені орындау тәртібі
- •Резисторларды тізбектей қосу
- •Тәжірибені орындау тәртібі
- •Резисторларды параллель қосу
- •Тапсырма 6
- •Тәжірибені орындау тәртібі
- •Аралас тізбектей-параллель қосылған резисторлы тізбекті зерттеу
- •Тәжірибені орындау тәртібі
- •Сурет 8.1 Сурет 8.2
- •Тәжірибені орындау тәртібі
- •Сурет 8.3
- •Жүктеме астында кернеу бөлгішті зерттеу
- •Тәжірибені орындау тәртібі
- •Сурет 9.3
Теріс температуралы коэффициентті терморезисторлар (термисторлар)
Теріс температуралы коэффициентті терморезисторлар (ТТК), сонымен қатар, термисторлар деп аталатын кедергілер, температураларды арттырған кезде азаяды. Кедергінің өзгерісі қоршаған орта температурасының немесе өзіндегі қызумен, немесе түрлі электрлік жүктемелер кезінде резистордың сууынан болуы мүмкін.
Термистордың сипаттамасы экспонентті, ол айнымалы материал түріне, конструкциясына және температура өзгерісінің түріне тәуелді.
Тапсырма 3.
Термистордың R=f(U) және I=f(U) тәуелділік графигінің статикалық сипаттамасын тұрғызу. Температуралардың өзгерісі, кернеуді өсірген кезде термистордың өздігінен қызуынан жүреді.
Ескерту: Экспериментте қоршаған орта температурасының өзгерісі қарастырылмайды.
Тәжірибені орындау тәртібі
Сурет 3.1 ТТК термисторлардың статикалық сипаттамаларын алудың электр схемасы
Схемаға сәйкес электр тізбегін құрап, 3.1 кестеге сәйкес U1 кернеуін біртіндеп өсірген кездегі термистордағы тоқ I пен кернеуді U2 өлшеу қажет. Өлшеу аралығы 30 с кем болмайтындай орындалады, өйткені әр өлшем сайын термистордың орнатылған жылулық күйіне жетуі қажет. 15 В-тан жоғары кернеуді, екі тұрақты кернеу көзін: 0...15 В және 15 В, тізбектей жалғау арқылы алуға болады. 1 кОм резистор термистордың қызып кетуін алдын-алу және тоқты шектеу үшін қосылған.
Сурет 3.2 ТТК термисторлардың тәуелділік графигі
Кесте 3.1
U1, B |
5 |
10 |
15 |
20 |
25 |
30 |
U2, B |
|
|
|
|
|
|
I, мА |
|
|
|
|
|
|
R, кОм |
|
|
|
|
|
|
Өлшенген нәтижелерді 3.1 кестеге түсіріп, графикке оның қисығын салыңыз. R=f(U) қисығын тұрғызуға қажет кедергі шамаларын, тоқ I пен кернеу U2 мәндерімен есептеуге болады.
Тұжырым
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Оң температуралы коэффициентті терморезисторлар
Оң температуралы коэффициентті терморезистордың (ОТК) кедергісі, температураны арттырған кезде өседі. Кедергінің өзгерісі қоршаған орта температурасының немесе өзіндегі қызумен, немесе түрлі электрлік жүктемелер кезінде резистордың сууынан болуы мүмкін.
Тапсырма 4.
ОТК термистордың статикалық сипаттамаларының R=f(U) және I=f(U) тәуелділік графигін тұрғызу.
Сұлбаға сәйкес электр тізбегін жинап, 4.1 кестеде көрсетілген кернеу кезіндегі сызықты емес резистордың тоқтарын өлшеңіз. Өлшеу аралығы 30 с кем болмайтындай орындалады, өйткені әр өлшем сайын термистордың орнатылған жылулық күйіне жетуі қажет.
R кедергіні есептеңіз және графикке өлшем мен есептік нәтижелер бойынша қисықтарды тұрғызыңыз.
