Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЭТН-1 зертхана_1-2.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
38.74 Mб
Скачать

Модуль 1. Тұрақты тоқтың сызықты электр тізбектері

Лабораториялық жұмыс №1-2.

Тұрақты тоқ сызықты электр тізбектерін зерттеу

Ом заңын эксперименттік жолмен зерттеу

Ом заңы кедергісі бар тізбек участкісіндегі кернеу U, тоқ I және кедергі R арасындағы математикалық қатынаспен өрнектеледі.

I = U / R, U = IR, R = U / I,

мұнда: I - тоқ, А;

U - кернеу, В;

R - кедергі, Ом.

Тұрақты кедергісі бар тұйықталған тізбекте тоқ кернеуге пропорционал өзгереді.

Егер кернеу тұрақты өзгеретін болса, онда кедергіге кері пропорционал өзгереді.

1-ші тапсырма

Эксперимент жүзінде R=Const кедергі тұрақты кездегі I= f (U) және U = Const кездегі I=f (R) параметрлерін алып, тәуелділік графиктерін тұрғызыңыз.

Экспериментті орындау тәртібі

I=f (U) қисығын тұрғызу үшін, 1.1-ші суреттегі сұлба бойынша тізбекті жинап, 1.1-ші кестеде көрсетілген кернеу және кедергі кезіндегі орны бар тоқтарды өлшеңіз.

Сурет 1.1

Кесте 1.1

U, В

0

2

4

6

8

10

12

R=100 Ом кездегі I, мА

R=150 Ом кездегі I, мА

R=330 Ом кездегі I, мА

Өлшенген тоқтарды 1.1 кестеге түсіріп, кедергінің үш мәні кезіндегі U=f(I) тәуелділік графиктерін тұрғызығыз.

I= f (R) қисығын тұрғызу үшін, 1.2-ші кестеде көрсетілген кедергіге тәуелді сәйкес 4 В, 8 В, 12 В кернеу кезіндегі орны бар тоқтарды өлшеңіз.

Кесте 1.2

R, Ом

100

150

220

330

470

680

1000

U=12 В I кезде мА

U=8 В I кезде мА

U=4 В I кезде мА

1.2 кестеге өлшеу нәтижелерін өлшенген тоқтарды қойып, I=f(R) тәуелділіктерін тұрғызу үшін графикке I = f(R) өлшенген тоқтардың графиктерін (1.3 сурет) тұрғызыңыз.

Сурет 1.2 I=f(U) тәуелділік графигі

Сурет 1.3 I=f(R) тәуелділік графигі

Тұжырым

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Бақылау сұрағы:

  1. Электр тізбегі

  2. Электр энергиясының қандай көзін мінсіз (идеальный) деп айтады?

  3. Қарапайым электр тізбегінің негізгі бөліктерін атаңыз?

  4. Тұрақты электр тоғына анықтама беріңіз?

  5. Электр техникалық құрылғыларда қандай энергетикалық процесстер өтеді

  6. Тізбектің сызықтық электр элементтері түсінігіне анықтама беріңіз.

  7. Электрлік тізбектің қандай элементтері пассивті деп атайды?