- •051301 – Жалпы медицина
- •Тақырыбы: Анемиялық синдром. Темір тапшылықты анемия, в-12 тапшылықты, гипо-аплазиялық анемиялар. Этиологиясы, жіктелуі, клиникалық көріністері. Заманауи емдеу принциптері.
- •Сабақтың мақсаты
- •3. Оқыту мақсаты:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •6. Әдебиет:
- •Орыс тілінде
- •І вариант
- •2. Төмендегi медикаменттiк емнiң дұрысын таңдаңыз:
- •3. Миелолейкозға тән цитохимиялық реакция:
- •1. Тақырыбы: Гемобластоздар. Жедел және созылмалы лейкоздар. Эпидемиологиясы. Жіктелуі, клиникалық көріністері. Заманауи диагностика әдістері. Емдеу принциптері.
- •3. Оқыту мақсаты:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •6. Әдебиет:
- •Орыс тілінде
- •3. Спленомегалия болған жағдайда созылмалы миелолейкоз туралы төмендегі қандай жағдай болғанда күдіктенуге болады:
- •Ситуациялық есептер
- •2 Есеп
- •3 Есеп.
- •4 Есеп.
- •5 Есеп.
- •3. Оқыту мақсаты:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •6. Әдебиет:
- •Орыс тілінде
- •7. Тест сұрақтары
- •Ситуациялық есептер
- •4 Есеп.
- •5 Есеп.
- •6 Есеп.
- •3. Оқыту мақсаты:
- •6. Қолданылатын әдебиеттер:
- •Орыс тілінде
- •1 Вариант
- •2 Вариант
- •1. Тақырып: Нефротикалық синдром. Гломерулонефриттер. Жедел және созылмалы гломерулонефриттер. Этиологиясы. Жіктемесі, клиникалық көрінісі. Қосымша диагностика әдістері. Заманауи терапия принциптері.
- •3. Оқыту мақсаты:
- •4. Тақырып бойынша талқыланатын сұрақтар:
- •6. Қолданылатын әдебиеттер:
- •Орыс тілінде:
- •7. Гломерулонефриттегі гематурия қандай себептерге байланысты дамиды:
- •8. Цилиндрурия немен байланысты:
- •9. Гипертониялық синдромды тудыратын:
- •9. Созылмалы гломерулонефриттің диагностикалық критерийлері:
- •10. Созылмалы гломерулонефрит науқастарына кортикостероидты терапия қолданылады, егер:
- •Ситуациялық есеп № 1
- •Ситуациялық есеп № 2
4 Есеп.
53 жастағы жүргiзушi гематология бөлiмiне келесi шағымдармен келдi: лимфа түйiндерiнiң барлығының үлкеюi, дене қызуының 37,50С-ке, әсiресе, кештерде көтерiлуi, тершеңдiк, есту қабiлетiнiң төмендеуi, жалпы әлсiздiк.
1,5 жыл бұрын тыныс жолдарының жедел респирациялық ауруы (ЖРА) кезiнде емхана дәрiгерi жақ асты, мойын, қолтық асты лимфа түйіндерінің үлкейгенiн анықтаған, қан анализiнде лейкоциттерi өте жоғары болған (600х109/л). Гематология бөлiмiнде 1,5 ай лейкеран және преднизолонмен емдеген, жағдайы жақсарып, лимфалық түйіндері кiшiрейген. Соңғы бiр жылда аптасына 2 рет 2 мг-нан хлорбутиннiң сүйемелдеушi дозасын қабылдап жүрген. Ал кейiнгi 3 айда дәрi iшудi доғарған, суықтап ауырған соң лимфалық түйіндері қайта үлкейе бастаған.
Об-тi: жалпы жағдайы қанағаттанарлық, терi жамылғылары қалыпты түстi. Жақ және қолтық асты, мойын, шап лимфалық түйіндері үлкейген, жұмсақ эластикалық, ауырсынусыз, өзара жабыспаған, өлшемдерi 1-2-ден 3-4 см-лік диаметрде. Бауыры оң қабырға иiнiнен 5 см-ге түсiңкi, қатты эластикалық, бетi тегiс, ауырмайды. Талағы қабырға доғасында пальпацияланады, ауырмайды.
Қан анализiнде: гем. 100 г/л, эрит. 3,4х1012/л, т.к. 0,9, ретик. 1,3%, тромб. 75х109/л, лейк. 5,0х109/л, эоз. 1%, с/я 3%, лимф. 92%, пролимфоциттер 4%, лейкоцитолиз 35:100, ЭТЖ 20 мм/сағ., анизоцитоз, пойкилоцитоз айқын.
1. Алғашқы диагнозыңыз.
2. Тексеруді толықтырыңыз, қажетті дәрiгерлiк манипуляциялар.
3. Дифференциялық диагнозды жүргiзетін нозологиялық бiрлiктер (лимфа
түйiндердiң ұлғаюымен жүретiн аурулар).
4. Клиникалық диагнозы.
5. Емi, маңызды бөлiмдері, принциптерi?
6. Асқынулары, прогнозы.
5 Есеп.
Науқас Г. 70 жаста, соңғы 5 жыл iшiнде гемотологиялық стационарда 2 рет және амбулаторияда созылмалы лимфолейкоз диагнозымен емделген. Науқасқа хлоробутин және кезеңдермен преднизолон тағайындалған, жағдайы қанағаттанарлыққа жеткізілген. 2 ай бұрын тұмаумен ауырған соң науқаста перифериялық лимфалық түйiндерi ұлғайған, аз көлемдi физикалық күштен соң жүрегiнің соғып кетуі, ентiгу дамыған, терiсі мен склерасының сарғаюы байқалған, солармен қатар жалпы әлсiздiк үдей түскендiктен стационарлық емге жолдама берiлген.
Об-тi: жалпы жағдайы орташа ауырлық дәрежесінде. Терi жамылғысы және склерасы сарғайған, геморрагия ошақтары жоқ. Жақ асты, мойын, қолтық асты, шап лимфа түйiндерi (1-2 см-ден 3-4 см-ге дейiн) ұлғайған, жұмсақ, ауырсынусыз, қозғалмалы, бiр-бiрiмен және терiмен жабыспаған. Тыныс алу жүйесi ерекшелiксiз. Жүрек тондары тұйықталған, бiрен-сараң экстрасистолалар, жүрек ұшында систолалық шу, аорта үстiнде II тонның акцентi естiледi. АҚ 150/70 мм сын. бағ., пульсi минутына 82 рет, қанағаттанарлық толумен, ырғақсыз. Бауыры қабырға доғасынан 3 см төмен, талағы 4 см-дей төмен анықталды, пальпацияда ауырсынусыз.
Қанның жалпы анализiнде: эр. 2,1х1012/л, гем. 62 г/л, т.к. 0,9, лейк. 280х109/л, эоз. 14%, лимф. 32%, пролимфоцит. 2%, лимфобласттар 14%, с/я 44%, рет. 3,84%, тромб. 190х109/л, ЭТЖ 42 мм/сағ.
Эритроциттердiң осмостық резистенттiлiгiнің минимальдiсі 0,60, максимальдісі 0,34.
Билирубині 58 мкмоль/л (босы – 46 мкмоль/л).
Зәрдiң уробилиннге реакциясы оң.
Қандағы трансаминазалар белсендiлiгi өзгермеген.
1. Алғашқы диагнозыңыз.
2. Тексеруді толықтырыңыз, қажетті дәрiгерлiк манипуляциялар?
3. Дифференциялық диагнозды жүргiзеін нозобiрлiктерді жетекші синдромда арқылы іздеңіз (лимфотүйiндердiң ұлғаюымен жүретiн аурулар).
4. Клиникалық диагнозы. Емi, маңызды бөлiмдері, принциптерi?
5. Асқынулары, прогнозы.
1. Тақырыбы: Геморрагиялық синдром. Геморрагиялық диатездер. Даму себептері. Жіктемесі. Қанағыштық түрлері. Гемофилияның, геморрагиялық диатездің, идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпуранының клиникасы, диагностикасы, емдеу принциптері. Болжамы.
2. Сабақтың мақсаты: Студенттерге Геморрагиялық диатездердің этиологиясын, патогенезін, клиникасын, жіктемесін, дифференциялық диагнозын жүргізуді (абсолютті және салыстырмалы), диагноз құруды, адекватты тексеру жоспарын және тағайындауды үйрету.
