- •051301 – Жалпы медицина
- •Тақырыбы: Анемиялық синдром. Темір тапшылықты анемия, в-12 тапшылықты, гипо-аплазиялық анемиялар. Этиологиясы, жіктелуі, клиникалық көріністері. Заманауи емдеу принциптері.
- •Сабақтың мақсаты
- •3. Оқыту мақсаты:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •6. Әдебиет:
- •Орыс тілінде
- •І вариант
- •2. Төмендегi медикаменттiк емнiң дұрысын таңдаңыз:
- •3. Миелолейкозға тән цитохимиялық реакция:
- •1. Тақырыбы: Гемобластоздар. Жедел және созылмалы лейкоздар. Эпидемиологиясы. Жіктелуі, клиникалық көріністері. Заманауи диагностика әдістері. Емдеу принциптері.
- •3. Оқыту мақсаты:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •6. Әдебиет:
- •Орыс тілінде
- •3. Спленомегалия болған жағдайда созылмалы миелолейкоз туралы төмендегі қандай жағдай болғанда күдіктенуге болады:
- •Ситуациялық есептер
- •2 Есеп
- •3 Есеп.
- •4 Есеп.
- •5 Есеп.
- •3. Оқыту мақсаты:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •6. Әдебиет:
- •Орыс тілінде
- •7. Тест сұрақтары
- •Ситуациялық есептер
- •4 Есеп.
- •5 Есеп.
- •6 Есеп.
- •3. Оқыту мақсаты:
- •6. Қолданылатын әдебиеттер:
- •Орыс тілінде
- •1 Вариант
- •2 Вариант
- •1. Тақырып: Нефротикалық синдром. Гломерулонефриттер. Жедел және созылмалы гломерулонефриттер. Этиологиясы. Жіктемесі, клиникалық көрінісі. Қосымша диагностика әдістері. Заманауи терапия принциптері.
- •3. Оқыту мақсаты:
- •4. Тақырып бойынша талқыланатын сұрақтар:
- •6. Қолданылатын әдебиеттер:
- •Орыс тілінде:
- •7. Гломерулонефриттегі гематурия қандай себептерге байланысты дамиды:
- •8. Цилиндрурия немен байланысты:
- •9. Гипертониялық синдромды тудыратын:
- •9. Созылмалы гломерулонефриттің диагностикалық критерийлері:
- •10. Созылмалы гломерулонефрит науқастарына кортикостероидты терапия қолданылады, егер:
- •Ситуациялық есеп № 1
- •Ситуациялық есеп № 2
2 Есеп
Науқас А, 29 жаста, шофер. Стационарға мына шағымдармен келіп түсті: жұтқанда аранда ауырсыну, дене температурасының 38С-қа жоғарылауы, сүйек және буындарда ауырсыну, иек терінің қанағыштығы, күшейетін жалпы әлсіздік.
Ауру екі апта бұрын басталған, суықтанудан соң дене температурасы 39С-қа жоғарылаған, жұтқанда аранда ауырсыну, бас ауру мазалаған. Аймақтық дәрігер баспа деп диагностикалық ішке қабылдауға ампициллин, аранды шаюға фурациллин тағайындаған. Бірақ науқаста қызба сақталып сүйектерде ауырсыну мазалаған, иек терінің қанағыштығы пайда болған. Бір рет мұрынннан қан кету байқалған. Қанды амбулаторлы жағдайда тексергенде анемия және лейкоцитоз анықталған.
Жалпы жағдайы орта ауырлықта. Науқас адинамия жағдайында. Тері және кілегей қабаттары түсі бозғылт. Аяқ қолдарының терісінде майда нүктелік және дақты қан құйылулар байқалады. Иек пен бадамшалардың гиперплазиясы айқын. Ауыз қуысында жаралы некротикалық өзгерістер. Перифериялық лимфа түйіндері ұлғаймаған. Өкпеде везикулалық тыныс, жүрек ұшында систолалық шу, тондары тұйықталған, тахикардия. АҚ 100/65 мм с.б.б. Бауыр қабырға доғасынан 4 см, талақ 3 см. шығыңқы, пальпацияда ауырсынады.
Қан анализінде: Нb – 90г/л, эритроциттер – 3,0 х 1012/л, түсті көрсеткіш– 0,9 , тромбоциттер – 65 х 109/л, лейкоциттер – 26 х 109/л, таяқша ядролы нейторфилдер – 1%, сегментті ядролы нейтрофильдер– 33%, лимфоциттер – 10%, моноциттер – 5%, миелобласттар – 51%, ЭТЖ – 60 мм/сағ, анизоцитоз және пойкилоцитоз айқын.
1. Болжам диагнозыңыз. Дифференциальды диагноз жүргізетін ауруларды атаңыз.
2. Клиникалық диагноз қоюға қандай зерттеулер жүргізу керек.
3 Есеп.
41 жастағы науқас Б., II-ші топтың мүгедегi, гематология бөлiмiне келесi шағымдармен түстi: күрт әлсiздiк, қабырға астының қос жақты ауруы, жүдеу (1,5 айда 12 кг-ға), тершеңдiк.
Науқас 2 жыл бұрын сол жақ қабырғасының ауыр тарту сезiмiне шағым айтып, дәрiгерге көрiнген, қанын тексергенде лейкоциттер саны аса жоғары болған (150х109/л). Осыған орай гематология бөлiмiне жатқызылып, миелосанмен емделген. Жағдайы жақсарған, салмақ қосқан, талағының өлшемi кiшiрейген. Жыл бойы емханалық жағдайда миелосан қабылдаған. Соңғы 4 ай көлемiнде дәрмектi тоқтатқан, өйткенi жүрегi айнып құсу мазалай бастаған. Жағдайы нашарлаған: жүдей бастаған, қос қабырға астында тұрақты сыздап ауырғандық пайда болған, оссалгия, субфебрильдiк қызба, жалпы әлсiздiк мазалаған.
Об-тi: жалпы жағдайы орта ауырлықта, терi жамылғысы бозарған, лимфалық түйiндерi ұлғаймаған, төс сүйегiн қаққанда ауырсынады, жүректiң шала тұйық дыбыс шектерi солға ығысқан. Жүрек тондары әлсiздеу, жүрек ұшында систолалық шу естіледі, пульсi ырғақты, минутына 78 рет. АҚ 100/70 мм сын. бағ. Бауыры қабырға иiнiнен 8 см-дей төмен орналасқан, тығыз, бетi тегiс, сипағанда сезiмтал. Талақтың төменгi полюсi мықын аймағында сипалады, бетi тегiс ауырсынбайды.
Қан анализiнде: ЭТЖ 15 мм/сағ., эр. 3,7х1012/л, Нв 110г/л, т.к. 0,9, лейк. 123х109/л, эоз. 7%, базоф. 6%, миелобасттары 1%, промиелоциттері 13%, миелоциттері 26%, метамиелоциттері 10%, т/я 11%, с/я 24%, лимф, 2%, тромб. 570х109/л.
1. Алғашқы диагнозы.
2. Тексеруді толықтырыңыз, қажетті дәрiгерлiк манипуляциялар.
3. Дифференциялық диагноз жүргiзілетін нозобiрлiктер (бауыр, талақ ұлғаюымен жүретiн аурулар).
4. Клиникалық диагнозы.
5. Емi, маңызды бөлiмдері, принциптерi?
6. Асқынулары, прогнозы.
