Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Гемонефрология каз 4к.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
299.01 Кб
Скачать

1. Тақырыбы: Гемобластоздар. Жедел және созылмалы лейкоздар. Эпидемиологиясы. Жіктелуі, клиникалық көріністері. Заманауи диагностика әдістері. Емдеу принциптері.

2. Сабақтың мақсаты: Студенттерге жедел лейкоздар, созылмалы лейкоздар (лимфолейкоз, миелолейкоз) этиологиясын, патогенезін, клиникасын, жіктемесін, дифференциялық диагнозын жүргізуді (абсолютті және салыстырмалы), диагноз құруды, адекватты тексеру жоспарын және тағайындауды үйрету.

3. Оқыту мақсаты:

Студент білуі тиіс:

  • жедел лейкоздар, созылмалы лейкоздар (лимфолейкоз, миелолейкоз) анықтамасын;

  • жедел лейкоздар, созылмалы лейкоздар (лимфолейкоз, миелолейкоз) этиологиясын, патогенезін;

  • жедел лейкоздар, созылмалы лейкоздар (лимфолейкоз, миелолейкоз) негізгі клиникалық синдромдарды, клиникасын;

  • жедел лейкоздар, созылмалы лейкоздар (лимфолейкоз, миелолейкоз) кезеңдеріндегі клинико-гематологиялық сипаттамасын;

  • жедел лейкоздар, созылмалы лейкоздар (лимфолейкоз, миелолейкоз) жіктемесін;

  • жедел лейкоздар, созылмалы лейкоздар (лимфолейкоз, миелолейкоз) дифференциялық диагнозын;

  • жедел лейкоздар, созылмалы лейкоздар (лимфолейкоз, миелолейкоз) кезеңдеріне байланысты емін.

Студент жасай алуы тиіс:

  • жедел лейкоздар, созылмалы лейкоздармен сырқат (лимфолейкоз, миелолейкоз) науқастарды сұрастыруды және объективті тексеруді жүргізу;

  • анықталған симптомдарды бағалау және оларды синдромдарға топтау;

  • болжам диагнозды негіздеу;

  • жедел лейкоздар, созылмалы лейкоздармен (лимфолейкоз, миелолейкоз) науқастарды тексерудің адекватты жоспарын құру;

  • берілген параклиникалық тексерулердің мәліметтерді интерпретациялау, сонымен бірге миелограмманы талдау;

  • клиника-лабораторлы синдромдардың негізінде ұқсас аурулармен дифференциялық диагноз жүргізу;

  • клиникалық диагнозды негіздеу;

  • ем жоспарын құру, тағайындаудың әр пунктін негіздеу;

  • рецепт жазу: имифос, миелосан, миелобромол, хлорбутин, гидрокси-мочевина, курантил, никотин қышқылы, гепарин, трентал, тиклид, ибустрин, миелурит, реополиглюкин, ацетилсалицил қышқылы, Е витамині.

Студент дағдыларды игерген болуы тиіс:

  • гемобластоздармен науқастарды сұрастыруды, қарауды;

  • лейкоздармен науқастардың лимфа түйіндерін, көкбауырын, бауырын пальпациялауды, перкуссия және аускультация өткізуді;

  • қалыпты жағдайдағы және патологиядағы гематологиялық көрсеткіштерді талдауды;

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

а) базистік білімі бойынша:

1) анатомия және физиология курсынан – қан жасау жүйесінің анатомо-физиологиялық ерекшеліктерін;

2) патофизиология курсынан – қан клеткаларының сандық және сапалық құрамының өзгерістерін, морфологиялық өзгерістерін, циркуляциядағы эритроциттердің массасын анықтау әдістерін, эритроциттегі оттегінің парцинальды қысымын өлшеу;

3) ішкі аурулар пропедевтикасы курсынан – қан жасау жүйесі органдары ауруы бар науқастарды тексеруді, сұрастыруды, плеторикалық синдромды, гепатоспленомегалияны, гиперкоагуляция синдромын;

4) фармакология курсынан – әсер ету механизмін, дозасын, цитостатиктер, дезагреганттар, вазодилятаторлар, антикоагулянттарға, плазма алмастырғыштарға, антикоагулянттарға рецепт жазу.

б) сабақтың тақырыбы бойынша:

  1. Жедел және созылмалы лейкоздар анықтамасы, жіктемесі.

  2. Жедел және созылмалы лейкоздардың даму себептері мен механизмі.

  3. Созылмалы миелолейкоз анықтамасы, себептері.

  4. Созылмалы миелолейкоздың негізгі клиникалық синдромдары.

  5. Созылмалы миелолейкоз диагностикасы, емдеу принциптері.

  6. Созылмалы лимфолейкоз анықтамасы, себептері.

  7. Созылмалы лимфолейкоздың негізгі клиникалық синдромдары.

  8. Созылмалы лимфолейкоз диагностикасы, емдеу принциптері.

5. Білім берудің және оқытудың әдістері: шағын топтар, жұптасып жұмыс істеу, жаттығуларды орындау (инновациялық оқыту әдістерін қолдану: аудиотаспа, бейнетаспа, электрондық оқулық, проблемаға бағыттап оқытуға арналған материалдар).