Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Гемонефрология каз 4к.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
299.01 Кб
Скачать

2. Төмендегi медикаменттiк емнiң дұрысын таңдаңыз:

1. Хлорбутин 15 мг/тәу., пероральдi.

2. Пенициллин 16 млн. Б/тәу.+цефамизин 4,0/т.+ метрогил 100,0х2 р/т. парентеральдi.

3. Циклофосфан 400 мг/м2/т. (5 күн) + винкристин 1,4 мг/м2/т. (1-шi күнi)+ преднизолон 40 мг/м2/т. (5 күн).

4. Гидреа 1600 мг/м2/т., пероральдi.

5. Цитозар 100 мг/м2/т. (7 күн) +рубомицин 45 мг/м2/т. (3 күн).

3. Миелолейкозға тән цитохимиялық реакция:

    1. Гликогенге реакция.

    2. Миелопероксидазаға оң реакция.

    3. РАSК реакция.

    4. Қара суданмен реакция.

6 есеп

53 жастағы жүргiзушi гематология бөлiмiне келесi шағымдармен келдi: лимфа түйiндерiнiң барлығының үлкеюi, дене қызуының 37,50С-ке, әсiресе, кештерде көтерiлуi, тершеңдiк, есту қабiлетiнiң төмендеуi, жалпы әлсiздiк.

1,5 жыл бұрын тыныс жолдарының жедел респирациялық ауруы (ЖРА) кезiнде емхана дәрiгерi жақ асты, мойын, қолтық асты лимфа түйіндерінің үлкейгенiн анықтаған, қан анализiнде лейкоциттерi өте жоғары болған (600х109/л). Гематология бөлiмiнде 1,5 ай лейкеран және преднизолонмен емдеген, жағдайы жақсарып, лимфалық түйіндері кiшiрейген. Соңғы бiр жылда аптасына 2 рет 2 мг-нан хлорбутиннiң сүйемелдеушi дозасын қабылдап жүрген. Ал кейiнгi 3 айда дәрi iшудi доғарған, суықтап ауырған соң лимфалық түйіндері қайта үлкейе бастаған.

Об-тi: жалпы жағдайы қанағаттанарлық, терi жамылғылары қалыпты түстi. Жақ және қолтық асты, мойын, шап лимфалық түйіндері үлкейген, жұмсақ эластикалы, ауырсынусыз, өзара жабыспаған, өлшемдерi 1-2-ден 3-4 см-лік диаметрде. Бауыры оң қабырға иiнiнен 5 см-ге түсiңкi, қатты эластикалық, бетi тегiс, ауырмайды. Талағы қабырға доғасында пальпацияланады, ауырмайды.

Қан анализiнде: гем. 100 г/л, эрит. 3,4х1012/л, т.к. 0,9, ретик. 1,3%, тромб. 75х109/л, лейк. 5,0х109/л, эоз. 1%, с/я 3%, лимф. 92%, пролимфоциттер 4%, лейкоцитолиз 35:100, ЭТЖ 20 мм/сағ., анизоцитоз, пойкилоцитоз айқын.

1. Алғашқы диагнозыңыз.

2. Тексеруді толықтырыңыз, қажетті дәрiгерлiк манипуляциялар.

3. Дифференциялық диагнозды жүргiзетін нозологиялық бiрлiктер (лимфалық түйiндердiң ұлғаюымен жүретiн аурулар).

4. Клиникалық диагнозы.

5. Емi, маңызды бөлiмдері, принциптерi?

6. Асқынулары, прогнозы.

7 есеп

Науқас Г. 70 жаста, соңғы 5 жыл iшiнде гемотологиялық стационарда 2 рет және амбулаторияда созылмалы лимфолейкоз диагнозымен емделген. Науқасқа хлоробутин және кезеңдермен преднизолон тағайындалған, жағдайы қанағаттанарлыққа жеткізілген. 2 ай бұрын тұмаумен ауырған соң науқаста перифериялық лимфалық түйiндерi ұлғайған, аз көлемдi физикалық күштен соң жүрегiнің соғып кетуі, ентiгу дамыған, терiсі мен склерасының сарғаюы байқалған, солармен қатар жалпы әлсiздiк үдей түскендiктен стационарлық емге жолдама берiлген.

Об-тi: жалпы жағдайы орташа ауырлық дәрежесінде. Терi жамылғысы және склерасы сарғайған, геморрагия ошақтары жоқ. Жақ асты, мойын, қолтық асты, шап лимфа түйiндерi (1-2 см-ден 3-4 см-ге дейiн) ұлғайған, жұмсақ, ауырсынусыз, қозғалмалы, бiр-бiрiмен және терiмен жабыспаған. Тыныс алу жүйесi ерекшелiксiз. Жүрек тондары тұйықталған, бiрен –саран экстрасистолалар, жүрек ұшында систолалық шу, аорта үстiнде II тонның акцентi естiледi. АҚ 150/70 мм сын. бағ., пульсi минутына 82 рет, қанағаттанарлық толумен, ырғақсыз. Бауыры қабырға доғасынан 3 см төмен, талағы 4 см-дей төмен анықталды, пальпацияда ауырсынусыз.

Қанның жалпы анализiнде: эр. 2,1х1012/л, гем. 62 г/л, т.к. 0,9, лейк. 280х109/л, эоз. 14%, лимф. 32%, пролимфоцит. 2%, лимфобласттар 14%, с/я 44%, рет. 3,84%, тромб. 190х109/л, ЭТЖ 42 мм/сағ.

Эритроциттердiң осмостық резистенттiлiгiнің минимальдiсі 0,60, максимальдісі 0,34.

Билирубині 58 мкмоль/л (босы – 46 мкмоль/л).

Зәрдiң уробилиннге реакциясы оң.

Қандағы трансаминазалар белсендiлiгi өзгермеген.

1. Алғашқы диагнозыңыз.

2. Тексеруді толықтырыңыз, қажетті дәрiгерлiк манипуляциялар?

3. Дифференциялық диагнозды жүргiзеін нозобiрлiктерді жетекші синдромда арқылы іздеңіз (лимфотүйiндердiң ұлғаюымен жүретiн аурулар).

4. Клиникалық диагнозы. Емi, маңызды бөлiмдері, принциптерi?

5. Асқынулары, прогнозы.

8 есеп

Науқас В., 44 жаста, жұмысшы, басының ауыруына, басында тұрақты түрде ауырлық сезiмiнiң болуына, жүрек аймағының бір мезгілдерде қысып ауыруына, тез шаршағыштыққа, және еңбекке қабiлетiнiң төмендеуiне шағымданады. Қызыл иектiң қанағыштығы және шомылғанынан кейiн күшейетiн терi қышуы мазалайды.

Науқас өзiн 2 жыл көлемiнде сырқат санайды. Науқасты бас ауруы мазалаған, кейде сүйек және буындары ауырған. Соңғы 5-6 ай көлемiнде науқаста қызыл иектiң қанағыштығы байқалған және айналасындағылар науқастың бетiнiң және қол терiсiнiң тұрақты қызаруын байқаған.

Об-ті: жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Бет, құлақ, кеуде сарайының алдыңғы бөлiгi және саусақтарының терісі қошқыл-қызыл түстес. Конъюнктивасы инъекцяланған, “қоян көз” симптомы анықталды. Перифериялық лимфалық түйiндерi ұлғаймаған. Өкпесі патологиялық өзгерiссiз. Жүректiң сол жақ салыстырмалы тұйықтық шегi сол бұғана ортаңғы сызығынан 1 см-ге тыс. Жүрек тондары тұйықталған, жиырылу жиiлiгi минутына 80 рет, пульсi әлсiз кернеулi, ырғақты. АҚ 165/100 мм сын. бағ. Бауыры қабырға доғасынан 3 см-дей төмен, көк бауыры – 6 см-ге үлкейген.

Қан анализiнде: гемогл. 196г/л, эр. 6,6х1012/л, т.к. 0,9, тромб. 650х109/л, лейк. 11х109/л, эоз. 4 %, т/я 8% , с/я 58%, лимф. 24% мон. 6% , ЭТЖ 1 мм/сағ.

  1. Науқаста болуы мүмкiн ауру.

  2. Жетекші синдромы (плеторалық), нағыз және симптомдық эритроцитоздармен дифференциялық диагнозы.

  3. Бұл ауруда дамуы мүмкiн асқынуларды атаңыз.

  4. Осы патологияда қолданылатын дәрмектер.

  5. Бауыр және көк бауырының ұлғаюы, артериялық қан қысымының көтерiлу механизмдерiн түсiндiріңіз.