Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Гемонефрология каз 4к.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
299.01 Кб
Скачать

2 Вариант

1. Созылмалы пиелонефриттің активті фазасының симптомдары:

а) тұрақты ауырсыну сезімі,

б) дизурия,

в) гектикалық температура,

г) а,б,

д) а,б,в.

2. Пиелонефритке артығырақ тән:

а) протеинурия,

б) гематурия,

в) лейкоцитурия және бактериурия,

г)цилиндрурия,

д) глюкозурия.

3. Жедел пиелонефритте қандай зерттеулердің диагностикалық маңызы бар?

а) несеп анализдері,

б) шолулық урография,

в) пневморен,

г) пиелография,

д) цистоскопия.

4. Созылмалы пиелонефриттің латентті өтетін сатысында қандай зерттеулердің маңызы бар?

а) Зимницкий сынағы,

б) экскреторлық урография,

в) Нечипоренко әдісімен несепті зерттеу,

г) Аддис-Каковский әдісімен несепті зерттеу,

д) барлығы дұрыс

5. Екіншілік пиелонефрит қандай жағдайларда дамиды?

а) қатты суықтағанда;

б) жоғарылаушы инфекцияларда;

в) шаршағанда;

г) дұрыс тамақтанбағанда;

д) уланғанда.

6. Созылмалы пиелонефритті емдеуге қандай дәрілік зат қолданылмайды:

а) антибиотиктер,

б) нитрофуран тобы,

в) кортикостероидтар,

г) сульфаниламидтер,

д) фторхинолондар.

7. Созылмалы пиелонефритке тән емес:

а) пиурия

б) протеинурия

в) гематурия

г) цилиндрурия

д) лейкоцитурия

8. Созылмалы пиелонефриттің ағымы бойынша жіктелуі:

а) жасырын (латентті), қайталамалы, үдемелі.

б) қайталамалы, баяу үдемелі, жылдам үдемелі.

в) жедел, созылмалы, жеделдеу.

г) барлығ дұрыс.

д) дұрыс жауап жоқ.

9. Пиелонефриттің пайда болуына жағдай туғызатын факторлар:

а) қуық-несепағар (везико-уретральды) рефлюкс,

б) суықтау,

в) бүйректен несеп пассажының және веналық қанның ағымының бұзылысы,

г) бактериурия,

д) көрсетілгендердің барлығы.

10. Созылмалы пиелонефритте тағайындалатын диета №:

а) 1

б) 3

в) 5

г) 7

д) 9

1 есеп

Науқас әйел 37 жаста, бел тұсының ауырсынуына, дәретінің жиілеуіне шағымданада.

Анамнезінде: 5 жыл бұрын боснғаннан кейін бел тұсының ауыруы, қызба, дизурия мазалаған.

Қарағанда: Жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Тері қабаттары таза. Температурасы 370С. Өкпесінде патологиялық өзгерістер жоқ, ТАЖ 18 рет 1 мин. Жүрек тондары ырғақты, тондары бәсең. АҚ130/80 мм.сын.бағ. ЖСС 84 рет 1 мин. Бел тұсын қағу симптомы екі жақтан оң мәнді. ҚЖА: лейк – 6,1 мың, ЭТЖ – 20 мм/сағ. Зәр анализі: салыст.тығыз -1005, белок – 0,033 г/л, көру аймағында лейкоциттер өте көп, эритроциты – сілтіленген және өзгермеген көру аймағында 3- 5. Нечипоренко сынамасы: эр – 1000, лейк – 20000, сафронинмен бояғанда –Штернгеймер-Мальбин клеткалары анықталады .

Сұрақ:

1. Синдромдарды ажыратыңыз?

2. Диагнозды толық құрастырыңыз?

3. Тексеру жоспарыңыз

4. Емін жазыңыз.

2 есеп

Науқас ер адам 24 жаста. Басының ауруына, жүрегі айнып құсуына, шөлдеуіне, мұрнынан қан кетуіне, әлсіздікке тәбетінің төмендеуіне шағымданады

Анамнезіне: Созылмалы пиелонефритпен 10 жылдан бері ауырады.

Қараған: Науқастың жағдайы ауыр. Терісі бозарған, қасыған іздер бар. Аяғы тізесіне дейін ісінген. Жүрек тондары бәсең және жүрек ұшында систолиялық шу анықталады. АҚ - 180/100 мм сын.бағ. ЖСС - 100 рет/мин. Қағу симптомы екі жақтан оң мәнді. ҚЖА: Нв–96 г/л, эрит–2,8 млн., лейк-8,2 мың., ЭТЖ-35 мм/сағ, мочевина–16 ммоль/л, креатинин– 0,250 ммоль/л. Салыстырмалы тығыздығы-1005, белок-4,5 г/л, лейкоциттер – 8-12 көру аймағында, эрит – 20-25 көру аймағында. УДЗ: тостағанша астауша жүйесі деформацияланған, тығыздалған, қалыңдаған.

Сұрақ:

1. Синдромдарды ажыратыңыз?

2. Диагнозды толық құрастырыңыз?

3. Тексеру жоспарыңыз

4. Емін жазыңыз.