Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Гемонефрология каз 4к.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
299.01 Кб
Скачать

Ф-ОБ-012 / 016

ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

МЕДИЦИНА ФАКУЛЬТЕТІ

ІШКІ АУРУЛАР ЖӘНЕ ПРОПЕДЕВТИКА КАФЕДРАСЫ

Ішкі аурулар пәнінен тәжірибелік сабақтың

әдістемелік өңдеулер жинағы (гематология, нефрология циклдары)

Курс 4

051301 – Жалпы медицина

Құрастырушылар:

м.ғ.к. Рахымбердиев Д.С.

м.ғ.к. Мамутова А.Е.

Түркістан 2013-2014 оқу жылы

Кафедра мәжілісінде талқыланды

____ «____»____________2013 ж

Кафедра меңгерушісімен бекітілді

м.ғ.к., доцент

_______________ Л.Т. Алимбекова

  1. Тақырыбы: Анемиялық синдром. Темір тапшылықты анемия, в-12 тапшылықты, гипо-аплазиялық анемиялар. Этиологиясы, жіктелуі, клиникалық көріністері. Заманауи емдеу принциптері.

  1. Сабақтың мақсаты

Теміртапшылықты анемияның, В12 жетіспеушілік анемияның, гемолиздік және аплазиялық анемиялардың диагностикасын, диагнозын құрауды, тексеру және емдеу жоспарын мұқият негіздеп тағайындауды үйрету.

3. Оқыту мақсаты:

Студент білуі тиіс:

  • Анатомия және қалыпты физиология курсынан – қан түзу жүйесінің анатомо-физиологиялық мәліметтерін;

  • Патофизиология және патанотомия курсынан – лейкоциттердің сапалық және сандық құрамының өзгерістерін (анемиялар);

  • lшкі аурулар пропедевтикасы курсынан – қан түзу жүйесі ауруы науқастарын сұрастыру және физикалық тексеру әдістерін; лабораторлы-инструменталдық тексеру әдістерін (қанды морфологиялық тексеруді, қан түзу ағзаларының пункциясын, гемолизді бағалауды); анемиялық, геморрагиялық синдромдарды;

  • Фармакология курсынан – Витамин С, В12, В9, циклофосфамид, винкристин, нерабол, антибиотиктер, темір дәрмектерінің әсер ету механизмін, дозасын, рецептурасын.

Студент меңгеруі тиіс:

  • Науқасты сұрастыру және объективті тексеруді.

  • Табылған симптомдарды бағалау және оларды синдромдарға біріктіруді.

  • Болжам диагнозын негіздеуді.

  • Тиімді тексеру жоспарын құруды.

  • Параклиникалық тексеру мәліметтерін, оның ішінде рентгенограмманы да түсініп оқи білуді.

  • Клинико-лабораторлық синдромдарға сүйеніп, дифференциялық диагностика жүргізу үшін ұқсас аурулар шеңберін анықтауды.

  • Ұқсас аурулармен дифференциялық диагноз жүргізуді.

  • Клиникалық диагнозды құрауды.

  • Тағайындаудың әрбір пунктін негіздеп емдік жоспарды құруды.

  • Мыналарға рецепт жазуды: витаминдер С, В12, В9, циклофосфамид, винкристин, нерабол, антибиотиктер, темір препараттары.

Студент дағдыларды игерген болуы тиіс:

анемиялармен науқастарды сұрастыруды, қарауды;

  • анемияларды клиникалық-лабораториялық белгілері бойынша ажыратуды;

  • анемиялармен науқастарды тексеру және емдеу жоспарын құруды, аспаптық зерттеу нәтижелерін талдауды.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

А) базистік білімі бойынша:

  1. . Қан түзу жүйесінің анатомды-физиологиялық мәліметтері;

  2. . Эритроциттердің сандық және сапалық құрамының өзгерістері (анемия)

  3. . Қан түзу ауруы науқастарын сұрастыру және физикалық тексеру әдістері; лабораторлы инструменттік тексерудің мәліметтері (қанды морфологиялық тексеру, қан түзу ағзаларының пункциясы, гемолизді бағалау); анемияның синдромдары;

  4. . Витаминдер С, В12, В6, циклофосфамид, винкристин, нерабол, антибиотиктер, темір препараттарының әсер ету механизмі, дозасы, рецептурасы.

Б) осы сабақтың тақырыбы бойынша:

  1. В12-витамині жетіспеушілік анемиясы, гемолиздік және аплазиялық анемиялар анықтамасы.

  2. Этиологиясы, патогенезі.

  3. Клиникасы, негізгі синдромдары.

  4. Диагнозы, қан көрінісінің маңызы, миелограмма, критерилері

  5. Дифференциялық диагнозы.

  6. В12-витамині жетіспеушілік анемиясының, гемолиздік және аплазиялық анемиялардың емі.

  7. Қайталаудың алдын алу шарасы, диспансерлік бақылауы.

5. Білім берудің және оқытудың әдістері: шағын топтар, жұптасып жұмыс істеу, жаттығуларды орындау (инновациялық оқыту әдістерін қолдану: аудиотаспа, бейнетаспа, электрондық оқулық, проблемаға бағыттап оқытуға арналған материалдар).