1.4 Қопсытқыштың жұмыс үрдісі
Қопсытқыш біртісті және көптісті болып бөлінеді. Біртісті қопсытқыш бір тіреуішпен жабдықталғаннан қорытындысында оның тартқыш күші, бір жұмыс мүшесіне негізделген. Соның арқасында ол одан да қатты топырақтарды қопсыта алады. Одан басқасы, бір тісті қопсытқыш аз металлосыйымдылығы болады, көптістілеріне қарағанда.
Тісте үш саңылауларға дейін болады. Сондықтан әр түрлі биіктікте оны жақтауда орнатады, қопсытылатын материал беріктігіне байланысты қопсыту тереңдігін баспалдақты өзгертеді.
Үштісті қопсытқыш үш алмалы тіреуіш жабдықталған, жақтауда бір бірінен тең қашықтықта орналасқан. Екі бүйір тістерді шешуге болады. Үштісті қопсытқыштар көп материал сыйымдылығымен арттылады және аса жеңіл және қатқан топырақтарда жұмыс істеуге арналған.
Тракторға аспалы қопсытқыш жүйесінен үшбуынды, параллелограмды, ауыстырымды буыны бар параллелограмды түрлері таралған.
Үшбуынды аспа кезінде (сурет 1.19) жұмыс арқалықпен 3 тіреу жақтауға 1 шарнирлі жақтауды 6 қыстырады. Арқалыққа тіс 4 орнатылған, ұшының соңында шешілмелі ұштық 5 бекітілген. Үшбуынды аспа өзінің қарапайым конструкциясымен ерекшеленеді, бірақ тістің көтерілуі мен түсуі кезінде тұрақты қопсытқыш бұрышын қамтамасыздандырмайды.
а – біртісті, б – үштісті, в – үшбуынды аспа, г – параллелограммды аспа, д – өзгермелі буынды параллелограмды; 1, 6 – жақтау, 2 – басқаратын гидроцилиндр, 3 – арқалық, 4 – тіс, 5 – ұштық, 7 – тартқыш, 8 – қопсыту бұрышын өзгерту гидроцилиндрі
Сурет 1.19 - Артқы қопсытқыштар мен аспалар
Параллелограммды аспада қопсытқыш төртбуында орнатылған және жұмыс процессі кезінде тұрақты қопсыту бұрышын сақтап тұрады. Тіреуіш жақтауда 1 жақтау 1 мен үстінгі тартқыш 7 щарнирлі орнатылған, жұмыс арқалығы 3 оларға саусақтармен ілінген. Оның ішіне тістің тіреуі кіргізілген, көлденең саусақтармен ұстап тұрған.
Параллелді аспада ауыспалы буынмен үстіңгі тартқыштың орнына гидроцилиндрлер орнатылған. Олар тіреуіш жақтаудың 1 үстіңгі шарнирлер мен арқалықтың 3 қашықтығын үлкейтіп, кішірейте алады, яғни қопсыту бұрышын өзгертеді. Бұл аспа түрі қопсытқыштың өнімділігін арттырады, жабдықтың тереңдеуін жеңілдетеді және тракторға жүктемені азайтады.
Бульдозер-қопсытқыш тасты және қатқан топырақты екі күштің арқасында қопсытады: тіспен сығылу және ұштық пен тіреуішпен массивті үзу. Ең жағымдысы бұл машиналармен қажу және қабатты топырқтарды қопсытуға жақсы: әк тас, құмтас, тақта тас, форфорит, қоңыр және тасты көмір.
а – бойлық-шеңберлі, б – спиральды, в – желқайықты ығысу,
г – бойлық-көлденең
Сурет 1.20 - Топырақты қопсыту схемасы
Сурет төрт ыңғайлы қопсыту схемасы көрсетілген: бойлық-шеңберлі, спиральды, желқайықты ығысу, бойлық-көлденең.
Барлық қопсытқыштар, жеңіл доңғалақты тракторлар мен тартқыштарға ілінген, сонымен қоса автогрейдерлер мен басқа машиналарға, көмекші белгілеулері болады.
Сурет 1.21 - Қопсытқыштың қозғалу схемасы: а – зигзагты; б – айналмалы
Топырақты қопсыту барысында жүргізуші қопсыту алаңымен тасыру керек, белгілеу және негізгі машиналардың (бульдозер, скрепер) жұмыс қозғалу схемасын келісу қажет. Ауыр топырақты көбіне қопсытқыштың параллелограмды өтуі түрімен қопсытады. Қопсыту мен жол алаңын тазалау зигзагты өтуімен орындайды (сурет 1.21). Топырқаты алдың ала қопсыту керек емес, өйткені оның артық құрғақтық скреперды толтыруға кедергі болады және топырақтың шаның арттырады. Әр бір жағдайда жетекші машинаның жұмысына байланысты қопсыту тереңдігі беріледі және оның өзгерту керегі жоқ, өйткені бұл жер қазғыш машиналардың келесі жұмыстарына кедергі болады, әсіресе жоспарлы жұмыстарға. Қопсыту схемасын таңдауы беріктігі мен табиғи қазу жынысына байланысты.
Қопсытқыш белгіленген көріністер бойынша жер қазатын машина ретінде белгілі, базалық трактор 1 мен артқы аспалы қопсытқыш жабдығынан құрастырылған, тасты және қатып қалған жерді қабатша қопсыту жұмыстарына арналған, сонымен қатар, түрлі климаттық жағдайдайларда басқа берік материалдарға арналған.
Аспалы қопсытқыш жабдық құрамында тарту жүйесі мен жұмыс арқалық күйіндегі аспалы құрылғысы 2 бар, жұмыс органның бағдарлауыш қозғалғыштығын және тіркелген орынын қамтамасыз етеді – кеңістікте гидроцилиндрлерді 4 қолдануымен тісті 3 немесе бірнеше тістерді. Аспалы жабдықты тірек элементтер арқылы базалық тракторда құрастырады: рамалар, арқалықтар, кронштейнерлер, артқы мост корпусына берік бекітілген. Қопсыту жабдығын ілу үшін рама тракторына арнайы проушиндер мен кронштейнерлер қолданады.
Қопсытқыштар жоғары өнімді, құрылымдылығы жағынан жеңіл және пайдалану жағынан сенімді машина болып табылады.
Қопсытқыштарды тасты жер мен қатып қалған жерлерде жөндеу жұмыстарын орындау нәтижелі, бір жағынан, базалық трактор қуатының біраз өсуі, басқа жағынан – аспалы жабдық пен жұмыс мүше құрылымының жетілдірілуі.
Базалық трактор қуатының біраз өсуі қопсытқышты қолдану аймағын кеңейтуге мүмкіндік береді. [7]
