Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Курсовой Рыхлитель+Бульдозер.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
775.89 Кб
Скачать

Кіріспе

Құрылыс өндірісінің интенсивті дамуы мен жаңа тұрғын үйлерді, фабрикаларды, заводтарды, темір және автокөлік жолдарды, газ және мұнай құбырларды пайдалануға беру мерзімін қысқарту жер жұмыстарының кешенді механизациялауын тездетіп орындауды талап етеді. Бұл жұмыстардың басым бөлігін бульдозерлар, скреперлар мен грейдерлар орындайды. Бұл машиналар пайдалы қазбаларды өндіру кезінде, құрылыс материалдарын өндіруде және ауыл шаруашылық өндіріс құрылысында негізгі жұмыстарды атқарады.

Бүгінгі күні қопсытқыш арнайы тағайындалатын басқа да ауыр техниканың ішінде жетекші позицияға ие. Кез келген қазіргі таңдағы құрылыс ауыл немесе коммуналды шаруашылық осы еңбекқор әрі төзімді, кез келген ауа райында күні бойы жұмыс істей алатын машиналарсыз жүргізілмейді. Көптеген жылдар бойы қопсытқыштың сыртқы келбеті айтарлықтай өзгерістерге ұшыраған жоқ, сол себепті осы қуатты машиналар басқа арнайы техникаға қарағанда көп танымал. Ал қопсытқыштың техникалық сипаттамасы үлкен өзгерістерге ұшырады. Ең алдымен бұл машиналардың қуатының өскендігін, екіншіден, атқарылатын жұмыстың нақтылығы және басқа да ерекшеліктерді атап айтуға болады.

Қопсытқыш – дайындық жұмыстарын жүргізуге арналған арнайы жол машинасы.Қопсытқыштар тығыз қабаттарды қопсыту үшін және үсіп қалған грунттарға, грунттарға, тамырлы жүйелерге сондай-ақ үлкен тастары бар грунттарды қопсыту үшін қолданылады. Олар жол жабындыларын жөндеу кезінде және жаңарту кезінде жолдарды бұзады. Қопсытқыштар, әдетте комплексті бульдозерлерде, тиеу машиналарында, скреперлерде, экскаваторларда пайдаланылады; ауыр грунттарды әзірлеу кезінде қопсытқыштар осы машиналардың өнімділігін 3-5 есе арттырады. Қопсытқыштардың басты жіктеу белгілілері осылар болып табылады: қозғалтқыштың қуаты және қопсытқыштың қозғалу тәсілі. Қозғалтқыштың қуаты бойынша қопсытқыштардың тарту күші бөлінеді: жеңіл (75 л.с ке дейін ); орташа (75-250 л.с) ауыр(250 л.с – ден жоғары). Қозғалу тәсілі бойынша қопсытқыштар аспалы және тіркемелі деп бөлінеді.

Қопсытқыш – берік және қатқан топырақтың қатты жыныстарды қабаттап қопсытуға, сонымен қатар, жол жабынын бұзуға және құрылыс алаңынан ірі тастарды алып тастауға арналған.

Қопсытқыш – орнатылған көрсетілімдер бойынша дайындық жұмыстарына арналған машина ретінде белгілі, базалық трактор 1 мен артқы аспалы қопсыту құрылғысынан құрылған, тасты және қатқан грунтты қопсыту үшін арналған, түрлі климаттық жағдайларда басқа да берік материалдарға арналған.

Қопсытқыштың жоғары техникалық деңгейі оның конструктивті бөлшектерін тұрақты жаңартып орнатуды, теориялық дайындық пен пайдалану мен жөндеуге қатысатын өндірістік жұмысшылардың кәсіби біліктілігін арттыруды талап етеді.

Қопсытқыштар рамадан, тістен, гидроцилиндрлерден, тартудан, бөренеден, флюгерден және буферлік құрылғыдан тұрады. Қораптық бөліністегі дәнекерленген рама төртбуынды қопсытқыштың төменгі буыны, ал дәнекерленген тарту оның жоғарғы буыны болып табылады. Бөрене сондай-ақ буын болып табылады, онда флюгерлер үш тіспен бекітіледі, ауыстырмалы ұштықтары бар . Қопсытқыштардың жабдықтары көптеген жағдайларда тарту машиналарында және автогрейдерлерде қолданылады. Құрылысына қарай машиналар үйлестірілген және бөлек болуы мүмкін.

Жүргізуші-машинисі, қажетті кәсіби шеберлікке қанық, өте жақсы жұмыс сапасында өзінің машинасының ең жақсы өнімділігін қамтамасыз ете алады. Техникалық қамтамасыз етудің жоғарғы деңгейлілігі, ең алдымен, қызмет көрсететін жұмысшылардың біліктілігіне байланысты, қопсытқыштың тоқтаусыз әрі ұзақ жұмысын қамтамасыз етеді, жер жұмыстарының экономикалық тиімділігін арттырады. [1]

1 Қопсытқыш жайлы жалпы мәлімет

1.1 Тағайындалуы

Қопсытқыш – берік және қатқан топырақтың қатты жыныстарды қабаттап қопсытуға, сонымен қатар, жол жабынын бұзуға және құрылыс алаңынан ірі тастарды алып тастауға арналған.

Қопсытқыш – орнатылған көрсетілімдер бойынша дайындық жұмыстарына арналған машина ретінде белгілі, базалық трактор 1 мен артқы аспалы қопсыту құрылғысынан құрылған, тасты және қатқан грунтты қопсыту үшін арналған, түрлі климаттық жағдайларда басқа да берік материалдарға арналған (сурет 1.1).

Аспалы қопсыту жабдығы күштік жүй және жұмыс арқалық күйіндегі аспалы құрылғысынан 2 құралған, қозғалғыштық бағдарды қамтамасыз ететін және жұмыс мүшесінің тіркелген күйін – кеңістікте гидроцилиндрлерді 4 қолданған тіс 3 немесе бірнеше тістер. Аспалы жабдықты тірек элементтер арқылы базалық тракторда жөндейді: рамалар, арқалықтар, кронштейнерлер, артқы мост корпусына берік тіркелген. Қопсыту жабдығын ілу кезінде арнайы проушиндер және трактор рамасындағы кронштейнерлерді қолданады.

Қопсытқыштар жоғары өнімді, құрылысы жағынан жай және машина қолдануы сенімді болады.

Сурет 1.1 - Бульдозер жабдығы бар қопсытқыш схемасы

Қопсытқыштың жіктелуі:

- мақсаты бойынша

1) негізгі;

2) көмекші.

- жүріс жабдығының типі бойынша

1) шынжыр табан;

2) доңғалақты.

- аспалы жабдық түрі бойынша:

1) үшбуынды;

2) төртбуынды;

3) паралллелограмды;

4) көпбуынды қопсытқыштар.

- жабдықты орнату тәсілі бойынша:

1) артқы мост корпусына;

2) шынжыр табанды арбашаның рамасына.

- тістер саны бойынша:

1) біртісті;

2) көптісті.

- бекіту тәсілі бойынша:

1) қатты;

2) топсалы.

Аспалы қопсытқыштарды үлкен ауданды қопсытуға мақсатты лайықты: қазаншұңқырларды қазуда, ендік траншеяны, құрылыстық шұңқырларды, таулы мекендерде аршылым жұмыстарды орындағанда және т.б.

Қопсытқышты таулы мекендерде және қатқан грунттарды қазуда қолдануы өте нәтижелі, бір жағынан, базалық тракторлардың мәнді қуаттың өсуі және, басқа жағынан – аспалы жабдық пен жұмыс органның жаңғыртылуы.

Базалық тракторлар қуатының жоғарлауы қопсытқыштың қолдану аймағын арттырады, жоғары берікті қатқан, ағытылмалы тасты және тасты грунттарды қазғанда жоғары нәтижелілігін береді, бұрғы-жаратын жұмыстарғанда қарағанда. Қопсыту процестің меншікті энергия сыйымдылығы физико-механикалық сипаттамаларға қарағанда қатқан грунттарда 0,2-0,66 кВт*сағ/м3 басқа тәсілдермен орындағандағы 1-2 кВт*сағ/м3 құрайды.

Заманау қопсытқыштардың құрылымдық және классификациялық айырмашылығы базалық трактордың тартқыш классы мен жүріс құрылғысы, қопсытқыштың тағайындалуыаспалы жабдықтың түрімен, орнату тәсілімен, тістер саны мен олардың тіркелуі бойынша.

Базалық трактордың жүріс жабдығы бойынша шынжыр табанды және доңғалақты (сурет 1.2) болып айырады. Практикада шыңжыр табанды қопсытқыштар кең таралған, қыйн жағдайларда жұмыс істеу кезінде жоғары өнімділігін қамтамасыз етеді, үлкен тартқыш күші мен жоғары өтімділік нәтижесінде. Заманауи қопсытқыштар 19 дан 735кВт дейінгі тракторларда жөнделеді.

Мақсаты бойынша негізгі және қосымша қопсытқыштар деп бөледі.

Негізгі қопсытқыштар, ереже бойынша, алдыңғы бульдозер құрылғы аргератында жөндейді. Олар қатқан және таулы грунттарды қопсыту үшін арналған, алдын ала қопсытусыз қаза аламайтын дайындық жұмыстарға арналған машиналарға арналған.

Қосымша қопсытқыштар негізгі құрылғыда жөнделеді жеңіл класстарда 10 бульдозерға дейін, тиеуіштерге, автогрейдерлерге, скеперлерге немесе бульдозер қайырмасына іледі дайындық жұмыстарға арналған машиналардың технологиялық циклын қысқарту үшін. Бұл қопсытқыштар қатпаған тығызды грунттар немесе жатып қалған материалдарға арналған, өнімділікті жоғарлатуды мүмкіндік береді, қолдану аймағын бірнешеге арттыру мен негізгі жұмыс жабдығының қолдану мерзімін ұзарту. [2]

а) б)

Сурет 1.2 – а) Шынжыр табанды, б) дөңгелекті қопсытқыштар

Аспалы жабдығы бойынша үшбуынды, төртбуынды, параллелограмды және көпбуынды қопсытқыштар деп ажыратылады. Қопсыту бұрышы реттегіш және реттелмейтін болады, өзгеретін тіс қадамымен (сурет 1.3).

а — төртбуынды (параллелограммды); б - үшбуынды ; 1 — тірек рама: 2 — үстінгі тартқыш; 3 — жұмыс арқалық; 4 — тіс; 5 — төменгі рама; 6 — қопсытудың гидроцилиндрлері; 7 — қопсытқыштық рамасы

Сурет 1.3 - Қопсытқыштың аспалы жабдығы

Төртбуынды және көпбуынды реттелетін бұрышы мен тереңдету тракториясы бар қопсытқыштар жасау прогрессивті.

Жабдықты орнату тәсілі бойынша артқы мост корпусына және шынжыр табанды арбашаның рамасына болып бөлінеді. Қолданысқа кең тарағасы базалық тракторға шынжыр табанды арбашаның рамасына орнатуы болып табылады.

Тістер саны бойынша бір (сурет 1.4) және көптісті (сурет 1.5) түрлері бар. Біртісті қопсытқыштар аса берік материалдарға арналған. Оларды арнайы жұмыстарға қолдануға болады: траншеяны терең қопсытуға, 2,5 м тереңдікке кабельді төсеу және т.б. көп тісті қопсытқыштар тақ санды тістері болады және трактордың тартқыш классы бойынша үш немесе бес тісі болады. Көмекші қопсытқыштар құрылғысында тоғыз тісі барлары да белгілі.

Сурет 1.4 - Біртісті қопсытқыш

Сурет 1.5 - Үштісті қопсытқыштар

Бекіту тәсілі бойынша қатты және топсалы қопсытқыштар деп бөледі. Қатты бекіту кезінде тістің горизонталь кеңістігінде қопсытқыш бойлық осі бойынша тістің бұрылуы болмайды. Топсалы бекіту тістің горизонталь кеңістікте бұрылуы болады, қабатты жыныстарда, құрамында қойтасыбар жоғары берікті грунттарда және құрылыс қоқыстарда жұмыс істеу кезінже жұмыс мүшесіне және базалық тартқышқа жақты күштерді болдырмайды. Бұл кезде көлденең беріктігі жақсарланады және базалық трактордың басқаруын жеңілдетеді. Тістің екілі топсалы бекітілуі таныс, 1800 айналдыруын болдырады, грунт массивінен тісті тереңдетілмеуінен қопсытқыштың орамдылық икемділігі жеңілдетіледі. (сурет 1.6)

Бульдозерға трактордың артқы жағына рыхлительді құрастырса, бульдозер-рыхлительді алады. Бульдозер-рыхлительдер жоғары беріктікті топырақтарды және қатып қалған материалдарды даярлайды. [3]

Сурет 1.6 - Қопсытқышы бар шынжыртабанды бульдозер

1.2 Т-15 бульдозерінің жалпы құрылғысы

Т-15 – АО «Промтрактор» Чебоксар тракторлы зауытында 1961 жылдан бастап 1967 жылдары шығарылған. Т-15 тракторы ДСШ-14 өзжүрісті шассижің жаңартылудың нәтижесі болып шықты, жобалауы СКБ Харьков қаласындағы өз жүрісті шассилі трактор зауытында жүргізілген. Шығарылу жылдары Т-15 тракторының 600 мың экземплярлары шығарылған. Қазіргі кезде трактор ауыл шаруашылық жұмыстарына көп қолданысқа ие. Т-15 тракторы кішігірім екі цилиндрлі дизельді 16 л.с. қуатты қозғалтқышпен жұмыс істеген, ол жүргізушінің орнының артында орналасатын, жеті баспалдақты беріліс қорабы, және үшке дейін (шығарылу жылы мен жинақталуы бойынша) ҚТБ (қуатты таңдау білігі – аспалы жабдыққа айналу моментін жібереді). Т-15 тракторының өтімділігі өте жоғары. Трактористтің жұмыс орны – ашық, кабинасыз(сурет 1.7).

Шасси рамасының алдыңда түрлі қосымша аспалы жабдықтарға бекіту орындары болады: жүкті платформа-самосвал, әр түрлі тиеуіштер, мотоаралар, грейдерді күректер және жол щеткалары, раманың астына орнықтылатын, шөр жинаушылар мен т.б. олар қуатты тандау біліктердің арқасында жұмыстарын атқарған. Алғашында Т-15 тракторы жемісті себу алаң жұмыстарына арналған, қопсытқыш пен жинаушы машиналармен өңделген, бірақ кішігірім өтімділігі жоғары тасушы грузовик ретінде таралды.

Сурет 1.7 - Т-15 тракторының жалпы көрінісі

Т-15 – гидромеханикалық немесе механикалық трансмиссиясымен жалпы қолданыстағы өндірістік шынжыртабанды трактор. Бульдозер және Т - 15 тракторы - жалпы тағайындаудың өнеркәсiптiк агрегаты. Т - 15 әр түрлi аспалы жабдықтардан жинақталды: бульдозер қайырмасы, қопсытқыш, тарту жүқшығырлар және тағы басқа. Бұл үлгi әр түрлi арнайы техника үшiн база болып қызмет еттi.

Т-15 әр түрлі ілеспе құралдан жинақталуы мүмкін: бульдозерлік қайырма, қопсытқыш, тартқыш лебедки және тағы басқа. Тұтынушылар үшін бұл өндірістен алынып тасталынған машиналар үшін қосымша бөлшектер заводының жөндеуі мен дайындалуы; ескі машиналарға жаңа сымдарды орнату мүмкіндігі, ескі тракторларды жаңа өнімділігі жоғары және ыңғайлы тракторларға ауыстыру; ЧТЗ өнімдері үшін фирмалы сервис(сурет 1.8).

1-қозғалтқыш, 2 – кабина, 3 – отын багы, 4 – аспалы қондырғының рычагтары, 5 – қуатты таңдау валы, 6 – тіреуіш скоба, 7 – жетекші жөңгелек, 8 – ортаңғы беріліс, 9 – шынжыр табан, 10 – беріліс қорабы, 11 – тіреуіш дөңгелек, 12 – ілінісу муфтасы, 13 – белгілеуші дөңгелек

Сурет 1.8 - Т-15 шынжыр табанды трактордың көлденең көрінісі

Т-15 тракторының базасындағы бульдозер пышақты ілеспе жұмыс құралымен жабдықталған базалық тягачтан тұрады. Оған пышақтары 5 бар қайырма 3, ысыратын брусья 6 және подкостар 7 мен гидроцилиндрлар 2 кіреді (сурет 1.9). [4]

Сурет 1.9 - Т-15 тракторы базасындағы бульдозер