Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каз_ОСД._Маржан_Миртаевна.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
441.82 Кб
Скачать

Xvі. «Қарапайым өкпе-жүрек реанимациясы»

177. Стандарт «Терминальді жағдайларда мейірбикенің іс-әрекеттер алгоритмі»

ОЖЖ жойылу дәрежесіне, гемодинамика мен тыныс алудың бұзылу деңгейіне байланысты өлудің бірнеше түрлері болады.

Терминальді жағдайлар АҚ-ның бірден төмендеуімен, жасушалар мен ұлпалардағы газ алмасу және метаболизм процестерінің терең деңгейдегі бұзылуымен сипатталатын ағза өміршеңдігінің бұзылуының қауіпті деңгейлері.

Жанталас алдындағы, жанталас және клиникалық өлім терминальді, а.а. өмір мен өлім аралығындағы шекара болып табылады.

Осы жағдайларда алғашқы реанимациялық көмек көрсету адам өмірін сақтап қалудың жалғыз әдісі болып табылады.

Жанталас алдындағы жағдай (белгілер кешені):

- тежелу, естен тану; сознание спутанное

- АҚ-ның бірден 60 мм. рт. сб. және одан да төмен деңгейге түсіп кетуі; перифериялық күре тамырларда тамыр соғуының жиілеуі және кемуі (жіп тәріздес болуы);

- жиі, үстірт тыныс алу, ентігу (жиі тыныс алу – тахипті);

- цианоз немесе тері мен кілегей қабатының солғындығы.

Терминальді кідіріс – жанталас алдындағы жағдайдың жанталасқа өтуі. Терминальді кідіріс тахипті (жиі) тыныс алудың бірден тоқтауымен сипатталады. Терминальді кідірістің ұзақтығы 5-10 секундтан 3-4 минутқа дейін созылады. Жанталас жағдайы – бұл тікелей өлімді білдіретін, ағзаның реактивті және бейімделу қабілетінің соңғы көріністерінің кешені.

Жанталас жағдайы (белгілер кешені):

- тыныс алудың бұзылуы (Биота, Чейн-Стокс, Куссмаул, Гаспинг тыныс алуы). Әрбір тыныс алғанда басы артқа шалқаяды, жанталасушы аузымен ауаны жұтып жатқандай (гаспинг);

- ес-түссіз, рефлекстердің бәрі жойылған, көз қарашығы кеңейген;

- жүрек жиырылуының жиілеуі;

- АҚ-ның 20-40 мм. сб. Деңгейіне дейін төмендеуі;

- перифериялық күре тамырларда тамыр соғуының байқалмауы және үлкен күре тамырларда оның бірден әлсіз болуы;

- жалпы тоникалық тырысу, дене қызуының төмендеуі, еркінен тыс зәр шығару және дефекация.

Клиникалық өлім – бұл ағзаның бірнеше минут аралығында (5-6 минут) кері қайтатын жағдайы, қан айналымы мен тыныс алу толық тоқтаған жағдайда бас миының үлкен жарты бөлігінің толғану уақытымен белгілі болады. Белгілі бір реттілікпен зат алмасу процестері жойыла бастайды.

Жүрек пен өкпе жұмысы тоқтаған жағдайда зат алмасу процестері бірден төмендейді, бірақ анаэробты гликолиз механизмінің әсеріне байланысты толығымен тоқтап қалмайды.

Клиникалық өлімнің ұзақтығы ми жасушаларының қан айналымы тоқтаған жағдайда да, демек толық оттегілік ашығу жағдайында өмір сүре алу қабілетімен анықталады. Жүрек тоқтағаннан кейін 5-6 минуттан соң ол жасушалар өледі.

Клиникалық өлім белгілері:

- ес-түстің болмауы;

- тыныс алудың тоқтауы;

- терінің бозаруы, цианозды болуы;

- үлкен күре тамырларда (ұйқы, сан күре тамырларында) тамыр соғуының байқалмауы;

- көз қарашығының барынша кеңеюі, жарыққа реакцияның болмауы;

- толық арефлексия.

Xvі. «Қарапайым өкпе-жүрек реанимациясы»

178. Стандарт «Реанимация»

Реанимация – өмірлік маңызы бар функцияларды, ең алдымен ұлпаларды жеткілікті оттегі мөлшерімен қамтамасыз ететін тыныс алу мен қан айналымын қалпына келтіруге бағытталған ағзаны тірілту.

1. Ағзаны тірілту шаралары жылдам басталуы тиіс.

2. Қай жерде болса да құтқару жұмысының басталуы бірдей өтеді, міндетті түрде екі әдісті орындау керек:

- зардап шегушіні тегіс қатты жерге жатқызу керек. Жұмсақ жерге жатқызу тиісті нәтиже бермейді, өйткені ол пружина сияқты әсер береді де, жүрекке тиісті массаж жасалынбайды;

- кеуде торының алдын жалаңаштау және белбеуін шешу.

3. Әрі қарай Питер Сафардың нұсқаулығымен тірілту келесі кезеңдерден тұрады:

А ережесі. Жоғарғы тыныс алу жолдарының еркін өтімділігін қамтамасыз ету.

В ережесі «Ауыздан ауызға» немесе «Ауыздан мұрынға» әдісімен жасанды өкпе вентилляциясы (ЖӨВ) арқылы тыныс алуды тоқтатпай ұстап тұру.

С ережесі Жүрекке жанама массаж жасау арқылы қан айналымын тоқтатпай ұстап тұру.

А ережесі