Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каз_ОСД._Маржан_Миртаевна.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
441.82 Кб
Скачать

Хv.Зондпен жасалатын манипуляциялар.

175. Стандарт «Құсқанда көрсетілетін көмек»

Мақсаты: емдік: шұғыл жәрдем көрсету, құсық массасының тыныс алу жолдарына түсуінің алдын алу.

Дайындау қажет: сүлгі, лоток, шылапшын, электросорғыш, алмұрт тәріздес баллон,, клеенка, шпатель, қайнаған су, салфеткалар, стакан, қақпағы бар таза құрғақ банкі, КБСУ.

Іс-әрекеттер алгоритмі: науқас есін біледі (отырған қалыпта).

1. Жедел дәрігерді шақырыңыз.

2. Науқасты үстелге ыңғайлы отырғызып, кеудесін клееенкамен жабыңыз. Науқасқа сүлгі беріңіз, аяғының астына шылапшын қойыңыз.

3. Науқастан алмалы-салмалы тістерін шешуін өтініңіз (егер бар болса).

4. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз, қолғапты киіңіз.

5. Құсу барысында науқастың маңдайына алақаныңызды қойып, басын ұстаңыз.

6. Науқасқа құсқаннан кейін аузын таза сумен шаюын сұраңыз, беті мен аузын салфеткамен сүртіңіз.

7. Науқасты физикалық және психикалық тыныштықпен қамтамасыз етіңіз.

8. Құсық массасын қарап шығыңыз және дәрігер келгенге дейін қалдырыңыз.

9. Белгісіз умен уланған жағдайда құсық массасын таза құрғақ банкіге жинап алыңыз, банкіні қақпағымен мықтап жабыңыз.

10. Дәрігердің тағайындауы бойынша оны зерттеу мақсатында зертханаға жіберіңіз.

11. Қолғапты шешіңіз. Салфеткалар, қолғапты КБСУ ыдысына салыңыз.

12. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

Әлсіз немесе ес-түссіз жатқан науқасқа құсу барысында көмек көрсету техникасы

Мақсаты: емдік: шұғыл жәрдем көрсету, құсық массасының тыныс алу жолдарына түсуінің алдын алу.

Дайындау қажет: сүлгі, лоток, шылапшын, электросорғыш, алмұрт тәріздес баллон, клеёнка, шпатель, қайнаған су, салфеткалар, стакан, қақпағы бар таза құрғақ банка.

Іс-әрекеттер алгоритмі:

1. Дәрігерді шақырыңыз.

2. Дәрігер келгенге дейін науқасты бір жанымен жатқызыңыз, егер мүмкін болмаса, құсық массасының аспирациясын – тыныс алу жолдарына түсуін болдырмау мақсатында, науқастың басын бір жанына қаратып қалыбын өзгертіңіз.

3. Жастықты алыңыз, тіс протездерін алып тастаңыз (егер бар болса).

4. Науқастың мойны мен кеудесін сүлгімен жабыңыз, ауызына құсық массасына арналған бүйрек тәріздес лотокты тақаңыз.

5. Электросорғышпен немесе алмұрт тәріздес баллонмен ауыз қуысы мен мұрнынан құсық массасын сорып алыңыз.

6. Әрбір құсық актісінен кейін ауыз қуысын қайнаған сумен өңдеңіз, аузын салфеткамен сүртіңіз.

7. Құсық массасын қараңыз, зерттеу үшін зертханаға жіберіңіз, зерттеу мақсатын көрсетіңіз.

176. Стандарт «Әлсіреген немесе ес-түссіз жатқан науқасқа құсқан жағдайда көрсетілетін көмек»

Іс-әрекеттер алгоритмі:

1. Дәрігерді шақырыңыз.

2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз, қолғапты киіңіз, маску, алжапқыш.

3. Дәрігер келгенге дейін науқасты бір жанымен жатқызыңыз, егер мүмкін болмаса, құсық массасының аспирациясын – тыныс алу жолдарына түсуін болдырмау мақсатында, науқастың басын бір жанына қаратып қалыбын өзгертіңіз.

4. Жастықты алыңыз, тіс протездерін алып тастаңыз (егер бар болса).

5. Науқастың мойны мен кеудесін сүлгімен жабыңыз, ауызына құсық массасына арналған бүйрек тәріздес лотокты тақаңыз.

6. Науқас өздігінен ауыз қуысын шая алмаса, электросорғышпен немесе алмұрт тәріздес баллонмен ауыз қуысы мен мұрнынан құсық массасын сорып алыңыз.

7. Әрбір құсық актісінен кейін науқастың ауыз бен мұрын қуысына күтім жасаңыз.

8. Құсық массасын қараңыз, дәрігердің тағайындауымен зерттеу үшін зертханаға жіберіңіз, зерттеу мақсатын көрсетіңіз.