Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каз_ОСД._Маржан_Миртаевна.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
441.82 Кб
Скачать

XV.Зондпен жасалатын манипуляциялар.

174. Стандарт «Дуоденальді зондтауға дайындық және оны өткізу»

Мақсаты: диагностикалық – ұлтабар мен өт қабынан алынған бөліндіге зертханалық зерттеу жасау, өт қабының концентрациялық функциясының сақталуындағы жиырылу сипатын білу және Одди сфинктерінің жағдайын бағалау. Емдік - өт қабы қызметінің моторикасы төмендегенде өтті сорып алу (өт қабының солғын қабынуы, холестатикалық гепатит), дәрілік препараттарды енгізу.

Көрсетімі: өт қабы, бауыр, өт шығару жолдарының аурулары.

Қарсы көрсетімдері ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш аурулары және күйіп қалуы, өңеш тамырларының варикоздық кеңеюі, порталды гипертензия, қансырап тұрған ісіктер, асқазан мен, ұлтабардың ойық жарасы, өкпе-жүрек жетіспеушілігі, жедел холецистит пен панкреотит, өкпе демікпесі т.с.с.

Дайындау қажет: стерильді дуоденальді зонд; Жане шприці, 20 мл шприц, лоток, таңбаланған пробиркалары бар штатив, қысқыш, сүлгі, салфеткалар, қолғап, жылытқы, жұмсақ валик, төмен скамейка, өт қабының стимуляторы - 33% магнии сульфатының ерітіндісі 30-50 мл немесе 10% натрии хлоридінің ерітіндісі немесе 40% глюкоза ерітіндісі (40-50 мл) немесе 40-60°С дейін жылытылған 20-25 мл өсімдік майы; 0,1% атропин ерітіндісі 8-10 капель, КБСУ.

Іс-әрекеттер алгоритмі:

  1. Зерттеу таңертең аш қарынға өтетінін науқасқа ескертіңіз.

2. Науқасқа емшара тәртібін түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.

3. Емшара өтерден алдын кешкі сағат 18-00 науқасқа жеңіл тамақ беріңіз.

4. Ұйықтар алдында спазмолитиктер (2 таблетка) немесе бал қосылған шәй беріңіз, оң қабырғасының астына жылытқы қойыңыз.

5. Науқастан емшара алдында алмалы-салмалы тістерін шешуін өтініңіз.

6. Науқасты үстелге дұрыс отырғызыңыз, арқасы биік үстелге сәл шалқайтып отырғызыңыз, басын сәл алға қарай еңкейтіңіз.

7. Науқастың кеудесін сүлгімен жабыңыз.

8. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз, қолғапты киіңіз.

9. Қолғапты тері антисептигімен өңдеңіз.

10. Жарамдық мерзімі мен пакеттің ауа өткізгіштігін тексеріңіз, пакеттен пинцетпен бір рет қолданылатын стерильді зондты алыңыз.

11. Науқас жұтуы тиіс зонд қашықтығын өлшеңіз (төменгі бітеу ұшынан кіндікке дейінгі қашықтық – бірінші белгі, оған науқастың алақанындай қашықтықты қосыңыз – екінші белгі).

12. Стерильді зондты оң қолыңызға бітеу ұшының 10-15 см жазатын қалам сияқты ұстаңыз, ал сол қолыңызбен бос ұшын ұстаңыз.

13. Науқастан аузын ашуын өтініңіз, зондтың суланған бітеу ұшын тілінің түбіне салыңыз, сонан кейін жұтқыншаққа енгізіңіз, мұрын арқылы терең тыныс алуын және жұтынуын өтініңіз, зондты қажетті белгіге дейін енгізіңіз (егер науқас жөтелсе, зондты жылдам алып тастаңыз). Бос ұшына қысқыш қойыңыз.

14. Бөліндіні шприцпен сорып алу арқылы зондтың асқазанның қай жерінде екенін тексеріңіз.

15. Зондты екінші белгіге дейін жұту үшін науқастан 15-20 минут бөлме ішінде баяу жүруін өтініңіз.

16. Науқасты кушеткаға оң жағымен жастықсыз жатқызыңыз, оң қолын арқасына жіберіңіз, аяқтарын тізесінен бүгуін сұраңыз, жамбасының астына валик (жастық) қойыңыз. Осы қалыпта зонд жеңіл өтеді, оң қабырғасының астына – жылытқыш қойыңыз.

17. Науқастың бас жағына кушеткасының жанына төмен скамейкаға пробиркалары бар штативті орнатыңыз.

18. Қысқышты алыңыз, зондтың бос ұшын пробиркаға салыңыз.

19. Асқазан сөлі бөлініп шығады (қышқыл реакциялы тұнбалы ашық бөлінді), сонан соң 30-60 минуттан кейін пробиркаға ашық-сары түсті сілтілі реакциялы бөлінді түседі (дуоденальді сұйықтық – «А» порциясы). Зондтың ұшына қысқыш қойыңыз.

20. Науқасты арқасымен жатқызыңыз, қысқышты алыңыз, Жане шприцімен зонд арқылы 30-50 мл жылы магнии сульфатының ерітіндісін (өт қабының кез-келген басқа стимуляторын) салыңыз, зондты 10-15 минут қысқышпен қысып қойыңыз.

21. Науқасты оң жағымен жатқызыңыз, қысқышты алыңыз, зондты пробиркаға салыңыз; өт қабынан қою, тоқ зәйтүн түсті сұйықтық түседі (өт қабының өті – «В порциясы»).

22. Ашық сары алтын түстес сұйықтық түсе бастағанда зондты келесі пробиркаға салыңыз (бауыр өті – «С порциясы). Зонд арқылы 300 мл газдалмаған жылы минералды су жіберіңіз.

23. Зондты салфеткамен шығарып алып, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

24. Қолғапты шешіңіз, қолыңызды жуып, кептіріңіз.

25. Қолданылған қолғапты, салфеткаларды КБСУ ыдысына салыңыз.

26. Әрбір порциядан бір пробирканы таңбалаңыз, жолдамасын рәсімдеп зертханаға жіберіңіз.

27. Науқасты палатасына жеткізіп салыңыз, тамақтандырыңыз.

Ескерту:

- емшара барысында бөлінген сілекейді салфеткаға түкіру керек;

- зерттеуден 2-3 күн алдын науқастың іш кептіретін тағамдарды (қырыққабат, картоп, сүт, майлы және қуырылған тамақ) пайдаланбағаны дұрыс;

- асқазандағы зондтың қалыбын аспирация (бөліндіні шприцпен сорып алу) арқылы тексереді. Шприцке қышқыл рекакциялы сәл тұнбалау сұйықтық түседі. Егер шприцке сұйықтық түспесе, онда зондтың асқазанда тұрып қалғаны. Ондай жағдайда зонды сәл тартып шығарып, науқастың қайта жұтуын өтініңіз;

- зондқа шприцпен ауа енгізу арқылы зонд ұшының асқазандағы қалыбын тексеруге болады. Зонд ұшы асқазанда болса, науқас ауаның барын сезінеді, асқазанда өзіне тән дыбыс пайда болады және «бүлкілдейді»;

- бактериологиялық зерттеулер үшінЛВС порциясынан өтті үш пробиркаға алу керек;

- лямблий ішек құртын анықтау мақсатында дуоденальді зонд жасалған жағдайда, түнде жылытқы қойылмайды, порциялар зертханаға жылы күйінде жетуі тиіс, ол үшін пробиркаларды жылы суы бар стаканға салу қажет.