Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каз_ОСД._Маржан_Миртаевна.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
441.82 Кб
Скачать

Зондпен жасалатын манипуляциялар.

172. Стандарт «Асқазанды зондсыз жуу әдісі»

Мақсаты: емдік: детоксикация – улы заттардың әсерін тоқтату және оны ағзадан шығару;

диагностикалық: жуынды судағы химиялық заттарды, микрооорганизмдерді және оның уларын байқау.

Көрсетімі: сапасыз тағаммен, дәрілермен, химиялық заттармен улану.

Дайындау қажет: 2-3 литр суы бар ыдыс, стакан, сүлгі немесе салфетка, дезинфектанттары бар контейнер, жуынды суға арналған ыдыс (шылапшын).

Іс-әрекеттер алгоритмі:

1. Науқасты үстелге отырғызыңыз.

2. Науқастың аяқтарының арасына жуынды суға арналған ыдысты (шылапшын) қойыңыз.

3. Науқастың кеудесін сүлгімен немесе салфеткамен жабыңыз.

4. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз, қолғапты киіңіз.

5. Науқасқа бірден 4-6 стакан су ішуін ұсыныңыз.

6. Құсық келтіру үшін, науқастан оң немесе сол қолының 2-3 саусақтарын немесе шпательді тілінің түбіне салуын өтініңіз.

7. Емшараны «таза жуынды су алғанша» бірнеше рет қайталаңыз.

8. Науқасқа аузын шаюға суберіңіз, аузын салфеткамен сүртіңіз.

Ескерту:

белгісіз умен уланған жағдайда:

- құсықты таза құрғақ банкіге жинаңыз;

- оның қақпағын жабыңыз, жолдаманы толтырып зертханаға зерттеуге жіберіңіз.

Хv. Зондпен жасалатын манипуляциялар.

173. Стандарт «Асқазанды жіңішке зондпен фракциялық зондтауға дайындау және оны өткізу»

Мақсаты: диагностикалық: асқазан құрамындағыны алу, асқазанның секреторлық, қышқыл түзушілік және қозғалу функцияларын зерттеу.

Көрсетімі: жоғары немесе төмен қышқылтүзетушілік функциясы бар асқазанның созылмалы гастрит диагностикасы.

Қарсы көрсетімдері: өңештен және асқазаннан қан кету, эзофагиттер, асқазан Ойық жарасының асқыну кезеңі, порталды гипертензия, стенокардия, өкпе демікпесі, гипертония, жүктіліктің 2-ші жартысы, науқастың жалпы ауыр жағдайы.

Асқынулары: асқазаннан қан кету, естен тану, коллапс т.б.

Дайындау қажет: стерильді бір рет қолданылатын жіңішке асқазан зонды, таза бүйрек тәріздес лоток, асқазан сөлінің порцияларын сақтауға арналған 9-П мөлшерлі ыдыс (таңбаланған банкілер немесе пробиркалар), 20 мл шприц, қысқыш, сүлгі, қолғап, клеенка алжапқыш, салфеткалар, парентеральді байқау таңғы ас - 0,1% гистамин ерітіндісі немесе 0,25% пентагастрин ерітіндісі, КБСУ. Зертхана жолдамасын толтырыңыз, науқастың Т.А.Ә:, бөлім, палата, зерттеу күнін, порциясының № жазыңыз.

Іс-әрекеттер алгоритмі:

  1. Зерттеуді таңертең аш қарынға жасаңыз.

  2. Науқасты психологиялық тұрғыдан дайындаңыз және емшара тәртібін түсіндіріңіз, келісімін алыңыз.

  3. Науқасты арқасы биік үстелге сәл шалқайтып отырғызыңыз, басын сәл алға қарай еңкейтіңіз.

  4. Науқастың кеудесіне, қарнына, аяқтарына клеенка алжапқыш жабыңыз, ал мойны мен кеудесін сүлгімен жабыңыз.

  5. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз, қолғапты киіңіз.

  6. Науқастың қолына аққан сілекейі мен слизь үшін лоток беріңіз.

  7. Емшара алдында оның алмалы-салмалы тістерін шешуін қадағалаңыз.

8. Зонд қашықтығын өлшеңіз (төменгі бітеу ұшынан кіндікке дейінгі қашықтық – бірінші белгі, оған науқастың алақанындай қашықтықты қосыңыз – екінші белгі).

9. Пакеттен пинцетпен бір рет қолданылатын стерильді зондты алыңыз, жарамдық мерзімі мен ауа өткізгіштігін тексеріңіз.

10. Стерильді зондты оң қолыңызға бітеу ұшының 10-15 см жазатын қалам сияқты ұстаңыз, ал сол қолыңызбен бос ұшын ұстаңыз.

11. Науқастан аузын ашуын өтініңіз, зондтың суланған бітеу ұшын тілінің түбіне салыңыз, сонан кейін жұтқыншаққа енгізіңіз.

12. Науқастан мұрын арқылы терең тыныс алуын және жұтынуын өтініңіз, зондты өңеш пен асқазан арқылы қажетті белгіге дейін енгізіңіз (егер науқас жөтелсе, зондты жылдам алып тастаңыз).

13. Зондты тістеуге және сілекейді жұтуға болмайтынын, сүлгімен сүртіп отыру керек екенін науқасқа ескертіңіз.

14. Зондтың бос ұшына шприцті жалғаңыз.

15. Асқазан бөліндісін аш қарынға алыңыз (№1-порция-«аш қарындық» секреция).

16. Асқазан бөліндісі 1 сағаттың ішінде алынады, сөлге арналған ыдысты әрбір 15 минут сайын ауыстырыңыз (№2,№3,№4,№5 порциялар - «базалы» секреция).

17. Асқазан сөлі секрециясының парентеральді стимуляторын енгізіңіз: науқастың 10 кг дене салмағына 0,01 мг т/а 0,1% гистамин ерітіндісі немесе 1 кг дене массасына 6 мкг 0,25% пентагастрин ерітіндісі.

18. 10 минуттан соң 10 мл асқазан сөлін алыңыз (№6 порция).

19. Тағы 15 минуттан кейін қалған асқазан бөліндісінің бәрін сорып алыңыз (№7 порция).

20. Бір сағаттың ішінде асқазан бөліндісін сорып алыңыз (№8, №9, №10, №11 – порциялар), әрбір 15 сайын сөлге арналған ыдысты ауыстырып отырыңыз («стимулді» секреция).

21. Асқазаннан зондты салфеткамен шығарып алыңыз, науқасқа аузын шаюға су беріңіз, аузын салфеткамен сүртіңіз.

22. Қолданылған зондты, қолғапты, салфеткаларды КБСУ ыдысына салыңыз.

23. Асқазан бөліндісінің барлық 11 порциясын зертханаға жолдамамен жіберіңіз, стимуляторын көрсетіңіз.

Ескерту: қан көрінсе зерттеуді тоқтатыңыз!