Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каз_ОСД._Маржан_Миртаевна.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
441.82 Кб
Скачать

Рентген кабинеті мейірбикесінің іс-әрекеттер алгоритмі :

10. Науқасқа шолу суреттері жасалады, ол уақытта мейірбике рентген кабинетінен шығып кетеді.

11. Дәрігердің тағайындауы бойынша көк тамырдан t°- 37°С жылытылған 20-50 мл контрасты затты 10 минут аралығында баяу енгізіңіз.

12. Науқасқа белгілі бір уақыт аралығында бірнеше суреттер жасалады.

13 Суретттер жасалынып жатқанда мейірбике кабинеттен шығып тұрады.

14.Зерттеу аяқталғаннан кейін науқасты палатасына жеткізіп салады. Бақылау мен тыныштықты қамтамасыз етіңіз.

XV.Зондпен жасалатын манипуляциялар.

171. Стандарт «Асқазанды жуу»

Мақсаты: диагностикалық, емдік: асқазандағы заттарды өңеш арқылы сыртқа шығару.

Көрсетімі: сапасыз тағаммен, дәрілік заттармен, ішімдікпен, саңырауқұлақтармен, улы газдармен улану.

Қарсы көрсетімдері: асқазан-ішек жолдарынан қан кету, ауыз қуысының, жұтқыншақтың, өңештің, асқазанның қабыну аурулары, өңеш пе асқазанның күйіп қалуы, миокард инфаркті, ми қан айналымының бұзылуы, өкпе демікпесі, өңештің тарылуы.

Дайындау қажет: стерильді: жуан асқазан зонды және ұзындығы 70 см резіңке түтікше, шыны түтікше сиымдылығы 0,5-1 л шыны құйғыш, лотоктар, шылапшын, таза суы бар (Т-20°-22°С) 10-12 л. шелек, резіңке қолғап, 2 клеенка алжапқыш, құман немесе сиымдылығы 1 л кружка, 2 лоток, дәке салфеткалар, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдыс, құрғақ хлорлы әк, сүлгі немесе ақ жайма, зерттеу жолдамасының бланкі, стерильді бір қолданылатын қақпағы бар контейнер, КБСУ.

Іс-әрекеттер алгоритмі:

1. Науқасқа емшараның барысы мен мақсатын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.

2. Өзіңіз және науқасқа клеенка алжапқыш кигізіңіз

3. Науқастың арқасын үстелдің арқасына тақап отырғызыңыз, басын сәл еңкейтіңіз.

4. Науқастың алмалы-салмалы тістерін алыңыз (егер бар болса).

5. Науқастың қолдарын үстелдің артына жіберіп, сүлгімен немесе ақ жаймамен мықтап қойыңыз.

6. Науқастың тізелерін алшақтатып, аяқтарының арасына жуынды суды құю үшін шылапшын немесе шелек қойыңыз.

7. Науқастың артына немесе жанына (оң жағына) тұрыңыз, басын артына сәл шалқайтыңыз.

8. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз, қолғапты киіңіз.

9. Стерильді асқазан зондын алыңыз, төменгі бітеу ұшынан кіндікке дейінгі қашықтықты өлшеңіз – бірінші белгі, оған науқастың алақанындай қашықтықты қосыңыз – екінші белгі.

10. Зонды шыны түтікшемен жалғастырыңыз.

11. Науқасқа зондты енгізу барысында тістеуге болмайтынын, мұрынмен тыныс алу керек екенін, жұтынуға болмайтынын түсіндіріңіз.

12. Зондтың бітеу ұшын жылы сумен сулаңыз.

13. Науқастан аузын ашуын өтініңіз, зондты дөңгелек ұшынан 10 см қашықтықтан оң қолыңызға алыңыз, оның ұшын науқастың тілінің түбіне қойыңыз.

14. Науқастан жұтынуын және мұрнымен терең тыныс алуын өтініңіз, зондты өңешке баяу енгізіңіз.

15. Зондты қажетті белгіге дейін асқазанға абайлап енгізіңіз, зондқа құйғышты жалғаңыз, оны ішіне ауа кірмеу үшін кішкене еңкейтіп науқастың тізесіне дейінгі деңгейге жіберіңіз.

16. Құйғышқа 1л су құйыңыз, су шеттеріне дейін толып тұруы тиіс.

17. Құйғышты баяу жоғары көтеріңіз, су құйғыштың түбіне түсісімен, асқазандағы заттар төгіліп кетпей тұрып, науқастың тізе деңгейінен төменге түсіріңіз.

18. Құйғыштағы жуынды суды шылапшынға төгіңіз.

19. Асқазаннан таза су шықпағанша бірнеше рет қайтарып жуыңыз.

20. Науқастың асқазанынан зондты салфеткамен баяу шығарып алыңыз.

21. Клеенка алжапқышты шешіңіз.

22. Зондты, резіңке түтікшені, құйғышты зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

23. Науқастың аузын шайыңыз, аузын салфеткамен сүртіңіз.

24. Қолғапты шешіңіз, қолыңызды жуып, кептіріңіз. Салфеткаларды, қолғапты КБСУ ыдысына салыңыз.

25. Науқасты палатасына жеткізіп салыңыз, орнына жатуына көмектесіңіз.

26. Науқасты физикалық және психикалық тыныштықпен қамтамасыз етіңіз.

27. Жолдаманы рәсімдеңіз, жуынды судың алғашқы порциясын (200 мл жуық) бактериологиялық зертханаға зерттеуге жіберіңіз.

28. Жуынды суды зарарсыздандырыңыз.

Ескерту:

- зондты енгізу барысында оның еркін өтуін бақылаңыз;

- егер жуынды суда қан көрінсе емшараны тоқтатып, дәрігерді шақырыңыз;

- шылапшындағы жуынды судың мөлшері, шамамен құйғы арқылы енгізілген сұйықтық мөлшеріне сәйкес болуы тиіс;

- егер науқас құсқысы келсе, зондты енгізуді тоқтатыңыз, оған бірнеше рет мұрнымен терең тыныс алуды ұсыныңыз, сонан кейін зондты енгізуді жалғастырыңыз;

- егер зондты енгізу барысында науқас жөтелгісі келсе, тынысы тарылса, реңі көгерсе (зондтың жұтқыншаққа немесе кеіңірдекке түскені), онда зондты жылдам шығарып алып, қайта енгізіңіз;

- егер зерттеуге жуынды су алу қажет болса, онда 15,16 п. екі рет қайталаңыз және жуынды суды алдын ала дайындалған стерильді контейнерге құйыңыз.