Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каз_ОСД._Маржан_Миртаевна.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
441.82 Кб
Скачать

Пост мейірбикесінің іс-әрекеттер алгоритмі:

1. Науқасқа (немесе оның жанұясы мүшесінің біріне) құпия түрде және түсінікті етіп алда болатын зерттеудің маңызы туралы ақпарат беріңіз.

2. Зерттеуді өткізуге науқастың келісімін алыңыз.

3. Науқасқа контрасты затты қабылдауға реакцияның болуын, лоқсу мен іш өтудің болуын ескертіңіз.

4. Науқасқа зерттеу таңертең ашқарынға жүргізілетінін ескертіңіз.

5. Зерттеу алдында науқас клетчаткасы аз диетаны (қырыққабат, ірі тартылған нан, көкөністер) сақтауы тиіс.

6. Зерттеуден бір күн алдын кешкі сағат 17-19 науқас контрасты затты тәтті шәймен бірге бір сағат бойы әрбір 10 минут сайын бөліп қабылдауы тиіс (0,5 граммнан).

7. Науқасты ауру тарихымен бірге рентгенология кабинетіне алып барыңыз.

Рентген кабинеті мейірбикесінің іс-әрекеттер алгоритмі :

8. Науқасқа рентген кабинетінде шолу суреттері жасалады.

9. Науқасқа өт айдау үшін сорбит ерітіндісін (бір стақан қайнаған суға 20 грамм) беріңіз.

10. Белгілі бір уақыт өткеннен кейін науқастан рентген кабинетінде сурет сериялары алынады.

XIV. «Науқасты зертханалық және аспаптық зерттеу әдістеріне дайындау».

170. Стандарт «Науқасты көк тамырлық урографияға дайындау»

Бүйрек пен зәр шығару жолдарын рентгенологиялық зерттеу - контрасты затты (урографин, верографин, триобраст, т.б.) парентеральді жолмен енгізуге негізделген.

Мақсаты: диагностикалық: зәр жүйесі мүшелерінің орналасу, бүйректің көлемі мен пішінін бағалау, функционалды қабілеттілілігін (контрасты затты жинақтау мен шығару бойынша), осы мүшелердегі конкременттердің болуын анықтау, несеп жолының өтімділігін анықтау мүмкіндігін береді.

Қолдану көрсетілімдері: бүйрек пен зәр шығару жолдарының аурулары.

Қарсы көрсетілімдері: жедел бүйрек аурулары, геморрагиялық диатездер, йод препараттарына жоғары сезімталдылықтың болуы, тиреотоксикоз, созылмалы бүйрек жетіспеушілігі.

Асқынулары: йод препараттарына аллергиялық реакцияның болуы.

Дайындау қажет: дәрігердің тағайындауы бойынша контрасты парентеральді зат, көк тамырға инъекция салу жабдықтары бар; анафилактикалық есеңгіреуде көрсетілетін шұғыл жәрдем жиынтығы, 30% натрий тиосульфатының ерітіндісі (йоды бар контрасты препараттарға арналған спецификалық антидот) жолдама бланкі (зерттеу әдісінің атауын, науқастың Т.А.Ә., жасын, мекен жайын немесе ауру тарихының нөмірін, диагнозын, зерттеу күнін көрсетіңіз).

Пиелографияны дәрігер жүргізеді.

Пост мейірбикесінің іс-әрекеттер алгоритмі:

1. Науқасқа (немесе оның жанұясы мүшесінің біріне) құпия түрде және түсінікті етіп алда болатын зерттеудің маңызы туралы ақпарат беріңіз.

2. Зерттеуді өткізуге науқастың келісімін алыңыз.

3. Зерттеуге 2-3 күн қалғанда газ тудыратын тағамдарды (көкөністер, жемістер, сүт, ашытқы өнімдері, қара нан, жеміс шырындары) тағам рационынан алып тастаңыз.

4. Науқас метеоризм болған жағдайда үш күн бойы дәрігер тағайындаған препараттарды ішуі тиіс.

5. Зерттеуден бір күн алдын кешке (сағат 22) және таңертең 1,5-2 сағат қалғанға дейін науқасқа «таза су» шыққанша тазалау клизмасын қойыңыз.

6. Науқасқа зерттеудің ашқарынға өткізілетінін (соңғы ас зерттеуге 18-20 сағат қалғанға дейін қабылдануы тиіс екенін) ескертіңіз. Зерттеу алдында таңертең тамақ, сұйықтық, дәрі қабылдауға, темекі шегуге, инъекция жасауға, т.б. ем-шараларды жасауға болмайды.

7. Зерттеуге 1-2 сағат қалғанда контрасты затқа сезімталдылық сынамасын жүргізіңіз - көк тамырдан t°- 37°С жылытылған 1,0 мл контрасты затты салыңыз.

8. Науқастан зерттеу алдында қуығын босатуын өтініңіз.

9. Науқасты ауру тарихымен бірге рентген кабинетіне алып барыңыз.