Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каз_ОСД._Маржан_Миртаевна.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
441.82 Кб
Скачать

XIV. «Науқасты зертханалық және аспаптық зерттеу әдістеріне дайындау».

168. Стандарт «Науқасты көк тамырлық холеграфияға дайындау»

Өт пен өт жолдарын рентгенологиялық зерттеу – бауырдың өтпен бірге йодты заттарды бөліп шығару қабілетіне және өт жолдарының суреттерін алуға негізделген аспаптық зерттеу әдісі.

Холеграфия контрасты затты (билигност, билиграфин, эндографин және т.б.) парентеральді жолмен енгізуге негізделген.

Мақсаты: диагностикалық: өт көлемі мен пішінін, оның концентрациялық функциясын, конкременттердің болуын; өт жолының орналасуын, калибрі мен өтімділігін, сонымен қатар бауыр ішінің және бауырдан тыс өт мөлшерін анықтау мүмкіндігін береді.

Қолдану көрсетілімдері: өт және өт жолдарының аурулары.

Қарсы көрсетілімдері: дене қызуының жоғары болуымен сипатталатын бауырдың қабыну аурулары, геморрагиялық диатез, йод препараттарын жоғары сезімталдықтың болуы, тиреотоксикоз.

Асқынулары: йод препараттарына аллергиялық реакцияның болуы.

Дайындау қажет: 20-30 мл контрастық парентеральді йодты зат, көк тамырлық инъекцияға арналған жабдықтары бар лоток, анафилактикалық есеңгіреуде көрсетілетін шұғыл жәрдем жиынтығы, жолдама бланкі (зерттеу әдісінің атауын, науқастың Т.А.Ә., жасын, мекен жайын немесе ауру тарихының нөмірін, диагнозын, зерттеу күнін көрсетіңіз).

Холеграфияны дәрігер жүргізеді.

Пост мейірбикесінің іс-әрекеттер алгоритмі:

1. Науқасқа (немесе оның жанұясы мүшесінің біріне) құпия түрде және түсінікті етіп алда болатын зерттеудің маңызы туралы ақпарат беріңіз.

2. Зерттеуді өткізуге науқастың келісімін алыңыз.

3. Зерттеуге 1-2 күн қалғанда контрасты затқа сезімталдылық сынамасын жүргізіңіз – көк тамырдан t°- 37°С жылытылған 1,0 мл контрасты затты енгізіңіз.

4. Науқасқа зерттеу таңертең ашқарынға жүргізілетінін ескертіңіз.

5. Зерттеуге 1-2 сағат қалғанда науқасқа тазалау клизмасын қойыңыз.

6. Науқасты белгіленген уақытта ауру тарихымен бірге рентгенология кабинетіне алып барыңыз.

Рентген кабинеті мейірбикесінің іс-әрекеттер алгоритмі :

7. Науқасқа арқасымен жатуына көмектесіңіз.

8. Науқасқа дәрігердің тағайындауы бойынша көк тамырдан t°- 37°С дейін жылытылған 20-30 мл контрасты затты 8-10 минут ішінде баяу енгізіңіз.

9. Алдымен науқасты шолу суреттері жасалады, сонан кейін белгілі бір уақыттан соң сурет сериялары алынады.

10. Рентгенологиялық зерттеуді жүргізу барысында мейірбике рентген кабинетінен шығып кетеді.

11. Зерттеу аяқталғаннан кейін науқасты палатасына жеткізіп салады. Бақылау мен тыныштықты қамтамасыз етіңіз.

Ескерту: йодты препараттарды науқас көтере алмайтын болса байқауды және препараттың қалған мөлшерін салуды тоқтату керек.

Хiv. «Науқасты зертханалық және аспаптық зерттеу әдістеріне дайындау».

169. Стандарт: «Науқасты пероральді холецистографияға дайындау»

Өт пен өт жолдарын рентгенологиялық зерттеу – бауырдың өтпен бірге йодты заттарды бөліп шығару қабілетіне және өт жолдарының суреттерін алуға негізделген аспаптық зерттеу әдісі.

Холецистография контрасты затты (билитраст. холевид, селектан, теленак және т.б.) парентеральді жолмен енгізуге негізделген.

Мақсаты: диагностикалық: бауырдың, өттің және өт жолдарының көлемі мен пішінін, эвакуаторлық функциясын, конкременттердің болуын; өттің өтімділігін анықтау мүмкіндігін береді.

Қолдану көрсетілімдері: өт және өт жолдарының аурулары.

Қарсы көрсетілімдері: дене қызуының жоғары болуымен сипатталатын бауырдың қабыну аурулары, геморрагиялық диатез, йод препараттарын жоғары сезімталдықтың болуы, тиреотоксикоз.

Асқынулары: йод препараттарына аллергиялық реакцияның болуы, лоқсу мен құсу, препаратты қабылдағаннан кейін іштің өтуі.

Дайындау қажет: пероральді контрасты зат (науқастың 20 кг дене салмағына 1 г); тәтті шай, 20 грамм сорбит; анафилактикалық есеңгіреуде көрсетілетін шұғыл жәрдем жиынтығы, жолдама бланкі (зерттеу әдісінің атауын, науқастың Т.А.Ә., жасын, мекен жайын немесе ауру тарихының нөмірін, диагнозын, зерттеу күнін көрсетіңіз).

Холецистографияны дәрігер жүргізеді.